Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1245 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кәсіптік орта білім мамандықтары:
0202002 - Құқық қорғау қызметі;
1701002 - Өрт қауіпсіздігі.
2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары:
011100 - Картография;
021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша:
"Жедел - криминалистикалық",
"Тергеу - криминалистикалық",
"Қылмыстық - атқарушылық";
110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
320100 - Қолданбалы геодезия;
320200 - Аэрофотогеодезия;
370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы;
390900 - Ядролық-химиялық технология;
430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары