«Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Нарықтық экономикаға көшу жағдайларында жылу энергетикасы кәсіпорындарында кадрларды бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 10 қазандағы № 596 қаулысы.
2. "Басқа республикалар мен шет елдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жергілікті ұлт өкілдерін Қазақ ССР-іне көшірудің тәртібі және шарттары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 18 қарашадағы № 711 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнің бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнінде мемлекеттік білікті комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 шілдедегі № 768 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 28, 317-құжат).
4. "Халықтың көші-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 2, 18-құжат).
5. "Қазақстан Республикасының халқына біржолғы ақшалай өтем төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 қарашадағы № 1566 қаулысы.
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 28 шілдедегі № 246-ө өкімі.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 3 қазандағы № 328-ө өкімі.
8. "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы № 568 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 196-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.