2004 жылы Корпорацияның жалпы табысы 34485,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- мемлекеттік ресурстар бойынша қызметтен түскен табыс 3464,7 млн.теңгені құрады;
- өз қызметінен түскен табыс 31021,2 млн.теңге, оның ішінде:
2004 жылғы Корпорацияның жалпы шығыстары 33665,59 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен шығыстар - 34221,63 млн. теңге;
- өз қаржы-шаруашылығы қызметіне байланысты шығыстар - 30243,96 млн.теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 521 млн.теңге.
2004 жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша Корпорация 559,2 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алды, оның ішінде мемлекеттік ресурстар бойынша қызметтерден түскен табыс 10,2 млн.теңге, өз қызметінен түскен табыс 549 млн.теңге мөлшерінде. 2004 жыл үшін Корпорация белгіленген тәртіппен мемлекеттік акциялар пакетіне 274,5 млн.теңге мөлшерінде дивидендтер аударды.
Корпорация қызметінің рентабелділігі тікелей ауыл шаруашылығы спецификасымен байланысты, яғни табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді.
2004 жылы бюджетке барлығы 530,8 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аударылды, оның ішінде корпоративтік табыс салығы - 386,28 млн.теңге сомасында, әлеуметтік салық - 58,8 млн.теңге, жер салығы - 1,21 млн.теңге, мүлік салығы - 4 млн.теңге, көлік салығы - 1,22 млн.теңге, жеке табыс салығы - 45 млн.теңге, төлем көздерінен төленетін табыс салығы - 33,5 млн.теңге, өзге салықтар мен алымдар - 0,74 млн.теңге.
2004 жылдағы Корпорацияның таза табысы 2003 жылмен салыстырғанда 28,8%-ға азайды, бұл астық рыногының қалыптасқан конъюнктурасына және алынған кредиттер бойынша сыйақылар түрінде шығыстардың көбеюіне байланысты.
Бағалау деректері бойынша 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы кірістер мен шығыстардың 4%-ға өсуін күтілуде және бұл мемлекеттік астық ресурстарын сату көлемінің 2 есе артық өсуіне байланысты.
Бұл ретте 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда коммерциялық астық ресурстары көлемін сатудың аз ғана төмендеуі күтіліп отыр (1%), бұл өз кезегінде кірістердің азаюын және де тиісінше шығыстардың да азаюын туғызады. Сатып алу бағаларының азаюы мен көлемдердің азаюы есебінен коммерциялық астық ресурстарының өзіндік құнының 9%-ға төмендеуі күтіліп отыр.
2005 жылға жалпы табыс 38380,21 млн.теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
- мемлекеттік ресурстарды басқарудан түскен табыстар - 7703,25 млн. теңге;
- өз қызметіне байланысты табыс - 30676,986 млн.теңге.
2005 жылға жалпы шығыстар 37577,97 млн.теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
- мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты шығыстар - 7688,03 млн.теңге;
- өз қызметіне байланысты шығыстар - 29889,94 млн.теңге.
2005 жылдағы салық салынатын табыс 802,24 млн.теңге мөлшерінде жоспарланады.
2005 жылы 561,57 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алу жоспарланып отыр, оның ішінде өз қызметінен түскен таза табыс 550,93 млн.теңгені, мемлекеттік ресурстарды басқарудан түскен табыс 10,64 млн.теңгені құрайды.
2005 жылға Корпорация мемлекеттік акциялар пакетіне 275,5 млн.теңге мөлшерінде дивидендтер аударуды ұйғарып отыр.
2005 жылы бюджетке барлығы 379,97 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аударылды, оның ішінде корпоративтік табыс салығы - 240,67 млн.теңге, әлеуметтік салық - 54 млн.теңге, жер салығы - 1,3 млн.теңге, мүлік салығы - 4,41 млн.теңге, көлік салығы - 1,37 млн.теңге, жеке табыс салығы - 41,58 млн.теңге, төлем көздерінен табыс салығы - 35,9 млн.теңге табыс салығы, 0,74 млн.теңге басқа салықтарды аудару жоспарланып отыр.
1.3.2. Мемлекеттік астық ресурстары
"Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарына:
мемлекеттік азық-түліктік астық резерві;
мемлекеттік жемдік астық ресурстары;
мемлекеттік тұқымдық ресурстар;
мемлекеттік сатылатын астық ресурстары жатады.
2005 жылғы 1 шілдеде жағдай бойынша Корпорация 656,199 мың тонна көлемінде мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде мемлекеттік азық-түліктік астық резерві - 500,0 мың тонна, мемлекеттік тұқымдық ресурстар - 51,775 мың тонна, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - 104,424 мың тонна.
Мемлекеттік астық ресурстары республиканың 53 астық қабылдау кәсіпорындарында орналастырылған.
Сақталып отырған астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармаларының мемлекеттік астық инспекторларының қатысуымен бекітілген кесте бойынша өкілетті астық қабылдау кәсіпорындарындағы мемлекеттік астықтың барлығын тексеруді үнемі жүргізеді. Тексеру барысында мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің жетіспеушілік деректері анықталған жоқ.
1.3.3. Мемлекеттік азық-түліктік астық резервi
Стихиялық апат, соғыс, егіннің шықпай қалуы және басқа форс-мажор жағдайлары болған кезде мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік азық-түліктік астық резерві құрылады. Бұл ретте ең аз резерв халықты астықпен және одан өңделген өнімдермен қамтамасыз етуге кепілдік беруі тиіс.
2005 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік резерв 500 мың тонна көлемінде қалыптасты. Жалпы көлемнің 1,752 мың тоннасы (0,3%) 2002 жылғы егіннің астығы, 137,390 мың тоннасы (27,5%) 2003 жылғы егіннің астығы, 360,858 мың тоннасы (72,2%) 2004 жылғы егіннің астығы.
Мемлекеттік астық резерві Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы 35 астық қабылдау кәсіпорындарында орналасқан.
2002-2005 жылдардағы егін өнімі бойынша мемлекеттік
азық-түліктік астық резервтерінің құрылымы
1.3.4. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары
Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал және құс шаруашылығының мал азығына мұқтаждығын қамтамасыз етуге арналған.
"2005 жылғы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы" 2005 жылғы 4 ақпандағы № 104 (бұдан әрі - 104) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2005 жылға мемлекеттік жемдік астық ресурстарының көлемі 5000 тонна мөлшерінде белгіленді.
1.3.5. Мемлекеттік тұқымдық ресурстар
2005 жылғы егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сортты тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында "2005 жылға мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы" 104 қаулымен 100 мың тонна көлемінде мемлекеттік тұқымдық ресурстарды қалыптастыру көзделген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 109 бұйрығымен 2005 жылғы егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тұқымдық ресурстарды пайдалану ережесі бекітілді.
100 мың тонна көлеміндегі мемлекеттік тұқымдық ресурстар толық көлемде сортты тұқымдардан қалыптастырылды. Корпорация жыл сайын тұқымдық несиені беруді жүзеге асырады. Ресми баспасөз басылымдарында несиеге тұқым беру және мемлекеттік ресурстардан тұқым сату туралы хабарландырулар жарияланды.
2005 жылғы көктемгі-жазғы кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 50,298 мың тонна сортты тұқымдар алуға өтінімдер түсті.
1.3.6. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары
Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары құрылып ішкі рынокты реттеуге, астықты экспорттық жеткізуді қамтамасыз етуге, ішкі рынокта сатуға, гуманитарлық көмекті көрсету және мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқымдық ресурстарды және мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңартуға арналған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 104 қаулысымен 2005 жылға 465 мың тоннаға дейінгі мөлшерде мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының көлемі белгіленген.
Аталған қаулыға сәйкес мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын сату тауарлық биржада және/немесе ашық тендерлерді өткізу арқылы жүргізіледі.
2005 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ішкі рынокта 397,011 мың тонна астық өткізілді.
1.3.7. Астықты сатып алу
Мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту және отандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Корпорация 1998 жылдан бастап тұрақты түрде 500 мың тонна шегінде мемлекеттік астық сатып алуды жүргізеді.
Астықты сатып алудың көлемі мен бағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес белгіленеді.
Одан өзге, 2002 жылдан бастап Корпорация өнімді өткізуде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, мемлекеттің экспорттық саясатын үйлестіру, қазақстан астығына баға демпингін болдырмау және ауыл шаруашылығы өндірісіне сырттан қосымша инвестициялар тарту мақсатында астық сатып алуды сырттан тартылған кредиттік ресурстар есебінен жүзеге асырады (бұдан әрі - коммерциялық сатып алу).
2001 жылдан бастап Корпорация астық сатып алуды екі этаппен жүргізеді: көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы және күзде тікелей сатып алу арқылы.
2001-2004 жылдар кезеңі ішінде қатысушылардың - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері санының өскендігін атап өткен жөн.
Корпорация өткізген астықты сатып алуға қатысқан ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілері санының өсуі
2004 және 2005 жылдардағы егін астығын мемлекеттік сатып алу
2004 жылы "2004 жылы астықты мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 290 қаулысына сәйкес мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу жүргізілді.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6208 млн.теңге мөлшерінде ақша қаражаты бөлініп толық көлемде игерілді.
Осылайша осы бағдарлама бойынша мемлекеттік ресурстарға 464 мың тонна астық сатып алынды, оның ішінде:
- көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы:
213 мың тонна көлемінде азық-түліктік жұмсақ бидай;
17 мың тонна көлемінде азық-түліктік қатты бидай;
- күзде тікелей сатып алу арқылы - 234 мың тонна көлемінде азық-түліктік жұмсақ бидай.
2005 жылы 2005 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу көлемі "2005 жылы астықты мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысыменреспубликалық бюджет қаржыларының есебімен 6208,38 млн.теңге сомасына 549,9 мың тоннаға дейінгі мөлшерде анықталды, бұл ретте:
- көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 4345,9 млн.теңге сомасына 385 мың тоннаға дейін азық-түліктік жұмсақ бидай;
- күзде тікелей сатып алу арқылы 1862,5 млн.теңге сомасына 164,9 мың тоннаға дейінгі көлемде азық-түліктік жұмсақ бидай.
2005 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Корпорация осы бағдарлама бойынша 4094,680 млн.теңге сомасына 362,746 тонна көлеміндегі 3 сыныпты жұмсақ бидай астығын сатып алуды қаржыландырды.
2004-2005 жылғы егін астығын коммерциялық сатып алу
Корпорация "2004 жылы астықты мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 290 қаулысына сәйкес кредиттік ресурстарды тарту есебінен коммерциялық астық сатып алуды жүзеге асырды.
Осы бағдарлама бойынша 1271,1 мың тонна астық сатып алынды, оның ішінде:
- көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы;
1055,0 мың тонна азық-түліктік жұмсақ бидай;
3,0 мың тонна күнбағыс;
- күзде тікелей сатып алу арқылы;
211,0 мың тонна азық-түліктік жұмсақ бидай;
2 мың тонна 2 сыныпты арпа сатып алынды.
2005 жылы коммерциялық сатып алу бағдарламасы бойынша Корпорация 2,0 млн.тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алуды ұйғарып отыр. Осы мақсат үшін 23000 млн.теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы ресурстары қажет.
Корпорацияның коммерциялық астық сатып алуды өткізуі кезінде банк қарыздарын тартудан басқа вексельдер мен облигациялар секілді қаржы құралдары да пайдаланылады.
Көктемгі-жазғы кезеңде коммерциялық сатып алу бағдарламасы бойынша 12963,776 млн.теңге сомасына 969,2 көлемінде астық сатып алу қаржыландырылды.
2005 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілеріне кредит беру
2005 жылы Корпорацияның жарғылық капиталын толтыруға республикалық бюджеттен 7000 млн.теңге бөлінді. Осы қаржы құралдары өндірісті қолдау және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рыногын дамыту шеңберінде 2005 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы
№ 52 қаулысымен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамының қарыз алушыға 2005 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға ақша қаражатын беру Ережесі бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес барлық облыстарда әкімшіліктер жанынан қарыз алушыларды таңдайтын жұмыс тобы құрылды. Республикалық баспасөз басылымдарында қаржыландыру шарттары жарияланды. Бұл ретте қаржыландыру көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін қарыз алушыға қарыз беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасында өндіру үшін артықшылығы бар ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылып отырған тізбесін, сондай-ақ әрбір облысқа жеке-жеке қаржыландыру сомасын анықтады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен түскен өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша облыстық жұмыс топтары қарыз алушылардың тізбесін қалыптастырып кейін шарт жасау үшін Корпорацияға тапсырады.
2005 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Корпорация 6985,357 млн.теңге сомасына 1893 қарыз беру шарттарын жасады.
Корпорация қарыз алушылардан, я болмаса Корпорация анықтаған ұйымдардан екінші деңгейдегі банктер шығаратын міндеттемелердің орындалу кепілдіктерінің келіп түсу шамасына қарай ақша қаражатын қарыз алушының есеп шотына аударады.
Жасалған қарыз алу талаптарына сәйкес қарызгерлер алған қарызды ақша қаражатымен 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейін қайтарылады.
1.4. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясына (бұдан әрі - Стратегия) сәйкес Корпорация өткізетін іс-шаралар
Стратегияның басты мақсаты шикізат ретіндегі бағыттан кетуіне септігін тигізетін экономика саласын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдайларды дайындау болып табылады.
Стратегияда сол сияқты "Экономиканың шикізат секторын дамыту Үкіметтің тиісті салалық және секторлық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатыны" атап көрсетілген. Корпорация үшін мұндай бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдері мен одан өңделген өнімдерді ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайтудан тұрады.
Астық еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті болып табылады. Негізгі экспортқа шығарылатын дақыл - бидайды өндіру көлемі 1996-1998 жылдары 7,1 млн.тоннадан 1999-2004 жылдарда 11,0-11,5 млн.тоннаға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды дамыту жақын арадағы жылдардың басым бағыттарының бірі болып табылады және Корпорация қазіргі уақытта осы бағытта мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Астықты және одан өңделген өнімдерді өткізу рыноктарын зерттеп игеру үшін Корпорация шет елдерде - Ресейде, Ұлыбританияда, Қытайда, Иранда және Өзбекстанда өкілдіктерін ашты.
Экспортқа сату көлемін көбейту және астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру мақсатында Корпорация коммерциялық астық сатып алуды қаржыландырудың қосымша көздерін іздеу жұмыстарын жүргізді. Жетекші еуропалық банктер Үкіметтің кепілдігінсіз Корпорацияға өте төмен пайызбен кредиттер берді, бұл өз кезегінде Корпорацияға бюджеттен бөлінетін қаржыны тартпай-ақ біршама көлемде астық сатып алуды жүргізуге мүмкіндік берді. Несиелік пайызды төмендету ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен аса жоғары бағамен астық сатып алуды жүргізуге мүмкіндік берді, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге экономикалық жағынан пайдалы:
Корпорация коммерциялық астық сатып алуды жүзеге асыру үшін 2004 жылдың басында шет елдік банктерден 105 миллион АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған қарызды алу үшін қазақстандық және шет елдік банктердің арасында конкурс өткізді. Нәтижесінде Credit Swiss First Boston Int банкімен бірлесе отырып Корпорацияға аса пайдалы шарттармен: өте аз сыйақы бағамымен (4,29%) және қарызды өтеудің өте көп кезеңімен - 2 жыл, синдикатталған қарызды ұйымдастырған "Казинвестбанк" акционерлік қоғамы тендер жеңімпазы болып табылады;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін 2004 жылдың аяғында Корпорация Rabobank International, Societe Generale және Citibank ірі шет елдік банктерімен 50 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімдер жасады, 2005 жылдың бірінші жартысында INC, BNP Paribas, City bank, HSBC секілді банктерден 43 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз алынды;
2004 жылғы ақпанда Корпорация бір жыл мерзімімен 5000 млн.теңге сомасына қайта есепке алу лимитімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) бірінші сыныпты векселдерінің эмитенті мәртебесін алды, осыған байланысты ҚРҰБ-нің Бірінші сыныпты эмитенттер бағдарламасын қолдана отырып кепілдікпен қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен есеп айырысу үшін векселдерді эмитациялау мүмкіндігі пайда болды. Векселдерді шығару 2004 жылғы егіннің астығын көктемгі-жазғы сатып алуды қаржыландыру үшін арнайы жүзеге асырылды.
2005 жылғы қаңтарда 10,0 млрд.теңгені қайта есепке алу лимитімен бірінші класты эмитенттер мәртебесі куәландырылды.
Корпорация 2004 жылғы егіннің астығын күзде сатып алуды қаржыландыру үшін пайдаланылған 3000 млн.теңге сомасында облигациялардың бірінші эмиссиясын Қазақстан қор биржасына орналастырды.
Жалпы алғанда Корпорация өткізген жұмыстар елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың экспорттық әлеуетін ұлғайтуға ықпалын тигізеді.
1.5. 2006 жыл бөлініп қаралған 2006-2008 жылдарға арналған дамыту жоспары
2006-2008 жылдардағы қызметтің негізгі бағыттары "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II заңына, "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы
14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Корпорацияға жүктелген негізгі міндеттерден туындайды.
1.5.1. Мақсаттар мен тапсырмалар
Корпорация қызметінің негізгі мақсаттары Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасының демпингін болдырмау, астықты өткізу рыногын кеңейту болып табылады.
Негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін Корпорацияның алдында мынадай міндеттер тұр:
- мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету;
- отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жыл сайын астық сатып алуды қамтамасыз ету;
- әлемдік рынокта қазақстан астығын жылжыту және дәстүрлі рыноктардағы айқындаманы нығайту.
1.5.2. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдарын таңдау
1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқарудың тиімділігін мына жолдармен арттыру:
мемлекеттік астық резервін жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік ресурстарға екі деңгейлі астық сатып алу сұлбасын дамыту және жетілдіру;
тұқымдық несиені қалыптастыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұқымдық несиені беру тәртібін жетілдіру;
мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу;
ірі астық компаниялары мен ұсақ (орташа) шаруашылық субъектілері жеткізетін астық көлемінің қатынасын 50-ге 50 қатынасына жеткізе отырып сатып алу бағдарламасына көп мөлшерде ұсақ және орташа шаруа қожалықтарын тарту;
қазақстан астығын іске асыру тиімділігін арттыру, оның ішінде оны тасымалдау проблемаларын шешу жолымен.
2. Ішкі рыноктағы астық бағасын реттеу мына жолдармен жүзеге асырылады:
астық пен одан өңделген өнімдер бағасының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында бағаға әсерін тигізетін ішкі рынокта сатып алу және сату көлемдерін реттеу;
астықты өңдейтін ұйымдарға астықты сату тәртібін оның уақтылығын әрі тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру;
отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауды жүзеге асыру және астық өндірісін қаржыландыру жүйесін кеңінен енгізу.
3. Халықаралық астық рыногында қазақстан астығын мына жолдармен жылжыту:
астықты өткізудің дәстүрлі рыноктарындағы айқындаманы нығайту, сондай-ақ жаңа рыноктарға шығуды қамтамасыз ету;
халықаралық астық рыногында астық державасы ретінде Қазақстанның имиджін нығайтуға арналған іс-шараларды өткізу және халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
1.5.3. Корпорацияның Стратегияны, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жоспарлаған іс-шаралары
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2005 жылы қорытынды жасау және Қазақстан Республикасының Аграрлық азық-түліктік саясатын дамытудың орта мерзімді концепциясын жасау белгіленіп отыр.
2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түліктік саясаттың негізгі мақсаты аграрлық өнеркәсіптік тиімді жүйені қалыптастыру және бәсекеге түсе алатын өнімді өндіру негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2006-2008 жылдардағы аграрлық өнеркәсіптік кешен жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі астық рыногын реттеудің мемлекеттік саясатының тиімділігін арттыру болып табылады.
2005 жылы және орта мерзімді кезеңде астық өндірісін мемлекеттік реттеу іс-шараларын күшейту үшін егіншілерді көктемгі-жазғы несие беру және тікелей сатып алу жолымен қаржыландыру сұлбасын іске асыру жалғастырылады.
2005 жылы мемлекеттік сатып алу интервенциялары 2,5 млн.тоннаға дейінгі көлемде жүргізіледі, бұл ішкі рынокта тұрақтылықтың сақталуын және астықты экспортқа шығарудың әрі қарай өсуін қамтамасыз етеді. Бір тоннаға 80-100 АҚШ доллары деңгейіндегі ішкі бағалар астық саласындағы жоғары рентабельділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынын жеделдету, оның материалдық базасын нығайту, импорттың орнын басу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын экспортқа шығаруды өсіру үшін көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ақша қаражатына қол жетуін қамтамасыз ету қажет. Аталған міндеттерді шешу үшін 2005 жылы республикалық бюджет қаржыларынан Корпорацияның жарғылық капиталын толтыруға 7000 млн.теңге мөлшерінде ақша қаражаты бөлінді. Аталған қаржылар көктемгі дала және егінді жинау жұмыстарын өткізу үшін аз ғана сыйақы мөлшерімен қарыздар бөлу жолымен (6 айға 3,5%) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға бағытталған.
Корпорация көктемгі дала және егінді жинау жұмыстарын өткізу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру бағдарламасын жоспарланған кезеңде жалғастырады. 2006 жылы республикалық бюджет қаржыларынан Корпорацияның жарғылық капиталын көбейтуге 5000 млн.теңге мөлшерінде ақша қаражатын бөлу жоспарланып отыр, оның ішінен 2500 млн.теңге қарыздар беру жолымен көктемгі дала және егінді жинау жұмыстарын өткізу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға, 1000 млн.теңге мақта тұқымын өңдеу зауытын салуға, 1100 млн.теңге "Ақ бидай - Терминал" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайтуға және 400 млн.теңге Баку портындағы қабылдау астық терминалының құрылысын салуға бағытталады. Одан өзге, Корпорация 2006 жылы қарыз қаражаттары есебінен 2000 млн.теңге сомасына мақта өндірушілерді қаржыландыруды жүзеге асыруды ұйғарып отыр. 2007 жылы бюджеттік қаржылар есебінен 528 млн.теңге сомасында Поти (Грузия) портындағы астық қабылдау терминалын салу және жабдықтауды қаржыландыру ұйғарылып отыр.
Корпорация екінші деңгейдегі банктер немесе ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдік жағдайымен кепілдік беретін "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС берген міндеттемелерді орындау кепілдігімен көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды жүзеге асырады. Серіктестіктен алынған кепілдік шаруашылықтарға кепілдік бергені үшін төленетін комиссиялық шығыстарды қысқарту жолымен өсірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Осылайша, "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС-тің қызметі аграрлық кешен саласында банк қызметтері рыногындағы бәсекелестіктің дамуына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кепілдіктер беру бойынша сыйақылар бағамының әрі қарай төмендеуіне септігін тигізеді, яғни отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетуге септігін тигізеді.
Осы бағдарламаны іске асыру бәсекеге түсе алатын сапалы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін көбейтуге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің табысын көтеруге, қосымша жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан материалдық-техникалық ресурстарға деген сұранысты көбейтуге мүмкіндік береді, бұл бүтіндей аралас салалардың дамуына оң әсерін тигізеді, ауыл экономикасына инвестициялардың құйылуын және салық түсімдерін көбейтеді, бұл өз кезегінде қазақстан астығының экспорт көлемін ұлғайтуға әсер етеді.