мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер;
жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар;
мемлекеттік меншiк болып табылатын, оның iшiнде сенiмдi басқарудағы, жалдағы, концессиядағы мүлiктiң барлық түрлерi болып табылады.
Кешендi мониторинг алдын алу, кемшiлiктердi жою және қызметтi жетiлдiру жөніндегі негiзделген шешiмдер мен нұсқалар әзiрлеу мақсатында осы объекттердiң технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметiнiң, құқықтық мәселелерiнiң сапалық және сандық жағдайын жан-жақты бақылауға және аналитикалық талдауға мүмкiндiк бередi.
5.3. Мемлекеттік мүлiктi есепке алуды жетiлдiру
Мемлекеттік мүлiктi басқару саласында қойылған мiндеттердi шешуде толық және шынайы есепке алуды ұйымдастырудың маңызды мәнi болады.
Мемлекеттік кәсiпорындардың және мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң мониторингiн қамтамасыз ету үшiн қаржылық көрсеткiштердiң кешенiн қамтитын "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысына сәйкес Қосымша бөлiмшенiң тiзiлiмiн енгізу, қосымша бөлiмшенi толықтыру және кезеңдi жаңартып отыру үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлердi анықтау берiлген қаржылық ақпараттың есебiн жүргiзу тетiгiн iске асыруды талап етедi. Осы мақсатта жауапты субъектiлер тарапынан қажеттi ақпаратты беру тәртібі мен мерзiмдерi регламенттелетiн болады.
5.4. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары
2003-2005 жылдары жекешелендiру мемлекеттік мүлiктi басқару саласында мемлекеттік саясаттың құрылымдық элементi ретiнде қаралатын болады, жекешелендiрудiң көлемдерiн қалыптастыру мемлекеттік активтердi басқару нәтижелерiмен, қарыз алу көлемдерiмен және мемлекеттің бар борыштық мiндеттемелерiмен байланысатын болады.
Мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын сақтауға және нығайтуға, мемлекеттің мүдделерiн негiзге ала отырып, мемлекеттік мүлiктiң құрылымын оңтайландыруға бағытталатын болады.
Қолда бар мемлекеттік меншiк елiмiздiң экономикасы үшiн оның маңыздылығы дәрежесiне байланысты үш санатқа бөлiнетiн болады.
Бiрiншi санатқа жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерi жатқызылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шiлдедегi № 422 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысымен жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi анықталған. Осы тiзбеге республиканың ұлттық мүддесi үшiн аса маңызы бap мемлекеттік меншiк объектiлерi қосылған, олар: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер; магистральды темір жолдар, мемлекеттік халықаралық бағыттар желісіне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары; магистральды мұнай және газ құбырлары, аймақаралық деңгейдегi белгiлi бір кернеудегi электр желiлерi; әлеуметтiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi мемлекеттік меншiк объектiлерi, оның iшiнде балалар үйi, қарттар үйi, орташа білім беру ұйымдары және басқалар.
Екiншi санатқа жататын мемлекеттік меншiк объектiлерi экономиканың стратегиялық салаларында әрекет ететiн: мұнай-газ, кен-металлургиялық, көлiк-коммуникациялық, энергетикалық, машина жасау салаларындағы ұйымдар болып табылады. Осындай ұйымдар экономиканың стратегиялық салаларында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған ұлттық компаниялар болып табылады. Ұлттық компаниялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Ұлттық компанияларға жатқызылған кейбір акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсiпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерiнiң бөлiгiн жекешелендiру тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық саясаты ескерiле отырып, мемлекеттік мүдделер негiзге алына отырып жүзеге асырылатын болады.
Үшiншi санатты алғашқы екi санаттарға жатқызылмаған мемлекеттік меншiк объектiлepi құрайды: акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi, жауапкершілiгi шектеулi серiктестердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесi, аяқталмаған құрылыстың жылжымайтын мүлiк объектiлерi, мүлiктiк кешендер және басқа да мүлiк.
Тауарлық рынокта басымды (монополиялық) орын алатын не елдiң экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар рынок субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн және олардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiру оның неғұрлым оңтайлы нысандарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
2003-2005 жылдары үшiншi санатқа жатқызылған мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру оның мемлекеттің меншiгiнде болғандығының орындылығы принципi бойынша жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте мемлекет республиканың экономикасында жеке секторды арттыруға және дамытуға, өндiрiстiң көлемiн арттыруға, салық салынатын базаны кеңейтуге ықпал етедi.
5.5. Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру
Жекешелендiруден кейiнгi салада негiзгi мiндеттер:
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрілген объектiлердi тиiмдi басқару мониторингiнiң жүйесiн енгізу;
проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында кешендi мониторинг арқылы жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпаратты алу;
жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың құқықтық қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру;
меншiктенушi қабылдаған мiндеттердiң тиiсiнше орындалуын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау;
инвесторлармен конструктивтiк пiкiрталас жүргiзу, туындаған проблемалардан өзара қолайлы және негiзделген шешiмдер қабылдау;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi көрсетiлетiн электрондық дерекқор құру, оны кезең-кезеңiмен жаңартып отыру болып табылады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру мемлекеттік меншiктi басқаруды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың функциялары шеңберiнде көзделедi. Осыған байланысты бағдарламаның iс-шараларын iске асыру жөніндегі шығыстар осы органдарды көзделетiн бюджеттік бағдарламалар шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жүзеге асырылады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi:
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттік мүлiктi (акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердi, мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік кәсiпорындар мен шаруашылық серіктестіктер таза пайдасының бөлiгiн, жалдау төлемдерiн және басқаларды) пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді арттыру; мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткіштерiн жақсарту;
алдын алу, кемшiлiктердi жою және олардың қызметiн жетiлдiру жөніндегі негiзделген нұсқауларды әзiрлеу мақсатында мемлекеттік меншiк объектілерінiң, сондай-ақ мемлекеттің меншiк үлесi бар объектiлердiң мониторингі нәтижелерiн есепке алудың бірыңғай дерекқорын құру;
мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру.
Болжамды деректер бойынша 2003 жылы мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан республикалық бюджетке республикалық кәсiпорындардың табыс үлесi 350 618 мың теңге сомасындағы, республикалық меншiк мүлкiн жалға алудан 155 000 мың теңге сомасындағы, акциялардың мемлекеттік пакеттерiне 5 793 674 мың теңге сомасындағы дивидендтердің түсімі күтiлуде.
Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды iске асыру кезiнде 2003-2005 жылдар iшiнде мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан мемлекеттік бюджетке түсiмдердiң сомасы нақтыланатын болады.
ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. № 357 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орында- луына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Жора- малда- натын шығыс- тар | Қаржы- ланды- ру көзі |
1. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдіру |
1.1. 1.2. 1.3. 1.4. 1.5. 1.6. | Коммуналдық мен- шiктi басқару- дың және жеке- шелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жыл- дарға арналған бағдарламала- рын әзiрлеу және бекіту Коммуналдық меншiктегi мем- лекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету мәсе- лелерiн реттей- тiн ведомство- лық нормативтiк құқықтық кесiм- дердi заңнама- лық кесiмдерге сәйкес келтiру Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдеде- гi N 909 қаулы- сымен бекітілген жарғылық капи- талға қатысудың басым мемлекет- тiк үлесi бар акционерлік қоғамның басқар- ма төрағасымен жасалатын Yлгi- лiк келісім- шартқа өзгерiс- тер мен толық- тырулар енгізу Жарғылық капита- лында мемлекет- тiң қатысуы бар акционерлік қоғамдарда дивидендтердi есептеудiң тәр- тiбiн әзiрлеу Мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакетi (қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi акционер- лiк қоғамдардың (жауапкершілiгi шектеулi серiк- тестердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесін әзiрлеу және бекіту Мемлекеттік мүлiктi басқару- дың және жекеше- лендiрудiң тиiм- дiлiгiн арттыру- дың 2006-2008 жылдарға арнал- ған бағдарлама- сын әзiрлеу | Әкімдердің шешімдері, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы | Әкімшілік- аумақтық біліктер- дің әкімдері (ҚарМ ММЖК-мен келісім бойынша) Әкімшілік аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша) ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша) ЭБЖМ, ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша) ҚарМ ММЖК | Қазақстан Республи- касы Үкіметі Мемлекет- тік мү- лікті басқа- рудың және жекешелен- дірудің тиімділі- гін артты- рудың 2003 2005 жыл- дарға арналған салалық бағдарла- масын бекіткен- нен кейін- гі тоқсан- ның ішінде 2003 жылдың 3-тоқсаны 2004 жылдың 1-тоқсаны 2003 жылдың 1-тоқсаны 2004 жылғы 30 сәуір 2005 жылдың 4-тоқсаны | Талап етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді | |
2. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлігін арттыру |
2.1. 2.2. 2.3. 2.4. 2.5. 2.6. 2.7. 2.8. 2.9. 2.10. 2.11. 2-12. 2.13. 2.14. 2.15. 2.16. 2.17. 2.18. | ҚарМ ММЖК анық- таған нысанда мемлекеттік кәсiпорындар, жарғылық капита- лында мемлекет- тiң қатысуы бар заңды тұлға- лар туралы ақпа- ратты ұсыну Құжаттық растау (қабылдау-тап- сыру актілері, сенiмгерлiк басқаруға беру шарттары, акцио- нерлер тiзiлiм- дерiнен үзiндi- лер) арқылы акциялардың мем- лекеттiк пакет- терiн түгендеудi жүргізу Ұлттық компания- лар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тие- сілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серік- тестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесін әзірлеу және бекіту. Мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық қыз- метiнiң ағымдағы және перспекти- валық жоспарла- рын қарау және бекіту туралы ақпарат ұсыну Мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық қыз- метiнiң ағымдағы және перспекти- валық жоспарла- рының орындалуын бақылауды жүзеге асыру Есептi жылдың қорытындылары бойынша шаруашы- лық жүргізу құқығындағы мем- лекеттiк кәсiп- орындар таза пайдасының бір бөлiгiн, сондай-ақ қазы- налық кәсiпорын- дардың сметадан тыс алған кірiс- терiн тиiстi бюджеттiң кiрi- сiне аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлi- гiнiң 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 182 бұйрығы- мен бекітілген нысандар бойынша, ұлттық компания- ларды қоспағанда бас, еншiлес, сондай-ақ бірiк- тiрiлген ұйымдар бойынша бөлек шаруашылық жүр- гiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының пакетi (қатысу үлесi) мемлекет- ке тиесiлi акционерлік қоғамдардың (жауапкершілiгi шектеулi серiк- тестердiң) қаржы-шаруашылық қызметi туралы жылдық ақпаратты беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлі- гiнiң 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 182 бұйрығымен бекітілген шаруа- шылық жүргiзу құқығындағы мем- лекеттiк кәсiп- орындардың қызметiне талдау жүргiзу ережесi- не сәйкес жылдың қорытындысы бойынша мемле- кеттiк кәсiп- орындардың қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министр- лiгiнiң 2002 жылғы 9 сәуiрде- гi N 182 бұйры- ғымен бекітілген жарғылық капитал- да мемлекеттің қатысуымен мем- лекеттiк емес заңды тұлғалар- дың қызметi тиімділігінің негiзгi көрсет- кiштерiн анық- тау ережесіне сәйкес жылдың қорытындысы бойынша акция- ларының бақылау пакетi (қатысу үлесi) мемлекет- ке тиесiлi акцио- нерлiк қоғамдар- дың (жауапкершi- лiгi шектеулi серiктестердiң) қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзу Мемлекеттік меншiк объектiле- рiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 24 шiлде- дегi N 998 қаулысымен бекi- тiлген ережеге сәйкес мемлекет- тiң меншiк үлесi бар объектілердi қалыптастырудың және тиімдi бас- қарудың кешендi мониторингiн қамтамасыз ету Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлік- ті мүлiктiк жалға (жалдауға) беру- дiң мониторингiн жүзеге асыру Олар бойынша ұлттық компания- лардың еншiлес ұйымдары олардың құзыретiне сәйкес ұлттық компания- лардың директор- лар кеңестерiмен шешiмдер жобала- рын жазбаша келiсудi қамтама- сыз етуге мiндет- тi мәселелер тiзбесiн белгiлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусым- дағы N 882 қаулы- сына қосымшаға сәйкес ақпаратты уақытылы ұсынуға бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысының 1-тар- мағының 5), 6), 10), 11)-тармақ- шаларында көздел- ген iс-шараларды орындау барысы туралы ақпаратты ұсыну Есептi жылдың қорытындылары бойынша мемлекет- тiк бюджетке кәсіпорындар таза кiрiсiнiң бір бөлiгiн аударуының, акционерлік қоғамдар акция- ларының мемле- кеттiк пакетiне дивиденттер, сондай-ақ мемле- кет қатысатын серіктестіктер- дегi қатысудың мемлекеттік үлесiне таза кiрiс есептеудiң уақытылығы мен толықтығы мәнiне тексерулер жүр- гiзу кестесiн әзiрлеу мен бекіту Қолданыстағы заңнамаға сәйкес акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тие- сілi акционерлік қоғамдар акцио- нерлерiнiң есептi жылдың қорытынды- лары бойынша жалпы жиналыста- рын өткізудiң кестесiн қалып- тастыру Есепті жылдың қорытындылары бойынша акционер- лiк қоғамдар акцияларының мемлекеттік па- кеттерiне диви- дендтер есептеу- дің және аудару- дың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру Мемлекеттік кәсiпорындарды, жарғылық капи- талында мемле- кеттiк қатысуы бар заңды тұлға- ларды қайта ұйымдастыру, тарату және жеке- шелендiру бойынша ұсыныстар енгізу | ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммунал- дық меншік бойынша) Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлі- гінің бұйрығы ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру ҚарМ ММЖК-ге, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдік- теріне ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммунал- дық меншік бойынша) Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлі- гінің бұйрығы, әкімдер- дің шешімдері Қазақстан Республи- касының Үкіметіне, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдік- теріне есеп беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (ком- муналдық меншік бойынша) Қазақстан Республи- касының Үкіметіне, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімшілік- теріне ұсыныстар беру | ҚарМ ММЖК анықтаған тізілім ұстаушы ҚарМ ММЖК, әкімші- лік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, ҚарМ БЕД Орталық және жер- гілікті атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша) Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірліктер- дің әкімдері ҚарМ ҚБК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірліктер- дің әкімдері Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық мен- шіктің атқарушы органдары Орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік аумақтық бірлік- тердің әкімдері ЭМРМ, ККМ, АШМ, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ЭМРМ, ККМ Орталық атқарушы органдар Орталық атқарушы органдар ҚарМ ҚБК, ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық мен- шіктің атқарушы органдары ҚарМ ММЖК, ҚарМ СК, ҚарМ ҚБК, орта- лық атқару шы орган- дар және өзге де мемлекет- тік орган- дар (келі- сім бойын- ша), әкім- шілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, орталық атқарушы органдар және өзге де мемле- кеттік органдар (келісім бойынша), коммунал- дық меншіктің атқарушы органдары | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-ы күні- нен ке- шіктірмей Жыл сайын, 4-тоқсан 2003 жылдың 4-тоқсаны Жыл сайын, наурыз Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірей Жарты жылда 1 рет Есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-і күнінен кешіктір- мей Есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-і күнінен кешіктір- мей Есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың 15-і күнінен кешіктір- мей Есепті жарты жылдық- тан кейінгі екінші айдың 10-ы күні Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні 2003 жылдың 3-тоқсаны Тұрақты түрде Жылдың қорытынды- сы бойынша - есепті кезеңнен кейінгі сегізінші айдың 1-і күнінен кешік- тірмей Жыл сайын, 1 тоқсан Жыл сайын, сәуір Жарты жылда 1 рет Жыл сайын, желтоқсан | Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді | |
3. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендіру |
3.1. 3.2. 3.3. | Жекешелендiру объектілерінің құнын бағалау әдiстемелерiн қолдану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу Жекешелендiруге жататын мемле- кеттiк меншiк объектілерін сатуды қамтама- сыз ету Мемлекеттік меншiк объекті- лерiн жекеше- лендіруден түс- кен қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуiнің жоспарланған кө- лемдерiн қамтама- сыз ету жөнiнде- гi бақылауды жүзеге асыру | ҚарМ ММЖК-нің бұйрығы Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммунал- дық меншік бойынша) | ҚарМ ММЖК ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері | 2003 жылдың 1-тоқсаны Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні Есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-і күні | Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді | |
4. Жекешелендiруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру |
4.1. 4.2. 4.3. 4.4. 4.5. | Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiте- тін тiзбе бойын- ша экономиканың стратегиялық салаларында же- кешелендiрiлген ұйымдарды бас- қару тиiмділiгi- нің мониторин- гiн қамтамасыз ету Экономиканың стратегиялық салаларында ұйымдарды жеке- шелендiруден кейiнгi дамыту мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы орган- дардың өзара iс-қимыл тетiк- терiн күшейту жөнiнде шаралар қабылдау Мемлекетік меншік объектi- лерiн сатып алушылардың, сенiмгерлiк басқарушылардың, концессияшылар- дың және жалгер- лердiң тиiстi келісім-шарттар бойынша келісім- шарттық мiндет- темелерiн орын- дауына бақылауды жүзеге асыру Мүдделi мемлекет- тiк органдармен бірлесiп, басқа- рушы компаниялар- дың шарт жағдай- ларын орындау жөніндегі есеп- терiн тыңдауды өткізу Жекешелендiру объектілерін сатып алу-сату шарттары бойынша мiндеттемелер- дің орындалуын бақылау жөнiн- дегi ведомство- аралық комиссия шешiмдерiнiң негiзiнде оларды түзету мақсатын- да сатып алу- сату шарттары бойынша қосымша келісімдер әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп, ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммунал- дық меншік бойынша) Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп беру Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат беру | ҚарМ ММЖК, орталық және жергілікті атқарушы органдар ҚарМ ММЖК, орталық және жергілікті атқарушы органдар ҚарМ ММЖК, ҚарМ ҚБК, әкімшілік- аумақтық бірлік- тердің әкімдері ҚарМ ММЖК ҚарМ ММЖК | Есепті жарты жылдық- тан кейінгі екінші айдың 10-ы күні Жыл сайын, желтоқсан Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні Жыл сайын, маусым Жыл сайын, желтоқсан | Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді Талап- етіл- мейді | |