Терминалдың үй-жайы мен ғимараттарының орналасуы, сондай-ақ инженерлік желілерді салу, теміржолдарын салу қазірде бар теміржолдардың жеке-жеке ғимараттары арасындағы технологиялық байланыстардың және Поти портының жоспарланған аумағымен байланыстыру жағдайларымен анықталады.
Терминал астықты теміржол вагондарынан қабылдауға, сақтауға және теңіз кемелеріне тиеуге арналған. Теңіз кемелеріне астықты тиеудің болжамды көлемі жылына 500 мың тоннаға дейін.
Жобаның сомасы: 1080 млн.теңге.
Астана қаласындағы астық орталығы ғимаратын салу
Корпорация сол жақ жағалауда жаңа әкімшілік орталықта Үкімет пен Қазақстан Республикасының Министрлер Үйімен қатар офистік ғимарат салуды жоспарлап отыр, онда Корпорация мен оның еншілес кәсіпорындары орналасады.
Жобаның сомасы: 1330,68 млн.теңге.
"Сарапшы аграрлық компания" ЖШС-тің жарғылық капиталын ұлғайту
Жобаның мақсаты: Кепілдіктердің орындалуы бойынша қауіпті төмендету мақсатында серіктестікті капитализациялау.
Егіншілерді қолдау мақсатында 2004 жылғы қазанда Корпорацияның еншілес кәсіпорны "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС құрылды. Серіктестік қызметінің негізгі түрлері рынок конъюнктурасын оқып білу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметі мониторингі ауыл шаруашылығы бизнесін сараптау, кепілдіктерді дайындау мен беру болып табылады.
Нәтижесінде кепілдіктің бағасын азайтуға қол жетті. Атап айтқанда кепілдікті рәсімдегені үшін берілетін комиссиялармен бірге жобаларды сараптағаны үшін компанияға төленетін сыйақылардың орташа пайызы барлығы 1,18 пайызды құрады. Бұл екінші деңгейдегі банктердің осындай кепілдіктерге алатын пайыздық бағамынан біршама төмен.
Кепілдікке жылжитын, жылжымайтын мүлік қойылған жағдайда шаруаларға кепілдік беріледі. Көбіне олар Корпорациямен жұмыс істеу тәжірибесі және соңғы үш жыл ішінде қаржы-шаруашылық қызметінде оң нәтижелері бар егіншілер. Кепілдіктер берілер алдында ұсынылған бизнес-жоспарларға техникалық-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізіліп соның нәтижесінде берілетін қарыздың сомасы анықталады.
Компанияның қызмет ету ережесінде жобаларды сараптаудан өткізу мен кепілдіктерді беру үшін 3 пайыздан аспайтын пайыз бағамы көзделген.
2005 жылы "Сарапшы аграрлық компания" 4,7 миллиард теңгеден аса сомаға кепілдіктер берді. Жекелеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) міндеттерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау қауіптері бар екендігін атап өту қажет. Осындай АШТӨ-нің міндеттемелерін қамтамасыз етуге ұсынылған кепілдіктердің орындалуының қаупін төмендету мақсатында "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС-тің активтерін 1 500 млн.теңгеге капитализациялау дұрыс.
Жобаның сомасы: 1500 млн.теңге.
"Астық қоймалары" ЖШС-тің № 2 астық базасында астық
сақтау кешенін сатып алу
Жобаның мақсаты: Астықтың көп көлемін қабылдау және астықтың сапасын жақсарту, мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету үшін "Астық қоймалары" ЖШС-тің № 2 астық базасына астықты сақтау сыйымдылығын ұлғайту.
"Астық қоймалары" ЖШС-тің даму жоспарының жобасына сәйкес 2006-2008 жылдары астық сақтау қоймаларын нығайту мен қайта жабдықтау бойынша капиталдық сипаттағы жұмыстар жоспарланған, бұл өндіріс үй-жайларындағы шу деңгейін төмендетуге және астықты құрғату үшін дизельдік отын шығысын, өндірістің барлық цикліндегі электр энергиясын азайтуға және атмосфераға зиянды заттарды шығаруды азайтуға және астықты сақтау үшін қосымша сыйымдылық ыдыстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
№ 2 астық базасындағы қосымша сыйымдылық ыдыстарын ұлғайту үшін астықты сақтауға арналған кешенді орнату және осы кешенге кірмейтін қосымша астық таратқышты орнату қажет.
Металдан жасалған қосымша сүрлеу корпустарын пайдалануға енгізудің мынадай артықшылықтары бар:
1) салмағының аздығы және оны тасымалдау мен монтаждаудың қарапайымдығы;
2) механикалаудың жоғары дәрежесіне аз жабдықпен қол жетеді;
3) сүрлем кеміргіштер мен құстардан сенімді қорғалған;
4) құрғақ және салқын жерде сақтау кезінде сүрлемдерде насекомдар мен кенелер пайда болмайды;
5) астық сапасының нашарламай және шығынсыз астықты ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі (табиғи кему нормасы шегінде).
Одан өзге, өндіріс жабдықтарын қайта жарақтау мақсатында астық кептіргіш және тазалағыш машиналарын сатып алу қажет, оларға кететін шығын 45 млн.теңгені құрайды.
Серіктестіктің астық базаларында техникалық жабдықтауды жақсарту және технологиялық операцияларға кететін шығындарды төмендету жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша "CAFIC" АҚ орындаған активтерді басқарудың тиімділігін талдау жөніндегі есепте баяндалғанын айтып өту керек.
Жобаның сомасы: 254,6 млн.теңге.
Ақтау портындағы астық терминалының тиеу қондырғысын ауыстыру
Жобаның мақсаты: Ақтау портындағы астық терминалының өнімділігін жылына 700-800 мың тоннаға дейін ұлғайту.
Қазіргі кезде Ақтау портындағы астық терминалының ("Ақ Бидай- Терминал" АҚ) өнімділігі барлық жабдықтың техникалық төлқұжатына сәйкес жылына 500 мың тоннаға дейін болады. Нақты жұмыс қуаты - жылына 300-350 мың тонна.
Нақты және төлқұжаттағы өнімділік арасындағы айырмашылық мынаған байланысты, "Брок" америкалық фирмасынан шығарылған терминалдың барлық элеваторлық жабдықтары сенімді және жыл сайын 700-800 мың тоннаға дейінгі астықты өткізуді қамтамасыз етуге қабілетті өнімділігі жоғары жабдық болып табылады.
Терминалдың теңіз кемелеріне тиеу қондырғысы терминал қызметкерлерінің өз күшімен әзірленген жабдық болып табылады және қазақстаннан шыққан металл конструкциясын пайдалана отырып ресейден шыққан конвейерлер негізінде жасалды.
Осы тиеу қондырғысын пайдалану тәжірибесі оның жұмыс өнімділігі сағатына 150-160 тоннаны құрайтынын көрсетті ("Брюко") жабдығының өнімділігі сағатына 350 мың тонна) және соған орай жылдық өнімділігі 300-350 мың тоннадан аспайды.
Одан өзге, тиеу қондырғысының металл конструкциясы терминал жалға алған жер учаскесінің құрамына кірмейтін Ақтау портындағы № 6 айлақ аумағында тұр. Бұл факт терминалды бөлшектеу қажеттігін талап етіп отыр ал оны бөлшектеу терминалды мақсатты пайдалану мүмкін болмай қалуына әкеп соқтырады.
Қазіргі кезге дейін терминалдың өнімділігі қазақстандық астығын экспортқа шығарушылардың қажеттіктерін қамтамасыз етіп келді.
2006 жылы Баку портындағы астық терминалының құрылыс жобасын (жобаның бірінші кезегінің қуаты - жылына 150-300 мың тонна), сондай-ақ Грузия мен Ирандағы терминалдарды салу жобаларын іске асыру Ақтау портындағы астық терминалы өнімділігінің күрт өсіруді талап етеді.
Ақтау порты арқылы Әзірбайжан, Грузия және Иран бағыттарына қазақстан астығын экспортқа шығарылуы мүмкін жалпы көлем жыл сайын 2 млн.тоннаға дейін құрайды.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыруды ескергенде 2008-2009 жылдарға Ақтау портындағы терминал арқылы болуы мүмкін экспорттың жалпы көлемі жылына 700-900 мың тоннаны құрайды.
Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Ақтау порты Әзірбайжан, Грузия және Иран рыноктарында қазақстан астығын экспортқа шығарушылардың мүддесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы инфрақұрылымы құрылады.
Жоба сомасы: 200 млн. теңге.
Ақтау қаласындағы диірмен кешенін салу
Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысында қазіргі заманғы диірмен кешенін құру.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы қандай да бір астықты қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ Қазақстан Республикасындағы жалғыз облысы болып табылады.
Облысты ұнмен және астықтан өңделген өнімдермен қамтамасыз ету елдің басқа аумақтарынан жеткізу есебінен жүзеге асырылады, бұл республикадағы ең жоғары бағаның қалыптасуына әкеп соқтырады. Ал осы өнімдер біздің еліміздің көпшілік тұрғындарының азық-түліктік балансының негізі болып табылады.
Маңғыстау облысы демографиялық жағынан елдің ең тез дамып келе жатқан аумағы болып табылады және астықтан өңделген өнімдерге деген қажеттілік үнемі өсіп отыр.
Аймақтың негізгі проблемалары сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту үшін жеткілікті өз мал азығының жоқтығы болып табылады.
Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Маңғыстау облысында қуаты жылына 22,5 мың тонна қазіргі заманғы астықты қайта өңдеу комбинаты құрылады, бұл осы аймақты астықтан өңделген сапасы жоғары өнімдерді қамтамасыз етуге және олардың бағаларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жобаның сомасы: 470 млн.теңге.
Уақытша басы бос ақша қаражаттарын басқару сұлбасы
Корпорация уақытша басы бос ақша қаражаттары бар болған кезде ақшаны "Мемлекеттік шаруашылық кәсіпорындары мен акциялар пакеті мемлекетке тиесілі кәсіпорындардың қаржы қызметін сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына сәйкес орналастыру мерзімі мен бағамдары бойынша талаптары Корпорация үшін аса пайдалы депозиттерге және қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына орналастырады.
2.3. Компанияны инвестициялық дамыту жоспары
Корпорацияның негізгі инвестициялық саясаты орта мерзімді кезеңде қазақстан астығын өткізу рыноктарын кеңейту, оны экспортқа шығару көлемін ұлғайту, мақта өндірушілерге қолдау көрсету, сондай-ақ компанияның әрі қарай дамуы үшін Корпорацияны капитализациялау деңгейін ұлғайту болып табылады.
Корпорация алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мына міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет:
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде мақта өндірушілердің көктемгі-жазғы және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру;
Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаны қайта өңдеу зауытын салу;
Ақтау теңіз портының астық терминалын дамыту;
Баку портында қабылдау астық терминалын салу;
Корпорацияның 2006 жылға арналған инвестициялық қажеттігі 5000 млн.теңгені құрайды. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаржылары болып табылады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудан күтіліп отырған нәтижелер
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру қажеттігін қажетті көлемнің 15-18%-на дейін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісін жеңілдік жағдайымен қаржыландыруды ұлғайту;
- ауыл тұрғындарының ахуалын көтеру;
- аралас салалардың дамуына оң мультипликативтік әсер ететін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан материалдық-техникалық ресурстарға деген сұранысты ұлғайту;
- өндіріс көлемін өсіруге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделілігін арттыру;
- 549,11 мың тонна жерге дәнді дақылдарды егу мен оны жинау жұмыстарын қаржыландыру;
- 29,6 мың гектар мақта егілетін егіс алаңдарына егу мен оны жинау жұмыстарын қаржыландыру;
- ауылда қосымша жұмыс орындарын жасау және оны сақтау;
- ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі рыногын тұрақтандыру және елдің кепілді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Корпорацияның қаржылық тұрақтылығын арттыру;
- инвесторлар үшін ауылдың тартымдылығын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісіне қосымша қарыз ақшаларды тарту;
- астық өндірісінің өзіндік құнын азайту, бұл халықаралық рыноктағы қазақстан астығының бәсекеге түсе алу қабілетін арттыруға және соның әсерінен экспорттың көлемін өсіруге әкеледі.
Осылайша осы жобаны іске асырудан бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, экономиканың аралас кәсіпорындары, ал ең соңында мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемінің өсуі түрінде жанама және өлшеусіз пайда алады.
Ақтау портындағы астық терминалын қаржыландырудан күтіліп отырған нәтижелер
- қазақстан астығын экспортқа шығару көлемін ұлғайту;
- қазақстан астығын шет ел рыноктарына экспортқа шығару үшін балама бағыттарды ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының экспорттық мүмкіндігін ұлғайту;
- Ақтау-Баку-Поти порттарының көлік тізбегін дамыту;
- Әзірбайжан, Грузияға дейін астықты теңіз жолымен жеткізу бағасын азайту,»Ақ Бидай-Терминал»АҚ-тың астықты өткізуге арналған қолданыстағы тарифтерін төмендету және Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан аумақтары бойынша астықты тасымалдау кезіндегі темір жол тарифтерін төмендету.
Көлік шығыстарын төмендету Ақтау және Баку порттарында өткізу бағасын азайту және Ақтау-Баку фрахтысының құнын төмендету есебінен жоспарланып отыр.
Қазақстан астығын Ақтау порты арқылы тасымалдаған жағдайда 60%-дан кем емес көлік шығыстары қазақстандық көлік ұйымдарына түседі және астық таситын вагондар республикадан шет жерге шықпайды.
Одан өзге жылына 200 мың тонна мөлшеріндегі Ақтау портындағы астық терминалы арқылы экспорттың ең төменгі тұрақты деңгейіне қол жеткізген кезде кәсіпорынның ең төменгі жыл сайынғы таза кірісі барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін 80 миллион теңге ақша қаражатын құрайтын болады, бұл кәсіпорынның қызмет ету кезеңі ішінде (ағымдағы жерді жалға алу шартының жарамдылық мерзімі - 2025 жылды қоса алғанда) 1,6 миллиард теңге мөлшерінде ақша қаражатын түсіреді. 300 мың тонна мөлшерінде экспорттың орташа жылдық деңгейін тұрақтандыру жағдайында таза кіріс осы кезеңде 3 миллиард теңгені құрайды, экспорт көлемінің ең мүмкін болатын шегіне жеткен жағдайда (терминалдың техникалық мүмкіндігін алғанда) таза кірістің көлемі 2025 жылға дейін 10 миллиард теңгеге дейін болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаны қайта өңдеу зауытын салудан күтілетін нәтижелер
Осы жобаны іске асыру нәтижесінде келешекте мақтаны қайта өңдеу рыногының 13-15%-н алатын қазіргі заманғы жылдық қуаты 60 мың тонна мақта өңдейтін зауыт құрылады.
толық циклді қайта өңдеу жабдығында жасалған жоғары технологиялық процестерге негізделген қазіргі заманғы мақта өңдейтін зауытты құру Қазақстанда өндірілетін мақтаның бәсекеге түсу қабілетін көтеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ:
шитті мақтаны сатып алу бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, бұл шитті мақтаны өндіру мен қайта өңдеу көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта сапасын жақсартуға, оны әлемдік стандарттар деңгейіне дейін жеткізуге мүдделілігіне әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде мақта талшығы экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді;
Отандық шитті мақта тауарын өндірушілерді рыноктағы бағалардан төмен жеңілдетілген бағалармен мақтаны қайта өңдеу қызметтерімен, ал Қазақстан Республикасының тоқыма және тамақ өнеркәсіптерін сапасы жоғары шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
Жаңа жұмыс орындарын құрады;
Ауыл экономикасына инвестициялардың құйылуын ұлғайтады.
Баку портындағы терминалдар салудан күтілетін нәтижелер:
- Астықты Кавказ, Түркия, ЕҚ елдеріне өткізуге қатысты Қазақстан Республикасының экспорттық мүмкіндігін арттыру;
- өткізудің жалпы жылдық көлемі 500 мың тоннаға дейінгі әрбір қабылдау терминалында бір уақытта 15 мың тоннаға дейін астық сақтау мүмкіндігі.
Бакумен Поти порттарындағы терминалды жасауға қатысу осы астық терминалдарын бір көлік тізбегіне үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл Әзірбайжан және шектес елдердің, бірінші кезекте Грузия мен Түркияның рыноктарында қазақстан астығының позициясын бекітуге және күшейтуге жағдай жасайды, сондай-ақ Кавказ арқылы Грузияның қара теңіз порттарына астықты әрі қарай жылжытуға мүмкіндік береді.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
акционерлік қоғамын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған
жоспарына 1 қосымша
2006-2008 жылдарға арналған дамудың маңызды
көрсеткіштерінің болжамы (өз қызметі бойынша)
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы
1 нысан
Р.с N | Көрсеткіштер | Өл- шем бір- лігі | 2004 ж. есеп | 2005 ж. бағалау | 2005 ж. 2004 ж-ға %-бен | 2006 ж. болжам |
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өндірілген өнімнің (жұмыстар- дың, қызмет көрсетулер- дің) көлемі- барлығы: | саны/ба- ғасы | 1818,004/ 28174,63 | 2000/ 29799,47 | 110,01/ 105,77 | 1590/ 21398,37 |
1.1 | оның ішінде түрлері бойынша | " | | | | |
2. | Экспорт барлығы: | мың. тон- на/ млн.тең- ге | 113,168/ 2401,96 | | | 525/ 9087,86 |
2.1 | оның ішінде ТМД елдеріне | " | 9,99/ 222,72 | | | 390/ 6403,93 |
2.2 | алыс шет ел | " | 103,178/ 2179,24 | | | 135/ 2683,93 |
2.3 | өнімдердің түрлері бойынша: | " | | | | |
3. | импорт барлығы: | " | | | | |
3.1 | оның ішінде ТМД елдеріне | " | | | | |
3.2 | алыс шет ел | " | | | | |
3.3 | өнімдердің түрлері бойынша: | " | | | | |
4. | Негізгі капиталға инвестиция салу - барлығы: | мың тең- ге | | 7756924,82 | | 5258126,95 |
4.1 | қарызға алынған қарыздар есебінен | " | | | | - |
4.1.1 | оның ішінде мемлекеттік бюджет қаржылары | " | | 7500000,00 | | 5000000,00 |
4.2 | өз қаржылары есебінен | " | | 256924,82 | | 258126,95 |
5. | Кірістер, барлығы | " | 31021174,50 | 30676982,67 | 99 | 21955880,77 |
6. | Шығыстар, барлығы | " | 30243964,60 | 29889938,94 | 99 | 21162885,06 |
7. | Негізгі қызметтен түскен кіріс | | 28512972,80 | 29799472,00 | 105 | 21398356,10 |
8. | Сатылған дайын өнімнің (тауарлар- дың, жұмыс- тардың, қызмет көр- сетулердің) өзіндік құны | " | 26891094,50 | 25758501,42 | 96 | 15613067,83 |
9. | Жалпы кіріс | " | 1621878,30 | 4040970,58 | 249 | 5785288,27 |
10. | Кезең шығыстары, барлығы | " | 3352870,10 | 4131437,52 | 123 | 5549817,23 |
10.1 | жалпы және әкімшілік шығыстар | " | 520964,00 | 762579,89 | 146 | 899779,14 |
10.2 | дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көр- сетулерді) іске асыруға байланысты шығыстар | " | 1344199,80 | 1366827,33 | 102 | 3030038,09 |
10.3 | сыйақылар түріндегі шығыстар | " | 1487706,30 | 2002030,30 | 135 | 1620000,00 |
11. | салық салынғанға дейінгі кіріс | " | 777209,90 | 787043,73 | 101 | 792995,71 |
12. | Корпора- тивтік кіріс салығы | " | 228200,90 | 236113,12 | 103 | 237898,71 |
13. | Таза кіріс (зиян) | " | 549009,00 | 550930,61 | 100 | 555097,00 |
14. | Дивидендтер, барлығы | " | 274504,50 | 275465,31 | 100 | 277548,50 |
14.1 | оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетіне | мың тең- ге | 274504,50 | 275465,31 | 100 | 277548,50 |
15. | Таза кірістен ақша бөліп шығару нормативтері | % | | | | |
16. | Қызметтің рентабельді- лігі (13/6* 100%) | " | 1,852 | 1,84 | 101 | 2,62 |
17. | Еңбек өнімділігі | адам/ тең- ге | 6,46 | 6,97 | 108 | 7,15 |
18. | Өндіріс қуатын пайдалану деңгейі (ұлттық компаниялар үшін) | " | | | | |
19. | Материалдық емес актив- тердің және негізгі құралдардың амортиза- циясы | мың тең- ге | 43 697,10 | 61 253,00 | 140 | 64 928,18 |
20. | Компания қызметкерле- рінің саны, барлығы | адам | 310,00 | 320,00 | 103 | 340,00 |
20.1 | Орталық аппарат қызметкерле- рінің саны | " | 117,00 | 123,00 | 105 | 133,00 |
21. | Жалақы қоры | мың адам | 275280,10 | 428070,92 | 156 | 556492,20 |
22. | Жалпы алғанда компаниялар бойынша қыз- меткерлердің орташа айлық жалақысы | " | 74,00 | 111,48 | 151 | 136,40 |
22.1 | оның ішінде орталық аппарат қызметкер- лері | " | 92,22 | 111,32 | 121 | 134,00 |
23. | Өнімнің (жұмыстар- дың, қызмет көрсетулер- дің) бір бірлігінің тарифтері (бағалары) | бір бір- лік үшін | 15497,60 | 14899,74 | 96 | 13458,09 |
23.1 | Өткен кезеңге қарағанда тарифтердің (бағалардың) өзгеруі | % | 120,95 | 96,14 | 79 | 90,32 |
24. | Кредиторлық берешек | мың тең- ге | 31225298,97 | 30564673,74 | 98 | 27480369,78 |
25. | Дебиторлық берешек | " | 10193212,56 | 10715872,58 | 105 | 10843333,27 |
кестенің жалғасы
Р.с N | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2008 ж. 2004 ж-ға %-бен | 2008 ж. 2005 ж-ға %-бен |
А | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | 1800/22682,26 | 1800/24043,19 | 99,01/80,51 | 111,11/106,68 |
1.1 | | | | |
2. | 600/7560,75 | 600/8014,40 | 530,19/ 333,66 | |
2.1 | 200/2520,25 | 200/2671,47 | 2222,22/ 1199,47 | |
2.2 | 400/5040,50 | 400/5342,93 | 388,31/ 245,16 | |
2.3 | | | | |
3. | | | | |
3.1 | | | | |
3.2 | | | | |
3.3 | | | | |
4. | 7787852,31 | 7278041,97 | | 94 |
4.1 | - | - | | |
4.1.1 | 7528000,00 | 7000000,00 | | |
4.2 | 259852,31 | 278041,97 | | 108 |
5. | 23273233,62 | 24669627,63 | 80 | 80 |
6. | 22465002,24 | 23849170,83 | 79 | 80 |
7. | 22682257,47 | 24043192,91 | 84 | 81 |
8. | 16487399,63 | 17410694,01 | 65 | 68 |
9. | 6194857,84 | 6632498,91 | 409 | 164 |
10. | 5977602,61 | 6438476,82 | 192 | 156 |
10.1 | 971761,47 | 1049502,39 | 201 | 138 |
10.2 | 3272441,14 | 3534236,43 | 263 | 259 |
10.3 | 1733400,00 | 1854738,00 | 125 | 93 |
11. | 808231,38 | 820456,81 | 106 | 104 |
12. | 242469,41 | 246137,04 | 108 | 104 |
13. | 565761,97 | 574319,77 | 105 | 104 |
14. | 282880,98 | 287159,88 | 105 | 104 |
14.1 | 282880,98 | 287159,88 | 105 | 104 |
15. | | | | |
16. | | 241 | 133,1 | |
17 | 6,94 | 6,75 | 105 | 97 |
18. | | | | |
19 | 68499,23 | 72266,69 | 165 | 118 |
20. | 350,00 | 360,00 | 116 | 113 |
20.1 | 138,00 | 143,00 | 122 | 116 |
21. | 587099,27 | 619389,73 | 225 | 145 |
22. | 139,79 | 143,38 | 194 | 129 |
22.1 | 141,37 | 149,15 | 162 | 134 |
23. | 12601,25 | 13357,33 | 86 | 90 |
23.1 | 93,63 | 93,63 | 77 | 97 |
24. | 29227903,89 | 28362712,84 | 91 | 93 |
25. | 13076632,83 | 13302847,79 | 131 | 124 |
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
акционерлік қоғамын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған
жоспарына 2 қосымша
2006-2008 жылдарға арналған дамудың маңызды көрсеткіштерінің
болжамы (мемлекеттік ресурстарды басқару бойынша)
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
акционерлік қоғамы
1 нысан
Р.с. N | Көрсет- кіштер | Өлшем бір- лігі | 2004 ж. есеп | 2005 ж. бағалау | 2005 ж. 2004 ж-ға %-бен |
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндірілген өнімнің (жұмыстар- дың, көрсе- тілген қыз- меттердің) көлемі - барлығы: | мың тн/ млн. тг | 183,633/ 2680,33 | 708/786/ 8961,96 | 234,16/241,36 |
1.1 | оның ішінде түрлері бойынша | | | | |
2. | Экспорт барлығы: | мың тн/ млн. тг | | | |
2.1 | оның ішінде ТМД елдерінде | " | | | |
2.2 | алыс шет ел | " | | | |
2.3 | өнімнің түрлері бойынша: | | | | |
3. | Импорт барлығы: | | | | |
3.1 | оның ішінде ТМД елдерінде | | | | |
3.2 | алыс шет ел | | | | |
3.3 | өнім түрлері бойынша: | | | | |
4. | Барлық қаржы- ландыру көздерінің есебінен негізгі капиталға инвестиция салу - барлығы: | мың тең- ге | | | |
4.1 | қарыз қаражаттары есебінен | " | | | |
4.1.1 | оның ішінде мемлекеттік бюджет қаржылары | " | | | |
4.2 | өз қаржылары есебінен | " | | | |
5. | Кірістер, барлығы | " | 3464744,67 | 7703231,24 | 222 |
6. | Шығыстар, барлығы | " | 3421629,73 | 7688029,23 | 225 |
7. | Негізгі қызметтен түскен кіріс | " | 2730049,10 | 7322049,04 | 268 |
8. | Сатылған дайын өнімнің (тауарлар- дың, жұмыс- тардың, көрсетілген қызметтер- дің) өзін- дік құны | " | 2285799,80 | 6685874,84 | 292 |
9. | Жалпы кіріс | " | 444249,30 | 636174,20 | 143 |
10. | Кезең шығыстары, барлығы | " | 1135829,93 | 1002154,39 | 88 |
10.1 | жалпы және әкімшілік шығыстар | " | | | |
10.2 | дайын өнімді (тауарлар- ды, жұмыс- тарды, қызмет көрсету- лерді) іске асыруға байланысты | " | 1135829,93 | 1002154,39 | 88 |
10.3 | сыйақылар түріндегі шығыстар | " | | | |
11. | Салық салынғанға дейінгі кіріс | " | 43114,94 | 15202,01 | 35 |
12. | Корпора- тивтік табыс салығы | " | 32922,27 | 4560,60 | 14 |
13. | Таза табыс (зиян) | " | 10192,67 | 10641,41 | 104 |