Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 3 ақпандағы № 118 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. № 856; 20.03.04 ж. № 357
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 538 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрі iске асыру мақсатында, "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 мамырдағы № 489 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділігiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 357 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 3 ақпандағы
№ 118 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін
арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Астана - 2003 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және
атауы жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
2003-2005 жылдарға арналған салалық
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
әзiрлеу 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен
үшін бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
негіз 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы
21 шiлдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi
басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
негiзгi әзiрлеушiсi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн
басты мақсаты арттыру
Бағдарламаның Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiн жетiлдiру
негiзгi мiндеттерi және оның тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту
Бағдарламаны Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен
қаржыландыру қаржыландыруды талап етпейдi
көздерi
Бағдарламаны 2003-2005 жылдар
iске асыру
мерзiмi
2. Кiрiспе
Елдегi экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шараларды қабылдау, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарымен анықталған мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік мүлiктi басқару мен билiк етудегi көзқарастарды одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмділігiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру барысында мемлекеттік мүлiктi басқару мәселелерi жөніндегі заңнамалық базаны жетiлдiру жөнiнде маңызды қадам жасалды: "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы қабылданды.
Мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша заң актілерiне өзгерістер енгізу, мемлекеттік меншiк объектілерін басқару субъектiлерiнің өкiлеттiктерi шектерiн белгiлеу және оларды нақтылау басқарудың әртүрлi субъектілерінің мемлекеттік мүлiктің объектілерін басқаруының одан әрi мақсаттарын, мiндеттерiн және әдiстерiн айқындау, жоғарыда көрсетiлген Заңды iске асыру жөнiнде бірқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу қажеттiгiнің де алғы шарты болып табылады.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарламада мынадай негiзгi бағыттар бойынша:
мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiн жетілдiру;
мемлекеттік мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту;
мемлекеттік меншiктің жекелеген объектілерiн басқарудың стратегиясын қалыптастыру, экономиканың стратегиялық салаларын бақылау және олардың дамуын реттеу;
мемлекеттік мүлiктi есепке алуды жетiлдiру;
мемлекеттік мүлiктi мемлекет мүддесiне сәйкес жекешелендiрудi жүзеге асыру;
жекешелендiруге дейiнгi бақылауды жетiлдiру iс-шаралары кешенiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң қазiргi
уақыттағы жай-күйiн талдау
3.1. Мемлекеттік мүлiктi басқарудың заңнамалық базасы
Мемлекеттік мүлiктi басқаруды жетiлдiру, Мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы (бұдан әрi - Заң) қабылданды.
Заңмен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізiлді.
Негiзгi өзгерістер мемлекеттік меншiктi республикалық және коммуналдыққа бөлу есебiмен біртұтас уәкiлеттi органның мемлекеттік меншiкке қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi ретiнде айқындау қажеттiлiгiне байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлық) мемлекеттік меншiкке құқығы бар субъектiнiң және мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік органның функцияларын шектеу бөлiгінде өзгерістер енгiзiлдi; өкiлеттiктерiн кеңейту арқылы мемлекеттік басқару органдарының тарапынан мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылауды күшейтуге бағытталған толықтырулар, сондай-ақ жауапкершiлiктi нығайту мақсатымен мемлекеттік кәсiпорындар басшыларына қатаң талаптар қоюға бағытталған толықтырулар енгiзiлдi.
Заң қабылданғанға дейiн қолданыста болған мемлекеттік кәсiпорындарға негiзгi қаражаттар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының үлесi түрiнде оларға бекітілген мүлiктi шеттету құқығы, сондай-ақ өзiнiң қалауынша осы мүлiктi өткізуден түскен ақшалай қаражатты пайдалану мүмкiндiгi меншiктенушi ретінде мемлекет мүддесiне нұқсан келтiрдi және мемлекеттік мүлiктi бақылаусыз шеттету процесiне әкеп соқтырды. Заңға сәйкес негiзгi қаражатқа қатысты мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкi тек мемлекеттік мүлiкке билiк ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде, ал жекелеген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша сатылатын болады. Бұл ретте, осы мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
"Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына өзгерiс мемлекеттік кәсiпорындардың жауапкершілiгi шектеулi серіктестіктің жарғылық капиталының қатысуына жол бермеудi енгізу қажеттiгiне негiзделген.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына енгiзiлген негiзгi өзгерістер мен толықтырулар:
мемлекеттік мекемелерге қоғамның құрылтайшылары немесе қатысушылары (акционерлерi) ретiнде қатысуына жол бермеудi белгiлеу;
"Алтын акция" иегерiнiң құқығын кеңейту және бекіту: "алтын акцияны" иелену шарты кезiнде мемлекет үшiн қосымша бақылау тәсілi болып табылатын акционерлік қоғамның жалпы жиналысы, басқарма және директорлар кеңесiнiң шешіміне тыйым салу, соның ішінде "алтын акциямен" куәландырылған тыйым салу құқығының қабылданған өзгерістерiне сәйкес болғандықтан жекешелендiруге дейін мүмкіндік беруге жатпайды; директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi директорлар кеңесiнiң қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзімдік және ағымдағы (жылдық) жоспарларын мiндеттi бекітуiн қарау;
көрсетiлген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердiң болжамдалған мөлшерiнiң көрсеткiшiн белгiленген мерзiмдерде беру мiндетiн қоғамның атқарушы органына бекіту;
директорлар кеңесiнің құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау кезінде тәуелсiз сарапшыларды, консультанттарды тарту құқығын директорлар кеңесінің мүшелерiне беру.
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi "Жекешелендiру туралы" Жарлық) жекешелендiру процестерiн жетiлдiру мақсатында Заңмен әлемдiк тәжiрибеде қабылданған қосымша сауда түрлерi: екі кезеңдiк рәсiмдер жолымен конкурс (бұдан әрi - конкурс), бағалы қағаздарды сату енгiзілдi.
Конкурс біліктi қаржы кеңесшiсінің қатысуымен екi кезеңде өтетiн болады және әлеуеттi сатып алушылар (инвесторлар) арасында бәсекелестiк белгiлеуге қабілеттi болғандықтан iрi стратегиялық маңызды объектiлердi жекешелендiрудің неғұрлым қолайлы тәсiлi болып табылады. Сауданың осы түрi инвесторлармен келiссөздер өткізу барысында объектiлердiң бұрын ұсынылған сату шартын жақсартуға және сапа негiзінде жеңiмпазды таңдауды жүзеге асыруға жол бередi.
Туынды бағалы қағаздарды жүзеге асыру:
әлеуеттi инвесторлар шеңберiн кеңейтуге;
капиталдың халықаралық рыногында қазақстандық компаниялардың имиджiн көтеруге бағытталған.
Бұдан басқа, туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде компаниядан талап етілетін шарттар олардың қызметінің айқындылығын, демек инвесторлардың қатерiн барынша азайту деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Осыған байланысты, бұрын қолданылған "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың мемлекеттік меншiктің объектілерін сату тәртібі туралы ережелерi биржа саудасын ұйымдастыру және өткізу ерекшелiгiн, мемлекетке жататын бағалы қағаздарды қор биржасында сату жөнiнде "Жекешелендiру туралы" Жарлықтың нормасын көрсетпедi, жеке бапта толықтырылды және бөлiп көрсетілдi.
Мемлекеттік меншiк объектілерін сатып алушылардың мiндеттемелердi орындауын бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында "Жекешелендiру туралы" Жарлыққа сатып алу-сату келiсімдерiнің шарттарына сәйкес сатып алушылар өзiне алған орындауға тиiстi мiндеттемелердi қамтамасыз етуге бағытталған өзгерiс қабылданды.
Мемлекеттік мүлiктi тиiмдi басқарудың басты тұтқасының бірi көкейтестi құқықтық базаның болуы болып табылатыны сөзсiз. Қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлiктi (республикалық та, коммуналдық та меншiк бойынша) басқару және билiк ету мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық актiлерге тексеру жүргiзу мемлекеттік меншiктi басқару саласында бірiншi деңгейдегi мiндет болып табылады.
3.2. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 451 кәсiпорынды, соның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 165 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 286 кәсiпорынды құрады. Осы күнге коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы саны 5 380 кәсiпорынды, олардың шаруашылық жүргiзу құқығындағысы 998 және жедел басқару құқығындағысы - 4382 кәсіпорынды құрады.
"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлыққа сәйкес аталған мемлекеттік кәсіпорындар тiзбесiн: республикалық мемлекеттік кәсiпорындар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша - жергіліктi атқарушы органдар бекiтедi.
Мемлекеттік бюджетке таза табыс бөлiгiнің түсiмдерi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жыл кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлігінің түсуi, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер |
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 55 700 452 063 528 078 | 67 775 382 703 636 934 | 55 700 390 645 500 895 | 55 098 331 231 576 706 | - 61 418 27 183 | 12 677 51 472 60 228 |
Жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштерден мемлекеттік кәсiпорындарды
басқарудың тиiмділігiн арттыруға бағытталған бағдарламалық iс-шараларды
iске асыру қорытындысында мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының
бөлiгi мемлекеттік бюджетке түсiмдердің неғұрлым артқаны көрiнедi. 2001
жылы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнен бюджетке аударымдар
мөлшерi 2000 жылмен салыстырғанда 68 млн. теңгеден 383 млн. теңгеге дейiн
- 6 есеге дейiн артты. 2002 жылға мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс
бөлiгiнен мемлекеттік бюджетке 528 млн. теңге мөлшерiнде аударымдар
көзделдi, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таза табыс бөлiмнен
бюджетке аударымдар сомасы 637 млн. теңгенi құрады, ол жылдық жоспардың
121 %-ын құрады.
2001 жылдың қорытындылары бойынша 102 республикалық мемлекеттік
кәсiпорын 20 944 млн. теңге сомасында таза табыс алды. Бұл ретте, 2002
жылы республикалық бюджеттiң табысына республикалық мемлекеттік
кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң 576,7 млн. теңге сомасында аударымы
түстi. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан алынатын таза табысының
үлкен бөлiгiн (86,8%) үш республикалық мемлекеттік кәсiпорын құрайтынын
атап айту қажет: ұлттық компаниялар болып табылатын "Қазақстан темір
жолы" РМК (74% немесе 15 524 млн. теңге), "Қазәуенавигация" РМК (7,7%
немесе 1 615 млн. теңге) және "Ақтау теңiз сауда порты" РМК (5% немесе 1
045 млн. теңге). Солармен бірге, "Қазақстан темір жолы" РМК, "Ақтау теңiз
сауда порты" РМК ұлттық компаниялары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
шешiмдерiне сәйкес таза табысы бөлiгiнде республикалық бюджетке
аударымдардан босатылады. Бұдан басқа, 36 республикалық мемлекеттік
кәсiпорын 2001 жылғы қорытынды бойынша 16 271 млн. теңге сомасында залал
келтiрген.
2001 жылғы қорытынды бойынша 405 коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын 1
183 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте 2002 жылы жергiлiктi
бюджеттерге коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң
60,2 млн. теңге сомасында немесе 2001 жылы олар алған таза табыс
сомасынан 1,3% сомасында түсiмдер түстi. 698 кәсiпорын 2 420 млн. теңге
сомасында залал келтiрдi.
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлiгiнен мемлекеттік
бюджетке түсiмдердiң артуының жалпы деңгейiне қарамастан, мемлекеттік
кәсiпорындардың пайдасынан түсiмдер олар алатын таза табыспен
салыстырғанда әлi күнге ескерусiз қалып келедi. Бұдан басқа, мемлекеттік
басқарудың жергiлiктi органдары тарапынан қажеттi бақылаудың болмауынан,
бөлшегiнiң тиiмсiз басқаруға байланысты болуынан коммуналдық мемлекеттік
кәсiпорындардың көпшiлiгi залалды болып табылады. Жақын кезеңде залалды
және табысы төмен деңгейдегi мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекет
ұстанымын нақты белгiлеу: мемлекет мүддесiн және оған жүктелген
мiндеттердi ескере отырып мемлекеттік кәсiпорындар мәртебесiнде болуының
орындылығын айқындау, заңды тұлғалардың өзге де ұйымдастыру-құқықтық
нысанын қайта құру және тарату мүмкiндiгiн қарау қажет. Сонымен бірге,
кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне мемлекеттік басқару органдарының
тарапынан бақылауды күшейту, олардың қаржылай жай-күйiне мемлекеттік
кәсiпорындар басшыларының жауапкершiлiгiн нығайту ескертедi.
3.3. Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы
бар заңды тұлғаларды басқару
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 499 акционерлік қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктiң (бұдан әрi - серіктестік), оның республикалық меншiктегiсi - 219 акционерлік қоғам мен серіктестік, коммуналдық меншiктегiсi - 280 акционерлік қоғам мен серіктестік акцияларының пакеттерi мен қатысуының үлестерi мемлекеттік меншiкте болып табылды.
Мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң түсуi бойынша деректер 2000 жылдан бастап 2002 жылда кезеңiне былайша көрiнiс табады:
Кезеңi | Мемлекеттік меншік болып табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтердің түсуі, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергiлiктi бюджеттер |
Жоспар | Фактi | Жоспар | Фактi | Жоспар | Факті |
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. | 1 278 536 5 929 368 5 849 833 | 1 251 893 6 062 629 6 909 943 | 1 142 200 5 859 889 5 800 000 | 1 169 485 6 006 545 6 787 339 | 136 336 69 479 49 833 | 82 408 56 084 122 604 |
Келтiрiлген көрсеткiштерден 2001 жылы акциялардың мемлекеттік
пакеттерiне дивидендтердiң түсуi өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым
артқаны (5 млрд. теңгеге дейiн) көрiнедi. Осы қорытындының республикалық
меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсуiнiң
артуына байланысты екенiн, жергілiктi бюджетке коммуналдық меншiк болып
табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердiң түсу сомасы 32%-ға
төмендегенiн атап айту қажет. 2002 жылы акциялардың мемлекеттік
пакеттерiне дивидендтердің мемлекеттік бюджетке түсуi 5 850 млн. теңге
мөлшерiнде көзделген, 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы
көрсеткiштер бойынша түсiмдер сомасы 6 910 млн. теңгенi немесе жылдық
жоспардың 118%-ын құрады. Бұл ретте, акциялардың мемлекеттік пакеттерiне
дивидендтер түсуiнiң жалпы сомасындағы елеулi үлестi "ҚазМұнайГаз" ҰК"
ЖАҚ (100% АМП) - 25% немесе 1 742,5 млн. теңге, "СNРС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ
(25,2% АМП) - 21% немесе 1 440,8 млн. теңге және "Қазақмыс" корпорациясы"
ААҚ-дай (24,65% АМП) - 18% немесе 1 260,1 млн. теңге, осындай iрi
өндiрiстiк компаниялардың үлесi құрайды.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетi
(қатысудың үлесi) республикалық меншiкте болып табылатын 85 акционерлік
қоғам (серіктестік) 52 433 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл
ретте 2002 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсiне 2001 жылы олар алған
таза табыстың сомасынан 13%-ды құрайтын 6 787 млн. теңге сомасында
акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер аударылды. Жарғылық
капиталында мемлекеттің қатысуы бар 67 акционерлік қоғам (серіктестік) 16
080 млн. теңге сомасында залал келтiрдi.
2001 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетi
(қатысудың үлесi) коммуналдық меншiкте болып табылатын 74 акционерлік
қоғам (серіктестік) 871,1 млн. теңге сомасында таза табыс алды, бұл ретте
2002 жылы жергілiктi бюджетке 122,6 млн. теңге немесе 2001 жылы алынған
таза табыстың сомасынан 14% сомасында акциялардың мемлекеттік пакеттерiне
дивидендтер аударылды. Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 163
акционерлік қоғам (серіктестік) 3 521 млн. теңге сомасында залал
келтiрдi.
Жоғарыда келтiрiлген қорытындылар акциялардың мемлекеттік пакетi
(қатысудың үлесi) акциялардың осы пакеттерiне (қатысудың үлестерiне)
иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
(министрлiктер, ведомстволар, агенттiктер, өзге де осыған уәкiлеттi
орталық мемлекеттік органдар) тарапынан республикалық меншiкте болып
табылатын акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық
қызметiнiң қорытындыларына тиiмдi бақылаудың жеткiлiксiздiгi және
қарауында коммуналдық меншiктiң акциялар пакетi (қатысудың үлесi) бар
жергілiктi атқарушы органдар тарапынан бақылау мен жоспарлауды
ұйымдастырудың төмендiгi туралы куәландырады.
3.3.1. Ұлттық компанияларды басқару ерекшелiктерi
2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұлттық компаниялардың саны 13 заңды тұлғаны, оның 11-i акционерлік қоғамды, 2-i республикалық мемлекеттік кәсiпорынды құрайды.
Ұлттық компаниялар ұлттық экономика негiзiн құрайтын стратегиялық маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылады.
Осыған байланысты, ұлттық компанияларға акционерлік қоғамдар ретiнде және де мемлекеттік кәсiпорындар жатады, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы (бұдан әрi "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы олардың қызметiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер болып табылады.
Ұлттық компаниялар жыл сайын сырғымалы негiзде үш жыл мерзiмге өзiнiң даму жоспарын (бұдан әрі - Даму жоспары) әзiрлейдi. Даму жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарына ұлттық компаниялар дамуының негiзгi бағыттарын енгізу мен негiзгi көрсеткiштерiн болжауды көздейтiн индикативтi жоспарлаудың қолданылып жүрген жүйесi шеңберiнде әзiрленедi. Даму жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.