спирт iшiмдiктерiн, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бап. Спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде
келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлiкте және басқа да қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 336-1-баппен толықтырылды
336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге
тыйым салуды бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының зияндарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
337-бап. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi
Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi, сол сияқты олардың спирт iшiмдiктерiн iшуi, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
338-бап. Құмар ойындар
1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды ақша, зат және өзге де құндылықтар салып құмар ойындармен айналысуға тарту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану
ережелерiн бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi
қорлау
1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 342-бап жаңа редакцияда
342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
құралдары туралы заңдарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тiлдегi хабарларды уақыты жағынан телерадиохабарлар арналарында басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
баспа немесе өзге де өнiм тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға телевизиялық және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларды тарату құқығына берiлген лицензиядан айыра отырып, екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға
бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 344-бап жаңа редакцияда
344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн, сол сияқты
өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының
аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
өнiмдер тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен бап 3-бөлікпен толықтырылды
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
345-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлiметтердi терiске шығару
және жауап жариялау құқығын бұзуы
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi терiске шығаруды жариялаудан не мәлiметке жауапты жариялаудан бас тарту, сол сияқты терiске шығару мен жауапты жариялаудың белгiленген тәртібі мен мерзiмiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн
даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар
материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 349-бап өзгертілді
349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге
шығару тәртібін бұзу
1. Темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
теле- және радиохабарлардың, жарнамалық роликтердiң жекелеген шығарылымдарын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - телевизиялық және дыбыстық (радиохабар) бағдарламаларды тарату құқығына лицензиядан айыра отырып, екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 349-1-баппен толықтырылды
349-1-бап. Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау
1. Мерзiмдi баспа басылымдарында жарнаманы шығару тәртібін, оның iшiнде оларда темекi және темекi бұйымдарына жарнаманы бiрiншi және соңғы беттерiнде, мұқабаларында орналастыру жолымен бұзу, кәмелетке толмағандарға бағдарланған мерзiмдi баспа басылымдарында темекi бұйымдарын жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темекi бұйымдарын жарнама мақсатында тегiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кәмелетке толмағандар арасында жарнама мақсатында темекi бұйымдарының үлгiлерiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мәдени-ойын-сауық және спорт шараларын өткізу кезiнде темекiнi және темекi бұйымдарын жарнамалау, сол сияқты, кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған шараларға демеушi болып, егер бұл орайда мұнда темекi бұйымдарының атауы, бейнесi немесе тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылса, -
айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темекi бұйымдарын көлiкте жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 350-бап өзгертілді
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету
Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 352-бап жаңа редакцияда
352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау
1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетiн, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң
ережелерiн бұзу
1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 354-1-баппен толықтырылды
354-1-бап. Мемлекеттік нышандарды пайдалану тәртібін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын заңсыз пайдалануы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 355-бап өзгертілді
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк
органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет
қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының,
шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi
қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне
немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 356-бап өзгертілді
356-бап. Мемлекеттік инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн
орындауына кедергi келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де
талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге - отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 13) тармақшасында, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, өз бетiмен жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 358-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.