Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінiң:
"Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290;
ұлттық компаниялардың әкiмшiлiк шығындарын оңтайландыру мәселелерiне қатысты - "Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулылары қабылданды.
"Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiстiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы № 1159 қаулысына сәйкес ұлттық компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер есептеу Даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Дивидендтердiң түпкiлiктi мөлшері акционерлердiң жалпы жиналысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес бекітіледi.
2000 жылдың қорытындысы бойынша 10 ұлттық компания 45 794 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 4 ұлттық компания 9 031 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Республикалық бюджетке 2001 жылы акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер тек үш ұлттық компаниядан: "МЖЗҚ" ЖАҚ, "Қазтрансойл" ЖАҚ және "Қазәуенавигация" РМК-ы 719,5 млн. теңге аударды, қалған ұлттық компаниялар республикалық бюджетке дивидендтер (таза табыстың бөлiгiн) аудармады (қаражат өндiрiстi дамытуға, жағымсыз қаржы қорытындысынан залалдар мен кредиттердi өтеуге жiберiлдi).
2001 жылдың қорытындысы бойынша 12 ұлттық компания 36 698 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 2 ұлттық компания 11 476 млн. теңге сомасында, соның iшiнде "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ 11 050 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Жекелеген ұлттық компаниялардың, өз кезегiнде, өзiнiң еншiлес ұйымдары болатын еншiлес ұйымдар бар екенiн атап өту маңызды. Нәтижесiнде үйлестiру функциялары мен жалпы басқаруды бас компаниялар жүзеге асыратын сатылас интеграциялаумен холдингтер құрылады. Бұл ретте, акционер ретіндегі мемлекеттің қолында осы кезеңде холдинг ұйымының қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары туралы толық ақпарат болмады.
Бүгiнгi таңдағы проблемалары:
холдингтердегi толықтай қаржы-шаруашылық қызметiнiң айқындылық деңгейiнiң жетiспеушiлігi;
ұлттық компаниялардан республикалық бюджетке түсетiн акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң сомасы олар алатын таза табыспен салыстырғанда мардымсыз;
ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн, оларды iске асыру мониторингiнiң жүзеге асыру тетiгiн айқындау жөнiнде өлшемi жоқ.
3.4. Мемлекеттік мүлiктi есепке алу
Мемлекеттік мүлiктi есепке алу мақсаты мемлекеттік мүдделер есебiмен оны пайдалану жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау мақсатымен мемлекеттік мүлiктiң мониторингi үшiн жағдай жасауда мемлекеттік меншiк объектілерінiң сақталуын және жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етумен аяқталады.
"Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлiктi есепке алу Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тiзiлiм мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттік мекемелердi және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ ауыртпалықтардың (кепiл, басқармаға беру) болуы, мемлекеттің қатысу үлесiнiң өзгеруi процесiн жаңартуға жол бередi.
Тiзілiм құрылымы мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы айқындалатын мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес оңтайландырылады.
"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысымен мемлекеттік органдардың тиiстi шешiмдердi қабылдауына байланысты мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қызметiн бақылау мен мониторингi үшiн қажеттi әртүрлi көрсеткiштер енгiзетiн Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және кезеңдiк жаңарту үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлер айқындалған.
Мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiнiң есебiн жүргiзудi iске асыру тетiгi кейiнге қалдырылмаған;
республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлiктi есепке алу жөніндегі уәкiлеттi органдары арасында өзара iс-әрекет тәртібі нақты пысықталмаған.
3.5. Экономиканы дамытудың қазiргі уақыттағы сатысында
мемлекеттік мүлiктi жекешелендіру
Мемлекет иелiгiнен айыру және республика мемлекеттік меншiктi жекешелендiру бағдарламаларын орындау барысында елдiң экономикасында басымдық жағдай осы сатыда үлесі жалпы iшкi өнiмде (ЖIӨ): өнеркәсiпте 80-85%-ын, ауыл шаруашылығында - 99%-ын, құрылыста - 40-45%-ын, саудада 96%-ын құрайтын жеке сектор алды.
2001 жылдан бастап 2002 жылдар кезеңiне арналған акционерлік қоғамдардың (АҚ) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктерге (ЖШС) қатысудың мемлекеттік үлестерiн сату жөнiндегі толықтай деректер мынадай үлгіде берiлдi:
Сала | АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысудың мемлекеттік үлестерін) жекешелендiру |
2001 ж. | 2002 жылғы |
бірлiк | қорытын- дысына %-бен | бірлiк | қорытын- дысына %-бен |
| 39 10 25 13 11 4 12 32 146 | 27 7 17 9 8 3 8 22 100 | 22 3 8 15 3 1 4 11 67 | 33 4 12 22 4 1 6 16 100 |
Келтiрілген кестеде көрсетiлгендей 2001 жылы АҚ (ЖШС) 146
акцияларының мемлекеттік пакетi (мемлекеттік қатысу үлесi бар) сатылды,
2002 жыл үшiн АҚ-ның (ЖШС) 67 акцияларының мемлекеттік пакетi
(мемлекеттік қатысу үлесi бар) сатылды.
Сол сияқты 2001 жылы 2 059 мүлiктiк кешен, жылжымайтын мүлiк
объектiлерi, аяқталмаған құрылыс, көлiктер, жабдықтар және басқа да
мүлiктер, 2002 жылы - осы объектiлердің санаттарына жатқызылғанның
1756-cы жекешелендiрiлдi.
Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден мемлекеттік бюджетке түскен
түсiмдер 16,6 млрд. теңгенi, 2002 жылғы қаңтар-маусым үшiн 19,3 млрд.
теңгенi құрады. Республикалық және коммуналдық меншiктi (мемлекеттік
меншiк) жекешелендiруден түскен түсiмдер бойынша мәлiметтер мынадай түрде
көрiнедi:
Кезеңi | Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден түскен қаражаттың түсімдері, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергіліктi бюджеттер |
2001 жыл 2002 жыл | 16 583 079 19 340 182 | 15 430 756 18 754 477 | 1 152 323 585 705 |
2002 жылдан бастап "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына қабылданған өзгерістерге сәйкес жекешелендiруден түскен түсiм
бюджеттiң тапшылығын (профициттің пайдаланылуы) қаржыландыру көзi ретiнде
қаралады. Республикалық меншiк объектілерінің жекешелендiру көлемдерiн
қалыптастыру мемлекеттік активтердi басқару нәтижелерiмен, жаңа қарыз алу
көлемдерiмен және мемлекеттің қолда бар борыштық мiндеттемелерiмен
үйлесiмдi болады.
Жекешелендiру саласында 2003-2005 жылдары шешу қажет негiзгi
мiндеттер:
мемлекеттің стратегиялық мүдделерiне байланысты жекешелендiрудiң
тиiмдi тәсілдерiн қолдану арқылы әлеуеттi инвесторлар ортасын кеңейту
жолымен инвестициялар тарту;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру процестерiнiң айқындылығын және
бәсекелестiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
3.6. Жекешелендiруден кейiнгi бақылау
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендiруден кейiнгi бақылауға 330 мемлекеттік меншiк объектiсiн сатып алу - сату шарты жатады.
Қабылданған шараларға қарамастан, жекешелендiрудiң алғашқы кезеңдерiнде жасалған сатып алу-сату шарттарының жетiлмегендiгi, заңнама салаларындағы әртүрлi кемшiлiктер сатып алушылардың жеке мүддесiне пайдаланылады, бұл оларға кейбір жағдайларда өз мiндеттемелерiн орындамаған және тиiсiнше орындамағаны үшiн толық жауапкершіліктен құтылуға мүмкiндiк бередi.
Жаппай жекешелендiру кезеңiнде сатылған неғұрлым iрi объектілер, сондай-ақ жеке жобалар бойынша жекешелендiрмеген объектiлер сатып алушылардың инвестициялық мiндеттемелердi атқаруына тексеру жүргiзу жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру мақсатында тұрақты негiзде экономика, заңтану, технология және басқа салалардағы білікті маман-сарапшыларды тарту қажеттілiгiне себепшi болды. Осы мiндет консалтингтiк ұйымдарды тарту тетiгi арқылы iске асырылды.
Консалтингтiк ұйымдарды қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес тендер жүргiзу жолымен мемлекеттік уәкілеттi органы тартады.
Уәкiлеттi органмен жасасқан шарттың негiзiнде консалтингтiк ұйым сатып алушылардың шарттық мiндеттемелерiн орындауға бағалау жүргiзедi, уәкiлеттi органға инвесторлармен (сатып алушылармен) одан әрi өзара қарым-қатынастар бойынша нұсқаулар бередi. Консалтингтік ұйымның есебiн шарттық мiндеттемелердiң орындалуын бақылау үшiн құрылған ведомствоаралық комиссия қарайды. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi уәкiлеттi органның орындауы үшiн мiндеттi. 2001 жылдың басынан бастап ведомствоаралық комиссияның 23 отырысы өткен, олардың қорытындысы бойынша 74 сатып алу-сату шарты аяқталған болып танылды, 17 шарт бойынша қосымша келісімдер жасалды.
Жекешелендiрiлген объектiлердi сатып алу-сату шарттары ережелерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшiн консалтингтiк ұйымдарды тарту тәжiрибесi жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың осы тәсiлiнiң орындылығын және тиiмдiлiгiн, оны одан әрi қолдану қажеттiлiгiн көрсеттi.
Экономиканың (мұнай-газ, кен-металлургия, көлiк-коммуникация, энергетика, машина жасау) стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарға бақылауды нығайту мақсатында "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 3 мамырдағы № 491 қаулысы қабылданды.
Сол уақытта жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың қазiргi жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мемлекеттік мониторингiн заңнамалық қамтамасыз ету жоқ;
мүдделі мемлекеттік органдар олардың қызметін жақсарту жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау үшiн мониторинг объектiлерi істерінің жағдайы туралы қажеттi ақпаратты білмейдi.
Жекешелендiрiлген кәсiпорындарды басқару тиiмдiлiгiн мемлекеттік қадағалаудың заңнамалық негiздерiнiң болмауы мемлекет тарапынан мониторинг объектілерiн бақылау дәрежесi мен мүмкiндiктерiнде жағымсыз байқалады. Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi жиi еңбек, табиғатты қорғау заңнамасының нормалары мен ережелерi тиiсiнше сақталмай жүзеге асырылады, негiзгi қорлар жаңартылмайды, озыңқы технологиялар енгiзiлмейдi.
Өткен 10 жылда республикада 80%-дан астам өндiрiстiк қуаттар жекешелендiрiлген. 1996-1998 жылдар iшiнде мұнай өндiретiн, энергетикалық, металлургиялық және көлiк-коммуникациялық, кен өндiру салаларындағы 94 iрi кәсiпорынды жекешелендiру жүргiзiлген. Шетелдiк инвесторлар шамамен 90 өнеркәсiптiк объектiлердiң мүліктік кешендерi мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алған. Бұл ретте жекешелендiру процестерi рыноктық қатынастардың бір уақытта орнығуымен, сондай-ақ елдiң нормативтiк құқықтық базасының қалыптасуымен орын алған.
Республика құрылғаннан бергi жылдары жасалған жұмыстарды қорытындылау жүргiзу оның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жекешелендiруден кейiнгi құқықтық қамтамасыз етудi одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Экономиканың басты салаларында әрекет ететiн жекешелендiрілген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпараттың болмауы, сол сияқты тұтастай алғанда стратегиялық салалардың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн негiзделген шешiмдер қабылдауға әрекет етпейтiн жағымсыз фактор болады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық дамуының жоспарын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру үшiн мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттік мүлiктi тиiмдi пайдалану есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн арттыру;
мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту;
белгiлi бір салаларға және нақты кәсiпорындарға қатысты мемлекеттің стратегиялық мүдделерiне байланысты мемлекеттік меншiктiң құрылымын оңтайландыру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
мемлекеттік кәсiпорындардың және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттік меншiк объектілерінiң кешендiк мониторингiн қамтамасыз ету және мониторинг нәтижелерi бойынша дерекқорлар құру;
мемлекеттік активтердi басқару жүйесiн құру, мемлекеттік активтер мен мiндеттемелер теңгерiмiнiң әдiстемесiн әзiрлеу;
мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрмеген объектілердi басқару тиiмділiгiнiң мониторингiн қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның негізгi бағыттары және оны
iске асыру тетiгi
Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн "Мемлекеттік мүлiк мәселелерi жөніндегі кейбір заңнамалық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес олардың өкілеттiктерiнiң шектеулерi мен нақтылауларын ескере отырып, әр түрлi басқару субъектiлерiнiң мемлекеттік меншiк объектілерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделіп отыр.
ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856 қаулысымен 5.1-бөлімшесі өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5.1. Мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталында
мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық
қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру
Мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты бірқатар нақты шараларды iске асыру көзделедi.
Мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары мынадай функцияларды орындайды:
мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң басымды бағыттарын анықтау;
мемлекеттік кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлық қаржылық көрсеткiштердi, оларды беру кезеңділiгi мен тәртібін қарау және бекіту;
уәкілеттi органға олар белгiлеген мерзiмдерде тиiстi есептердi бере отырып, мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметi жоспарлық көрсеткiштерiнiң орындалуын талдау және бақылау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртiп пен мемлекеттік кәсiпорындарды оңтайландыру мақсатында олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және оларды аттестаттауды жүргiзу;
мемлекеттік кәсiпорын мүлкiнiң мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақтығына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен анықталатын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн белгiлеу мәселелерiнің реттелмегендiгiн жою үшiн алдағы кезеңде әзiрленген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн анықтау, келiсу және бекіту ережесi қолданылатын болады.
Мемлекеттік кәсiпорындар бюджеттік шектеулер шеңберiнде әрекет ететiн болады. Әрбір мемлекеттік кәсiпорын үшiн мемлекеттік басқару органы тиiстi кiрiстер және шығыстар сметасын (бюджет) бекiтетiн болады.
Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне (қатысудың мемлекеттік үлестерiне) иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға мынадай функциялар жүктеледi:
Қазақстан Республикасының Үкiметіне тиiстi есептердi бере отырып акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке тиесілi және экономиканың басты салаларында әрекет ететiн акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргiзу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен оларды оңтайландыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерi мемлекетке тиесілi акционерлік қоғамдар әкімшілік шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігi шектеулi серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерi жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
2003 жылы:
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің мөлшерлерiн жоспарлау тәртібі;
Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі;
5.1.1. Ұлттық компаниялардың қызметiн басқарудың тиiмдiлiгін арттыру
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес елiмiздің экономикасы үшiн стратегиялық маңызды объектiлер болып табылатын ұлттық компаниялардың секторын құру, ұлттық компанияларды басқарудың мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру - мемлекеттің басымды мiндеттерi болып орын алуда. Мақсаты: экономиканың басты салаларында әрекет ететiн отандық ұлттық компанияларды кәсiби менеджмент ұйымдарымен және озыңқы технологиялармен дүниежүзiлiк рынокқа шығару, бұл қорытындылай келгенде Қазақстанның шет елдегi рынок шарттарында бәсекелес бола алатын мемлекет ретiнде әсер ету саласын кеңейтуге ықпал етуi тиiс.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн негiзгi мiндетi экономиканың стратегиялық салаларындағы технологиялық байланысты өндiрiстердiң қызметiн басқаруға негiзделетiн ұлттық компаниялар базасында мемлекеттік холдингтер құруға мемлекет ықпалдасатын болады. Холдингтердi басқару негiзiне шығындарды оңтайландыруға, технологиялық және кадр саясатын өңдеуге, кәсiпорын қызметтерiн салалар шеңберiнде үйлестiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн корпоративтiк басқару.
Ұлттық компанияларға қатысты олардың жүйе құрау маңызын нығайтатын мемлекет стратегиясын iске асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi өнеркәсiптiк саясаты тұжырымдамасында (бұдан әрi Тұжырымдама) әзiрлеу қажет, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Үкiмет бағдарламасы) iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес 2003 жылдың басында әзiрленуi тиiс. Тұжырымдаманың негiзгi мiндеттерi: экономиканың қалыпты өсуiн қамтамасыз ету, заңнамалық, экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық жағдайларды құру негiзiнде өнеркәсiп салалары құрылымын сапалы түрде жаңарту, өндiрiстiң бәсекелестiк қабiлетiн және тиiмдiлiгiн арттыру.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң мемлекеттік бақылануын күшейту мақсатында ұлттық компаниялар тоқсан сайын өздерiнiң еншiлес тәуелдi ұйымдарының қаржылық ақпаратын Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретiн болады. Ұлттық компаниялардың бірiншi басшылары еншiлес, тәуелдi ұйымдарды және мемлекет компанияның жарғылық капиталына берген активтердi басқару туралы, сондай-ақ ұлттық компаниялардың даму жоспарының атқарылуы туралы директорлар кеңесiнiң алдында есеп беретiн болады. Көрсетiлген шаралар ұлттық компаниялардың және олардың еншiлес ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы неғұрлым толық елестетуге, инвестициялық бағдарламаларды және ұлттық компаниялардың дивидендтiк саясатын анықтау кезiнде экономикалық негiзделген қорытындылар әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
2003 жылы ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу, келiсу және бекіту тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу қажет.
Мемлекет тарапынан ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды нығайту, олардың еншiлес ұйымдары қызметiнiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн ұлттық компаниялардың директорлар кеңесi мәселелердiң тiзбесiн анықтайтын болады, олар бойынша еншiлес ұйымдар ұлттық компаниялар директорлар кеңесiнiң құзыретiне сәйкес олармен шешiмдер жобаларын жазбаша келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жетiлдiру, оларды оңтайландыру және негізсіз шығындарды жою үшiн әкiмшiлiк шығыстардың мониторингiн қамтамасыз ету мақсатында тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданатын болады.
5.2. Мемлекеттік меншiк объектілерінiң кешендi
мониторингiн қамтамасыз ету
"Мемлекеттік меншiк объектілерінiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттің үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 998 қаулысына сәйкес уәкілеттi орган шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кешендiк мониторингiн жүзеге асыру, деректер мониторингiнiң нәтижелерiн бірыңғай есепке алу ақпараттық базасын құру жөніндегі қызметтi нығайтатын болады. Бұл ретте кешендi мониторинг объектiлерi: