Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 шілдедегі № 773 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үкiметтiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацындағы "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 25 шілдедегі
№ 773 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған
кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға 15 тамыздағы № 1262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 30 қаңтардағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 3, 19-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 330 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 121-құжат).
4. "Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 3-тармағы.