Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1214 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім мамандықтарының Тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1335 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн орта және жоғары кәсiптiк білім мамандықтарының тiзбесi мынадай мазмұнда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім мамандықтарының тiзбесi
1. Кәсiптiк орта білім мамандықтары:
0202 - Құқық қорғау қызметi;
1701 - Өрт қауiпсiздiгi;
2. Кәсiптiк жоғары білім беру мамандықтары:
0205 - Халықаралық қатынастар;
0211 - «Жедел-криминалистикалық»;
«Тергеу-криминалистикалық»;
«Қылмыстық-атқару» мамандықтары бойынша құқық тану.
0714 - Халықаралық экономикалық қатынастар;
1104 - Ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар;
1701 - Өрт қауiпсiздiгi;
1705 - Төтенше жағдайларда қорғану;
2203 - Атом электр станциялары мен қондырғылары;
3201 - Қолданбалы геодезия;
3204 - Картография;
3706 - Ақпараттарды қорғау және оның қауіпсіздігі;
3909 - Ядролық-химиялық технология».
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі