Корпорация экспорт көлемін ұлғайту және қазақстан астығының бәсекеге түсе алу қабілетін көтеру, елдің азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдырушылық қажеттігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін астықты теміржол көлігімен тасудың тиімді сұлбасын ретке келтіруді жалғастыруды, астық таситын вагондарды жалға алу бойынша шығындарды төмендетуді және т.б. жоспарлап отыр. Мемлекеттік астық ресурстарын толық және уақытында ауыстыруды ұйымдастыру, халықаралық және ұлттық тасуларда төмен бағамдарды ұсыну міндеттері жүктелген "ҚазАстықТранс" ЖШС-тің қызметі осы міндеттердің шешілуіне септігін тигізеді.
Сондай-ақ Корпорацияның жоспарларында азық-түліктік және жемдік астықпен салыстырғанда аса жоғары қосымша құнға ие майлы және бұршақ дәнді дақылдарды өндіру мен сатып алуды қаржыландыруға маңызды орын берілді.
Аталған дақылдарды экспортқа шығарудан басқа оларды құрама жем және тамақ өндірісіне терең қайта өңдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр, бұған "Бидай өнімдері" ЖШС-тің қызметі бағытталады. Серіктестіктің қызметі астықтан қайта өңделген өнімдерді сатуға, ірі қара мал шаруашылығын дамытуға, тамақ өндірісі кәсіпорындарының шикізат базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді кезеңде Корпорация ХАК қызметіне белсенді қатысуды ұйғарып отыр, оның ішінде жақын арадағы 2-3 жылда осы ұйымға Қазақстанның төрағалық ету мүмкіндігі қаралады. Сондай-ақ отандық астықты донор елдердің қаржылары есебінен жылжыту үшін гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде Азық-түліктік көмек комитетімен белсенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
Аталған іс-шараларды өткізу экспорттық әлеуетті диверсификациялауға, әлемдік экономикамен интеграцияны дамытуға және азық-түлікті импортқа алуды қысқартуға бағытталған.
1.5.4. Өндірісті дамыту серпінi
Мемлекеттік ресурстарға жыл сайын астық сатып алу көлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен белгіленеді. Сонымен 2005 жылы 2004 жылдағыдай 6208,38 млн.теңге сомасына сатып алу көзделіп отыр, сондай-ақ 2006 жылы да 6208,38 млн.теңге сомасына сатып алуды жүргізу жоспарланып отыр.
2005 жылы мемлекеттік астық резервін сақтауға 832,98 млн.теңге бөлінді, 2006 жылы республикалық бюджеттен 832,98 млн.теңге алып осы мақсатқа игеру жоспарланып отыр. 2005-2006 жылдары астықты ауыстыруға жыл сайын 21 млн.теңге көзделген.
Одан өзге 2006-2008 жылдары Корпорация астық сатып алу бағдарламасын сырттан тартылған кредиттік ресурстар есебінен жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте жыл сайынғы сатып алу көлемі шамамен 23000 млн.теңге сомасына 2,0 млн.тоннаға дейінгі деңгейде жоспарланып отыр.
Сатылатын астықтың өзіндік құнының құрылымы сатып алу бағасынан, астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтауға кеткен шығындардан, тиеуге (тиеу, тасымалдау, сертификат алу, кедендік рәсімдеу және т.б.) байланысты шығындардан тұрады.
2005 жылы сатылатын астықтың болжамды өзіндік құны орташа алғанда бір тоннаға 12,9 мың тоннаны құрайды.
Қоршаған ортаны қорғау, еңбектің техникалық қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шаралар
Корпорация өзінің қызметімен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін ұйымды білдіреді, бұл ретте техника қауіпсіздігін сақтау іс-шараларына көп көңіл бөлінеді. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына, басқа нормативтік актілер мен басқа құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Техника қауіпсіздігін сақтау мақсатында белгіленген нормаларға сәйкес үй-жайларды, жұмыс орындарын, техниканы ұстауға бағытталған іс-шараларды өткізу, өрт қауіпсіздігі нормаларына сай қазіргі кездегі құрал-жабдықтарды енгізу, Корпорация қызметкерлерімен үнемі нұсқама өткізу жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда экологиялық қауіпсіз технологияны енгізу мен пайдалану, қоршаған ортаға жанама әсерін тигізбейтін технологияны қолдану жоспарланып отыр.
1.5.5. Баға және тариф саясаты және оған негіздеме
Корпорацияның баға саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен өткізу сұлбасымен және мемлекеттік астық ресурстары запастарының деңгейімен анықталады және баға демпингін болдырмау үшін астықтың ішкі бағаларын реттеуге, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен жыл сайын мемлекеттік астық ресурстарына сатып алынатын астық дақылдарына сатып алу бағасы белгіленеді. "2005 жылы астықты мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес мемлекеттік резервті жаңарту үшін сатып алынатын астық бағасы 2005 жылы бір тонна 3 сыныпты жұмсақ бидайға 11,3 мың теңгені құрайды.
Корпорация бір тонна 3 сыныпты жұмсақ бидайға 11,3 мың теңге мөлшеріндегі осындай бағаны көктемгі-жазғы кезеңдегі коммерциялық астық сатып алуға да белгіледі.
Корпорация өткен жылдардағыдай отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында жыл сайын астықты рыноктық бағадан жоғары бағамен сатып алуды жоспарлап отыр. Жоспарланып отырған кезде Корпорацияның сатып алу бағасы 3 сыныпты жұмсақ бидайдың бір тоннасына 11,3 мың теңгені құрайды. Астық рыногының конъюнктурасына байланысты сатып алу бағалары түзетілуі мүмкін.
Сонымен астықтың рыноктық бағасы көтерілген жағдайда көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы сатып алынған астыққа Корпорация қосымша төлем төлейді.
Әдетте, өткізуге арналған астықтың негізгі үлесі алдыңғы жылғы сатып алынған астықтан алынады. Соған орай астықты өткізу сатып алу бағасынан төмен емес бағанда жоспарланады. Корпорацияның астықты өткізу бағалары шығындар құрылымына және астықты жеткізу шарттарына байланысты. ЕХW (франко-элеватор) жеткізу шарты кезінде өткізу бағасы астықты сатып алу бағасынан, оны сақтауға кеткен шығындардан және Корпорацияның комиссиялық сыйақыларынан тұрады.
DAF жеткізу шарты кезінде (шекараға дейін жеткізу) - сатып алу бағасынан, астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сақтауға кеткен шығындарынан, тиеуге (тиеу. тасымалдау, сертификат алу, кедендік рәсімдеу және басқалар) байланысты шығындардан, Корпорацияның комиссиялық сыйақыларынан тұрады. Корпорацияның қолданып жүрген саясатына сәйкес астықты өткізу төлем төлеудің мынадай талаптарымен жүргізіледі: алдын ала 100% төлеу, төлемді кейінге қалдыра отырып өткізу, банктік аккредитивтер.
1.5.6. Әлеуметтік саланы дамыту
Корпорацияда Жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жасалған жеке еңбек шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын мақсатты әлеуметтік саясат жүргізіледі.
Корпорацияның жеке еңбек шартында жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбек және демалыс режимі, еңбекке ақы төлеудің негізгі кепілдігі, қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекті қорғау шаралары, қызметкердің еңбекке қабілеттілігін толық және жартылай жоғалту кезінде берілетін әлеуметтік кепілдік пен өтемақы көрсетілген. Қаржы-шаруашылық қызметтерінің қорытындылары бойынша Корпорацияның қызметкерлеріне бонустар төлеуді жүзеге асыру, сондай-ақ кейін қайтарылатын болып тұрғын үй жағдайын жақсартуға, оның ішінде үй салу немесе сатып алуға несие беру жоспарланып отыр. Одан өзге салықтарды, дивидендтерді төлегеннен кейін қалған таза табыс жететін жағдайда Корпорация жоспарланған кезеңде әкімшілік ғимаратты сатып алу немесе салу мүмкіндігін қарастырады.
Тұрақты түрде оқыту семинарлары жүргізіледі, қызметкерлер үнемі біліктілікті көтеру курстарынан өтеді. Сонымен, Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшуге байланысты бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 669,18 мың теңге шығыстар жоспарланып отыр.
Одан өзге, әлеуметтік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі сауықтыру шараларын жандандыру (медициналық тексеруді, вакциналарды және басқаларды ұйымдастыру), сондай-ақ Корпорация қызметкерлерін спорттық іс-шараларға қатысу және қызметкерлердің мәдени демалысын ұйымдастыруға тарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Одан өзге, қайырымдылық демеушілік көмектерін көрсетеді. 2006 жылы осы мақсаттарға 10 млн.теңге жұмсау жоспарланып отыр.
1.5.7. Кадр саясаты
Корпорация қызметкерлердің әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік беретін корпоративті басқару жүйесі бар ұйымдық тиімді компанияны құруға бағытталған қызметкерлерді басқару саясатын жүргізеді.
Кадр саясатының негізгі бағыттары Корпорацияның орталық аппаратында және облыстық өкілдіктерінде басқару жүйесінің кешендік және бүтіндік сипатын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіби шебер, жоғары білікті маманды қалыптастыруға бағытталған жұмыс болып табылады.
Кадрлардың жұмысын жақсарту, оның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында қызметкерлермен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, Корпорацияның ұйымдық құрылымын және штаттық санын оңтайлау жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Корпорацияның саясаты мен мақсатын әзірлеуге және қолдауға бағытталған менеджмент тиімділігін арттыруға, оны қызметкерлер арасында олардың танымын, уәждерін арттыру үшін таратуға, басқару мен жоспарлаудың қазіргі әдістерін енгізу жолымен осы мақсаттарға жетуде қызметкерлерді шығармашылық жұмысқа тартуға көп көңіл бөлінеді. Корпорация қызметкерлерінің кәсіби дамуының және оның біліктілік мінездемесінің жақсаруының негізгі құралдары қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
1.5.8. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас
2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы негізгі қызметтен түскен кірістің 8,3%-ға өзгеруі есебінен Корпорацияның жалпы кірісінің 8,5%-ға төмендеуі жоспарланып отыр. Бұл ретте мұндай өзгеру үлкен дәрежедегі болжанып отырған сату бағасының төмендеуінен туындап отыр. Одан өзге, жоспарланған кірістердің, сондай-ақ мемлекеттік ресурстармен операциялар жасау бойынша негізгі қызметтен түскен кірістің төмендеуі сатылатын астық ресурстарының жалпы көлемінен экспортқа шығарылатын астық үлесінің азаюымен түсіндіріледі.
Сонымен, 2006 жылға арналған жалпы кіріс 28737,21 млн.теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен кіріс - 6781,33 млн.теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша кіріс - 21955,88 млн.теңге.
2006 жылға арналған жалпы шығыстар 27928,91 млн.теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен шығыстар - 6765,67 млн.теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша шығыстар - 21161,23 млн. теңге.
2006 жылы 567,22 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алу жоспарланып отыр, оның ішінде өз қызметінен түскен таза кіріс 556,25 млн.теңге, мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан түскен кіріс 10,97 млн. теңге.
2006 жыл үшін бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 277,55 млн.теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
2006 жылы бюджетке барлығы 410,13 млн.теңге сомасында салықтар мен міндетті төлемдер аудару жоспарланып отыр: оның ішінде корпоративтік табыс салығы 242,6 млн.теңге сомасында, әлеуметтік салық 62,3 млн.теңге сомасында, жер салығы 1,21 млн.теңге, мүлік салығы 4,76 млн.теңге, көлік салығы 1,7 млн.теңге, жеке табыс салығы 58,4 млн.теңге, төлем көздерінен табыс салығы 38,4 млн.теңге, басқа салықтар мен алымдар - 0,76 млн.теңге.
2007 жылға арналған жалпы табыс 30461,44 млн.теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен кіріс - 7188,21 млн. теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша кіріс - 23273,23 млн.теңге.
2007 жылға арналған жалпы шығыстар 29636,96 млн.теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен шығыстар - 7171,96 млн. теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша шығыстар - 22465,00 млн. теңге.
2007 жылы 577,14 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алу жоспарланып отыр, оның ішінде өз қызметінен түскен таза табыс 565,76 млн.теңге, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен таза табыс - 11,38 млн.теңге.
2007 жыл үшін бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 283,50 млн.теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
2007 жылы бюджетке барлығы 420,15 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа міндетті төлемдерді аудару жоспарланып отыр: оның ішінде корпоративтік табыс салығы 247,35 млн.теңге, әлеуметтік салық 64,2 млн.теңге, жер салығы 1,22 млн.теңге сомасында, мүлік салығы - 4,81 млн.теңге, көлік салығы - 1,69 млн.теңге, жеке табыс салығы - 59,01 млн.теңге, төлем көздерінен табыс салығы - 41,1 млн.теңге, басқа салықтар мен алымдар - 0,77 млн. теңге.
2008 жылға арналған жалпы табыс 32289,13 млн.теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен табыс - 7619,50 млн.теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша табыс - 24669,63 млн.теңге.
2008 жылға арналған жалпы шығыстар 31452,34 млн.теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен шығыстар - 7603,7 млн.теңге;
- өз қаржы-шаруашылық қызметі бойынша шығыстар - 23849,17 млн. теңге.
2008 жылы 585,75 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алу жоспарланып отыр, оның ішінде өз қызметінен түскен табыс 574,32 млн.теңге. 2008 жылы бюджетке 287,16 млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
2008 жылы бюджетке барлығы 428,78 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа міндетті төлемдер аудару жоспарланып отыр, оның ішінде корпоративтік табыс салығы 248,04 млн.теңге, әлеуметтік салық 67,8 млн.теңге, жер салығы 1,22 млн.теңге сомасында, мүлік салығы 5,16 млн.теңге сомасында, көлік салығы 1,74 млн.теңге, жеке табыс салығы 60,03 млн.теңге, төлем көздерінен табыс салығы - 44 млн.теңге, басқа салықтар мен алымдар 0,79 млн.теңге.
2006-2008 жылдардағы болжамдық көрсеткіштерді талдай отырып 2008 жылы жалпы алғанда Корпорация бойынша таза табыстың 2006 және 2007 жылдармен салыстырғанда тиісінше 15% және 6%-ға өскенін атап өткен дұрыс.
1.5.9. Қызмет көрсетуші банктермен арадағы қарым-қатынас
Корпорация қызмет барысында Халық банкі, Альянсбанк, ВалютТранзитБанк, Казкоммерцбанк секілді көптеген банктермен бірігіп қызмет етеді. Бұл ретте Корпорация ірі корпоративті клиент бола отырып қызмет көрсетуші банктердің төмен тарифтеріне қол жеткізді. Корпорацияның банктермен бірлесіп қызмет етуі мына бағыттарда жүргізіледі:
- есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету;
- Корпорацияның пайдасына АШТӨ-ге кепілдіктер беру;
- Жеңілдік талаптарымен банк қарыздарын беру (Корпорацияның Қазақстан Халық банкінде, ТұранӘлем банкінде және Казкоммерцбанкте ашылған кредиттік желілері бар);
- Екінші деңгейдегі банктер өздерінің кепілдіктерін үшінші тұлғалардың пайдасына қуана-қуана береді.
Корпорацияның банктермен арадағы қарым-қатынасын
сипаттайтын көрсеткіштер
Қызмет көрсе- тетін банктер- дің атауы | 2006 жыл | 2007 жыл |
Есеп шоттар бойынша айналымдар | Ақша қара- жаты- ның орташа айлық қал- дығы | Есеп шоттар- дағы ақша қаража- тына есеп- телген сыйа- қылар көлем- дері | Банк- терге төле- нетін комис- сиялық тө- лем- дер көлемі | Есеп шоттар бойынша айналымдар |
Дебет | Кре- дит | Дебет | Кредит |
"Казком- мерцбанк" АҚ | 27181,4 | 26374,0 | 665,9 | 1,9 | 6,0 | 27208,5 | 26400,4 |
"Халық банкі" АҚ | 373,5 | 373,9 | 3,0 | 0,0 | 0,3 | 373,9 | 374,3 |
"Альянс- банк" АҚ | 13353,0 | 9042,8 | 1455,7 | 6,5 | 4,1 | 13366,4 | 9051,9 |
"Темир- банк" АҚ | 2,5 | 7,7 | 1,7 | 0,0 | 0,0 | 2,5 | 7,7 |
"ABN AMRO" АҚ | 2,6 | 0,6 | 2,0 | 0,0 | 0,0 | 2,6 | 0,6 |
HSBC | 2811,5 | 2813,5 | 3,1 | 0,0 | 0,0 | 2814,3 | 2816,3 |
Алматы сауда- қаржы Банкі | 11130,4 | 10729,7 | 114,1 | 4,0 | 0,4 | 11141,5 | 10740,4 |
"Қазақ- стан даму банкі" АҚ | 266,9 | 266,9 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 267,2 | 267,2 |
"Тұран- Әлем- Банкі" АҚ | 28895,5 | 28878,5 | 60,2 | 0,0 | 5,7 | 28924,4 | 28907,4 |
"Банк- Центр- Кредит" АҚ | 1173,9 | 1174,4 | 77,8 | 0,4 | 0,1 | 1175,1 | 1175,6 |
"Казин- вестбанк" АҚ | 1853,4 | 1829,7 | 33,7 | 0,7 | 0,5 | 1855,2 | 1831,5 |
Жиыны | 87044,5 | 81491,7 | 2417,3 | 13,5 | 17,2 | 87131,6 | 81573,2 |
кестенің жалғасы
Қызмет көрсете- тін банк- тердің атауы | 2007 жыл | 2008 жыл |
Ақша қара- жаты- ның орташа айлық қал- дығы | Есеп шот- тар- дағы ақша қара- жа- тының қал- дығы- на есеп- теле- тін сыйа- қылар кө- лем- дері | Банк- терге төле- не- тін ко- мис- сия- лық тө- лем- дер кө- лемі | Есеп шоттар бойынша айналымдар | Ақша қара- жаты- ның орташа айлық қал- дығы | Есеп шот- тар- дағы ақша қара- жа- тының қал- дығы- на есеп- тел- ген сыйа- қылар кө- лем- дері | Банк- ке төле- нген ко- мис- сия- лық тө- лем- дер кө- лемі |
Дебет | Кредит |
"Казком- мерцбанк" АҚ | 666,6 | 1,9 | 6,0 | 27235,8 | 26426,8 | 667,2 | 1,9 | 6,0 |
"Халық банкі" АҚ | 3,0 | 0,0 | 0,3 | 374,3 | 374,7 | 3,0 | 0,0 | 0,3 |
"Альянс- банк" АҚ | 1457,2 | 6,5 | 4,1 | 13379,7 | 9060,9 | 1458,6 | 6,5 | 4,1 |
"Темир- банк" АҚ | 1,7 | 0,0 | 0,0 | 2,5 | 7,8 | 1,7 | 0,0 | 0,0 |
"ABN AMRO" АҚ | 2,0 | 0,0 | 0,0 | 2,6 | 0,6 | 2,0 | 0,0 | 0,0 |
HSBC | 3,1 | 0,0 | 0,0 | 2817,1 | 2819,1 | 3,1 | 0,0 | 0,0 |
Алматы сауда- қаржы Банкі | 114,2 | 4,0 | 0,4 | 11152,7 | 10751,1 | 114,3 | 4,0 | 0,4 |
"Қазақ- стан даму банкі" АҚ | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 267,4 | 267,4 | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
"Тұран- Әлем- Банкі" АҚ | 60,3 | 0,0 | 5,7 | 28953,3 | 28936,3 | 60,4 | 0,0 | 5,7 |
"Банк- Центр- Кредит" АҚ | 77,9 | 0,4 | 0,1 | 1176,2 | 1176,7 | 78,0 | 0,4 | 0,1 |
"Казин- вестбанк" АҚ | 33,8 | 0,7 | 0,5 | 1857,1 | 1833,4 | 33,8 | 0,7 | 0,5 |
Жиыны | 2419,7 | 13,5 | 17,2 | 87218,7 | 81654,8 | 2422,1 | 13,6 | 17,2 |
2. Корпорацияны дамытудың инвестициялық бағдарламасы
2.1. Саладағы инвестициялық жағдайды бағалау
Ескі өндірістік қатынастардың құлауын және жаңа өндірістік қатынастардың қалыптасуынан туындаған қиын дағдарыс кезеңін басынан өткізген республиканың аграрлық азық-түліктік секторында соңғы жылдары тұрақтану болып өтті. Қазіргі кезде бұл сала ашық экономика мен әлемдік тамақ өнімдерімен және ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік сауда жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс жаңа дәуір алдында тұр.
Мемлекеттік қолдау іс-шаралары реттеуші сипатта және салааралық диспаритетті теңестіруге бағытталған. Агроөнеркәсіптік кешенде оның деңгейі өндірістік циклдің маусымдылығы мен ұзақтығына, табиғи-климаттық факторларға тәуелділігіне, ауыл шаруашылығының экономиканың басқа салаларымен тауар алмасуындағы эквивалентсіздікке, халықтың сатып алушы ретіндегі қабілетінің төмендігіне қарай шынайы төмендетілген.
Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген қаржы ресурстарының көлемдері Мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламаға толық сай келеді. Бұл ретте жыл сайынғы инвестициялар көлеміндегі өсу 9-10 млрд.теңгені құрады. Соңғы жылдары мемлекеттік қолдауды күшейту нәтижесі болып ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтануы, оның тиімділігін арттыру және елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Отандық және шет елдік тәжірибе көрсеткендей ауыл шаруашылығы өндірісі мемлекеттің қолдауынсыз тиімді дамуға қабілетсіз. Аграрлық сектор экономиканың барлық басқа салаларына қарағанда классикалық рыноктық механизмге жатады, бұл жерде сұраныс-ұсыныс, еркін бәсекелестік заңы жүрмейді, яғни топырақтың құнарлылығы, өндірістің өткізу рыноктарынан алыстығы, азық-түліктік тауарларға деген сұраныстың орамдылығы бойынша шектелу бар.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауға 1 гектар жыртылған жерге Канадаға қарағанда алты есе аз, АҚШ-та 30 есе аз, Еуропалық қауымдастықта 77 есе аз қаржы бөлінеді. Соған қарамастан 2001 жылы Қазақстанда Ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) ауыл шаруашылығының үлесі 8,7% құрады, бұл дамыған елдердегі осындай көрсеткіштерден анағұрлым жоғары, мысалы Еуропалық қауымдастық елдерінде 1,3%-дан 2,9%-ға дейін және де Мексика, Корея секілді дамушы елдерде 4,3%.
1990 жылғы республика ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштерін 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда астық өндірісі көлемінің төмендеуі байқалып отыр, бұл қажетті мөлшерде жанар-жағар майды, асыл тұқымдарды, тыңайтқыштарды сатып алуға қаржының жетіспеуіне байланысты, соның салдарынан ауыспалы егіс сақталмайтын болды, тұқым шаруашылығының жүйесі бұзылды және өсірілетін астықтың сапасы біршама төмендеді. Дәнді дақылдарды егу алаңдарын және олардың өнімін қысқарту нәтижесінде астық өндірісінің көлемі қысқарды.
Қазіргі кездегі осы міндетті шешудің бір амалы жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш және басқаларды сатып алуы үшін Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы бере отырып экономиканың аграрлық секторына мемлекеттік инвестицияларды салу болып табылады.
Бұл ретте республиканың агроиндустриялық негізі - дәнді дақылдар елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жанама және тікелей халықтың 10%-н жұмыспен қамтамасыз етеді, сондай-ақ аралас салалардың дамуына қомақты үлес қосады. 1990 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғандағы кезеңде негізгі дәнді дақылдарды егу алаңы 23,3 млн.гектардан 13,2 млн.гектарға қысқарды, қазіргі кезде барлық дәнді дақылдардың өнімі технология бойынша болуы мүмкін деңгейден 1,5-2 есе аз.
Одан өзге Мақта шаруашылығын және оны қайта өңдейтін зауыттарды дамыту республикадағы аграрлық сектордың алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы шет елге экспортқа шығарылатын, республикадағы ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің бірі болып табылатын мақтаны өсіретін бірден-бір аймақ болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы халықты жұмыспен қамтылу мәселесі шешілмеген, республикадағы халық тығыз орналасқан аймақ болғандықтан аршылмаған, шикі мақта өндірісінің осы облыс үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар. Мақтаны өндірумен айналысатын аудандарда 1 миллиондай адам, немесе негізгі кіріс көзі ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылатын облыстағы барлық халықтың 50% тұрады.
Мақта өсіру және оны әрі қарай қайта өңдеу жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берсе, ал өндіріс көлемін ұлғайту жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Мақтаны өндіру процесі кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ақша қаражатының жетіспеушілігін сезе отырып мақтаны өңдейтін зауыттармен фьючерстік шарттар жасауға және шикі мақтаны оны тапсыру кезіндегі рыноктық сатып алу бағасынан 30-35%-ға төмен бағамен тапсыруға мәжбүр болады.
Одан өзге кейбір жылдары әлемдік рынокта егінді жинау кезінде өте төмен баға қалыптасады, соған орай республикада шикі мақта бағасы әлемдік баға деңгейіне тікелей тәуелді болатындықтан республиканың ішкі рыногында осындай жағдай қалыптасады. Өндірушілердің басым көпшілігін құрайтын ұсақ шаруа қожалықтары ақша қаражатының болмауынан осы кезеңде шикі мақтаны төмен бағамен сатуға мәжбүр болады. Бұл ретте өнімді жинап болғаннан кейін 5-6 ай өткен соң мақта талшығының бағасы өседі, нәтижесінде пайданың негізгі бөлігі шикі мақтаны сатып алу-сатумен айналысатын компанияларға тиеді. Ал пайда егіншілердің тікелей қатысуымен мақта өндірісінің барлық кезеңінде жасалады емес пе.
Осылайша ауыл шаруашылығын инвестициялау бойынша Корпорацияның мүмкіндігін кеңейту үшін оны капитализациялау деңгейін көбейту қажет.
Жоспарланған кезеңге Корпорацияның инвестициялық қызметінің басқа бағыттары Ақтау портындағы астық терминалын дамыту және Баку (Әзірбайжан Республикасы) мен Поти (Грузия) портындағы терминалдардың құрылысын салу мен оны жабдықтау болып табылады.
Ақтау портындағы астық терминалы ("Ақ Бидай-Терминал" АҚ) каспий маңындағы елдерге және ол арқылы транзитпен Грузия, Молдова және еуропалық елдерге теңіз жолымен қазақстан астығын экспортқа шығару кезінде Ақтау портында астықты үздіксіз артып өткізуді қамтамасыз етеді. Теңіз астық терминалын дамыту қазақстан астығын экспортқа шығарушылардың мүмкіндігін кеңейтеді, Қазақстан Республикасы экономикасындағы барлық астық секторының тұрақтануына және дамуына ықпал етеді.
Астық терминалы Ақтау теңіз портының және жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттар туралы Қазақстан халқына жолдаған жолдауына сәйкес жасалған бірыңғай көліктік-логистикалық кластердің бір бөлігі болып табылады (2005 жылғы 18 ақпандағы Парламент палаталарының бірлескен мәжілісіндегі сөйлеген сөзі).
Иран мен Әзірбайжанның жыл сайынғы астықты импортқа алу қажеттігі Ақтау портындағы астық терминалын дамытудың негізгі экономикалық перспективасы болып табылады. Осындай перспективаның болуына Каспий маңындағы мемлекеттер порттарында астық инфрақұрылымын белсенді дамыту дәлел бола алады.
2005 жылы Әзірбайжан мен Түркияны Грузия аумағы арқылы тікелей жалғайтын ұзындығы 98 километр теміржол тармағының салу туралы Әзірбайжан, Грузия және Түркия арасындағы үш жақты мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Құрылыс мерзімі 1-1,5 жылды құрайды және 2006 жылдың аяғында пайдалануға беру белгіленіп отыр. Осылайша, аталған елдерге қазақстан астығын экспортқа шығару үшін нақты тиімді көлік коридоры жасалады. Соңғы кезге дейін мұндай экспорт эпизодтық сипатта болды және қазақстандық астық компанияларына аталған елдерге мақсатты ұзақ мерзімді саясатты құруға мүмкіндік бермеді.