Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20
наурыздағы № 357 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттік нөмiрi 1.5-жолдың 5-бағанындағы "2003 жылдың 4 тоқсаны" деген сөздер "2004 жылғы 30 сәуiр" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |