«Төлемақы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
1997 жылғы 3 қазандағы № 328-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1224 қаулысымен күші жойылды
"Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 3636 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан шақыру бойынша әскери мідетін өтеп жүрген кезеңде немесе қызметін өтеп болғаннан кейін әскери қызметін өтеу кезінде алған жарақаттануы, контузия алуы, мүгедектігі, ауруы салдарынан, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде (олардың құқықтық қарсы әрекеттерінің нәтижесінде қайтыс болу жағдайын қоспағанда) қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем төлеуді жүзеге асыру үшін 320 (үш жүз жиырма) млн. теңге бөлсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы