Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының
құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiнде мемлекеттік
біліктi комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 жылғы 11 шiлдедегі № 768 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1224 қаулысымен күші жойылды
Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина және Германия Федеративтiк Республикасы арасында 1993 жылғы 30 наурызда жасалған Келісім бойынша бұрынғы КСРО аумағынан екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында немiс басқыншылары күштеп әкеткен, қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарға олар аумағынан әкетiлген республикалардың Өзара түсiнiстiк және татуластық қорынан өтем төленетiн болады. Аталған Келісімдi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiнде мына құрамда Мемлекеттік біліктi комиссия құрылсын:
Сағдиев - Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы
Махтай Рамазанұлы Орталық кеңесiнiң төрағасы (комиссия төрағасы)
Романов - Халықты әлеуметтiк қорғау министрінің орынбасары
Владимир Ильич (комиссия төрағасының орынбасары)
Чередниченко - фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық
Павел Яковлевич қауымдастығының төрағасы (комиссия хатшысы)
Комиссия мүшелерi:
Әмiрова - Әдiлет министрлігінiң басқарма бастығы
Мүгүлсiн Мухаметқазықызы
Астрадамов - зейнеткер, "Освенцим" концлагерiнiң бұрынғы
Иса Лепович тұтқыны
Балахметов - Қазақстанның Балалар қорының төрағасы
Қожахмет Балахметұлы
Ефанов - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерi
Геннадий Петрович
Оганов - фашизмнiң бұрынғы кәмелетке толмаған
Николай Иванович тұтқындарының қазақстандық одағының төрағасы
Сұлтанов - Сыртқы iстер министрлігінiң бөлiм меңгерушiсi
Болат Қылышбайұлы
2. Комиссияға бұрынғы КСРО азаматтарының басып алынған аумақтардан күштеп әкетiлу фактiлерiн, олардың концентрациялық лагерьлер мен "остарбайтерлер" тұтқыны екенiн, геттода болғандығын және олардың мәжбүр етiп ұстайтын жерде болу мерзiмдерiн растайтын тиiстi құжаттарды, сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттарды тексеру тапсырылсын.
3. Комиссияға Өзара түсiнiстiк және татуластық қорының шарттарына сәйкес өтем төлеу туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау құқы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен және Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық қауымдастығымен бiрлесiп, өтем төлеу тәртібін белгiлеп, оны тек қана комиссия қорытындысы негiзiнде төлейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі өтем алушыларға ақша аударғаны үшiн төлем алмайтын болсын.
6. Сыртқы iстер министрлігі Комиссия жұмысына, оның iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының фашистiк концентрациялық лагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүр етiп ұстайтын орындарда болған фактiлерiн анықтауда көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi