Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 25 тамыздағы № 856 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
5-бөлімнің 5.1-бөлімшесінің он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі";
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 2.3-жолда 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесін әзірлеу және бекіту".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |