1) 8-баптың 5), 9), 12) және 15) тармақшалары алып тасталсын;
2) 10-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) облыс аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың туындаған жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
4) ветенариялық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау кіреді.";
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Ауданның (қаланың)" деген сөздер "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 4) - 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) ветеринариялық ережелер мен нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
6) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өсіру, дайындау (сою), жануарлардың өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөнінде комиссиялар ұйымдастыру;
7) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринариялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау кіреді.";
3) 11-баптың 3-тармағындағы "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 1-тармағындағы "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-баптың 1 және 3-тармақтары алып тасталсын.
27. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 18), 26) және 37) тармақшаларындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағында:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;
27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.";
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;
2) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді;
4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
5) тұқым өсіру шаруашылықтары арасында бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру және өткізу квотасын бөледі;
6) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша тұқымдар балансын жасайды;
7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз етеді;
8) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;
10) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, өздерінің жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
12) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.";
4) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі алып тасталсын;
6) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;".
28. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
8-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
29. "Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы" 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жергілікті уәкілетті орган - тиісті аумақта су пайдалану саласында реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган.";
2) 5-баптың 2-тармағында:
"Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Уәкілетті органның" деген сөздер "Мемлекеттік орталық атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 1) тармақшасы "уәкілетті" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 12-баптың 4-тармақшасы "уәкілетті" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын.
30. "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
саласындағы мемлекеттік бақылау
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.";
2) 8-бапта:
"Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың", "Жергілікті өкілді органдар", "Жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақшадағы "мектепке дейінгі" деген сөздер "мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын" деген сөздермен, "қамтамасыз етуге жәрдемдеседі" деген сөздер "қамтамасыз етуді ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асырады.".
31. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат):
5-баптың 1-тармағындағы "туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
32. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат):
1) мәтіндегі "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органы" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді;
6) агенттің қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын оның сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы істерді қарайды;
8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтандыру нарығына қатысушылардан және агенттен сұратады және алады.
3. Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтандыру нарығына қатысушылардан және агенттен сұратады және алады.".
33. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат):
1) мәтіндегі "жергілікті атқарушы органдардың", "жергілікті атқарушы органдар", "жергілікті атқарушы органдармен" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 4) тармақшасы "көрмелер" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
3) 28-баптың 1-тармағындағы "орталық атқарушы органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 10-ы. № 116-III ҚРЗ