төлеуге берілетін шотта көрсетілген мәлiметтердiң растайтын құжаттардың деректерiмен сәйкестігiн тексередi.
143. Талаптар деректерi сәйкес келген кезде төлеуге берілетін шотты үш жұмыс күнiнiң iшiнде Төлеуге берілетін шоттардың тiзілiмiне сәйкес мемлекеттік мекемеден оларды қабылдау күнiнен бастап қазынашылықтың аумақтық органы орындайды. Талаптардың деректерi сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот үш жұмыс күнінің ішінде қателерiн көрсете отырып оларды жою үшін қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы бар ресми хатпен қайтарылады.
16-тарау. Төлеуге берілетiн шотты ресiмдеу
144. Төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың қолдарын және қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік мекеме мөрiнiң бедерiн қамтуы тиiс.
145. Төлеуге берілетін шотта "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесi көрсетiлуi тиiс. "Ағымдағы" төлеуге берілетін шот аванстық (алдын ала) төлемдi қоса алғанда Мiндеттемелердi тiркеу туралы тиiстi хабарламаны (тапсырысты) алдын ала төлеу кезiнде беріледі. "Түпкiлiктi" мәртебесi бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменiң тиiстi мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшін беріледі.
Төлеуге берілетін шоттарда нөмiрi мен күнi көрсетіледi.
146. Төлеуге берілетін шот қазынашылықтың аумақтық органына мемлекеттік мекеме берген күннен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде орындалады.
147. "Мемлекеттік мекеме" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "CTH" бағандарында мемлекеттік мекеменiң атауы, тиiсiнше мемлекеттік мекеме салық төлеушiсiнiң коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
148. "Аумақтық қазынашылық" бағанында: облыстар, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың қазынашылық департаменттерi, БСК 195301070, бюджеттің қолма-қол ақшасы бақылау шотының жеке сәйкестiрме коды (ЖСК) немесе мемлекеттік мекеменiң шоттары көрсетiледi, ол бойынша төлем жүргiзіледi.
149. "Қаржыландыру көзi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзілетін қаржыландыру көзi мынадай нышанмен көрсетiледi:
1 - үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан басқа бюджет есебiнен,
2 - үкiметтiк сыртқы қарыз есебiнен,
3 - мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен,
4 - мемлекеттік мекеменiң демеушілiк және қайырымдылық көмектен алатын ақша есебiнен,
5 - мемлекеттік мекемелердiң депозит шоттарына есептеген ақша есебiнен,
8 - айырықша шығыстар есебiнен,
I - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитив есебiнен.
150. "Бюджеттiң түрi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзiлетiн мынадай белгі қоя отырып, бюджет көрсетіледi:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi,
03 - аудандық (облыстық бюджеттiң қалалары) бюджет.
"Шығыстардың БСК" бағаны бюджеттен немесе мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебiнен шығыс операцияларын жүзеге асыру кезiнде толтырылады, онда дәйектi түрде мыналар көрсетіледi:
бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң коды (үш белгi),
бюджеттік бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттік кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң коды (үш белгi) - бюджет қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ақылы қызметтер түрiнiң коды (екі белгi) көрсетіледi.
151. "Кiрiстердiң БСК" бағаны бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде толтырылады.
"КОд", "БЕК", "TTК" бағандарын толтыру банктiк заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
152. Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес төлем жүргiзу кезiнде тиісті өтiнiмнiң, Хабарламаның (Тапсырыстың) және тиiстi Хабарлама (Тапсырыс) бойынша соңынан төленген төлемге берілетін шоттың нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
"Беруші" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "СТН" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауы, салық төлеушінің немесе бюджет қаражатын алушының коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
153. "ЖСК", "БСК", "Банк" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы жеке сәйкестірме коды және тиiсiнше қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледi. Қажет болған жағдайда "Делдалдың ЖСК, БСК" бағанында қызмет көрсететiн банк нөмiрi, банктік сәйкестірме код, делдал банк шотының жеке сәйкестірме коды көрсетіледi.
154. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы" бағанында төлемдi тағайындау, төлем жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың атауы, нөмiрi және күні, Хабарлама (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, төлемнiң (ағымдағы, түпкілiкті) мәртебесi көрсетіледi. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша берілген тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн төлемдер бойынша шартты және оның негiзiнде мемлекеттік мекеме қабылдаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) - жүкқұжаттарды, жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) кесiмдер құжатын көрсету қажет. Төлемнiң аккредитивтi нысаны кезiнде аккредитивтiң ашылуы туралы өтiнiмнің нөмiрi мен күнi және "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлеуге берілетiн шоттың мәртебесi көрсетіледi.
155. "Өлшем бірлiгi", "Саны", "Бағасы", "Сомасы" бағандарында тиiсiнше өлшем бірлiгі, бірлiктегi саны, теңгемен тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны көрсетiледi. Жұмыстар мен қызметтердiң бірыңғай өлшеуiшi болмаған кезде "Өлшем бірлiгі" бағаны толтырылмайды, "Саны" бағанына бірлiк қойылады.
"Өлшем бірлiгі", "Саны", "Бағасы" бағандары:
қайтарымсыз негізде мемлекеттік мекеме және жеке тұлғалар-бюджет қаражатын алушылар арасындағы еңбек қатынастарының негiзiнде жүзеге асырылатын;
заңды және жеке тұлғалардың ресми трансферттер бойынша; ресми трансферттер және кредиттер;
сыйақы төлеу бойынша және iшкi мен сыртқы борыштың негiзгі сомасын өтеу;
инкассалық өкiмдердi орындауға арналған шығыстар бойынша төлемдер бойынша төлеуге берілетін шоттарда толтырылмайды.
156. Тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелердi төлеу бойынша төлеуге берілетін шотта көрсетiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодына ұқсас болуы тиiс.
157. Бюджетке түсетiн түсiмдердi және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі төлеуге берілетін шотта теңгемен тұтас сома көрсетiледi, тиындарымен түпкілікті есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
17-тарау. Шетелдiк валютада төлемдер жүргізу
158. Шетелдiк валютада төлемдердi жүргiзу бюджеттік бағдарламаның паспортында сипатталған мемлекеттік мекеменiң халықаралық қызметімен және ынтымақтастығымен байланысты iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
159. Шетелдiк валютада төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың және осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатып алуға арналған өтiнiштiң негiзiнде ұлттық валютаны шетелдiкiне айырбастауды жүргiзедi. Шетелдiк валютаны айырбастауға төлеуге берілетін шотта тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбір түрінің бірлiгiнiң бағасы, құны және жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi төлеу күнiне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
Мемлекеттік мекеме отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде iшкi валюталық рынокта айырбасталатын валюталық қаражатты пайдаланбаған кезде қазынашылықтың аумақтық органы кейіннен бюджетке қалпына келтiре отырып тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына қаражатты қалпына келтiру және аудару жөнiнде шаралар қабылдайды.
160. Шетелдiк валютаны аудару мемлекеттік мекеме өтiнімінiң негiзiнде осы Ереженiң 39-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны аударуға жүргiзiледi.
Шетелдiк валютаны сату кезiнде мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатуға өтiнім бередi.
18-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау
161. Инкассалық өкiмдердi орындау мемлекеттік мекеме тиісті төлеуге берілетін шотты бергеннен кейiн жүргiзіледi.
Мемлекеттік мекеменiң шотынан ақшаны алу инкассалық өкiмдердi көрсеткеннен кейiн жүргiзiледi. Инкассалық өкiм орындаушы парақтардың немесе соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берілген бұйрықтардың немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрықтарының негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негiздер бойынша орындауын көрсете отырып талап етіледi.
Салық (кеден) органдары берешегiнiң сомаларын өндiріп алуға арналған орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi мемлекеттік мекеменiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етіледi.
162. Инкассалық өкiм салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiнiң беру жағдайларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген нормалардың негiзiнде орындаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе осы өндiрiп алудың негізділігiн растайтын көшiрмелерiн қоса бере отырып қазынашылықтың аумақтық органына беріледі. Инкассалық өкiмде төлемдi тағайындау көрсетіледi және ақшаны жіберушінің келісімiнсiз ақшаны алу құқығын көздейтiн заңнамалық кесiмге мәміле жасалады.
Мемлекеттік мекемелер көрсеткен атқарушы құжаттар бойынша талаптарды қанағаттандыру ағымдағы жылға бөлiнген бюджет қаражаттары, сондай-ақ шығыстардың функционалдық сыныптамасының бағдарламасы, кiшi бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелігі бойынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынған ақша есебiнен соңында жүргізіледi.
163. Қазынашылықтың аумақтық органы орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi алған күнi инкассалық өкiмнiң көшiрмелерін қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және оның атына өкiм (бұдан әрі - Борышқор) шығарылған мемлекеттік мекемеге бередi. Мемлекеттік мекеме өзiнiң жоғары тұрған мекемесiн-бюджеттік бағдарламаның (егер Борышқор бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылмаса) әкімшісін хабардар етеді.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алғаннан кейiн екі жұмыс күнiнiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына инкассалық өкiм түскеннен кейiн тиісті төлемдi жүргізу үшін төлеуге берiлетін шотты қалыптастырады. Тиiсті ерекшелік бойынша жоспарлы соманың қалдығы жетпеген немесе болмаған кезде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіледі және осы Ережеде белгiленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша рұқсат беру жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме тиісті ерекшелiк бойынша сомалар болмаған жағдайда хат-хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсете отырып хатты қазынашылықтың аумақтық органына бередi, ол бойынша қазынашылықтың аумақтық органы шығыс операцияларының жүргiзiлуiн тоқтатады. Көрсетілген хатты мемлекеттік мекеме бермеген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 110 "Жалақы", 120 ""Жұмыс берушілердің жарналары" кiшi сыныптарын қоспағанда "Әкiмшiлiк шығыстары" бағдарламасы бойынша шығыс операцияларын жүргізудi сап тияды.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменiң қаржыландырудың жеке жоспарын тиiсті өзгерткеннен және төлеуге берiлетін шотты соңынан бергеннен кейiн инкассалық өкiмдi орындайды.
164. Берешек сомасын өндiрiп алуға арналған салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша берiлген рұқсаттар қалдығының шегiнде орындалады. Соманы өндiрiп алуға арналған салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін аумақтық салық органдары мемлекеттік мекеменің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етеді.
Мемлекеттік мекемеге талап етiлетiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімдерiн қанағаттандыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша жүргiзiледi.
Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін ала отырып қазынашылықтың аумақтық органы бір жұмыс күнінің ішінде инкассалық өкiмнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге жiбередi.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алған күнi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiсті коды бойынша төлеуге берілетін шотты қазынашылық аумақтық органына қалыптастырады және бередi.
Осы тармақта белгіленген нормалар орындалмаған жағдайда қазынашылықтың аумақтық органы салық (кеден) органдарының инкассалық өкiмдерiнiң орындалу кезеңiне мемлекеттік мекеменiң әкiмшілiк шығыстарын жұмсауды тоқтатады.
Тиiсті ерекшелiктер бойынша жоспарлы сомалардың қалдығы жетiспеген немесе болмаған кезде салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiн орындау үшін осы Ережеде белгіленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiсті ерекшелiктерi бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгiзіледi.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың жеке жоспарын тиiстi өзгерткеннен және төлеуге берілетін шотты соңынан бергеннен кейiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін орындайды.
Салық қызметi органдарының және кеден органдарының орындаушы құжаттары бойынша инкассалық өкiм қазынашылықтың аумақтық органындағы инкассалық өкiмдердi тiркеу журналында тiркеледi.
19-тарау. Есеп айырысулардың аккредитивтiк
нысанын пайдалану
165. Аккредитив республикалық бюджет қаражаты есебiнен мынадай есеп айырысулар кезiнде:
ағымдағы қаржы жылы аяқталу мерзiмi аяқталатын инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша;
Қазақстан Республикасының ?кіметі ағымдағы қаржы жылының соңғы айында төтенше резервтен қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде;
Қазақстан Республикасы бей резиденттерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізуге құжаттамалы есеп айырысулар үшін шетелдiк валютада шарттар жасасу кезiнде пайдаланылады.
166. Шетелдiк валютада аккредитивтi ашу ағымдағы қаржы жылы үшiн мемлекеттік мекеме және тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілер немесе бюджет қаражатын алушы арасында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізу жөніндегі шарттың орындалуын ұзартқан жағдайда жол беріледі. Жасалған шарттар бойынша бір қаржы жылынан жоғары мерзiмге аккредитивтi ашу шарттың қолданылу мерзiмiнiң соңғы жылы жүргiзіледi.
167. Ағымдағы қаржы жылы үшiн 165-тармақта көрсетiлген шығыстар бойынша шарттардың орындалуын ұзарту Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмдерінің негiзiнде жүргiзіледi.
168. Ұлттық валютадағы аккредитив тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) берушілерiмен республикалық бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркегеннен кейiн тегiн негiзде ашылады. Шартта тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) есеп айырысуларының аккредитив нысаны мен шарттың қолданылу мерзiмiнен аспайтын аккредитивтің орындалу шарты мен қолданылу мерзiмi көзделуі тиiс.
169. Аккредитивтi ашу үшiн мемлекеттік мекеме ұлттық валютада мыналарды:
қазынашылықтың аумақтық органына 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада өтінімдi;
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттік мекеме мен берушiнiң арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізу жөніндегі шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып есеп айырысудың аккредитивтiк нысанын қолдану көрсетілген аккредитивтің ашылуы туралы хатты ұсынады.
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi берiлген құжаттарды ресiмдеудiң дұрыстығын тексере отырып, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілеттi органға аккредитивтiң ашылуы туралы қолдаухатты жiбередi.
Ұлттық валютада аккредитивті ашуға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кешiктiрмей қазынашылықтың аумақтық органына беріледі.
170. Мемлекеттік мекеме аккредитивті орындауға берiлген құжаттардағы деректердiң растығын, құжаттарды ресiмдеудiң толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етедi.
171. Шетелдiк валютадағы аккредитив ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен аккредитивті ашуға азаматтық-құқықтық мәмілені тiркегеннен және мемлекеттік мекеме өтiнім бергеннен кейiн ашылады.
172. Шетелдiк валютада аккредитивті ашу аккредитивтiң түрі, бенефициар, орындаушы банк, құжаттардың тiзбесi туралы ақпаратты ұстайтын шарттың талаптарына сәйкес жүргiзiледi, оның негiзiнде аккредитив және аккредитивтің қолданылу мерзiмi орындалады. Аккредитивтi ашуға арналған өтiнiм шарттың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
173. Шетелдiк валютада ашылған аккредитивтiң пайдаланылмаған сомаларын қайтару аккредитивтің қолданысы аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінiң iшiнде мемлекеттік мекеме беретін төлеуге берілетiн шоттың негiзiнде жүргізіледi. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған сомалары бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиiсті ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiруге, өткен жылдардың - тиiстi бюджетiнiң кiрiсiне жiберiледi.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточкаларда берушінің пайдасына ашылған әрбір аккредитив жөнiнде мемлекеттік мекемелердiң аккредитивтеріне талдамалы есеп жүргiзедi.
20-тарау. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң
шоттары бойынша төлемдер жүргізу
174. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде заңды және жеке тұлғалардан алатын ақшаны пайдалана алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмек түріндегі қаражат ұлттық та және шетелдiк те валюта түрiнде де түсе алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түсетін ақша жөніндегі жоспарлар жасалмайды.
175. Демеушілiк және қайырымдылық көмектер үшiн шоттарды ашу, енгізу және жабу бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
176. Мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны нысаналы пайдалануды қамтамасыз етедi.
177. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның жұмсалуы мемлекеттік мекеменiң тиiстi шотында олардың қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
178. Кассаға мемлекеттік мекеменiң қолма-қол ақшаны қабылдауы оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей демеушілік және қайырымдылық көмектің шотына есептелуi тиiс. Осы ақшаны уәкілеттi банктің бөлiмшесiне алдын ала тапсырмай жұмсауға жол берiлмейдi.
179. Мемлекеттік мекеме демеушілiк және қайырымдылық көмектiң шотына түскен қолма-қол ақшаның мемлекеттік мекемеге уақытылы мен толықтық түсуін қамтамасыз етедi.
180. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен қолма-қол ақшамен операциялар жөніндегі банктік қызметтердi төлеудi банкпен олардың шарт арасындағы негiзiнде демеушілік және қайырымдылық көмек есебiнен мемлекеттік мекеме жүргізедi.
181. Ағымдағы жылы демеушілік және қайырымдылық көмектi пайдаланбаған мемлекеттік мекеме нысаналы түрде келесi жылы оны нысаналы түрде пайдалана алады.
182. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салушы оларды қайтаруға құқығы бар.
183. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуi және жұмсалуы туралы есептi жасайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозит
шоттары бойынша төлемдер жүргізуi
184. Мемлекеттік мекеменiң Қазақстан Республикасының Заң актілерiне және осы Ережеге сәйкес уақытша иелiк ету үшiн мемлекеттік мекемеге берілетiн депозит шоттарынан түсетiн ақшаны иелiк етедi. Депозит ақша жөнiнде жоспар жасалмайды.
185. Депозит шоттарын ашу, енгізу және жабу бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
186. Мемлекеттік мекеменiң уақытша пайдалану үшiн ұлттық және шетелдiк валютада түсетiн ақша оларды аударған тұлғаларға қайтару белгілi бір шарттар пайда болған кезде өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аударуға жатады.
187. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тиісті алушыларға депозит шоттарынан ақшаны белгілі бір талаптар пайда болған сәттен бастап аударудың дұрыстығын қамтамасыз етедi.
188. Тиiстi бюджетке аударуға жататын депозит шоттарындағы ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес белгілi бір талаптар пайда болғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде аударылуы тиiс.
189. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешікпей депозит шотына есептелуі тиiс. Уәкiлеттi банктің бөлiмшесiне осы ақшаны алдын ала тапсырмайынша жұмсауға жол берiлмейдi.
190. Мемлекеттік мекеменiң депозит шотына түскен қолма-қол ақшаның уақытылы және толық тапсырылуын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етедi.
191. Қолма-қол депозит шотына есептеу жөніндегі және депозит шотынан қайтару жөнiндегі банктік қызметтердi төлеу: депозит сомасын салған тұлғаның шотына мемлекеттік мекеме мен банктің арасында жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi, оған мынадай жағдайлар қосылмайды.
Депозит шотына заттай айғақ ретiнде алынған ақшаны және тәркіленген мүлiктi сатудан алынған ақшаны есептеу кезiнде, сондай-ақ оларды қайтару кезiнде банктік қызметтерге ақы төлеу прокуратура органдарының, алдын ала тергеудiң, тергеудiң, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының мiндеттемелерi мен төлемдері бойынша бюджет бағдарламаларын (кiшi бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарының есебiнен жүргiзiледi;
Орындаушы құжаттар, өндiрiп алушыға депозит шотынан ақша беру және борышқорға қалған соманы қайтару бойынша өндiрiп алушыға соманы өтеу үшiн борышқордан алынған ақшаны есептеу кезiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу борышқордың есебiнен жүргiзіледi.
Сотталғандар, қылмыс жасауда күдiктi деп танылғандар мен айыпталушылар, психиатриялық ауруханаларда жатқан емделушілер, ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үйлерінде, психикалық-жүйке интернаттарында, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерiнде тұрып жатқан қамқорлыққа алынғандар үшін банктік қызметтерге төлеу депозиттік соманың есебінен жүргiзіледi.
192. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi депозит түрiнде, бюджетте атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен, нысанды және мерзiмдерде мемлекеттік мекемелер алған депозит шоттарын пайдалану туралы есептi жасайды.
Аумақтық уәкілетті органдардың депозит шоттарынан төлем жүргiзу кезiнде олардың функциясына орындаушы өндiрiсті жүзеге асыру жататын төлеуге берiлетін шотқа аға сот орындаушысы қол қойған депозит шотынан ақшаны беруге анықтама және сот шешімiнiң көшiрмесiн қоса беру қажет.
22-тарау. Мемлекеттік мекемелердi қолма-қол
ақшамен қамтамасыз ету
193. Қызметкерлерге жалақы, шетелдiк валютада iссапар шығыстары мен басқа да ақшалай төлемдердi, сондай-ақ жеке мұқтаждарын төлеу үшiн мемлекеттік мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң жүргізiлген
төлемдерiн қайтару
194. Мемлекеттік мекемеге берушінің республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына дұрыс жүргізілмеген төлемдердi, оған сатушы көрсеткен талаптарға сәйкес келмеген кезде саудаға (конкурстарға, аукциондарға) қатысу үшiн мемлекеттік мекеме енгізген кепілдік жарнасының сомасын қайтару және ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуі (бұдан әрі - қалпына келтіру) бір қаржы жылының шетелде ҚР ББС шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомаларын ұлғайту және кассалық шығыстарын азайту арқылы жүзеге асырылады.