Қазақстан Республикасының халқына бiржолғы ақшалай өтем төлеу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қарашадағы № 1566 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1224 қаулысымен күші жойылды
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787, "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2143 Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі он күн мерзiм iшiнде "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 наурыздағы № 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2371 Заң күшi бар Жарлығының 36-бабында көзделген қаражатты Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне аударуды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Халықтық банкiмен тиiстi агенттiк келісім жасап және оған алынған қаражатты аудара отырып, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген бiржолғы ақшалай өтемнiң төленуiн жүргiзсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Халықтық банкiсiне елдi мекендер тұрғысында және тиiстi Заңдар бойынша төленуге жататын сомаларын көрсете отырып, бiржолғы ақшалай өтем алуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн түсiрсiн.
4. Қазақстан Республикасының Халықтық банкi есеп айырысудың 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн аяқталатынын назарда ұстап, түсiрiлген тiзiмдердiң негiзiнде азаматтарға бiржолғы ақшалай өтемдi кезең-кезеңiмен төлеудi ұйымдастыру үшiн жеке шоттар ашатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Халықтық банкiмен бiрге, белгiленген мерзiмдерде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бiржолғы ақшалай өтемдердiң төленген сомалары туралы есеп түсiрсiн.
6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 1995 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының аталған Заңдарында көзделген жеңiлдiктердiң тiзбелерiн нақтылау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi