1) жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;
2) жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;
3) жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді.
62. Қаупі ықтимал құрылыс объектілері - функционалдық қызметі, технологиялық өндірістік процестері, пайдалану сипаттамалары бойынша адам өмірі мен денсаулығына зиян, орны толмас нұқсан келтіретін, басқа да объектілердің тұрақты жұмыс істеуін бұзатын техногендік және (немесе) экологиялық зілзалалар (апаттар) қатері бар объектілер.";
2) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:
1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);
2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);
3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);
4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.";
3) 18-баптың 2) тармақшасындағы "және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер алып тасталсын;
4) 19-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеуді орталық атқарушы органдарға тапсырады, өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін, республикалық маңызы бар қала құрылысы регламенттерін, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, сондай-ақ республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетін қала құрылысының аумақтары мен объектілерінің схемалары мен жобаларын қоса, оның негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;";
5) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын (негізгі ережелерін қоса алғанда), облыстардың аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді бекітеді;";
"15) қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылыстың жобалау алдындағы құжаттамасына (техникалық-экономикалық негіздемелеріне) және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережелерін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 15-1), 18)-21) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай саралану талаптарын бекітеді;";
"18) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібін белгілейді;
19) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін белгілейді;
20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
21) Қазақстан Республикасының шетелдегі объектілері мен кешендерін салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды.";
5) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;";
8) тармақша "астананың" деген сөзден кейін ", халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12) республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсаттар ресімдеу және беру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртіптерін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;";
"14) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету;";
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау жатады.";
6) 21-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;";
"3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;";
7) 22-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;";
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын мақұлдау;
2) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
3) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
4) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда), заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
2) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
3) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.";
8) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
"23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;
2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.";
9) 24-бапта:
1-тармақта:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;
2-2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;";
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы "хабарлап отыру кіреді." деген сөздер "хабарлап отыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
11) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
12) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын қамтамасыз ету;
14) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
16) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
18) берілетін лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу;
19) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан, лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыруға шет мемлекеттер берген лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу кіреді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдары жөнінен облыстардың бас сәулетшілері болып табылады.";
10) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана және облыстық
маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
5) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қалалық ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау мен күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) қалалық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялар құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
10) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру;
11) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
12) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
13) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен, қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
15) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын қамтамасыз ету;
16) республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
19) берілетін лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу;
20) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан, лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негізінде Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыруға шет мемлекеттер берген лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу жатады.
2. Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
9) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.
3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
9) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.";
11) 26-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы "(қала аудандарын қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы "ұйымдастыру жатады." деген сөздер "ұйымдастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12)-15) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау жатады.";
12) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):
тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.";
13) 31-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "мен оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "республикалық маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен атқарылатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;";
14) 32-бапта:
2-тармақта "сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі жергілікті органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, облыстың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жергілікті атқарушы органдар берген лицензиялардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.";