104. Аванстық (алдын ада) төлем кезiнде жеткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) одан әрі ақы төлеу кезiнде оның өтеу тәртібін шартта көрсету қажет.
Аванстық (алдын ала) төлемдi өтеу ағымдағы қаржы жылына қабылданған мiндеттемелердің сомасынан жүргiзіледi.
105. Бюджеттік кредит беру жөнiндегі азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тiзiлiмдерiне енгізілген мемлекеттік талаптардың тiзiлiмiне оларды енгізгеннен кейiн жүргізіледi.
106. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттік кредит беру шарттары Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмдерiмен, жергілікті бюджеттер қаражаттарының есебiнен - жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен анықталады.
107. Шетел берушілерiмен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізуге шетел валютасында шарттар жасасуды тiркеуге Қазақстан Республикасында талап етілген көлемде және сапада осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу мүмкiндiгi болмаған кезде рұқсат етiледi. Шетел валютасында төлем жүргiзу мемлекеттік мекеменiң сыртқы экономикалық қызметiне байланысты және бюджеттік бағдарламаның паспортында сипатталған iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
108. Шетел валютасында азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу үшiн мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына тиiсті деректемелердi көрсете отырып, шарттың түпнұсқасын бередi. Шетел валютасында тауарлардың импорты бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу үшін мемлекеттік мекеме бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті органның кедендiк бақылау бойынша тиiстi бөлiмшесi ресiмдеген мәміленiң паспортын ұсынады. Курстық бағамға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу сомасынан талап етiлген төлеу сомасының асып түсуiне мiндеттемелердi тiркеуге қосымша өтінiмдi мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органға бергеннен кейiн ҚР ББС шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша берiлген рұқсат қалдығының шегінде мүмкiндiк берiледi.
12-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу кезiнде мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттарға қойылатын талаптар
109. Мемлекеттік мекеме жасасқан шартқа біріншi басшы немесе оған уәкiлеттік берілген тұлға қол қоюы және тараптардың мөртабандарымен расталуы қажет. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шарт мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес келуi қажет.
Шарт әрбір тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражаттарын алушы бойынша жасалады. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруші немесе бюджет қаражаттарын алушыға ақы төлеу шығыстар сыныптамасының бір бюджеттік бағдарламасының, кiшi бағдарламасының әртүрлi ерекшелiктерi бойынша жүргiзiлген жағдайда, шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша мiндеттемелердi тiркеуге өтiнiм бере отырып, бір шарт жасауға болады. Шартта шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша сома бөлiнген жалпы сома болуы қажет.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттік кредит беру туралы шарт (келісім) жасасуды Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредиттердi беру туралы шарттар (келісімдер) жасасуды жергiлiктi атқарушы органның - әкiмнiң атынан немесе уәкілеттік берiлген тұлға жүзеге асырады.
110. Шартта мынадай ақпарат:
заңды тұлғалар үшiн тараптардың толық атауы және шартқа қол қоюға уәкілеттiк берiлген тұлға туралы мәлiмет; жеке тұлғалар үшiн тегі, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi;
тараптардың мекен-жайы, салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi (Қазақстан Республикасының резиденттерi үшiн);
тараптардың банктiк деректемелерi: берушiнiң дербес сәйкестендiру кодын, ұлттық валютада есеп айырысу үшiн қызмет көрсететiн банктiң атауы мен бірегейлеу коды. Шетел валютасында есеп айырысу үшін банк-корреспондентте қызмет көрсететiн банктiң деректемелерi мiндетті түрде көрсетiледi;
бюджеттік бағдарламаның, кiшi бағдарлама мен ерекшелiктiң атауы;
шарттың мәнi;
жұмыстарды, қызметтердi орындау және тауарларды жеткізу мерзiмi;
тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу мерзiмi;
шарттың талаптарын орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершілігі болуы қажет.
Жоғарыда санамаланған талаптар ескерiлмеген, сондай-ақ қолмен жазылған шартты аумақтық қазынашылық органына тiркеуге беруге болмайды.
Шарт аумақтық қазынашылық органдарында тiркелген сәттен бастап күшіне енедi.
111. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шарттар осы Ереженiң 110-тармағында көрсетiлген мәлiметтерге қосымша мыналарды:
берiлетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) көлемiн, бірлiк үшiн бағаны, шарттың жалпы құнын;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізушілердiң немесе бюджет қаражатын алушылардың шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауы туралы куәландыратын құжаттарды көрсете отырып берiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) қабылдау-тапсыру тәртібін;
тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) мерзiмi мен көлемiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы мiндеттемелердiң орындалу біркелкiлiгіне қойылатын талаптарды қамтамасыз етуi және айлар бойынша құндық тұрғыда тиiстi бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiмен қаржыландырудың жеке жоспарында көрсетiлген сомаға сәйкес болуы тиiс;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бергенi үшiн төлемдердi жасаудың тәртібін қамтуы тиiс.
112. Мемлекеттік мекемелер алушыларға қызмет көрсету жөніндегі әрбір Банк/Агентпен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен Агенттiк келісім жасайды және қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғалардың қолының үлгісi мен мөрдiң бедерi бар құжатты оған ұсынады.
Агенттiк келісім мыналарды қамтуы тиiс:
тараптардың толық атауы және мекен-жайы;
бюджеттік бағдарламаның атауы;
агенттiк келісім жасаудың мәнi;
агенттік қызметiнiң, олар орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құрамы және мазмұны;
агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құны;
жұмыстар мен қызметтердi орындау мерзiмi;
төлемдердi және жобаны қаржыландыру жөніндегі есептердi iске асырудың, бюджеттік кредитті берудiң және қаражатты бюджетке қайтарудың (қайталама қаржыландыру жағдайында) тәртібі мен әдiстерi;
бюджет қаражаттарын агенттiң шотына аударудың кестесi;
агенттің бюджет қаражаттарының пайдаланылуын растайтын құжаттардың тiзбесi, беру тәртібі және мерзiмi;
қаржылық агенттің қызметтерiн төлеу көздерi және тәртібі:
агенттік келісім тараптарының өзара мiндеттемелерi;
агенттiк келісімiнiң шарттарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлігі;
13-тарау. Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiмдердi
ресiмдеу және ұсыну, мiндеттемелердi тiркеу туралы
хабарлама (тапсырыс) беру
113. Өтiнiм тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) әрбір берушіге немесе бюджет қаражаттарын алушыға және бір немесе одан артық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) атаулары үшін ҚР ББС әрбір коды бойынша жеке-жеке ұсынылады.
114. Өтінiмге мемлекеттік мекеменің бірiнші басшысы немесе уәкiлеттік берiлген тұлға, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады. Басшы немесе уәкілеттік берілген тұлға, бас бухгалтер өтiнімнің дұрыс ресiмделуi үшiн жауап бередi. Өтiнiмге басшы немесе уәкілеттік берiлген тұлға (және/немесе) бас бухгалтер болмаған жағдайда, бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн орындаушы тұлғалар қол қояды.
115. Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен қарыз шартының аясында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеген кезде мемлекеттік мекеме бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтінімді аумақтық қазынашылық органына ұсынады.
116. Мемлекеттік мекеме өтiнiмдерге рет нөмiрiн бередi және "Күнi" бағанын толтырады. "N мемлекеттік мекеме" тор көзiнде мемлекеттік мекеменiң коды көрсетiледi. "Мемлекеттік мекеменiң атауы" бағанында мемлекеттік мекеменiң толық атауы көрсетiледi.
"Бюджеттің түрі" бағанында мыналардың есебiнен шығыстар жасалатын бюджет:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi,
03 - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет көрсетiледi.
"Қаржыландыру көзi" бағанында:
1 - бюджет есебiнен шығыстар үшін,
2 - үкiметтік сыртқы қарыздар есебiнен шығыстар үшін шығыстардың түрлерi көрсетіледi.
"Шығыстарды сипаттау" бағанында ҚР ББС экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың ерекшелiгiне сәйкес келетiн шығыстардың түрлері, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу әдiстерi көрсетіледi. Осы тор көзде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу кезiнде конкурсты өткізу қорытындылары хаттамасының немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиiстi бөлiмшесiнiң бір көзден сатып алуға хаты-келісімінің (растама) нөмiрi және күнi көрсетіледi. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес шарт жасасқан жағдайда, осы тор көзде Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергіліктi атқарушы органдар) шешiмiнiң нөмiрi және күні, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының ДСК көрсетіледi.
"Бюджеттік сыныптама коды" бағанында дәйекті түрде бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік бағдарламаның, кiшi бағдарламаның әкімшісінің кодтары, шығыстардың ерекшелiктерi көрсетіледi. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы" бағанында жасасқан шартқа сәйкес берілетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы толтырылады. Бюджет сыныптамасының кодтары және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы жасасқан шарттардың мазмұнына сәйкес келуi тиiс.
"Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің (бюджет қаражатын алушының атауы және мекен-жайы, беруші (бюджет қаражатын алушы) банкінің атауы және БСК" бағанында беруші (бюджет қаражатын алушы) коды, атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және оның банктік деректемесі (ағымдағы шотының жеке сәйкестендiрiлген коды, қызмет көрсететін банктiң атауы және банктік сәйкестендiрілген коды) көрсетiледi.
"Саны", "Баға" және "Сома" бағанында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобының мөлшерi бірлiк үшiн бағасы және ұлттық валютадағы жалпы құны көрсетіледi. Жұмыстардың және қызметтердiң бірыңғай өлшеуiштерi болмаған жағдайда "Саны" бағанында 1 (бірлiк) көрсетуге рұқсат етіледi. "Сома" бағанының "Барлығы" жолында шарттың жалпы сомасы ұлттық валютада жазбаша көрсетiледi. Өтінімнiң жалпы сомасы жасалған шартта көрсетiлген ҚР ББС әрбір кодының сомасына сәйкес келуi тиiс.
Шетелдiк валютадағы азаматтық-құқықтық мәмілені тiркеу кезiнде өтiнiмнiң жалпы сомасы нарықтық бағамы бойынша тiркеу күнiне есептелген ұлттық валютада келтiрiледi.
Өтінiмнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнің "Құжат - негiздеме" бағанында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзiнде төлем жүргiзіледi. Осындай құжаттар мемлекеттік мекеменiң және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) берушiсi немесе бюджет қаражатын, мемлекеттік сатып хаттамасын алушының арасындағы шарт болуы мүмкiн.
Өтінімнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сома" бағандарында тиiсiнше жоспарланатын төлем күні мен сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру туралы шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын ала) төлемдi өтеудi ескере отырып, аванстық (алдын ала) төлемнiң мөлшерi және жеткiзiлетiн тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің) төлем сомасы көрсетіледi. "Сома" бағанындағы жолдардың жалпы сомасы өтiнiмнiң жалпы сомасына сәйкес келуi тиiс.
Өтінiмнiң "Төлем кестесi" бөлiмiнiң "% Өтінiмдер" бағанында шартқа сәйкес айлар бойынша бөлiнген аванстық (алдын ала) өтінiмнiң процентi және төлем сомасы көрсетіледі.
117. Мiндеттемелердi тiркеу туралы Хабарлама (Тапсырыс) (бұдан әрi - Хабарлама (Тапсырыс)) мемлекеттік мекеме құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органы бекiткен өтiнiмнiң негiзiнде қалыптастырылады.
118. Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекеменің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) берушісімен жасаған азаматтық-құқықтық мәмілесін тiркелуiн растайтын құжат болып табылады.
119. Мемлекеттік мекеменiң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) берушісімен немесе үш миллион теңгеге дейiн сомаға бюджет қаражатын алушымен жасаған азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеу кезiнде 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады, жауапты орындаушының қолымен және мөртаңбасымен расталады, қазынашылықтың аумақтық органының бірiншi басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды, мөрмен растайды. Жауапты орындаушының мөрiмен расталған Шарттың түпнұсқасының екі данасын қоса бере отырып 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекемеге беріледі, жауапты орындаушының мөрiмен расталған шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
120. "Түпкiлiктi" мәртебесiмен төлеуге берiлген шотты өткiзген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. Хабарлама (Тапсырыстар) 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жауапты орындаушының қолымен және мөртаңбамен куәландырылады, қазынашылықтың аумақтық органының басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды. Хабарлама (Тапсырыс) 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған және тiркелген міндеттемелерге есеп жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарлама (Тапсырыс) 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшiн қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
121. Мемлекеттік мекеменiң бюджет қаражатын алушымен үш миллион теңгеден жоғары сомаға жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу кезiнде 30, 31, 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады. Барлық даналарына қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бірiншi басшысы немесе оған уәкілеттi тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
"Сипаттау" алаңында Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдi тағайындауды сипаттаудан басқа берушiнiң ЖСК да көрсетiледi.
122. Хабарлама (Тапсырыс) 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң басшысы немесе оларға уәкiлетті тұлға, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады.
123. Мемлекеттік мекеме 30, 31-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушыға Хабарламаны (Тапсырысты) бередi.
124. Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беріледі, онда бюджет қаражатын алушының банктiк шоты ашылған.
125. Жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарт түпнұсқасының екі данасын қоса бере отырып 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекемеге беріледі, жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
5-бөлiм. Төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
14-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда
төлемдердi жүргiзу
126. Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерi тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердiң шоттарындағы бос қалдықтардың шегінде жүргiзіледi. Тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарының ашылуы және жабылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілiк-аумақтық бірлiктердi құру немесе жою кезiнде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізедi. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жеке сәйкестендiрме кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілетті органдарға және мемлекеттік мекемелерге тапсырады және жеткізеді.
127. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында ақшаның жетіспеушілiгi болған жағдайда бірiнші кезектегi тәртiппен қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органдардың шешiмдерiнде белгіленген бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдердi жүргізедi, қалған төлемдер кезектi тәртiппен төлеуге берілетiн шоттардың түсуiмен жүргізіледi.
128. Ақша аудару мемлекеттік мекеменiң қазынашылықтың аумақтық органына табыс етілген ақша төлеу туралы нұсқау болып табылатын төлеуге берілетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме - ақша аударушы қазынашылықтың аумақтық органына басшының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қолымен және төлемнiң негiзділігін растайтын мемлекеттік мекеменiң мөрiмен куәландырған тиiстi құжаттардың көшiрмелерiн оған қоса бере отырып 34-қосымшаға сәйкес екі данада төлеуге берілетiн шотты көрсетедi.
129. Төлеуге берілетін шотты онда көрсетілген күннен он күнтiзбелiк күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органы қабылдайды.
"Ағымдағы" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол алдын ала төлеудi қоса алғанда мемлекеттік мекеменiң тиiсті мiндеттемесiнің аралық төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетін шот.
"Түпкілiктi" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол мемлекеттік мекеменің тиісті мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетiн шот.
Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына берiлген төлеуге берілетiн шоттардың негізділігiн және растайтын құжаттардың сенімділiгiн қамтамасыз етедi.
130. Қазынашылықтың аумақтың органы төлеуге берілетін шоттарды толтырудың дұрыстығын және негiздiлiгiн тексергеннен кейiн ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды енгiзедi және бекiтедi. Осы Ережеде келтiрiлген талаптарға сәйкес келмейтiн мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттар енгізуге және бекітуге жатпайды.
131. Қазынашылықтың аумақтық органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекiтілген төлеуге берілетін шоттардан пакеттердi қалыптастырады. Бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеменiң кассалық шығыстарды жүргізу күнi 35-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 4-20-нысанына бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізу күнi болып табылады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негізінде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негізінде ақшаны аудару, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкілікті" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
132. Бюджеттi атқару жөніндегi орталық уәкілеттi орган республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекітілген төлеуге берiлетiн шоттардан пакеттердi қалыптастырады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында мiндетті түрде төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негiзiнде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негiзiнде ақшаны аудару, хабарламаның (тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырылған пакеттерден төлем құжаттарын қалыптастырады. БҚШ ақшаны есептен шығару ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚХЕО арқылы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жiберген төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзіледi.
133. ҚХЕО жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде есептi айдан кейiнгi бeci күнiне дейiн төлем құжатымен бірге екі данада қағаз түрiмен, сондай-ақ магниттiк түрлермен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің тiзiмдерi беріледі. Мемлекеттік мекеме тiзiмдердiң дұрыс жасалуын қамтамасыз етедi.
134. Қазынашылықтың аумақтық органы ағымдағы айдың жиырма бесі күнiне дейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасы күнiне дейiн жалақы бойынша төлемдер жүргiзедi.
135. Төлем жүргізгеннен кейiн төлеуге берілетін шоттың екiншi данасы және бір күн бұрын жүргiзілген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептер төлем жүргiзу күнін көрсете отырып қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртаңбасымен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
136. Субсидиялар төлеу бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қазынашылықтың аумақтық органына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмiнде көзделген төлемнің негiзділігін растайтын құжаттарды төлеуге берілетін шотпен бередi.
137. Қазынашылықтың аумақтық органы мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 36-қосымшаға сәйкес "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-34-нысаны бойынша тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының айналымдары мен қалдықтарына бақылау шоттары бойынша ай сайын салыстыру жүргiзедi.
138. Қазынашылықтың аумақтық органы мен қызмет көрсететiн мемлекеттік мекеме арасындағы кассалық шығыстарды салыстыру 35-қосымшаға сәйкес "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" 4-20-нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейiнгі айдың бірінші күні жүргiзiледi. Нысан қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қолдарымен және олардың мөрлерiмен куәландырылады.
139. Қазынашылықтың аумақтық органы қазынашылықтың аумақтық органының басшысы бекiткен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жалақы төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.
15-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз
нысандағы төлемдер жүргiзудiң негiзділігiн
тексеру кезiнде қойылатын талаптар
140. Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына Төлеуге берілетін шоттың тiзiлiмiн қоса бере отырып төлеуге берілетін шотты бередi. 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Төлеуге берiлетiн шоттың тiзiлiмi - құжат, онда қазынашылықтың аумақтық органына шығыс операцияларын жүргiзу үшін мемлекеттік мекеме берген олардың орындалуын бақылау және жүргізу үшiн төлеуге берілетін шоттар көрсетіледi.
141. Мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық құқықтық мәмілелер жөніндегі төлемдер қазынашылықтың аумақтық органында мәмілелер тiркелгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Аванстық (алдын ала) төлем жүргізу үшiн мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шотты бередi. Берiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) төлеу үшiн төлеуге берілетін шотқа берушінің тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) немесе бюджет қаражатын алушының шот-фактуралары, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттары (кесiмдер), жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерi қоса берiледi. 147 "Үй-жайды жалдауға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электрэнергиясына ақы төлеу", сондай-ақ отын сатып алудан басқа 145 "Жылуға ақы төлеу" ерекшелiктерi бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде ақы төлеу жүргізілетін есептi тоқсаннан кейiнгі айдың бірi күнi берушімен дебиторлық берешектiң болмауын растайтын салыстыру актісінің осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттарға қосымша төлеуге берілетін шотқа беру қажет.
142. Қазынашылықтың аумақтық органы:
Төлеуге берілетін шоттардың тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттік мекеменiң төлеуге берілетін шотын және растайтын құжаттарын қабылдайды;
төлеуге берілетін шоттарды ресiмдеудiң және растайтын құжаттардың дұрыстығын тексередi;
мемлекеттік мекеменiң қолдары мен мөрлерінің үлгiлерi бар құжатқа төлеуге берілетін шоттың қолдары мен мөрлерінің сәйкестігін
тексередi;
мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушімен немесе бюджет қаражатын алушымен жасаған тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) тиiстi деректерiмен төлеуге берiлетiн шоттың деректерiн салыстырады;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң немесе бюджет қаражатын алушының деректерiн салыстырады;