Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 3 ақпандағы N 118 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. N 856 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрі iске асыру мақсатында, "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 мамырдағы N 489 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділігiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 3 ақпандағы
N 118 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Астана - 2003 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және
атауы жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
2003-2005 жылдарға арналған салалық
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы
әзiрлеу 28 наурыздағы N 827 Жарлығымен
үшін бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
негіз 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы
21 шiлдедегі N 1095 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi
басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
негiзгi әзiрлеушiсi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi
Бағдарламаның Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн
басты мақсаты арттыру
Бағдарламаның Мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесiн жетiлдiру
негiзгi мiндеттерi және оның тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту
Бағдарламаны Бағдарлама мемлекеттiк бюджеттен
қаржыландыру қаржыландыруды талап етпейдi
көздерi
Бағдарламаны 2003-2005 жылдар
iске асыру
мерзiмi
2. Кiрiспе
Елдегi экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi шараларды қабылдау, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарымен анықталған мақсаттар мен міндеттер мемлекеттiк мүлiктi басқару мен билiк етудегi көзқарастарды одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмділігiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру барысында мемлекеттік мүлiктi басқару мәселелерi жөнiндегi заңнамалық базаны жетiлдiру жөнiнде маңызды қадам жасалды: "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк мүлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы қабылданды.
Мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша заң актілерiне өзгерiстер енгiзу, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiнің өкiлеттiктерi шектерiн белгiлеу және оларды нақтылау басқарудың әртүрлi субъектілерінің мемлекеттiк мүлiктің объектiлерiн басқаруының одан әрi мақсаттарын, мiндеттерiн және әдiстерiн айқындау, жоғарыда көрсетiлген Заңды iске асыру жөнiнде бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу қажеттiгiнің де алғы шарты болып табылады.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарламада мынадай негiзгi бағыттар бойынша:
мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесiн жетілдiру;
мемлекеттiк мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту;
мемлекеттiк меншiктің жекелеген объектілерiн басқарудың стратегиясын қалыптастыру, экономиканың стратегиялық салаларын бақылау және олардың дамуын реттеу;
мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жетiлдiру;
мемлекеттік мүлiктi мемлекет мүддесiне сәйкес жекешелендiрудi жүзеге асыру;
жекешелендiруге дейiнгi бақылауды жетiлдiру iс-шаралары кешенiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң қазiргi
уақыттағы жай-күйiн талдау
3.1. Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың заңнамалық базасы
Мемлекеттiк мүлiктi басқаруды жетiлдiру, Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк мүлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы (бұдан әрi - Заң) қабылданды.
Заңмен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлді.
Негiзгi өзгерiстер мемлекеттiк меншiктi республикалық және коммуналдыққа бөлу есебiмен бiртұтас уәкiлеттi органның мемлекеттiк меншiкке қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi ретiнде айқындау қажеттiлiгiне байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Жарлық) мемлекеттiк меншiкке құқығы бар субъектiнiң және мемлекеттiк кәсіпорындарға қатысты мемлекеттiк органның функцияларын шектеу бөлiгінде өзгерiстер енгiзiлдi; өкiлеттiктерiн кеңейту арқылы мемлекеттiк басқару органдарының тарапынан мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылауды күшейтуге бағытталған толықтырулар, сондай-ақ жауапкершiлiктi нығайту мақсатымен мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларына қатаң талаптар қоюға бағытталған толықтырулар енгiзiлдi.
Заң қабылданғанға дейiн қолданыста болған мемлекеттiк кәсiпорындарға негiзгi қаражаттар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының үлесi түрiнде оларға бекiтiлген мүлiктi шеттету құқығы, сондай-ақ өзiнiң қалауынша осы мүлiктi өткiзуден түскен ақшалай қаражатты пайдалану мүмкiндiгi меншiктенушi ретінде мемлекет мүддесiне нұқсан келтiрдi және мемлекеттiк мүлiктi бақылаусыз шеттету процесiне әкеп соқтырды. Заңға сәйкес негiзгi қаражатқа қатысты мемлекеттiк кәсіпорындардың мүлкi тек мемлекеттiк мүлiкке билiк ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi негiзiнде, ал жекелеген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша сатылатын болады. Бұл pетте, осы мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.
"Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Заңына өзгерiс мемлекеттiк кәсiпорындардың жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктің жарғылық капиталының қатысуына жол бермеудi енгiзу қажеттiгiне негiзделген.
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына енгiзiлген негiзгi өзгерiстер мен толықтырулар:
мемлекеттiк мекемелерге қоғамның құрылтайшылары немесе қатысушылары (акционерлерi) ретiнде қатысуына жол бермеудi белгiлеу;
"Алтын акция" иегерiнiң құқығын кеңейту және бекiту: "алтын акцияны" иелену шарты кезiнде мемлекет үшiн қосымша бақылау тәсілi болып табылатын акционерлiк қоғамның жалпы жиналысы, басқарма және директорлар кеңесiнiң шешiмiне тыйым салу, соның ішінде "алтын акциямен" куәландырылған тыйым салу құқығының қабылданған өзгерiстерiне сәйкес болғандықтан жекешелендiруге дейін мүмкіндік беруге жатпайды; директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi бекiтуiн қарау;
көрсетiлген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердiң болжамдалған мөлшерiнiң көрсеткiшiн белгiленген мерзiмдерде беру мiндетiн қоғамның атқарушы органына бекiту;
директорлар кеңесiнің құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау кезінде тәуелсiз сарапшыларды, консультанттарды тарту құқығын директорлар кеңесінің мүшелерiне беру.
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi "Жекешелендiру туралы" Жарлық) жекешелендiру процестерiн жетiлдiру мақсатында Заңмен әлемдiк тәжiрибеде қабылданған қосымша сауда түрлерi: екі кезеңдiк рәсiмдер жолымен конкурс (бұдан әрi - конкурс), бағалы қағаздарды сату енгiзілдi.
Конкурс бiлiктi қаржы кеңесшiсінің қатысуымен екi кезеңде өтетiн болады және әлеуеттi сатып алушылар (инвесторлар) арасында бәсекелестiк белгiлеуге қабілеттi болғандықтан iрi стратегиялық маңызды объектiлердi жекешелендiрудің неғұрлым қолайлы тәсiлi болып табылады. Сауданың осы түрi инвесторлармен келiссөздер өткiзу барысында объектiлердiң бұрын ұсынылған сату шартын жақсартуға және сапа негiзінде жеңiмпазды таңдауды жүзеге асыруға жол бередi.
Туынды бағалы қағаздарды жүзеге асыру:
әлеуеттi инвесторлар шеңберiн кеңейтуге;
капиталдың халықаралық рыногында қазақстандық компаниялардың имиджiн көтеруге бағытталған.
Бұдан басқа, туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде компаниядан талап етілетін шарттар олардың қызметінің айқындылығын, демек инвесторлардың қатерiн барынша азайту деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Осыған байланысты, бұрын қолданылған "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың мемлекеттiк меншiктің объектiлерiн сату тәртiбi туралы ережелерi биржа саудасын ұйымдастыру және өткiзу ерекшелiгiн, мемлекетке жататын бағалы қағаздарды қор биржасында сату жөнiнде "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың нормасын көрсетпедi, жеке бапта толықтырылды және бөлiп көрсетілдi.
Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатып алушылардың мiндеттемелердi орындауын бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында "Жекешелендiру туралы" Жарлыққа сатып алу-сату келiсімдерiнің шарттарына сәйкес сатып алушылар өзiне алған орындауға тиiстi мiндеттемелердi қамтамасыз етуге бағытталған өзгерiс қабылданды.
Мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi басқарудың басты тұтқасының бiрi көкейтестi құқықтық базаның болуы болып табылатыны сөзсiз. Қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлiктi (республикалық та, коммуналдық та меншiк бойынша) басқару және билiк ету мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық актiлерге тексеру жүргiзу мемлекеттiк меншiктi басқару саласында бiрiншi деңгейдегi мiндет болып табылады.
3.2. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жалпы саны 451 кәсiпорынды, соның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 165 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 286 кәсiпорынды құрады. Осы күнге коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жалпы саны 5 380 кәсiпорынды, олардың шаруашылық жүргiзу құқығындағысы 998 және жедел басқару құқығындағысы - 4382 кәсіпорынды құрады.
"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Жарлыққа сәйкес аталған мемлекеттік кәсіпорындар тiзбесiн: республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық мемлекеттiк кәсіпорындар бойынша - жергіліктi атқарушы органдар бекiтедi.
Мемлекеттiк бюджетке таза табыс бөлiгiнің түсiмдерi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жыл кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттiк бюджетке мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс бөлігінің түсуi, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер |
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 55 700 452 063 528 078 | 67 775 382 703 636 934 | 55 700 390 645 500 895 | 55 098 331 231 576 706 | - 61 418 27 183 | 12 677 51 472 60 228 |
Жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштерден мемлекеттiк кәсiпорындарды
басқарудың тиiмділігiн арттыруға бағытталған бағдарламалық iс-шараларды
iске асыру қорытындысында мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының
бөлiгi мемлекеттiк бюджетке түсiмдердің неғұрлым артқаны көрiнедi. 2001
жылы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнен бюджетке аударымдар
мөлшерi 2000 жылмен салыстырғанда 68 млн. теңгеден 383 млн. теңгеге дейiн
- 6 eceгe дейiн артты. 2002 жылға мемлекеттiк кәсіпорындардың таза табыс
бөлiгiнен мемлекеттiк бюджетке 528 млн. теңге мөлшерiнде аударымдар
көзделдi, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таза табыс бөлiмнен
бюджетке аударымдар сомасы 637 млн. теңгенi құрады, ол жылдық жоспардың
121 %-ын құрады.
2001 жылдың қорытындылары бойынша 102 республикалық мемлекеттiк
кәсiпорын 20 944 млн. теңге сомасында таза табыс алды. Бұл ретте, 2002
жылы республикалық бюджеттiң табысына республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң 576,7 млн. теңге сомасында аударымы
түстi. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан алынатын таза табысының
үлкен бөлiгiн (86,8%) үш республикалық мемлекеттiк кәсiпорын құрайтынын
атап айту қажет: ұлттық компаниялар болып табылатын "Қазақстан темiр
жолы" РМК (74% немесе 15 524 млн. теңге), "Қазәуенавигация" РМК (7,7%
немесе 1 615 млн. теңге) және "Ақтау теңiз сауда порты" РМК (5% немесе 1
045 млн. теңге). Солармен бiрге, "Қазақстан темiр жолы" РМК, "Ақтау теңiз
сауда порты" РМК ұлттық компаниялары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмдерiне сәйкес таза табысы бөлiгiнде республикалық бюджетке
аударымдардан босатылады. Бұдан басқа, 36 республикалық мемлекеттiк
кәсiпорын 2001 жылғы қорытынды бойынша 16 271 млн. теңге сомасында залал
келтiрген.
2001 жылғы қорытынды бойынша 405 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын 1
183 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте 2002 жылы жергiлiктi
бюджеттерге коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң
60,2 млн. теңге сомасында немесе 2001 жылы олар алған таза табыс
сомасынан 1,3% сомасында түсiмдер түстi. 698 кәсiпорын 2 420 млн. теңге
сомасында залал келтiрдi.
Мемлекеттiк кәсіпорындардың таза табысы бөлiгiнен мемлекеттiк
бюджетке түсiмдердiң артуының жалпы деңгейiне қарамастан, мемлекеттiк
кәсiпорындардың пайдасынан түсiмдер олар алатын таза табыспен
салыстырғанда әлi күнге ескерусiз қалып келедi. Бұдан басқа, мемлекеттiк
басқарудың жергiлiктi органдары тарапынан қажеттi бақылаудың болмауынан,
бөлшегiнiң тиiмсiз басқаруға байланысты болуынан коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорындардың көпшiлiгi залалды болып табылады. Жақын кезеңде залалды
және табысы төмен деңгейдегi мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекет
ұстанымын нақты белгiлеу: мемлекет мүддесiн және оған жүктелген
мiндеттердi ескере отырып мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiнде болуының
орындылығын айқындау, заңды тұлғалардың өзге де ұйымдастыру-құқықтық
нысанын қайта құру және тарату мүмкiндiгiн қарау қажет. Сонымен бiрге,
кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне мемлекеттiк басқару органдарының
тарапынан бақылауды күшейту, олардың қаржылай жай-күйiне мемлекеттiк
кәсiпорындар басшыларының жауапкершiлiгiн нығайту ескертедi.
3.3. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы
бар заңды тұлғаларды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 499 акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң (бұдан әрi - серiктестiк), оның республикалық меншiктегiсi - 219 акционерлiк қоғам мен серiктестiк, коммуналдық меншiктегiсi - 280 акционерлiк қоғам мен серiктестiк акцияларының пакеттерi мен қатысуының үлестерi мемлекеттiк меншiкте болып табылды.
Мемлекеттiк бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердiң түсуi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жылда кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттiк меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтердің түсуі, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер |
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 1 278 536 5 929 368 5 849 833 | 1 251 893 6 062 629 6 909 943 | 1 142 200 5 859 889 5 800 000 | 1 169 485 6 006 545 6 787 339 | 136 336 69 479 49 833 | 82 408 56 084 122 604 |
Келтiрiлген көрсеткiштерден 2001 жылы акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiне дивидендтердiң түсуi өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым
артқаны (5 млрд. теңгеге дейiн) көрiнедi. Осы қорытындының республикалық
меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсуiнiң
артуына байланысты екенiн, жергілiктi бюджетке коммуналдық меншiк болып
табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсу сомасы 32%-ға
төмендегенiн атап айту қажет. 2002 жылы акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiне дивидендтердің мемлекеттiк бюджетке түсуi 5 850 млн. теңге
мөлшерiнде көзделген, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы
көрсеткiштер бойынша түсiмдер сомасы 6 910 млн. теңгенi немесе жылдық
жоспардың 118%-ын құрады. Бұл ретте, акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне
дивидендтер түсуiнiң жалпы сомасындағы елеулi үлестi "ҚазМұнайГаз" ҰК"
ЖАҚ (100% АМП) - 25% немесе 1 742,5 млн. теңге, "СNРС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ
(25,2% АМП) - 21% немесе 1 440,8 млн. теңге және "Қазақмыс" корпорациясы"
ААҚ-дай (24,65% АМП) - 18% немесе 1 260,1 млн. теңге, осындай iрi
өндiрiстiк компаниялардың үлесi құрайды.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттiк пакетi
(қатысудың үлесi) республикалық меншiкте болып табылатын 85 акционерлiк
қоғам (серiктестiк) 52 433 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл
ретте 2002 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсiне 2001 жылы олар алған
таза табыстың сомасынан 13%-ды құрайтын 6 787 млн. теңге сомасында
акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер аударылды. Жарғылық
капиталында мемлекеттiң қатысуы бар 67 акционерлiк қоғам (серiктестiк) 16
080 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттiк пакетi
(қатысудың үлесi) коммуналдық меншiкте болып табылатын 74 акционерлiк
қоғам (серiктестiк) 871,1 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте
2002 жылы жергілiктi бюджетке 122,6 млн. теңге немесе 2001 жылы алынған
таза табыстың сомасынан 14% сомасында акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне
дивидендтер аударылды. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар 163
акционерлiк қоғам (серiктестiк) 3 521 млн. теңге сомасында залал
келтiрдi.
Жоғарыда келтiрiлген қорытындылар акциялардың мемлекеттiк пакетi
(қатысудың үлесi) акциялардың осы пакеттерiне (қатысудың үлестерiне)
иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
(министрлiктер, ведомстволар, агенттiктер, өзге де осыған уәкiлеттi
орталық мемлекеттiк органдар) тарапынан республикалық меншiкте болып
табылатын акционерлiк қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық
қызметiнiң қорытындыларына тиiмдi бақылаудың жеткiлiксiздiгi және
қарауында коммуналдық меншiктiң акциялар пакетi (қатысудың үлесi) бар
жергілiктi атқарушы органдар тарапынан бақылау мен жоспарлауды
ұйымдастырудың төмендiгi туралы куәландырады.
3.3.1. Ұлттық компанияларды басқару ерекшелiктерi
2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұлттық компаниялардың саны 13 заңды тұлғаны, оның 11-i акционерлiк қоғамды, 2-i республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды құрайды.
Ұлттық компаниялар ұлттық экономика негiзiн құрайтын стратегиялық маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылады.
Осыған байланысты, ұлттық компанияларға акционерлiк қоғамдар ретiнде және де мемлекеттік кәсiпорындар жатады, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы (бұдан әрi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заң) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығы олардың қызметiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер болып табылады.
Ұлттық компаниялар жыл сайын сырғымалы негiзде үш жыл мерзiмге өзiнiң даму жоспарын (бұдан әрі - Даму жоспары) әзiрлейдi. Даму жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарына ұлттық компаниялар дамуының негiзгi бағыттарын енгiзу мен негiзгi көрсеткiштерiн болжауды көздейтiн индикативтi жоспарлаудың қолданылып жүрген жүйесi шеңберiнде әзiрленедi. Даму жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң:
"Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290;
ұлттық компаниялардың әкiмшiлiк шығындарын оңтайландыру мәселелерiне қатысты - "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулылары қабылданды.
"Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiстiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 1159 қаулысына сәйкес ұлттық компаниялардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер есептеу Даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Дивидендтердiң түпкiлiктi мөлшері акционерлердiң жалпы жиналысында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заңға сәйкес бекiтiледi.
2000 жылдың қорытындысы бойынша 10 ұлттық компания 45 794 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 4 ұлттық компания 9 031 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Республикалық бюджетке 2001 жылы акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер тек үш ұлттық компаниядан: "МЖЗҚ" ЖАҚ, "Қазтрансойл" ЖАҚ және "Қазәуенавигация" РМК-ы 719,5 млн. теңге аударды, қалған ұлттық компаниялар республикалық бюджетке дивидендтер (таза табыстың бөлiгiн) аудармады (қаражат өндiрiстi дамытуға, жағымсыз қаржы қорытындысынан залалдар мен кредиттердi өтеуге жiберiлдi).
2001 жылдың қорытындысы бойынша 12 ұлттық компания 36 698 млн. теңге сомасында таза табыс алды, 2 ұлттық компания 11 476 млн. теңге сомасында, соның iшiнде "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ 11 050 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
Жекелеген ұлттық компаниялардың, өз кезегiнде, өзiнiң еншiлес ұйымдары болатын еншiлес ұйымдар бар екенiн атап өту маңызды. Нәтижесiнде үйлестiру функциялары мен жалпы басқаруды бас компаниялар жүзеге асыратын сатылас интеграциялаумен холдингтер құрылады. Бұл ретте, акционер ретiндегi мемлекеттiң қолында осы кезеңде холдинг ұйымының қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары туралы толық ақпарат болмады.
Бүгiнгi таңдағы проблемалары:
холдингтердегi толықтай қаржы-шаруашылық қызметiнiң айқындылық деңгейiнiң жетiспеушiлігi;
ұлттық компаниялардан республикалық бюджетке түсетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердiң сомасы олар алатын таза табыспен салыстырғанда мардымсыз;
ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн, оларды iске асыру мониторингiнiң жүзеге асыру тетiгiн айқындау жөнiнде өлшемi жоқ.
3.4. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу
Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу мақсаты мемлекеттiк мүдделер есебiмен оны пайдалану жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау мақсатымен мемлекеттiк мүлiктiң мониторингi үшiн жағдай жасауда мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң сақталуын және жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етумен аяқталады.
"Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына сәйкес мемлекеттiк мүлiктi есепке алу Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.