1995 жылдан бастап Қарағанды көмiр бассейнiнде рентабелдi емес шахталарды жабудың жоспарлы процесі жүзеге асырылуда. 2005 жылға дейiн 9 шахта жабылды, бұл үшін республикалық бюджеттен 5,5 миллиардтан астам теңге бөлiндi.
2004 жылы Екiбастұз бассейнi көмiр өнімдерiнiң үш мемлекеттік стандарты, каталогы мен сыныптамасы әзiрлендi және бекітілдi.
Көмiр отын ғана емес химиялық-технологиялық шикiзат болып табылатынын ескере отырып, көмiрдi терең өңдеу (газдандыру, синтетикалық сұйық отын, химиялық өнiмдер) технологияларын енгізу үшiн ғылыми-техникалық базаны кеңейтуге, сондай-ақ көмiр қыртыстарындағы метанды өнеркәсiптiк пайдалануға кiрiсу ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасынан таяу және алыс шетелдерге жеткiзiлетiн көмiр өнiмдерiнiң сапасын, оның сыртқы рыноктағы бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн көмiр саласын ИСО сериялы халықаралық стандарттарға көшiрудi қамтамасыз ету жөнiнде бағдарлама әзiрлеу көзделуде.
Атом өнеркәсiбi
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамыту Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 78 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасында уран өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.
Уран өндiру көлемiн ұлғайту жөніндегі негiзгi iс-шаралар жаңа кен орындарын игеруге және қолданыстағы рудниктердi дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде:
«Ақдала», «Оңтүстiк Мойынқұм», «Заречное», «Ыңғай» рудниктерiн кеңейту және салу көзделедi;
Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiнде:
«Иiркөл», «Орталық Мыңқұдық», «Жалпақ» рудниктерiн салу көзделедi.
Қаржы ресурстарын одан әрi тарту және уран өнiмдерiн кепiлдендiрiлген өткізудi қамтамасыз ету үшiн «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК Қытай Ұлттық Атом Корпорациясы, Ресей Федерациясының Атомминi, «RWE nuken GmbH» немiс компаниясы, жапондық «Itochu Corporation» компаниясы, оңтүстiк кореялық «КОRES» компаниясы сияқты өндiруден соңғы тұтынуға дейiн тiгiнен бiріктірiлген жоғары дәрежелi компаниялармен бiрлескен кәсiпорындар құру туралы келiссөздер жүргiзуде.
«YMЗ» ААҚ-та жаңғыртылған уранды конверсиялау жөніндегі желiлер құру туралы БНФЛ компаниясымен келiссөздер жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда кезең-кезеңiмен уран тотықша-тотығын (U3O8), диоксидiн (UO2) және гексафторидiн (UF6) шығару жөніндегі «әскери емес» бiрыңғай технологиялық цикл құру жоспарланған және жүзеге асырылуда.
Электр энергиясын өндiру
Электр энергиясын өндiру мен тұтынудың көзделген көлемдерiн қамтамасыз ету үшiн алдағы кезеңге рыноктық тетіктер мен электр энергиясының спот рыногын дамыту, рынок субъектiлерiн электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерiмен (АСКУЭ) және ақпарат беру жүйелерiмен жарақтандыру жолымен электр энергетикасының жұмыс iстеуiнiң тиiмділігін арттыру, саладағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мiндеттер алға қойылады. Солтүстiк-Оңтүстiк транзитiн салу аяқталады, Қазақстанның Батысында жаңа қуаттар iске қосылады, жұмыс iстеп тұрған электр станцияларындағы энергия блоктарын қалпына келтiру және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жалғасады.
§ 2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау
2006-2008 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдағы кезеңге арналған мақсаттар қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мiндеттер:
мыналарды:
заңнама базасын жетілдiру;
мемлекеттік және жергiлiктi деңгейлерде жоспарлауды қамтамасыз етудi;
қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негiздерiн құруды;
мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүйесiн жетiлдiрудi;
қоршаған орта мониторингi жүйесiн дамытуды;
жүйелі тәсiл негізiнде табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету;
сектораралық ынтымақтастық тетiктерiн әзiрлеудi;
экономикалық тетiктердi жетiлдiрудi;
әлеуметтiк әрiптестік тетiктерiн дамытуды;
экологиялық білім беру жүйесiн жетiлдiрудi;
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтитын қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн оңтайландыру;
жердiң климаты мен озон қабатына антропогендiк әсер етудi азайту;
биологиялық әралуандылықты сақтау;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш полигондарын және әскери-сынақ кешендерiн оңалту;
Каспий теңiзiнiң қайраңы мен оған жақын орналасқан аумақтардың ластануын болдырмау;
cу ресурстарының жұтауы мен ластануының, әуе бассейнiнiң ластануының алдын алу;
өнеркәсiптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемiн азайту, оларды жою және ұқсату;
халықтың аурушаңдық деңгейi мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерттеу жолымен шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерiн азайту әрi табиғатты қорғау-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;
жұтаған жерлердi түгендеу және бағалау;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешiмдердi қабылдау процесiне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобаларды әзiрлеу және iске асыру жолымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесiн тоқтата тұру және оның алдын алу жөніндегі бiрiншi кезектегi әрi превентивтiк iс-шаралар өткізу.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдiру үшiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заңнамалық «есiмдерiне қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, экологиялық аудит мәселелерiн реттеуге бағытталған табиғат қорғау нормалары енгiзiледі.
Табиғат қорғау заңнамасын жүйелендiру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi әзiрленедi.
Екi жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жаhандық халықаралық форумдардың шешiмдерiне сәйкес қабылдаған Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау жөнiнде шаралар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенiн тұжырымдау көзделген Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бекітілдi.
Бұл Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
2005 жылы:
табиғат қорғау iс-шараларын жоспарлауды әртүрлі деңгейде және салааралық үйлестiру қамтамасыз етiледi;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиiсті институционалдық базасы қалыптастырылады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердiң негiзi құрылады;
2006 жылы:
заңнама базасы ретке келтiрiледi;
экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзiрлеумен мемлекеттік бақылау жүйесiн жаңғырту жүргiзiледi;
Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесiнiң жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мониторингi жүйесi 10%-ға кеңейтіліп, жаңғыртылады;
табиғат қорғау қызметiн ынталандырудың тиiмдi экономикалық тетiктерi пысықталады және сынақтан өткiзіледi;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қамтамасыз етіледi;
2007 жылы:
нормативтік әдiстемелiк құжаттама әзiрленедi;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негiздемесi қамтамасыз етiледi;
үздiксiз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесi жетілдiріледi.
2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткiштерiн тұрақтандыруға және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдiруге бағытталған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасының екiншi кезеңiн (2008-2010 жылдар) iске асыру жөніндегі бағдарлама әзiрленедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесiн тоқтата тұру және алдын алу жөніндегі бiрiншi кезектегi және превентивтiк iс-шараларды қамтитын Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама бекітілдi.
Шөлейттенудi тоқтата тұру және алдын алу процесi аталған Бағдарлама ережелерiн кезең-кезеңімен iске асыруды көздейдi.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
шөлейттенуге бейiм жерлердi түгендеу және олардың жай-күйiн бағалау жүргiзіледi;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар әзiрленедi;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешiмдердi қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөніндегі жұмыс жүргізiледi.
2008 жылы ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жер пайдаланудың нормативтi талаптары мен экономикалық тетiктерiн әзiрлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған iске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың терiс әсер ету процесiнiң көлемдерiн қысқарту және дамуының алдын алу жөніндегі жұмыс басталады.
Табиғат пайдалану
Елдiң балық шаруашылығын одан әрi дамытудың негiзгi мақсаты бағалы балық түрлерiн сақтау және дамыту үшiн жағдайлар жасау болады.
Бағалы балық түрлерiн сақтауға және дамытуға жағдайлар жасау үшiн:
балық шаруашылығын басқарудың бiрiктірiлген ақпараттық жүйесiн құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесiн жетілдiру;
балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерiнiң өндiрiстiк запасын қалыптастыру және толықтыру;
көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшiн жағдайлар жасау қажет.
Қойылған мiндеттердi шешу, сондай-ақ балық шаруашылығын тиiмдi басқару үшiн Балық шаруашылығы туралы заң әзiрлеу көзделуде.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшiн жануарлардың жабайы түрлерi ресурстарының жүйелi мемлекеттік есебi мен кадастры қажет, мұнда жануарлардың географиялық таралуы туралы, олардың жай-күйi мен саны, тiршiлiк ортасы, шаруашылық мақсатта пайдаланылуы туралы мәлiметтердiң және басқа да деректердiң жиынтығы көрсетіледi.
Бұл бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
2005-2006 жылдары:
аңшылық объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң жай-күйiне бағалау жүргiзiледi;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 қаулысымен бекітілген тiзбеге сәйкес республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды құжаттандыру жүргізiледi;
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстарының аумақтарында аңшылық-экономикалық зерттеулер және шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру жүргiзiледi;
республиканың резервтiк аңшылық қорының аумақтары бекітіледi.
2006-2008 жылдары орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы негізгі бағыт ормандарды орман өртiнен және заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту болуы тиiс.
Мемлекеттік орман қорын сақтау және молықтыру, елдегi жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында:
Астана қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі 2002-2010 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жұмыстарды жалғастыру және iс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау көзделіп отыр.
10. Аумақтық даму және инфрақұрылым
§ 1. Демография және халықты ұтымды орналастыру
2006-2008 жылдары демография және көшi-қон саласындағы негiзгi мақсаттар демографиялық және көші-қон процестерiндегі келеңсiз үрдiстердi азайтуға, ел халқының санын, ең алдымен отбасы мен ананы қолдаудың нақты тетiктерiн жасау жолымен арттыру үшiн негiз жасауға бағытталған саясат жүргiзу болып табылады.
Жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу:
ұрпақты болу жасындағыларды қоса алғанда, халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту;
бала тууды тұрақтандыру және болашақта оны ұлғайту;
миграциялық процестердi басқару, елдiң мемлекеттік қауiпсiздiгiн нығайту және көшiп келгендердiң қазақстандық қоғамға бейiмделу шарттарын жетілдiру қажет.
Елде халықты қосу саясатын iске асыру мақсатында демография мәселесiне қатысты нормативтік-құқықтық база жетiлдiріледi.
Халықтың көшi-қоны саласындағы проблемаларды шешу үшiн:
басқа мемлекеттерден иммигранттарды кеңiнен тартатын елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, көшi-қон квотасына қосу үшiн үмiткерлердi, ең алдымен этникалық қазақтар мен бұрынғы қазақстандықтар арасынан iрiктеудiң айқын жүйесiн құру;
перспективасыз өңiрлерден перспективалы өңiрлерге iшкi көші-қон үшiн ынталандырулар жасау;
перспективаға ауылдық аумақтардың тұрғындарын орналастыру моделi бойынша ұсыныстар даярлау;
босқындардың өзi шыққан мемлекетке еркiн оралуы үшiн жағдайлар жасау;
заңсыз көші-қонның жолын кесу;
Қазақстан Республикасының аумағында көшi-қонды бақылау жүйесiн жетiлдiру ұйғарылып отыр.
§ 2. Өңiрлiк даму
2006-2008 жылдары өңiрлік саясаттың мақсаттары экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн жағдайлар жасау, инфрақұрылымды нығайтуға және тiршiлiк ету ортасын жақсартуға ықпал ететiн басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негізiнде өңiрлердiң тұрақты дамуына қол жеткізу болады.
Бұл кезеңде мынадай мiндеттердi шешу:
өңiрлердi дәйектi әрi теңгерiмдi әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету;
кластерлiк даму негiзiнде өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған шаралар әзiрлеу және iске асыру, проблемалы аумақтардың мәселелерiн шешу;
шекара маңындағы аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты тұжырымдау және жүргiзу;
халықты оңтайлы қоныстандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыру керек.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу және мiндеттердi шешу үшiн республикалық деңгейде:
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттіктердiң аражігін нақты ажыратуды және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiрудi қамтамасыз ететiн заңнамалық кесiмдердi қабылдау;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған бағдарламасын әзiрлеу;
Проблемалық аумақтарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу және бекіту;
Ауылдық аумақтарды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру;
ұтымды демографиялық және көшi-қон саясатын жүзеге асыру;
кедейшiлiкті азайту жөніндегі шараларды iске асыру ұйғарылып отыр.
Өңiрлiк деңгейде мынадай шараларды қабылдау:
экономика құрылымын, бiрiншi кезекте, инвесторлар үшiн шикiзатты терең өңдеудi ұйымдастыру, өнiмнiң қосылған құнын ұлғайту бойынша ынталандырушы жағдайлар жасау есебiнен жетiлдiру;
инфрақұрылымды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету;
меншiктi ресурстарды қайта өңдеу саласында жаңа өндiрiстер құру үшiн өңiрге тiкелей инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты өрiстету;
шағын және орта бизнестi дамыту жөніндегі шараларды iске асыру;
тұрып қалған кәсiпорындардың жұмысын қалпына келтiру есебiнен де, жаңа өндiрiстер құру есебiнен де жұмыс орындарын құру жөнiндегі жұмысты жалғастыру;
қосымша жұмыс орындарын құру, ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау есебiнен жұмыспен қамтуға белсендi жәрдемдесу;
ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
кедейшілiктi азайту жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
білім берудi дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру;
шағын қалаларды дамыту жөніндегі, олардың экономикалық өсуiне және тұрғындарының тұрмыс деңгейiнiң жақсаруына қол жеткізуге бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру. Бұл ретте шекара маңындағы, ең алдымен, оңтүстiктегi аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайтуға ерекше көңiл бөлiнедi;
халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген жiктерiне микрокредит берудiң кәсiпкерлiкті дамыту үшiн жағдайлар жасауға бағытталған жүйесiн одан әрi дамыту;
халықты оңтайлы орналастыру жөніндегі шараларды iске асыру;
серпiндi дамушы теңгерiмдi көлiк жүйесiн, тиiмдi және технологиялық жаңартылған, экономика мен өңiрлер тұрғындарының қажеттіліктерiн сапалы қызметтермен қамтамасыз ететiн көлiк кешенiн құру көзделiп отыр.
§ 3. Көлiктi және байланысты дамыту
Көлiктi дамыту
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының көлiктiк-коммуникациялық кешенiнiң негiзгi мақсаттары сыртқы рыноктарға шығуды және коммуникацияның оңтайлы желісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін транзиттiк дәліздердi дамыту, қолданыстағы темір жолдардың және автомобиль жолдарының, су жолдарының, порттардың, әуежайлардың, аэронавигациялық кешендердiң техникалық жағдайын жақсарту, жылжымалы құрамның отандық өндiрiстік және жөндеу базасын дамыту болып табылады.
Көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң алдағы үш жылдық кезеңдегi негiзгi мiндеттерi:
салалық даму бағдарламаларын iске асыру;
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгін арттыру;
негiзгi құралдарды жаңғырту және жаңарту, инфрақұрылым объектілерiн қайта жаңарту және салу;
республиканың транзиттiк әлеуетiн дамыту;
ұлттық теңiз сауда және көмекшi флотты құру болып табылады.
Автомобиль жолдарын дамыту
Республиканың транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
«Астана - Бурабай - I техникалық санатқа ауыстыру» учаскесiнде «Ақтау - Атырау»; «Астана - Қостанай - Челябi»; «Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы»; «Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы»; «Омбы - Павлодар - Майқапшағай» (iрiктелiп алынады); «Ақтөбе облысының шекарасы - Арал - Қызылорда - Түркiстан - Шымкент» (iрiктелiп алынады); «Қордай - Тараз - Шымкент - Өзбекстан шекарасы»; «Астана - Петропавл»; «Алматы - Өскемен», «Ушарал - Достық» автомобиль жолдарын, Атырау - Астрахань автожолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiрдi қайта жаңарту жөніндегі iрi жобаларды iске асыру жоспарлануда.
2006 жылы «Алматы - Бiшкек» автожолын оңалтуды, «Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе» автожолын және Батыс Қазақстандағы жол желісін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде республикалық маңызы автомобиль жолдарын күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.
Халықаралық талаптарды және Қазақстан Республикасының климаттық жағдайларын ескере отырып, автожол саласының нормативтiк-техникалық базасын жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Автомобиль көлiгін дамыту
2006-2008 жылдары тиiстi үкiметаралық және ведомствоаралық келісімдер жасау, халықаралық конвенциялар мен келісімдерге («Карнет де Пассаж» кедендiк келісімi, «Жасыл карта» автокөлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін сақтандыру және т.б.) қосылу арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту басым бағыт болып қалады.
Жылжымалы құрамды жедел жаңарту үшiн жағдайлар жасау - салықтық ауыртпалықты және жекелеген автокөлiк құралдарына салынатын кеден баждарын азайта отырып, экономикалық ынталандыру, автокөлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар, қозғалыс қауiпсiздiгі, автомобиль көлiгi қызметкерлерiнiң еңбегi мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Көліктік-логистикалық қызметтердiң кластерлерiн құру көзделуде.
Темір жол көлiгін дамыту
2006 жылы Темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру аяқталады, бұл магистралдық желiнiң табиғи-монополиялық қызметтерiнен темір жол көлiгiнiң бәсекелi секторының бөлiнуiн қамтамасыз етедi.
Алдағы кезеңде темір жол көлiгінiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту жалғасады. Мынадай жобаларды iске асыру:
КДҰ схемасы бойынша (салу - пайдалану - беру) ұзындығы 163 км. «Шар - Өскемен» жаңа темір жол желісін салу;
ұзындығы 530 км. жаңа «Бейнеу - Сексеуiл» темір жол желісін салу;
локомотив және вагон паркiн жаңарту, зауыттық жөндеудiң, локомотив және вагон жасаудың отандық базасын және жылжымалы құрамды кейiннен қалпына келтiру әрi жаңарту үшiн импорт ауыстыратын жаңа өндiрiстердi құру жоспарлануда.
Тасымалдаудың қазiргi заманғы технологияларына көшу мақсатында темір жолдарды техникалық қайта жарақтандыру, тасымалдау процесiн басқарудың қазiргi заманғы жүйелерiн енгізу, ресурс үнемдейтiн жаңа технологияларды дамыту жалғасады.
Тасымалдаушылардың әлеуметтiк маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты шығындарын субсидиялау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Су көлiгін дамыту
2006-2008 жылдары Ақтау және Баутино порттарының өндiрiстiк және ауыстырып тиеу қуаттарын жүктердi ауыстырып тиеудiң болжамды өсуiн қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн кеңейту жөніндегі жұмыстардың бiрiншi кезеңi, Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердiң қозғалысын басқару жүйесiн құру аяқталады.
Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде танкерлiк және құрғақ жүк флоттарын құру, жүктердi Ақтау портынан қазақстандық туы бар кемелермен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру, Құрық портының инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. 2006 жылдың соңына қарай республиканың теңiз сауда флотында 10 кемеге дейiн болады деп болжанып отыр.
Өзен көлiгiн одан әрi дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу;
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойында Ертіс және Орал өзендерiнiң техникалық көрсеткiштерiн навигация барысында тәуекелдердiң туындауын және өзен кемелерiнiң кiдiруiн болдырмайтын деңгейге дейiн жеткізу;
Қытай - Қазақстан - Ресей транзиттік бағытын ұйымдастыру;
Қазақстанның Каспий маңы өңiрлерiнiң өзен көлiгiн Солтүстiк-Оңтүстік халықаралық транзиттік дәлiздiң жұмысына қосу басым бағыттар болып қалады.
Әуе көлiгiн дамыту
Азаматтық авиация саласын дамыту әзiрленетiн 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл Бағдарламаның негiзгі мақсаты азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге өсiп келе жатқан қажеттiлігін қанағаттандыру үшiн мемлекеттiң тиiмдi, бәсекеге қабiлетті, халықаралық талаптарға сай келетін авиакөлiк жүйесiн құру болып табылады.
Оны iске асыру шеңберiнде Ақтау қаласының және Шымкент қаласының халықаралық әуежайын, Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежай аэровокзалын қайта жаңарту, сондай-ақ Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону алаңы мен аэровокзалын қайта жаңарту көзделген.
Авиациялық техника мен жер үсті қызмет көрсету құралдарын одан әрi жаңарту үшiн қазiргi заманғы әуе кемелерiн және аэронавигациялық жабдықтарды сатып алу көзделiп отыр. Елдiң аэронавигациялық кешенiн навигацияның, әуе қозғалысын қадағалау/басқарудың спутниктiк жүйесiн енгізуге дайындау жалғасады.
Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы жаңғыртылған әуежай кешендерi базасында әуе қатынастарын кеңейту жөніндегі iс-шаралар жүргiзiледi.
Әлеуметтiк маңызды рейстердi жүзеге асыру үшiн жүйелi iшкi әуе тасымалдарын субсидиялауды жалғастыру қажет.
Қызметтер аясын кеңейту және жаңа рыноктарды жаулап алу үшін азаматтық авиацияның ұшақ паркiн жаңарту жөніндегі кешендi шараларды iске асыру жалғасады.
Телекоммуникациялар мен байланысты дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттік бағдарлама) шеңберiнде 2007 жылдың аяғына қарай «электрондық үкiметтiң» базалық құрамдас бөлiктерi құрылатын болады, оған үкiметтiң порталы мен шлюзi, «төлем шлюзi», ұлттық сәйкестендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көліктiк ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады. Бұл Мемлекеттік бағдарлама бағыттарының бiрi мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру мен дамыту және оған қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейiн көтеру жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.