15) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
2) мердігерлік ұйымда құрылыс-монтаж жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензиялардың болуына;
3) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуына, жобалау шешімдерінің қатаң сақталуына;
4) құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
5) қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
6) жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына;
7) орындалған жұмыстардың толық көлеміне және аяқталған құрылыс объектісінің қабылдау және пайдалануға беру рәсімдеріне дайындығына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен;
2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру (рұқсат беруден негізді бас тарту) және өтпелі құрылыстар бойынша жыл сайын олардың мерзімін ұзартып отыру;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына жедел инспекциялық тексеру жүргізу құқығы беріледі.
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата түру туралы шешім қабылдай (нұсқама бере) алады.
6. Мыналар:
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлардағы құрылысты қоспағанда, жеке тұрғын үйлер құрылысы;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
3) азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да техникалық күрделі емес құрылыстардың өзгеруі мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан бақылауға жатпайды.
7. Республикалық маңызы бар объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне аталған құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері, тиісінше, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Ведомстволық бағынысты аумақтағы құрылыс барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті органдардың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басшылары, тиісінше, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады. Жергілікті органдардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті маңызы бар құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы:
1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына;
2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - тиісті әкімдіктерінен өкілдік ететін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.";
16) 35-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) республикалық маңызы бар объектілер бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;";
2) тармақша "облыстар" деген сөздің алдынан "жергілікті маңызы бар объектілер бойынша -" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қабылдау, мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиялары жұмыс істеген кезде сол комиссиялардың құрамына енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері;";
2-тармақта:
"Сәулет-құрылыс" деген сөздер "Мемлекеттік сәулет-құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 37-баптың 1-тармағындағы "жылжымайтын мүлік объектілерінің бұрынғы және осы кездегі нақты, заңдық және құндық" деген сөздер "аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 39-бапта:
тақырыптағы "қалалар" деген сөз "қала" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";
19) 40-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары," және ", сәулет-құрылыс бақылауын" деген сөздер алып тасталсын;
20) 41-бапта:
1-тармақтағы "Аумақтар мен жылжымайтын мүлік объектілерін" деген сөздер "Ғимараттарды және құрылыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "бақыланады" деген сөз "реттеледі" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 60-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацында "Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 62-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "оны берген сәулет және қала құрылысы органымен (қызметімен)" деген сөздер "тапсырма берген органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінде "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 63-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 64-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жобалар сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте, құрылысқа арналған жобалардың (жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттаманың) мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын жобалар сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 1-1 - 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Сараптама, жобалау алды құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
1-2. Қала құрылысы жобалары осы Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтеді.
1-3. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жобалардың сараптамасы міндетті емес.";
2-тармақтың 1) тармақшасындағы және 3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының" және "Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің)" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" және "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Техникалық жағынан күрделі құрылыс объектілерінің тізбесі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі санатқа жатқызудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы тәртібіне сәйкес айқындалады.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғаларға:";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда, жобалардың сараптамасын орындайтын жеке және заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.
10. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілді және атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сараптаманың кәсіби қызметіне араласуға құқылы емес.";
25) 68-бапта:
8-тармақтағы "Жергілікті сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жобаның (құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуін) іске асырылуын бастау үшін:
1) республикалық маңызы бар объектілер бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның;
2) жергілікті маңызы бар объектілер бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты қажет.
Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.".
22. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 3-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі "және аудандық" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі облыстық уәкілетті органмен келісе отырып аудандық атқарушы органдар бекітеді.";
2) 7-баптың 3-тармағында:
"тиісті" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
"жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.";
3 және 5-тармақтардағы "халықаралық және республикалық" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ "тиісті" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 12-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "жергілікті" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.";
2-тармақта:
бірінші абзацта:
"облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және" деген сөздер алып тасталсын;
"Жол қызметі саласындағы" деген сөздер "Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;";
2) тармақшадағы "облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-әрекет жасай отырып, облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.";
6) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "облыстың, аудандар мен қалалардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 6-баптың 9) тармақшасындағы "белгілеу;" деген сөз "белгілеу жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;";
4) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) атмосфералық ауаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекіту жатады.";
3) 8-бапта:
1-тармақтың 1-1) тармақшасында "айқындаған есептік" деген сөздер "бекіткен базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы ", сондай-ақ шығарындылардың аумақтық лимиттерін сақтау" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) - 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) экологиялық ақпаратқа жол ашады және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиісті іс-шаралардың орындалуы туралы халықты хабардар етеді;
5) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
6) көлік немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаруды азайту жөнінде шараларды жүзеге асырады;
7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарымен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын бөледі;
8) желдің бағытын ескеріп және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерінде қала құрылысында атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын айқындап, реттейді.";
4) 22-баптың 2-тармағындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
5) 24-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары", "өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған" деген сөздер алып тасталсын;
6) 25-баптың бірінші абзацындағы, "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздер 26-баптың 3-тармағындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер және 27-баптың 12) тармақшасындағы "мен облыстардың (облыстық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын.
24. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасындағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 3), 5) - 7) тармақшалары алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;
3) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады.".
25. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақта:
10), 13), 19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
21) тармақшадағы "қатысу енеді" деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 23) - 25) тармақшалармен толықтырылсын:
"23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
24) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу енеді.";
2-тармақ "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "өз құзыреті шегінде" деген сөздермен, "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін "кіреді" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
3) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.";
3) 16-баптың 4-тармағы, 18-баптың 1-тармағы және 19-бап алып тасталсын.
26. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):