"аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жер қатынастарын реттеу;";
бесінші - жетінші абзацтар алып тасталсын;
8) тармақшаның екінші абзацы "жолдарын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) экономикалық қызметті реттеу:
кәсіпкерлік қызметті қолдау;";
4-тармақта:
4) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;";
"13) мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;";
8) 152-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.".
6. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар):
6-1-баптың 3) тармақшасында:
"қосымша" деген сөз алып тасталсын;
"облыстық бюджеттер" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат):
13-баптың үшінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы "мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады," және ", лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгіленген тәртіппен жауапқа тартады" деген сөздер алып тасталсын;
бесінші абзацтағы "және материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын.
8. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-бапта:
жетінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі.";
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар.";
2) 7-бапта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
сегізінші және оныншы абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.";
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның құзыреті
Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметін басқару;
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.";
4) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті";
1-тармақта:
бірінші абзацтағы "аудандардың (қалалардың) жергілікті өкілді органдарының" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "жергілікті" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;";
сегізінші - оныншы абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару.";
5) 15-бапта:
4-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік комитеттермен," деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 19-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.";
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-баптың 4-тармағындағы "уәкілдік берілген органдарға," деген сөздер алып тасталсын;
9) 26-бап алып тасталсын.
9. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат):
13-баптың 3-тармағындағы "авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының" деген сөздер "суда құтқару қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
22-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "бақылайды" деген сөз "ұйымдастырады" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 14, 57-құжат):
1) 1-баптың он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
жиырмасыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.";
3) 8-бапта:
4) тармақшадағы ", қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің есептік ставкаларын айқындайды" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;";
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді.";
4) 10-бапта:
1-тармақтың алтыншы абзацы алып тасталсын;
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "жасаған есептеулерден" деген сөздер "бекіткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;
14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер учаскесін бөліп беруге шешім береді;
17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.";
5) 15-бап алып тасталсын;
6) 16-бапта:
"(алып қоюға)" деген сөздер алып тасталсын;
", нормаларын" деген сөз "(лимиттерін)" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.";
8) 60-баптың 1-тармағындағы "және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау қызметтерін жүзеге асыратын өзге де атқарушы органдарымен" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 77-бапта:
1-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өздері қызметкерлері болып табылатын органдардың құзыреті шегінде" деген сөздер "лауазымды адамдарының" деген сөздермен ауыстырылып, соңғы абзацтағы "оны алуға" деген сөздерден кейін "құқығы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" және "өз өкілеттігі шегінде қабылдаған" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 77-2-бап алып тасталсын.
12. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
8-баптың 2-тармағында:
екінші абзац "бағдарламасын" деген сөзден кейін "әзірлеу мен" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын.
13. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат, № 4, 26-құжат, № 24, 178-құжат):
1) 6-баптың 6-тармағындағы "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
3) 8-бапта:
1-тармақтағы "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган тиісті аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның тапсырмасы бойынша" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтардағы "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 4-тармағындағы "және медициналық" және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорына," деген сөздер алып тасталсын.
14. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
2), 7), 17), 18), 19) және 29) тармақшалардағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді мерзімді жүргізілетін комиссиялық бағалау;";
30) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-бапта:
6), 7) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақшадағы "асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін және" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асырады;
16) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
17) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды.";
3) 10-1-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3)-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгінеді;
5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асырады;
7) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді;
9) бағалау туралы деректерді жинақтап, қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
10) асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады.";
4) 11-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
"асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өсіру жөнінде" деген сөздерден кейін "және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және тұқымның, тұқымдық өнімнің (материалдың) құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді жеке және заңды тұлғаларға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі.";
6) 13-бапта:
төртінші бөліктегі "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
7) 21-бап алып тасталсын;
8) 22-баптың үшінші бөлігі "есептілікті" деген сөзден кейін "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.
15. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) мәтіндегі "аудандық (қалалық) атқарушы органның", "аудандық (қалалық) атқарушы органнан", "Аудандық (қалалық) атқарушы органдар", "аудандық (қалалық) атқарушы органдар" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан", "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.";
3) 106-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын:
- кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
- кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.";
4) 163-баптағы ", ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - тиісті әкім аппаратында" деген сөздер алып тасталсын;
5) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"164-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдар
1. Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер жүргізеді.
2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі ұйымдастырады.".
16. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат, № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы "және оларды келіседі" деген сөздер ", бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында тізіп көрсетілген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияның аясына жатады.";
3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
2) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар өткізуін ұйымдастырады.";
4) 12-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) базарлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, пристаньдар, почта байланысы ұйымдары.".
17. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 31-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады;";