машина жасау кәсiпорындарының темір жол саласы үшiн өндiрiс көлемiн ұлғайту;
«Өскемен конденсатор зауыты» ААҚ, «Қайнар» АҚ (Талдықорған қаласы), «Қазтрансформатор» компаниясы» ЖШС (Алматы қаласы) өнiмдерiн өндiру көлемiн өсiру;
«Қазақстан-КАМАЗ» автомобиль консорциумының «Көкше» АҚ-та (Көкшетау қаласы) қалалық автобустар жинауды ұйымдастыруы болады.
Құрылыс материалдары өнеркәсiбi
Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң негiзгi мiндетi ішкі рыноктағы осындай импорттық өнiмдi ығыстырып шығара алатын және әлемдiк рынокта бәсекеге қабiлеттi болатын жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Саланы дамытудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген.
Бағдарламаны iске асыру мақсатында құрылыс индустриясы саласына әлеуетті инвесторларды тарту үшiн басым инвестициялық жобалар тiзбесi әзiрлендi. Аталған тiзбеде құрылыс материалдарын, оның iшiнде цемент, құрылыстық шыны, керамикалық кiрпiш, сырлар, жылу оқшаулағыш материал, линолеум, құрғақ құрылыс қоспаларын, көбiкбетон блоктарын, құрылыс арматураларын шығару жөніндегі бiрлескен өндiрiстер құру көзделедi.
§ 3. Даму институттарының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі қызметiнiң нәтижелерi және көрсетiлген бағыттағы ниеттерi
2004 жылы даму институттары арқылы мемлекет технологиялық және экономикалық қосылған құндар тiзбегiн дәйектi дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнiм шығаратын өндiрiстердiң тұтас жүйесiн құруға бағдарланған жобаларды iске асыруға қатысты. Бұл жұмыстың негізгі мiндетi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне жауап беретiн соңғы өнiмге жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды құру болып табылады.
Жыл қорытындылары бойынша қаржылық даму институттары жалпы сомасы 1 млрд. 252 млн. АҚШ доллары болатын 63 инвестициялық жобаны мақұлдады, ал сомасы 923 млн. АҚШ доллары болатын 51 жоба бойынша қаржыландыру басталды.
Жүргізілетiн жұмысты үйлестiру және олардың өзара iс-қимыл жасауы мақсатында 2004 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму процесіне қатысушылар арасында ниеттер хаттамасына қол қойылды, бұл хаттама Стратегияны iске асыру жөніндегі қызметті үйлестiруге бағытталған, даму институттарының мақсатын, өзара iс-қимылының тетiктерi мен нысандары қызметiнiң функционалдық салаларын білдiредi.
Жоспарланып отырған кезеңде даму институттары директорларының құрамына тәуелсiз мүшелердi енгізу көзделiп отыр, бұл олардың қызметiнің тиiмділігi мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ
Қызметi басталғаннан берi 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстан Даму Банкi» АҚ (бұдан әрi - Банк) жалпы сомасы 7208,7 млн. АҚШ доллары болатын инвестициялық және экспорттық операцияларды қаржыландыруға берiлген 292 өтінімдi қарауға қабылдады, мұнда 3711,1 млн. АҚШ доллары сомасына Банктiң қатысуы көзделедi.
Келiп түскен өтiнiмдердiң арасынан Банк жалпы сомасы 894,5 млн. АҚШ доллары, Банктің қатысуы 478,1 АҚШ доллары сомасында болатын 51 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны, оның iшiнде 2004 жылы 178,6 млн. АҚШ долларына Банктiң қатысуымен 248,3 млн. АҚШ доллары сомасына 16 жобаны мақұлдады.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар бойынша игерудiң жалпы сомасы 310,3 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде 2004 жылы - 137,7 млн. AҚШ долларын құрады.
Банк қызметi басталғаннан берi қарыз алушылар 77,6 млн. АҚШ долларына, оның iшiнде 2004 жылы - 40,0 млн. АҚШ долларына баламалы сомадағы 14 кредиттi толық көлемде өтедi.
Қаржыландырылуын Банк мақұлдаған инвестициялық жобалардың салалық құрылымдарда көлiк және байланыс жобалары 17,7 %-ды, тоқыма және тігін өнеркәсiбiнікі - 15,9 %-ды, химия өнеркәсiбiнікі - 15,6%-ды, азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсінікi - 11,9 %-ды, өзге де металл емес минералды өнiмдер өндірiсiнікі - 10,6 %-ды, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi мен баспа iсiнікі - 9,2 %-ды, өзгелердiкi - 19,2 %-ды құрайды.
Орта мерзiмдi перспективадағы Банк қызметiнiң негізгі бағыттары:
мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиiмдiлігін жетiлдiру және арттыру;
өндiрiстiк құрылымды және өңдеушi өнеркәсiптi дамыту;
ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрi - Қор) қарауына жалпы сомасы 4,83 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық жобалар бойынша 242 ұсыныс түстi, оның iшiнде 2004 жылы жалпы құны 1,33 млрд. АҚШ доллары болатын 137 ұсыныс түстi.
Қор қызметi басталғаннан берi жалпы сомасы 3,33 млрд. АҚШ доллары болатын 189 бастама жобалар ұсынылды.
Салалық бөліністе:
жалпы сомасы 279,1 млн. АҚШ доллары болатын құрылыс материалдары өндiрiсi жөніндегі жобалар 34-тi;
сомасы 279,4 АҚШ доллары болатын азық-түлiк өнiмдерiн өндiру және ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу жобалары 29-ды құрайды.
Қаржыландырылатын жобалардың жалпы құны 23,1 млрд. теңге, Қордың қатысуы - 7,48 млрд теңге, оның iшiнде мынадай жобалар: болат құбырларды полимерлiк қаптау, жүндi қайта өңдеу, шыны ыдыс, көкөнiс консервiлерi, шырындар өндiрiсi, тұрмыстың химия және косметика, ПВХ еден төсенiштерi, балық өнiмдерi, металл қақпақтар, құрылыс материалдары.
2005 жылы мынадай: табақтық шынылар, кеуек бетоннан жасалған бұйымдар, керамикалық тақтайшалар, тiк жiктi құбырлар өндiрiсi, сортпрокат, цемент, кальцийленген сода өндiрiсi, жаңа темір жол желiлерi жобалары қаржыландыруға дайындалуда.
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ
2004 жылы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-қа (бұдан әрi - ҰИҚ) 219 жоба түстi, оның 71-i инновациялық жоба, 141-i ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер (бұдан әрi - ҒЗТКӘ) жобалары, 2 жоба инфрақұрылым элементтерiн құру жөнiнде, 5 жоба венчурлiк қорлар құру жөнiнде.
2004 жыл iшiнде венчурлiк қорлар құру жөнiнде 5 жоба, оның iшiнде отандық банктермен 3 жоба, қаржы ұйымдарымен 2 жоба қаралды.
2004 жылы венчурлiк қорларға (қол қойылған шарттарға сәйкес) инвестициялар көлемi 1587,6 млн. теңгенi құрады, оның 595,4 млн. теңгесi құрылған қорлардың жарғылық капиталына нақты енгiзiлдi.
2004 жылы жалпы сомасы 33,7 млрд. теңге (246,9 млн. АҚШ долл.), ҰИҚ инвестициялауының болжамды көлемi 18,2 млрд. теңге (132,8 млн. АҚШ долл.) болатын 71 инновациялық жоба ҰИҚ қарауына түстi.
Өтiнiм берiлген жобалардың басым көпшiлiгі ауыл шаруашылығына қатысты - 14 %, химия саласына, информациялық технологияларға, медицинаға - 10 %, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсiбiне - 8 %, машина жасауға, аспап жасауға - 7 %.
2004 жылы 10881,6 млн. теңге сомасына 5 инновациялық жобаны қаржыландыру басталды, ҰИҚ-тың үлесi - 9862,4 млн. теңге, оның 6688,9 млн. теңгесi қаржыландырылды.
Өткен жыл iшiнде ҰИҚ қарауына 141 ҒЗТКӘ жобасы түстi. Сұралатын гранттардың жалпы көлемi 854 млн. теңгенi (6,2 млн. АҚШ долл.) құрады.
Өтінiм берiлген жобалардың басым көпшiлiгі ауыл шаруашылығына қатысты - 25 %, химия саласына, машина жасауға - 13 %, ақпараттық технологияларға - 6 %, энергетикаға, металлургияға, медицинаға, құрылысқа - 6 %.
2004 жылы 58,4 млн. теңге сомасына 141 ҒЗТКӘ жобасын қаржыландыру басталды, инвестициялар көлемi - 29,1 млн. теңгенi құрады.
ҰИҚ инновациялық инфрақұрылым құру жөнiндегі бiр жобаны қаржыландыруды бастады: Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетiмен бiрлескен технологиялық бизнес-инкубатор. Жоба құны - 92,2 млн. теңге, ҰИҚ үлесi - 41,5 млн. теңге.
Осылайша, 2004 жылы ҰИҚ-ның қатысу үлесi 11550 млн. теңге, жалпы құны 14272,2 млн. теңге 17 жоба бойынша қаржыландыру басталды, 7355 млн. теңге қаржыландырылды.
ҰИҚ мынадай бағыттар бойынша Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады:
Қазақстан аумағында отандық және шетелдiк капиталмен венчурлiк қорлар құру, шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау, венчурлiк қаржыландырудың тетіктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
инвестициялайтын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу жолымен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
ҒЗТКӘ мен шағын инновациялық жобаларды ынталандыру;
қолданбалы FЗTКӘ-нi қаржыландыруды ҰИҚ гранттар беру жолымен жүзеге асыруды жоспарлап отыр;
бизнес-инкубаторлар және олардың жанынан оқу орталықтарын құру.
2006 жылы өңiрлерде жаңадан құрылатын технопарктердiң құрамында 4 бизнес-инкубатор құрылады, бұдан басқа 3 бизнес-инкубатор технологиялық жоғары оқу орындарының жанынан құрылады.
«Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды
сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру
корпорациясы» АҚ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Корпорацияға 12,4 млрд. теңге (95,6 млн. АҚШ долл.) сомасына экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыруға 66 өтiнiш берілдi. 6,9 млрд. теңге сомасына қаралған 59 жобаның арасынан Корпорация басқармасы жалпы сомасы 6,4 млрд. теңге 51 экспорттық жобаны сақтандыру туралы шешiм қабылдады, оның iшiнен жалпы сомасы 4,4 млрд. теңге 36 жоба бойынша сақтандыру шарттарына қол қойылды және iске асырылуда.
Отандық экспорттаушылар мен инвесторлар бойынша дерекқор қалыптастырылды және үнемi жаңартылады.
Корпорация мынадай халықаралық қауымдастықтардың: Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP), Кредиттiк Альянстің, Берн Одағының Прага клубының мүшесiне айналды. Сондай-ақ Корпорация Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығының мүшелiгiне ие болды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының шикiзат емес экспортының 2 %-ын, 2006, 2007 жылдары - 3 %-ын сақтандыру жоспарланып отыр. Аталған рынокта үстемдiктi болдырмау мақсатында қайта сақтандыру жөніндегі қызмет шеңберiнде Корпорация 2005 жылы республиканың қайта сақтандыру рыногының 2,5 %-ын, одан кейiнгі жылдары 5 %-ға дейiнгі қайта сақтандыру рыногын қамтумен шектелудi жоспарлап отыр.
Корпорация сақтандырудың мынадай түрлерi:
заңды тұлғалардың мүлкiн сақтандыру;
заңды тұлғаларды сақтандыру;
жүктердi сақтандыру;
азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру;
жұмыс берушiнiң жауапкершілiгiн сақтандыру;
темір жол көлiгiн сақтандыру;
әуе көлiгiн сақтандыру бойынша тепе-тең сақтандыруды жүзеге асыруға ниеттенiп отыр.
«Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ
«Инжиниринг және технологиялар трансфертi» АҚ-тың (бұдан әрi - Орталық) қатысуымен 2004 жылы екi өңiрлiк технопарк: 350 млн. теңге жарғылық капиталы бар Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркi» ЖШС және 392 млн. теңге жарғылық капиталы бар Қарағанды қаласындағы «Қарағанды өңiрлік технопаркi» ЖШС құрылды.
2005 жылдың аяғына дейiн «Ақпараттық технологиялар паркi» объектілерiнiң бiрiншi кезегін салуды аяқтау жоспарланып отыр. Технопарктiң бiрiншi кезегiнiң инфрақұрылымы: офистiк үй-жайды (алаңы - 5 мың шаршы метр), екi өндiрiстік модульдi (9 мың шаршы метр), асхананы, демалуға және спортпен айналысуға арналған үй-жайды қамтиды.
Орталықты әлемнiң бiрқатар iрi АТ компаниялары қолдады. Мынадай: Microsoft Hewlett Siemens, Cisco, Thales Gilat Satelitte net, SАР AG компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Samsung, LG, Oracle, Sun Microsystem, Intel компанияларымен келiссөздер жүргiзiлуде. Бұдан басқа, Gyongi tachnopark-пен (Оңтүстiк Корея), Smart Village-мен (Мысыр) ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, Ұлттық телекоммуникациялар институтымен (Мысыр) бiрлесiп, білім беру бағдарламасы әзiрленедi.
2004 жылы Орталық шетелдiк 19 технопаркке, технопарктер қауымдастығы мен ғылыми орталыққа ынтымақтастық туралы ұсыныс жiбердi. Шетелдiк технопарктер басшыларымен кездесулер өткiзiлдi және Wista Ma№ageme№t (Германия), Jurong Consultans (Сингапур), Technopole (Италия), Люцерн қаласындағы Бизнес орталықпен (Швейцария), Цюрих қаласындағы технопаркпен (Швейцария), Surrey Technology Center-мен (Ұлыбритания) бiрлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткiзiлдi.
2006-2008 жылдардағы Орталық жұмысының негiзгi бағыттары:
«Ақпараттық технологиялар паркiнiң» екiншi, үшiншi, төртiншi кезектерiн салу;
Қазақстанның басқа өңiрлерiнде технопарктер құру және дамыту;
көп деңгейлi дерекқор болып табылатын, даму институттарының қызметтерiнен басқа қазiргi заманғы технологияларды әлеуетті жеткiзiп берушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың барынша көп болуын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн «Виртуалдық технопарк» бiрыңғай ақпараттық жүйесiн дамыту;
экономиканың жоғары технологиялы секторларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
ғылыми-техникалық қызметтi коммерцияландырудың кешендi жүйесiн құру.
§ 4. Аграрлық азық-түлiк саясаты
2005-2008 жылдары Қазақстанның аграрлық өнеркәсiптiк кешенiн дамытудың негiзгi бағыты аграрлық секторды индустрияландыру, ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласындағы кластерлiк даму әдiстерi негiзiнде оны тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады.
Тұжырымдамада мынадай мiндеттердi шешу:
аграрлық өндiрiс пен ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу технологияларын жаңғырту, ғылыми жетiстіктер мен инновациялық әзiрлемелердi енгізу, тамақ өнеркәсiбi, жүзiм шаруашылығы-шарап жасау салаларында мамандандырылған өңiрлiк кластерлердi дамыту арқылы iшкi және сыртқы рыноктардағы АӨК өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру;
мал шаруашылығы шикiзатының сапасын арттыру, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының экологиялық таза өнiмдерiн өндiру, ауыл шаруашылығы шикiзаты мен тағам өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң халықаралық стандарттарын жаппай енгізу жөніндегі кешендi шараларды iске асыру жолымен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қазақстандық брэндiн қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы өнiмiне баға белгiлеудi оңтайландыратын, iшкi азық-түлiк рыноктарындағы тұрақтылықты және сыртқы рыноктардағы сату көлемiн кеңейтудi қамтамасыз ететiн АӨК сауда-сатып алу қызметiнiң тиiмдi тетiктерiн дамыту;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi талдамалық материалмен және ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық-маркетингтік қызметті енгізу;
негiзгi және айналым құралдарын сатып алуға жеңiлдiктi кредит берудi және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң басымдылығын кеңейту, сондай-ақ экономикалық және ұйымдық шаралар жүйесiн iске асыру арқылы ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердi орта және iрi ауыл шаруашылығы құралымдарына бiрiктiрудi ынталандыру көзделедi.
Азық-түліктік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптік кешеннiң бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн «Агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленедi.
9. Табиғи капиталды дамыту
§ 1. Тау-кен өндiру кешенiн дамыту және оның ресурстарын пайдалану
Тау-кен-металлургия кешенi (бұдан әрi - ТМК) экономиканың базалық салаларының бiрi болып табылады және республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерiн қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етедi. Минерал-шикiзат базасын толықтыру мақсатында Геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы әзiрленедi, оны iске асыру республиканың минерал-шикiзат базасының едәуiр өсуiн қамтамасыз етедi. Қазiргi кен орындарының төменгi көкжиектерiн ашу республиканың шикiзат базасын дамытудағы маңызды бағыт болып табылады, бұл 2006-2008 жылдары металлургиялық руда өндiрудi ұлғайтуға ықпал етедi.
ТМК кәсiпорындарында рудалық емес металлургиялық шикiзатты өндiру және қайта өңдеу, металдарды қайталама өңдеу, отқа төзiмдi заттарды, металл бұйымдарды, құбырларды және т.б. өндiру жүзеге асырылады, қосылған құны жоғары өнiмдердiң жаңа өндiрiстерiн құру перспективалары айқындалды. Жаңа материалдарды, атап айтқанда сортты металл бұйымдарын жасау аса өзектi болып табылады.
Қара металлургияда өнеркәсiптік өнiм өндіру көлемнiң басым бөлігі «Миттал Стилл Теміртау» АҚ-қа тиесілi, алайда қара металдар рыногындағы қатаң бәсекеге байланысты 2006-2008 жылдары қара металдар илегі бойынша өндiрiс көлемінің айтарлықтай өсуi күтiлмейдi. Кәсiпорында жиынтық өнiмдiлiгi жылына 5,2 млн. тонна болатын үздiксiз болат құюдың екiншi желісін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2007 жылы «Миттал Стилл Теміртау» АҚ Ақтау қаласында бiрiншi модулдi қуаты жылына 60 мың тонна болатын құбыр зауытын салуды аяқтауды жоспарлап отыр.
Республикада түстi металл сынықтары мен мыс негізiндегі қорытпалар сияқты төменгi сортты шикiзатты қайта өңдеу қуаттары бар, олардың iрi қайта өңдеушiсi «Қазақмыс» корпорациясы мен «Кастинг» ЖШС болып табылады. Бұдан басқа, «Кастинг» ЖШС перспективалы даму жоспарында болат балқыту және илек өндiрiсiнiң екi кезегін салу көзделген. Сұйық болат және подкат өндiрiсi iске қосылды. Блюмдер түріндегі подкат шығарылады.
«ССТКӨБ» АҚ республикадағы тауарлық темір рудасы мен темір рудалы шекемтастарды негізгі өндiрушi болып табылады. Кәсiпорын өз өнiмiнiң негiзгi бөлігін (70%-дан астам) Ресейдiң металлургия зауыттарына жеткiзедi. Темір рудасы шикізаты рыногында өнiмнiң жоғары бәсекеге қабiлеттілігiн сақтау үшiн бiрлестiк шығарылатын өнiм технологиясын жетілдіру және сапасын арттыру жөніндегі iс-шараларды әзiрледi. Өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы өткізу, бiрiншi кезекте Ресейге өткізу рыногына тәуелдi.
Қазақстанда тұңғыш рет Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Шоқаш кен орны рудаларынан рутил-цирконийлi концентраттар өндiру технологиясы игерiлуде.
«Қазхром» ТҰК «Ақсу ферроқорытпа зауыты» филиалында пештер ферросилицийдің төменгі сортты маркасын балқытудан жоғары сапалы көмiртекті феррохромды балқытуға көшiрiлдi, құю, металды бөлу және жiктеу схемасы жетiлдiрiлдi.
«ӨТМК» ААҚ Сәтпаев кен орнындағы ильмениттік концентраттарды шығару жөніндегі кенішті iске қосу жолымен өзiнiң шикiзат базасын құрды.
Мұнай-химия өнеркәсiбi
Қазақстан әлемдегi күкiрт өндiрудiң жалпы көлемiнде 10-орынды иеленедi. Солтүстік Каспийдегi көмiрсутегiнiң болжамды запастарын, сондай-ақ Каспий теңiзіндегі теңiз кен орындарын әзiрлеу бағдарламаларының жоспарланған нәтижелерiн ескере отырып, Қазақстан күкiрт рыногының әлемдiк рыноктағы ұсынысқа ықпал ететін iрi қатысушысына айналуы мүмкiн.
Мұнай-химия саласын дамыту перспективалары Теңiздiң және кейіннен Қарашығанақ пен Қашағанның табиғи газдарын бастапқы шикiзат ретiнде пайдаланумен байланысты.
2004 жылдың соңында Теңiзде қатты түрде сақталып тұрған 8 млн. тонна күкiрт жинақталған, халықаралық практикаға сәйкес күкiрттi өндiру және сақтау «Теңiзшевройл» ЖШС-да жүзеге асырылады - күн сайын 4,4 мың тонна кәдiмгi күкірт өндiрiледi. «Аджип ККO-да» күкiрт өндiру 2008 жылы басталады, Қашағанда ең төменгi күн сайынғы болжамды өндiрiс шамамен 2,5 мың тоннаны құрайды. 2006 жылдан бастап Қазақстанда күкiрт өндiру 1,6-дан 2,4 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды деп күтiлуде. Болашаққа жоспарланып отырған әзiрлеме 2010 жылға қарай күкiрт өндiрудi 3,5 млн. тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қолданыста. Оны iске асыру әлемдiк жетістiктерге сәйкес қосылған құн тiзбегi бойынша мұнай-химия өнiмдерiн шығара отырып, шикiзат ресурстарының отандық базасы мен көмірсутек шикізатын терең тазарту және қайта өңдеу жөніндегі қолданыстағы технологияларды, өндiрiстердi құра отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн кешендi әрi жедел дамытуға бағытталған.
Бағдарлама шеңберiнде мұнай-химия өндiрiстерi үшiн шикiзат ресурстарының отандық базасын құру мынадай инвестициялық жобаларды:
базалық мұнай-химия өнiмдерiн шығару жөніндегі мұнай-химия өндiрiстерiн салуды;
қосылған құны жоғары өнiмдер шығару жөніндегі мұнай-химия өндiрiстерiн салуды;
мұнай-газ кешенi үшiн реагенттер өндiру жөніндегі зауыт салуды iске асыруға негiзделген.
Инвестициялық жобаларды iске асырған кезде өнеркәсiптің мұнай-химия саласының кәсiпорындары үшiн нақты шикiзаттық ресурс көздерi құрылады, бұлар қосылған құн тiзбесi бойынша мұнай-химия өнімдерiнiң көптеген түрлерiн шығаруға мүмкiндiк бередi.
2008 жылға дейiн мұнай-химия кешенiне инвестициялардың жоспарлы көлемi 1,5 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Мұнай-химия өндiрiстерiн қалыптастыру негізгі өндiрiспен қатар, қосалқы инфрақұрылымдарды - энергиямен және сумен жабдықтау жүйесiн, автомобиль жолдарын, қосымша темір жол бағыттары мен станцияларын, магистралды газ құбырларынан бөлулер құрылысын және басқаларды құруға да капитал салудың едәуір көлемiн талап етедi.
Мұнай өнеркәсiбi
Тұтастай республика бойынша мұнай өндiрудiң прогрессивтi өсу серпiнi республика экономикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай-газ секторын дамытудың сипатты ерекшелiгi болып табылады. Бiрiншi кезекте, ол жаңа iрi кен орындарын әзiрлеуге енгізуге емес, әзiрленетiн кен орындарының сынама және тәжiрибе-өнеркәсіптік кезеңнен сапасы жағынан өзгеше кең ауқымды өнеркәсiптiк даму кезеңiне көшуiне негізделген. Мұндай үрдiс республиканың барлық өңiрлерiнде байқалады.
Мұнай өндiрудi ұлғайту қазiргi уақытта:
Кеңқияқ - тұз астындағы кен орнында «СНПС - Ақтөбемұнайгаз»;
Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарында «Қазгермұнай» БК ЖСШ;
Әлiбекмола және Қожасай кен орындарында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС компаниялары өнеркәсiптік пайдаланып жатқан көмiрсутектер ресурстарын игеруге енгізумен қамтамасыз етіледi.
Мұнай өндiрушi басқа кәсiпорындар бойынша болжамды кезеңдегі негiзгi мiндет ағымдағы сипаттағы түрлi iс-шараларды (қосымша бұрғылау, өндiрудi интенсивтендiру және т.б.) iске асыру нәтижесiнде мұнай өндiрудi қол жеткен деңгейде тұрақтандыру болып табылады.
ҚазМұнайГаз Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасы (бұдан әрi - Жоба) бойынша жұмысты жалғастырады.
2006 жылы Жоба аяқталғаннан кейiн және Қашағандағы коммерциялық игеру басталғаннан кейiн отандық МӨЗ-дердi республиканың мұнай өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiне қажеттілігін толық жабуға мүмкiндiк беретiн көлемде жүктеу жоспарланып отыр. Атырау МӨЗ-iн қайта жаңарту ақшыл мұнай өнiмдерiн 35%-ға ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Мұнай экспортын дамыту перспективалары көлiктiк мүмкiндiктермен, бiрiншi кезекте құбыр инфрақұрылымы мүмкiндiктерiмен айқындалады. Қазiргi уақытта магистралды құбырлардың ұзындығы шамамен 7,0 мың км. құрайды.
Орта мерзiмдi кезеңде мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын кеңейту және құру жөніндегі жұмыстар жүргiзiледi.
Мысалы, 2005 жылы:
Атасу - Алашанькоу мұнай құбырын салуды;
КTК мұнай құбырының өткізу қабiлетiн кеңейту жобаларын дайындауды;
Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан көлiк жүйесiн құруды;
Қазақстан - Түркiменстан - Иран мұнай құбырын салуды аяқтау жоспарланып отыр.
Газ өнеркәсiбi
2006-2008 жылдары Қарашығанақ Газ жобасын iске асыру, Газ альянсын құру және өткізу қабiлетi 2010 жылға қарай 90 млрд. текше метрге дейiн жеткiзiлетiн OAO (Орта Азия - Орталық) газ-көлік жүйесiн жаңғырту және қайта жаңарту жөнiндегі жұмыстар жалғасатын болады.
«Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын ілеспе газға ауыстыру» жобасы бойынша жұмыстар жалғасады, 2004 жылы осы жоба бойынша жылына 421 млн. текше м. өткізу қабiлетi бар, ұзындығы 123 км. «Ақшабұлақ - Қызылорда» магистралды газ құбырын салу аяқтады.
2005-2006 жылдары Амангелдi топтық газ кен орындарын игеру жалғасады.
2005 жылы «Теңiзшевройл» БК кейiннен газ өңдеу көлемiн ұлғайта отырып, шикi газды қабат коллекторына керi айдау жөніндегі жобаны iске асыруға кiрiседi деп жоспарланып отыр. Бұл жоба бастапқы кезеңде тазартылған газды айдау жөніндегі объектiлердi салумен екi кезеңде iске асырылады деп көзделуде. Оң нәтиже берген жағдайда екiншi кезеңде күкiртсутегін алдын ала тазартпай шикi газды айдауға пайдалану ұйғарылып отыр.
Көмiр өнеркәсiбi
Көмiр өнеркәсiбiнде «Екiбастұз көмiрi», «Қарағанды көмiр бассейнi шахталарын жабу», «Көмiр саласын халықаралық стандарттарға көшiрудi қамтамасыз ету» бағдарламалары іске асырылуда.