Осылайша, қазіргі кезде жылына 200-300 мың тонна мөлшеріндегі астықты Әзірбайжан, Грузия және Түркия бағыттарында Ақтау портындағы астық терминалы арқылы жақын арадағы бір-екі жылда экспорт көлемін шынайы тұрақтандыру мүмкіндігі пайда болып отыр. Каспий маңындағы елдер халқының өсу динамикасын, терминалдың техникалық мүмкіндігін және алдағы жылдардағы теңіз көлігінің мүмкіндігін ескергенде қазақстан астығын Ақтау порты арқылы экспортқа шығарудың болуы мүмкін көлемі жыл сайын 0,7-1 миллион тонна астықты құрауы мүмкін.
Осылайша ауыл шаруашылығын инвестициялау бойынша Корпорацияның мүмкіндігін кеңейту үшін оны капитализациялау деңгейін көбейту қажет.
Жоспарланған кезеңге Корпорацияның инвестициялық қызметінің басқа бағыттары Ақтау портындағы астық терминалын дамыту және Баку (Әзірбайжан Республикасы) мен Поти (Грузия) портындағы терминалдардың құрылысын салу мен оны жабдықтау болып табылады.
Каспий аумағының және Кавказ елдерінің астықты өсіру бойынша өз мүмкіндіктері толық іске қосылған және шолу жасалып отырған келешекте қандай да бір өсу перспективасы жоқ. Ал осы елдерде климаттық-ауа райы жағдайына орай қажетті көлемде сапалы бидайды (біздің 3 сыныпқа сай келетін) өсіру мүмкіндігі жоқ. Осыған орай Каспий аймағында және Кавказ елдерінде жыл сайынғы астық тапшылығының азаюы болжанып отырған жоқ және Ақтау-Баку-Поти көлік коридоры жақын арадағы он жыл ішінде осы елдерге қазақстан астығын экспортқа шығару бойынша негізгі өткізу пункті болу мүмкіндігі бар.
Поти портындағы астық терминалын салуға арналған бюджеттік инвестициялардың қажеттігі туралы мәселені қарау кезінде аталған үш жобаны үлкен бір жобаның құрамды бөліктері деп қарау қажет. Ол былайша түсіндіріледі, Ақтау, Баку және Поти порттарында астық терминалдарын құру мен дамыту Қазақстан Республикасының, Әзірбайжанның, Грузияның Кавказ, ЕҚ, Солтүстік Африка елдеріне қазақстан астығын экспортқа шығару үшін көліктік коридорды құру туралы мемлекетаралық жоспарларды іске асыру үшін қажет.
Поти порттарында астық терминалдарын салу жөніндегі инвестициялық жобалар Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық даму артықшылықтарына сай келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен саудасының әлемдік жүйесі шеңберіндегі либерализацияланған экономика жағдайында Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты даму концепциясына сәйкес ұлттық бәсекелестік артықшылық пен оның дамуы басым маңызға ие. Аграрлық саланың жаңа сапасы аграрлық азық-түліктік саясаттың оны құрайтын сауданың өсуіне орай мазмұнын кеңейтуді, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегияға және таяу және алыс шет елдерге экспортты жандандыруға көшуді ұйғарып отыр.
2.2 Инвестициялық артықшылықтар және бағыттар
2006-2008 жылдарға арналған Корпорацияның инвестициялық қажеттігінің жалпы сомасы 19 962,28 млн.теңгені құрайды, оның 17131,6 млн.теңге сомасына қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаржыларынан жоспарланып отыр, Астана қаласында астық орталығын салу мен "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС жарғылық капиталын 2830,68 млн.теңгеге көбейту жөніндегі жобаларды қаржыландыру көздері қосымша анықталады.
Мақтаның сорттық тұқымын өндіру зауытын салу
Жобаның мақсаты: Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мақтаның сапалы тұқымымен қамтамасыз ету.
Республикадағы мақта шаруашылығының дамуын болдырмау алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі мақта зауыттарындағы тұқымды сапасыз дайындау және оларды араластырып жіберу себебіне байланысты сапалы тұқымның жоқтығы болып табылады.
Қазіргі кезде мақта өңдеу зауыттарында ескірген технологиямен жұмыс істеп отырған мақтаның тұқымын тазалау бойынша кішігірім цехтар жұмыс істеп жатыр, олар өндірген тұқымның көлемі шаруалардың тұқымға деген қажеттігін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар көптеген шаруалар тұқымның сапасын растайтын қандайда бір құжаты жоқ күмәнді тұқымдарды сатып алады. Биылғы жылы мақтаның егістік алаңдарына егілген жеті мың тонна тұқымның 2,5 мыңнан аса тұқымы Өзбекстаннан әкелінген контрабандалық тұқымдар.
Жоғарыда баяндалған жайға байланысты мақта өнімді өсетін зонада - Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында әлемдік ең үздік технологияларды қолдана отырып мақтаның сортты тұқымдық материалдарын өндірудің қазіргі заманғы арнайы зауытын салу орынды.
Аталған зауытты "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 қаулысына сәйкес құрылған еншілес акционерлік қоғам базасында құру жоспарланып отыр.
Осы жобаны іске асыру мақсатында Қазақстанда жоқ қазіргі заманғы жылдық өнімділігі шамамен 10 мың тонна мақта тұқымын дайындау (тазалау) зауытын құрылады.
Жобаның сомасы: 1500 млн. теңге.
Май экстрациондық зауытын салу
Жобаның мақсаты: мақта өңдейтін саланы дамыту, бәсекеге түсе алатын өнімді өндіру.
Мақта тұқымы өсімдік майын алатын шикізат ретінде әлемде қытай бұршағынан кейін екінші орынды алады: 1 ц мақта тұқымынан 17-19 кг май, 40-42 кг күнжара, 38-40 қауыз алынады.
Май тамаққа қосылады, консервілер мен маргаринді дайындау кезінде пайдаланылады, сондай-ақ сабын қайнатуда техникалық май, малға азық ретінде, глицерин өндірісінде, олиф, жағар майлар және т.б алу үшін пайдаланылады.
Өз мақта тұқымы болған кезде мақтаны қайта өңдейтін зауытты салу мақта шаруашылығынан барынша пайда алуға мүмкіндік береді. Сонымен 60 мың тонна шитті мақта 30 мың тоннадан артық көлемде тұқым шығаруды қамтамасыз етеді.
Одан өзге, жақын маңда орналасқан шаруашылықтарға тұқымды қайта өңдеу қызметін көрсетеді, бұл қосымша табысты тартуға мүмкіндік береді.
Май экстракциондық зауытын еншілес акционерлік кәсіпорын базасында құру жоспарланып отыр.
Жобаның сомасы: 405 млн.теңге.
Қазіргі заманғы мақтаны қайта өңдеу зауыттарын салу
Жобаның мақсаты: Мақтаны қайта өңдеу саласын әрі қарай дамыту.
Бүгінгі күні мақта өндірісі процесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басым көпшілігі ақша қаражатының тапшылығын сезіне отырып мақтаны қайта өңдейтін кәсіпорындармен фьючерстік шарттар жасауға және шитті мақтаны оны тапсыру кезінде рыноктық сатып алу бағаларынан 30-35%-ға төмен бағамен тапсыруға мәжбүр болып отыр. Мақтаны өндірушілердің басым көпшілігін құрайтын ұсақ шаруа қожалықтары ақша қаражатының жоқтығына байланысты осы кезеңде шитті мақтаны төмен бағамен сатуға мәжбүр болып отыр. Бұл ретте егінді жинап алғаннан кейін 5-6 ай өткен соң мақта талшығының бағасы өсіп соның нәтижесінде пайданың негізгі бөлігі сатып алу, қайта өңдеу және сатумен айналысатын компанияларға тиеді. Ал бұл пайда мақтаны өндірудің барлық кезеңінде құрылып оған көптеген ұсақ шаруа қожалықтары - мақташылар тікелей қатысады емес пе.
Мақтаны тазалайтын зауыттар арасында бұрыннан бері шитті мақтаны шаруалардан сатып алудың монополиялық жүйесі қалыптасқан. Мақта зауыттары заңның жоқтығын пайдалана отырып шаруалар тапсыратын шитті мақтаның сапасын төмендетіп оны өте төмен бағамен сатып алады.
Қуаты 60 мың тонна қазіргі заманғы модельдік мақтаны қайта өңдеу зауыттарын құру жұмыстары барысында республика тарапынан мақта қабылданған мақта саласын дамыту бойынша қабылданған іс-шаралардың тиімділігі үшін қайта өңдеу қуатын кем дегенде 90 мың тоннаға дейін жеткізу қажеттігі анықталды.
Осыған байланысты Корпорацияның мақтаны қайта өңдеу жөніндегі еншілес кәсіпорнының негізінде жылына 30 мың тонна шитті мақтаны өңдейтін қуаты бар қазіргі заманғы мақтаны қайта өңдейтін қосымша зауытты салу, сондай-ақ мақта қабылдау жүйелерін сатып алу және салу қажет.
Жобаның сомасы: 1072 млн.теңге.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы көліктік-логистикалық терминалды салу
Жобаның мақсаты: Бәсекеге түсе алатын мақта талшығын сату партиясын экспортқа шығару және дайын өнімді уақытша сақтауды қамтамасыз ету.
Зауыт салынуы мүмкін жерлерді оқып зерттеу процесінде қазіргі кезде жаңадан құрылып жатқан зауыттың оның қуатын (жылына 60 мың тонна шитті мақта) ескергенде дайын өнімін уақытында және жедел тиеуге мүмкіндік бермейтін көлік инфрақұрылымын оңтайлау қажеттігі анықталды. Сондықтан зауыттың қайта өңдеу желілерін тоқтатпау үшін 18-20 тонна көлемінде көліктік-логистикалық зауытты салу қажет.
Одан өзге мақтаны өткізу проблемасын шешу қажет. Жұмыспен толық қамтамасыз еткеннің өзінде жұмыс істеп тұрған фабрикалардың қуаты Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының алтыншы бөлігін ғана қайта өңдеуге жетеді. Сондықтан жақын арада қазақстан мақтасын өткізудің негізгі бағыттары оның экспорты болып қалады. Алайда қазақстан мақтасының экспортын ұйымдастыру төмен деңгейде екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде экспортқа шығарылатын мақта сату партиялары құрылмай-ақ вагондарға тиеледі. Прибалтикада жергілікті компаниялар оларды контейнерлерге қайта тиейді, салады, олардың сапасын тексереді, сату үшін қалыптастырып сатып алушыларға жібереді. Бұл жағдай қазақстан экспортшыларын осы аталған делдалдарға тәуелді етеді. Одан өзге, тәуелсіз сарапшылардың есептері бойынша Латвия арқылы әкетілген әрбір тонна мақта үшін өңдеу шамамен 20-30 доллар қалады.
Осыған байланысты әлемдік сауданың талаптарына сай келетін талшықтың сауда партияларын қалыптастыру бойынша өз терминалымызды құру қажет.
Жобаның сомасы: 1215 млн.теңге.
Рапсты қайта өңдеу зауытын салу
Жобаның мақсаты: рапс өндірісін қолдау, қайта өңдеу саласын дамыту, бәсекеге түсе алатын өнімді шығару.
Рапс - майлы дақыл, пайдалану аспектілері: азық-түліктік, мал азықтық және энергетикалық мақсаттарға. Рапстың тұқымында 40-50% май 21% белок бар. Рапстың тұқымдық сортын қайта өңдеу нәтижесінде дайын өнімнің үш түрі - рапс майы, рапс күнжарасы және глицерин алынады.
Рапс тұқымынан алынған рапс майы техникалық лак-сыр өнеркәсібінде (майлау, парфюмерия, тоқыма, резина, лак-сыр), биодизельдік отын өндірісінде қолданылады. Тазаланғаннан және гидрогенизацияланғаннан кейін маргарин өнеркәсібінде қолданылады. Дәмдік сипаттамасы және майлық-қышқылдық құрамы бойынша ол олифа майына теңдеседі. Рапс күнжарасы майлы дақылдың тұқымын қысу және экстракциялаумен алынатын өсімдік майын өндіру кезінде шыққан жанама өнім. Рапс күнжарасы малдың рационына қосылатын тиімділігі жоғары белок қоспалары ретінде қолданылады.
Соңғы кездері Еуропада биоотынды өндіру үшін рапс майына деген сұраныс өсіп келеді. Биодизель рапс майынан жасалады және атмосфераға бу газдарының шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ дизельдік отынның арзан баламасы болып табылады.
Қазіргі уақытта республикада рапс 41,6 мың гектар алаңда өсіріледі. 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес 2006 жылы рапс егістіктерін 200 мың гектарға дейін жеткізу белгіленген, 2008 жылға дейін рапстың егістік алаңдарын 700 мың гектарға дейін жеткізу жоспарда бар.
Рапсты өндіру бағдарламасы ауыл шаруашылығы дақылдарының тізімін кеңейтуге және бір қалыпты егіншіліктен кетуге, бәсекеге түсе алатын өніммен сыртқы рыноктарға шығуға мүмкіндік береді.
Өндірілген өнімді өткізу, өндірілген өнімнен барынша пайда алу мәселелерін шешу үшін рапсты өсіретін аймақта майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша қазіргі заманғы май экстракциялық зауытын салу қажет.
Жобаның сомасы 2700 млн.теңге.
Астықты терең қайта өңдеу зауытын салу
Жобаның мақсаты: Ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевт өнеркәсібі үшін отандық астықты пайдалана отырып бәсекеге түсе алатын өнім шығару.
Қазақстанда крахмал мен крахмалдан шығарылған өнімдер өте аз мөлшерде өндіріледі. Сонымен бірге крахмал өндірісін - бидай астығын дамытуға нық шикізат базасы бар.
Астықты терең қайта өңдеу - бұл ұнның әртүрлі түрлері мен сорттарын, құрғақ желімді, модификацияланған крахмалды, крахмалдан алынатын қою тәтті сироптарды, өсімдік майларын алу мақсатында, спиртті, қағаз өнімін және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығына керек құрғақ азықтарды өндіру үшін астық дақылдарының күрделі өңделуі.
Соңғы жылдары Еуропада әсіресе бидайды крахмал өніміне қайта өңдеу кеңінен дамыды. Шикізаттың осы түріне аса көңіл бөлудің негізгі себебі жүгерімен және картоппен салыстырғанда ондағы крахмалдың жоғарылығы. Бидай-крахмал өндірісі дамуының аса маңызды факторы құрамында крахмалы бар шикізат түрлерінің бірде-біреуінде жоқ табиғи (белсенді) крахмалдың жанама өнім болып табылуы болады. Сапасы орташа/төмен ұнға желімді қоса отырып бидайдың қатты сорттарынан жасалған ұнның сапасына дейін жеткізуге болады. Тағы бір маңыздысы бидай картоп пен жүгеріге қарағанда (70% су бар) құрғақ затты мол береді.
Бидайды терең өңдеудің жаңа технологиялары ұнды ғана емес, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде кеңінен талап етілетін крахмалды, фруктозаны, глюкозаны, декстрозаны алуға мүмкіндік береді.
Салынуы жоспарланып отырған жаңа бидай крахмалы зауыты бір сағатта 5,4 тонна ұнды қайта өңдеуді ұйғарып отыр (немесе бір жылда 40 мың тонна астық). Ұнды қайта өңдеу кезінде жоғары сортты крахмал (А крахмалы), сапасы төмен крахмал ("Б" крахмалы), құрғақ желім және құрғақ мал азығы алынады. Ұнның бір тоннасынан шыққан тауарлық позицияның сомасы мынадай: оның 60%-ы крахмал, 10% -қамыр, 10% -мал азығы.
Осыған орай кәсіпорын жылына
17 640,0 тонна "А" крахмалын;
2945,0 тонна "Б" крахмалын;
2796,0 тонна құрғақ қамырды,
15 684,0 тонна құрғақ мал азығын өндіре алады.
Өндірілетін өнім көлемі ішкі рынок қажеттігін толық жауып қана қоймай оның экспортын ұйымдастыра алады.
Астықты қайта өңдеу кәсіпорнын құру мыналарға мүмкіндік береді:
1) сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін бірден ұн зауыттарын тіркелген баға бойынша ұнмен қамтамасыз ету процесінің үзілмеуіне қол жеткізуге және басынан бастап ұн тапшылығының пайда болуын болдырмауға мүмкіндік беретіндіктен астықтың бір бөлігін ұнға қайта өңдеуге жіберуге;
2) Қазақстанда бұрын импортқа алынатын өнімді - крахмалды шығаруды ұйымдастыру арқылы импорт алмасу бағдарламасына қатысуға, елде пайдаланылып жүрген және әлемдік рыноктарда жоғары сұранысқа ие болып отырған тауарлардың инновациялық өндірілуін бастауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және бюджетке қосымша салықтардың түсуін қамтамасыз етуге.
Жобаның сомасы: шамамен 6750 млн.теңге.
Амирабад портындағы астық терминалы мен диірмен кешенін салу (ИИР)
Жобаның мақсаты: қазақстан астығы мен одан өңделген өнімдер экспортын ұлғайту.
Қазақстанның астық экспортының көлемін ұлғайту, өткізу рыноктарын кеңейту мен Ақтау портындағы астық терминалының қуатын тиімді пайдалану мақсатында Иранның каспий порттарындағы біреуінен астық терминалын салу мүмкіндігін қарау қажет.
Иранның каспий порттарының инфрақұрылымы мен қызметінің егжей-тегжейлі талдау әрі қарай дамуына орай ИИР каспий порттары арасындағы аса перспективті порт Амирабад болып табылады.
Астық терминалын салу кезінде Амирабад портының негізгі артықшылықтары:
- Амирабад порты Иранның каспий порттарының арасындағы негізгі теміржол магистралімен жалғастырылған жалғыз порт, порттың аумағында теміржол тармақтары салынған, бұл Иранның ішінде де, бұдан әрі Парсы шығанағы елдерінің рыногына шығатын болып Парсы шығанағы порттарының бағыттарына астықты тиімді тасуға мүмкіндік береді;
- порт әлеуметтік-экономикалық зона аумағында орналасқан, бұл астық терминалын салу кезінде қосымша салықтар мен инвестициялық жеңілдіктер береді;
- басқа порттардың аумағының шектеулілігіне орай кеңею мүмкіндігі болмай отырғанда Амирабад портының кеңейтуге жеткілікті түрде кеңістігі бар болғандықтан Иранның каспий порттарының арасындағы ең жаңа және перспективті порты болып табылады;
- астық терминалын салу кезінде порт маңындағы аумақтардың кеңдігінің арқасында жер учаскесін алуға қатысты мәселелердің пайда болуымен байланысты кішігірім қауіптер. Әлеуметтік экономикалық зоналарды инвестициялау кезінде ережелермен жеңілдік шартымен жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беру көзделген;
- порт Иранның солтүстігінде, яғни ел халқының негізгі бөлігі шоғырланған елдің халық тығыз орналасқан бөлігінде орналасқан. Бұл ретте Иранның солтүстік жартысы бидай емес негізінен күріш өсіреді, сондықтан Иранның осы бөлігінде азық-түліктік бидайға үнемі сұраныс бар. Қазіргі кезде Иранға елдің солтүстіктегі халқын азық-түліктік астықпен қамтамасыз ету үшін оңтүстік егін егетін аудандардан бидайды солтүстік аудандарға тасуға тура келеді.
Жобаның сомасы: 1080 млн.теңге.
Баку портындағы диірмен кешенi
Жобаның мақсаты: астықты қайта өңдеуден алынған өнімді экспортқа шығаруды дамыту.
Әзірбайжан мен Кавказдың басқа елдері бағытына экспортқа шығару Бакуда астық терминалының салынатыны ескерілгенде таяу арадағы екі жылда 0,5 млн.тоннаға дейін өсуі мүмкін. Әзірбайжан аумағында астық терминалының салынуымен астықты теңіз жолымен жеткізу бойынша шығындар азаяды. Бұл жағдайда қазақстандық аграрлар астықтың сапасын ескере отырып Кавказ, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және ЕҚ аймақтары рыноктарына астықты жеткізуге қатысты ресей компанияларының алдында артықшылыққа ие болуы мүмкін.
Қазіргі кезде осы рынокта астық пен одан өңделген өнімдерді негізгі қоюшы Ресей болып табылады. Жеткізілетін негізгі дақыл ішкі рынокта сапасы жоғары емес ұннан шығарылатын 4 сыныпты азық-түліктік бидай болып табылады. Дегенмен осы ұнның бағасы бір тоннаға 240-245 АҚШ доллары шегінде түрленіп отырады.
Астықты қайта өңдеу өнімдерін іске асырудан болатын перспектива мен қаржылық пайдаларды ескере отырып Баку портында диірмен кешенін салу мүмкін деп есептейміз.
Жобаның сомасы: 405 млн.теңге.
Поти портындағы астық терминалын салу мен жабдықтау
Жобаның мақсаты: астықты қайта өңдеуден алынған өнімді экспортқа шығаруды дамыту.
Поти портындағы терминалды құруға Корпорацияның қатысуы Ақтау мен Баку портындағы астық терминалын бір көлік тізбесіне байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл Әзірбайжан мен шектес жатқан елдердің рыноктарында, бірінші кезекте Грузия мен Турцияда қазақстан астығының позициясын нығайту мен күшейтуге жағдай жасайды, сондай-ақ астықты Кавказ арқылы Грузияның қаратеңіз порттарына әрі қарай жылжытуға мүмкіндік береді.
Грузияның географиялық жағдайы - елге Түркия мен Арменияны жалғастыратын транзиттік зона болуға мүмкіндік беретін елдің бәсекеге түсе алатын артықшылығы. Поти және Батуми грузин порттарынан жүкті Трабзон және Мерсин түрік порттарына жеткізуге болады. Арменияға түсетін жүк те Грузия аумағы бойынша өтеді. Соңғы уақытта Түркия мен Грузия арасында коммуникациялық жағынан жақындасу байқалып отыр. Ахалкалаки-Карс арқылы теміржол салу туралы келісімге қол қойылды.
Грузияда теміржол және автомобиль жолдарының желілері көп. Баку-Тбилиси-Батуми теміржолы Арменияға қарай тармақталып Қара және Каспий теңізі порттарымен ішкі және сыртқы байланысты қамтамасыз етеді. Грузияның батысында жол Қара теңіз жағалауының бойында жатыр.
Әскери Грузиялық, Әскери Осетиндік және Әскери Сухуми шосселік магистральдары Грузияны Солтүстік Кавказ ауданымен жалғастырады.
Грузия жыл сайын 500 мың тонна бидайды және 130 мың тонна ұнға дейін импортқа алады. Одан өзге, соңғы жылдары халықаралық ұйымдар азық-түлікпен, тұқыммен, тыңайтқыштармен және отынмен үнемі көмектесіп тұрады.
Жыл сайын орташа алғанда Грузияға экспортқа шығару 50-ден 100 мың тонна американ бидайы, 500 мың тоннаға дейін ресей бидайы, орташа 30 мың тонна қазақстан астығы экспортқа шығарылады, барлық ұн көлемі Түркиядан таңдап алынады. Барлық импорт іс жүзінде елге Қара теңіз арқылы келіп түседі. Ресейден жеткізу "Кавказ" портынан (Ресей) "Поти" портына (Грузия) паромдық қатынас арқылы жүзеге асырылады. "Кавказ" және "Поти" порттары арқылы тікелей халықаралық теміржол-паромдық қатынасын іске қосудың мақсаты Ресейден Грузия мен Арменияға жүктерді оңай жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Грузия мен Ресейді жалғастыратын құрылықтағы жалғыз коммуникация жыл бойы кейбір уақытта табиғат жағдайларынан жұмыс істемейтін және жүктердің көп ағымын өткізуді қамтамасыз етпейтін Верхний Ларс шекаралық пункті. Бұл ретте Грузияның трансшиппингтік аумағы және импорттық-экспорттық қозғалыстың дәл көлемдерін бақылаудың қиынға түсетінін еске сала кетейік.
Грузияға жеткізу кезіндегі 3 сыныпты қазақстан бидайы бағасына қатысты мынаны атап өту қажет. Баку СИФ шартымен 1 тонна қазақстан бидайы 152 АҚШ доллары тұрады. (элеваторда бір тоннаның бағасы 183,9 АҚШ доллары болған кезде). Грузияға бұдан әрі тасыған кезде Поти порты СИФ шартымен бір тоннаның бағасы 183,9 АҚШ долларына жетеді. Бұл баға бір тоннаға 185 АҚШ доллары грузиндік ішкі бағадан төмен. Бірақ ресей тарапынан болатын бәсекелестікке төтеп беру үшін бағаны түсіру бойынша қосымша іс-шараларды қолдану қажет. Қазақстан бидайын бағасы бәсекеге түсе алған жағдайда оның грузин рыногындағы көлемі орташа алғанда жылына 100 мың тоннаны құрауы мүмкін.
2005 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстаннан Грузияға
экспортқа шығарылған астық
Сатушы- ның атауы | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Грузия | 5,7 | 44,5 | 13,3 | 18,5 | 18,5 | 91,0 | 13,9 |
Жиыны: | 205,4 мың тонна астық |
2005 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Корпорацияның Грузияға
экспортқа шығарған астығы
Сатушының атауы | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Грузия | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 7,6 | 0,0 |
Жиыны: | 7,6 мың тонна азық-түліктік бидай |
Грузияның жыл сайынғы астықты импортқа алу мұқтаждығы шамамен 800 мың тоннаны құрайды.
Осы рыноктағы қазақстан астығының негізгі бәсекелестері Ресей мен Украина болып табылады. Алайда бұл елдердегі астық өндірісінің тұрақсыздығы ұзақ мерзімді негізде Грузияның астық рыногындағы позицияларды бекіту мен кеңейту үшін қазақстан астығына алғышарттар құрылады.
Грузияда астық терминалын - өзінше "қазақстандық астық базасын" салу Кавказ елдеріндегі қазақстан астығының "экспорттық" таралымын мақсатты түрде өткізу үшін техникалық шарттарды құруға мүмкіндік береді және Қара теңіз арқылы әлемдік рынокта қайта экспортқа шығаруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Грузияда астық терминалы салынатын аса оңтайлы орын Поти порты болып табылады.
Негізгі элементі Грузиядағы астық терминалы болып табылатын қажетті инфрақұрылымды құрған жағдайда жақын арада бұл елдердегі астықтың өніміне қарай Ақтау порты арқылы Кавказ елдері бағытына астықтың 200-ден 500 мың тоннаға дейінгі көлемдегі қазақстан астығының экспортын тұрақтандыруға болады.
Осы жобаны іске асыру Грузияның шаруашылық субъектілерімен тең серіктік жағдайында жүзеге асырылуы қажет, бұл өзінше қазақстан инвестициясы үшін сақтандыру болып табылады және жергілікті рыноктарда қазақстан астығын енгізуді оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
"Алтынсарин-Хромтау" теміржол тармақтарын іске қосуды ескергенде Грузияда астық терминалын құру тек қана салыстырмалы түрдегі арзан тарифті қамтамасыз етіп қоймай төменде келтірілген жайлар есебінен Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді жасайды.
Жоспарланып отырған астық терминалы Поти портында мына ғимараттардан тұрады:
- жұмыс мұнарасы бар астықты сүрлейтін ыдыс;
- астықты теміржолдан 1 вагонға қабылдау қондырғысы;
- теңіз кемелеріне орналастырылатын стационарлық тиеу
қондырғысы, сондай-ақ жылжымалы пневматикалық қондырғылар;
- электрондық өлшегіштер-мөлшерлегіш;
- диспетчерлік және электр таратқыш пункттер;
- әкімшілік-тұрмыстық корпус және қосалқы үй-жайлар;
- инженерлік желілер;
Элеватордағы секілді (сүрлеу ыдысы, галереялар, норилар, электрондық өлшегіш-мөлшерлегіштер, автоматтық басқару мен бақылау жүйесі) терминалдың барлық негізгі жабдықтары "Вrосk" америка фирмасынан шығарылған (осындай жабдық Ақтау портындағы астық терминалында орналастырылған).
"NUIERO" германия фирмасы шығарған стационарлық жұмыспен қамту қондырғысы.
Құрылысты салу туралы шешімдер геологиялық жағдайларды, ауданның, Поти теңіз портындағы үй-жайлар мен ғимараттардың сейсмологиясы ескеріле отырып қабылданады.