5) тиiстi мәслихаттың шешiмiмен белгiленген кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерi мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер арасында түсiмдердi бөлудi Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердi есептеу күнi жүргiзедi.
60. Мақсатын және/немесе төлемнiң аумақтық керек-жарағын анықтауға мүмкiндiк бермейтiн электрондық төлем құжаттарында деректемелер болмаған немесе қате көрсетiлген кезде түсiмдер сомасы электрондық төлем құжаттарын қабылдау күнi "Ұлттық валютада анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына есептеледi. "Ұлттық валютада анықтағанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шоты - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға және оның аумақтық органдарына ашылған қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
Аумақтық қазынашылық органы үш жұмыс күнi ішінде "Ұлттық валютада анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына түскен қаражаттарды төлеушiге қайтаруы қажет.
61. Артық төленген, бюджетке жаңылыс түскен соманы қайтару, бюджеттің кiрiстер сыныптамасының бір кодынан екiншiсiне түсiмдердi есептеу (бұдан әрi - қайтару және/немесе есептеу) салық қызметі органдарының арасында салық қызметі органының қорытындысы мен төлем құжатының негiзiнде жүргiзiледi.
Қайтаруға және/немесе есептеуге арналған құжаттар аудан, облыстық маңызы бар қала бойынша ҚР ББС бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиiстi кiшi сыныбы бойынша жыл басынан бастап iс жүзiнде түскен сома шегiнде қабылданады.
Егер бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиiстi ерекшелігі (кiшi сыныбы) бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсiмдердiң iс жүзіндегі көлемi қайтаруды немесе көшiрудi жүзеге асыра алмаса, онда аумақтық қазынашылық органы облыс бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелігі (кiшi сыныбы) бойынша жыл басынан бастап бюджетке iс жүзіндегі түсiмдердiң сомасы шегiнде қайтаруды және көшiрудi жүзеге асыруға жоғары тұрған салық органының рұқсатын тиiстi аумақтық қазынашылық органына бередi. Егер қайтару және/немесе есептеу сомасы облыс бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелiгi (кiшi сыныбы) бойынша жыл басынан бастап бюджетке түскен iс жүзіндегі түсiмдердiң сомасынан асып кетсе, онда қайтару және/немесе есептеу республика бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелiгiмен (кiшi сыныбымен) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте облыс бойынша бюджет кiрiстерi сыныптамасының осы ерекшелiгi (кiшi сыныбы) бойынша дебет қалдықтар қамтамасыз етіледi.
Салық органдары әкiмшiлiк жүргiзбеген бюджетке түскен соманы қайтару және/немесе есептеу уәкiлеттi органның өтiнiшi мен қайтарудың және/немесе есептеудiң негiзділігі туралы растамасы негiзiнде жасалған салық қызметi органдарының қорытындысы және төлем құжаты бойынша жүргiзiледi.
62. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган және оның аумақтық органдары салық және кеден органдарына, бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органдарға және басқа да мүдделi мемлекеттік мекемелерге күн сайынғы, айлық және жылдық есептердің нысандарын оларға белгiленген тәртiппен қалыптастырады.
6-тарау. Шетел валютасындағы түсiмдер
бойынша бюджеттің атқарылуы
63. Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен шетел валютасында бюджетке түскен түсiмдер ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасында корреспонденттік шотқа есептеледi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның корреспонденттік шоттары валютаның түрлерi бойынша ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның корреспонденттік шоттарына қызмет көрсетудi шетел валютасында корреспонденттік шоттарға қызмет көрсету туралы шарт пен өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезiнде жасасқан шартқа қосымша келiсімдер негізінде ҚР ҰҚ жүзеге асырады.
64. Шетел валютасында бюджетке түсетiн түсiмдер Түсiмдердiң жинақ шотына ұлттық валютада соманы кейiн аудара отырып, шетел валютасында корреспонденттік шотқа түсiмдердi есептеген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұлттық валютаға қайта ауыстыруға жатады.
Салық қызметі органдарының пайдасына ақша түскен кезінде бюджетті аудару жөніндегі орталық уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды салық органы бергенге дейiн жiберушіден алынған нұсқауларды қабылдайды және оны жүз сексен күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге сақтайды. Салық қызметiнің органы талап етілген құжаттарды көрсетiлген мерзiмде бермеген жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ақшаны жiберушiге қайтарады.
65. Резидент еместерден алынған мақсатын және/немесе төлемнiң аумақтық керек-жарағын анықтауға мүмкiндiк бермейтiн электрондық төлем құжаттарында деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде түсiмдер сомасы "Шетел валютасында анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына есептеледi.
"Шетел валютасында анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ашатын шетел валютасындағы шот.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган он бес жұмыс күнi iшiнде түскен қаражатты мақсатқа сай есептейдi не оларды төлеушiге қайтарады.
Артық төленген, жiберуші-резидент еместен қате түскен соманы қайтару кезiнде комиссия төлеуге байланысты шығыстарды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
66. Салық төлеушілерден-резидент еместерден артық төленген, жаңылыс түскен соманы қайтару салық қызметiнiң органдары берген қорытынды, төлем құжаты, шетел валютасын сатып алуға және аударуға өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi.
7-тарау. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң)
құны түрiнде бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша
бюджеттiң атқарылуы
67. Бюджет кодексiнде көзделген жағдайларда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нысанында бюджетке түсетiн түсiмдерге жол беріледi. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нысанында бюджетке түсетiн түсiмдердi кiрiске алу мен оларды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер - халықаралық шарт бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алушылар немесе гранттар алушылар жүзеге асырады.
68. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны түрiнде бюджетке түсетін түсiмдердi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды өткiзген және ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының тиісті коды бойынша Түсiмдердiң жинақ шотына өткізуден түскен ақша қаражаттарын есептеген жағдайда ескередi.
8-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары
тұрған бюджетке бюджеттік алуларды және жоғары
тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік
субвенцияларды аударудың тәртібі мен оның кезеңдiлігі
69. Бюджеттік алулар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге беріледi.
Төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды аудару төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сома шегінде күн сайын төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
70. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган және облыстың жергiлiктi атқарушы органы төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды айға бөлудi анықтайды, оны бекiтедi және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен мiндеттемелердiң жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарға жеткізеді.
Бюджеттік алуларды ай сайынғы аударулардың мөлшерi республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен көзделген төмен тұрған бюджеттік кiрiстер түсiмдерiнiң (салық, салықтан тыс түсiмдер және негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) сомасына бюджеттік алулардың сомасының қатынасы ретінде пайызбен анықталады.
Осы мөлшердi анықтау үшiн бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға, облыстың бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы - бюджетті атқару жөніндегі облыстың жергілiкті уәкілеттi органға Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттік субвенциялар мен алулардың көлемдерiн анықтау кезiнде есеп айырысуда қабылданған кiрiстердiң болжамды көлемдерiн ұсынады.
71. Аумақтық қазынашылық органы күн сайын тиiстi бюджетке күн сайынғы түсiмдер туралы ақпарат негізінде 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік алулар туралы анықтама қалыптастырады және тиiстi бюджетте атқару жөніндегі жергілiкті уәкілетті органға жеткізеді.
72. Жоғары тұрған бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулар сомасы бір ай iшiнде төмен тұрған бюджеттiң төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен анықталған бюджеттік алулар сомасынан асып кеткен жағдайда, төмен тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер осы Ережеде белгiленген тәртiппен енгізіледi.
Тиісті төмен тұрған жергілікті бюджеттің кiрiс бөлiгi атқарылмаған жағдайда, жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар тиісті төмен тұрған бюджеттің кiрiс жоспарын атқарудың бара-бар пайызымен жүргiзіледi.
73. Бюджеттік алулардың сомасы өткен жұмыс күнгі төмен тұрған бюджетке iс жүзіндегі түсiмдердi (салық түсiмдерi, салықтан тыс түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) ескере отырып анықталады және төмен тұрған бюджетті атқару жөнiндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджет кiрiстерiнiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодына бюджеттік алулар аудару үшiн төлеуге берiлген шотты аумақтық қазынашылық органына беру арқылы басқа да төлемдердi жүзеге асырғанға дейiн бірiншi кезектегi тәртiппен аударады.
Төмен тұрған бюджеттiң қолма-қол ақшаның бақылау шотында қаражат және төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында анықталған бюджеттік алуларды аударуға байланысты шығыстар бойынша жоспарлы мақсаттар болған кезде, қаржы жылының ағымдағы айында жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды мерзiмiнен бұрын аударуға болады.
74. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитеті және оның аумақтық органдары ай сайын тиiсiнше республикалық бюджет пен облыстық бюджетке бюджеттік алулардың артық төленген немесе жете төленбеген сомасын анықтайды және оларды өткен ай аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша: бірiншi - облыстық, екiншi - аудандық қазынашылық органдарына жеткізеді.
Бюджетті атқару жөнiндегі жергiлiктi атқарушы орган өткен айларда бюджеттік алулар артық төленген кезде, оларды артық төленген сомаға аударуды жүргізбейдi, ал өткен айлардың соңындағы есеп айырысу бойынша бюджеттік алулар жете төленбеген кезде, оларды жете төлемеген мөлшер өтелгенге дейiн жете төлемеу қалыптасқан күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өткен жұмыс күнгi қорытынды бойынша аударуға жататын сомадан тыс аударуды жүргiзедi.
Аумақтық қазынашылық органы есептелген бюджеттік алулар толық аударылғанға дейiн он бес жұмыс күннен артық бюджеттік алулар жете төленбеген жағдайда, тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.
75. Аумақтық қазынашылық органы артық төленген немесе жете төленбеген сомалар туралы деректердi алғанға дейiн 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Анықтаманың 4 және 9-жолдарын толтырмайды, ал оларды осы деректердi алғаннан кейiнгi күнi толтырады.
76. Ағымдағы қаржы жылы үшiн бюджеттік алулар бойынша түпкi есептеме тиiсті жергiлiктi бюджетке iс жүзiнде түсетiн кiрiстердi ескере отырып, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде жүргізіледi.
77. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөнiндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
78. Бюджеттік субвенциялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген шекте жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджетке беріледi.
Субвенцияларды жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге аударуды жоғары тұрған бюджетте атқару жөніндегі уәкілетті орган айдың бірiншi онкүндiгi iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сома шегiнде жүзеге асырады.
79. Егер бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) жергілікті бюджетте бюджеттік алулар мен субвенциялардың есептемесi кезiнде нақтыланған шығыстар көзделмесе, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылының iшiнде тиiстi шамаға бюджеттік субвенцияларды қысқарту немесе бюджеттік алуларды арттыру туралы шешiм шығарады.
4-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер жасайтын азаматтық-құқықтық
мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырудың тәртібі
9-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық
мәмiлелерiн тiркеудiң мақсаты мен оның жалпы тәртібі
80. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеудi бюджеттік бағдарламалардың бекiтілген паспорттарына сәйкес бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бақылау және бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) және мемлекеттік мекемелерге берiлген рұқсаттардың бекітілген сомасынан тыс бюджет мiндеттемелерінің пайда болуын болдырмау мақсатында аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады.
81. Мемлекеттік мекеменiң тиiстi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiмен немесе бюджет қаражаттарын алушылармен шарт жасасуы берілген рұқсаттардың қалдығы шегiндегі сомаға жүзеге асырылады.
82. Мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмілелерiн және бюджеттің мiндеттемелерiн тiркеу заңнамада белгiленген тәртіппен оларды жасасқаннан кейiн жүргізіледi. Аумақтық қазынашылық органдарында тiркелмеген бюджеттік қаражаттар есебiнен мемлекеттік мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу жүргізiлмейдi.
83. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерін және бюджеттің мiндеттемелерiн тiркегенге дейінгі аумақтық қазынашылық органы мемлекеттік мекеме берген 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілердi немесе бюджет қаражаттарын алушыны енгізуге өтiнiм негiзiнде берушілердiң анықтамалығына бюджет қаражаттарын алушыны - Қазақстан Республикасының резидентiн енгізудi жүргiзедi.
Берушiнi енгізуге өтiнiмнiң берiлген деректемелерi сәйкес келмеген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына мынадай растайтын құжаттарды бередi:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
салық төлеушi куәлігінiң көшiрмесi;
есеп айырысу шотының бар екенi туралы банктiң анықтамасы;
жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
шотының бар екенi туралы банктің анықтамасы.
84. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнi немесе бюджет қаражаттарын алушыны берушілердiң анықтамалығына енгiзгенге дейiн мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн және бюджеттiң мiндеттемелерiн тiркеу жүргізiлмейдi.
Берушілер мен бюджет қаражаттарын алушылардың анықтамалығын қалыптастыру бюджеттен төлемдердi қайтаруды жүзеге асырған кезде салық органдары ұсынған төлем құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме берушiнi (бюджет қаражаттарын алушыны) енгізуге өтiнiм толтырудың дұрыстығын қамтамасыз етедi.
85. Мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу жасалған шарт негізінде жүргiзiледi. Жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу шарт не берiлген тауарға (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) шот-фактура негiзiнде жүргізіледi.
86. Аумақтық қазынашылық органы мемлекеттік мекеме берген құжаттарды тексергеннен кейiн мемлекеттік мекеме мiндеттемелердi тiркеуге берген өтiнiм немесе төлеуге берiлген шот негiзiнде мiндеттемелердi тiркеуге өтiнiмдi енгiзедi. Осы Ережеде келтiрiлген талаптар сақталмаған кезiнде мемлекеттік мекеме жасасқан азаматтық құқықтық мәмілелер тiркеуге жатпайды.
10-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеуге
мемлекеттік мекемелер беретiн құжаттардың тiзбесi
87. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен немесе бюджет қаражаттарын алушылармен жасасқан шарттың екi түпнұсқа данасын қосып бере отырып, 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелердi тiркеуге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнім) және шарттың көшiрмесiнiң бір данасын (аумақтық қазынашылық органына) бередi.
88. Шот-фактура негiзiнде жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеу үшiн берілген тауарға (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) шот-фактураның түпнұсқасы мен көшiрмесi қоса беріледi.
89. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсiлi кезiнде, егер осындай келiсу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес талап етілген жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілеттi органның сатып алу тәсілiне келiсу туралы тиiсті жазбаша растауын ұсынады.
90. Объектілер мен кешендердi салуға шартты тiркеу кезiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына Қазақстан Республикасының аумағының шегiндегі объектілер мен кешендердiң құрылысын қоспағанда, жобалау құжаттамасының (жобалау-сметалық) және құрылыстың сметалық құнына және жиынтық сметалық есеп айырысуға қатысты олардың бекітілгенін растайтын құжаттарды мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын беру қажет.
91. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына мынадай шығыстардың түрлерi бойынша бюджет мiндеттемелерiн тiркеу үшiн төлеуге шот бередi:
мемлекеттік мекеме мен жеке тұлға - өтеусiз негiзде бюджет қаражаттарын алушы арасындағы еңбек қатынасы негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттік мекеменiң шығыстары;
бюджеттерге берілетiн ресми трансферттер және төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер;
сыйақылар төлеу мен iшкi және сыртқы борыштың негізгі сомасын өтеу;
елдiң iшіндегі күрделi трансферттер, шет елдерге күрделi трансферттер, қаржылық активтер сатып алу, ел шегiнде қаржылық активтер сатып алу;
ерекше және өзге де ағымдағы шығындарды төлеу;
аппараттарды және сыртқы саяси және халықаралық қызметті қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік органдардың өкілдерiн ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға Қазақстан Республикасы шегiнде валюта қаражаттарын ауыстыру және оны аудару;
жеке тұлғаларға тамақтану немесе заттай мүлiк, нысанды және арнаулы киім-кешек, темекi өнiмдерiнiң құны шегінде ақшалай жәрдемақылар төлеу.
92. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң (жергiлiктi атқарушы органдар) шешiмдеріне сәйкес мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе мiндеттемелердi қабылдаған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасы Үкiметінiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) тиісті шешімдерiнiң көшірмесiн бередi.
11-тарау. Мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық
мәмілелердi тiркеу кезiнде қойылатын талаптар
93. Жасалған шарттарды тiркеудi талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесiн бюджетте атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейдi.
94. Мiндеттемелердi тiркеу негізінде жүргiзілетiн төлеуге берiлген шоттың сомасы шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша жыл басынан бастап тiркелген бюджет мiндеттемелерiнiң сомасын шегере отырып, мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың сомасынан асып кетпеуi қажет.
95. Аумақтық қазынашылық органына тiркеуге берiлген азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң сомасы шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiсті кодтары бойынша жыл басынан бастап тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелердiң сомасын шегере отырып, мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың сомасынан асып кетпеуi қажет.
96. Мерзiмi бір қаржы жылынан аспайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу мемлекеттік мекемелерге берiлген рұқсаттар шегінде жүзеге асырылады және мынадай жағдайларда болады:
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы қарыз бойынша шарттың шеңберiнде мемлекеттік мекеменiң шарт жасасуына;
құрылыста ұзақ мерзiмдi мердiгер жұмыстарға және оларға iлеспе тауарлар мен (немесе) қызметтерге мемлекеттік мекеменiң шарт, сондай-ақ дайындалу технологиялық мерзiмi бір жылдан аспайтын тауарларды сатып алу туралы шарт жасасуына;
мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жөніндегі халықаралық қаржылық институттар мен халықаралық рейтингтiк агенттiктермен құқықтық қатынастардың пайда болуы.
Қалған жағдайларда, азаматтық-құқықтық мәмілелердi мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының соңына дейiнгі мерзiмде жасасады.
97. Орындалу мерзiмi бір қаржы жылынан асып кететiн шартта тиісті қаржы жылы бойынша сома бөлiнген шарттың жалпы сомасы көрсетіледi. Шарттың қолданылу мерзiмi бюджеттік бағдарламаның бекiтілген паспортына сәйкес бюджеттік бағдарламаның кiшi бағдарламасының iс-шараларын iске асыру мерзiмiне сәйкес келуi қажет. Кейiнгi жылдарда азаматтық-құқықтық мәмілелердi қайта тiркеу шарт немесе тиiстi қаржы жылына берiлген рұқсаттар шегiнде оған қосымша келісім негiзiнде жүргiзіледi. Халықаралық қаржылық институттар, халықаралық рейтингтік агенттіктер белгілеген нысан бойынша растаушы құжат негiзiнде Халықаралық қаржылық институттар мен халықаралық рейтингтік агенттiктермен болатын шарттарды қайта тiркеуге болады.
98. Шарттың сомасы, есептердiң тәртібі мен мерзiмi немесе тараптардың деректемелерi өзгерген жасалған шартқа қосымша келісім тiркеуге жатады. Есептердiң тәртібі мен мерзiмiнiң өзгеруi бойынша қосымша келісімдi тiркеу кезiнде мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарламаны (тапсырысты) өзгерту жүргiзiлмейдi. Шарт сомасының өзгеруi бойынша қосымша келісімдердi тiркеу мынадай:
сапасы, көлемдерi өзгермеуi шарты және берушiнiң таңдауы үшін негізгi болып табылатын басқа да шарттар кезiнде бағаның кемiтiлуi бөлiнiсiнде шарттың сомасы кемiген;
табиғи немесе мемлекеттік монополия субъектілерiмен, үлесi осындай рынокта жүз пайызға тең анықталған тауар рыногінде басым (монополиялық) жағдаймен айналысатын немесе бір көзден балама болмаған кезде жасасқан берушілермен шарттың сомасы өзгерген;
мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасы өзгермеген бір жылдан артық мерзiмге жасалған шарттың ағымдағы қаржы жылында сомасы өзгерген жағдайларда берiлген рұқсаттардың қалдығы шегiнде болады.
99. Бір жылдан артық мерзiмге жасалған шарттың жалпы сомасының өзгеруi бойынша қосымша келісімдi тiркеу осы Ереженiң 98-тармағында санамаланған жағдайларда мүмкін болады. Шарт тараптарының өзгеруi тараптардың қайта ұйымдастырылуына және мемлекеттік мекеменiң функцияларын басқа мемлекеттік мекемеге беруге байланысты жүзеге асырылады.
100. Шарттардың сомасы өзгерген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына тiркеуге негiзгі шартқа қосымша келісім мен бұрын орындалған міндеттемелерді ескере отырып шарттың жаңа сомасына өтiнiм бередi.
101. Шарттың бұзылған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық комитетiне шартты бұзу туралы келісім немесе шарттың бұзылуы туралы хабарлама және есептемелердi салыстыру актiсiн ұсынады. Берушiнiң мемлекеттік мекеме алдында берешегі болған кезде шартты бұзуды тiркеуге болмайды.
102. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен немесе бюджет қаражаттарын алушылармен мемлекеттік мекеме жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) төлеу үшiн мынадай шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшiн ағымдағы қаржы жылына шарттың сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасалады:
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар",
134 "Зат түріндегі мүліктік заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тiгу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу",
139 "Өзге де тауарлар сатып алу",
149 "Өзге де қызметтер мен тауарлар" - ауылдағы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен шарт жасасқан кезде,
411 "Активтер сатып алу",
412 "Ғимараттар мен құрылыстар сатып алу".
103. 145 "Жылытқаны үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарттың сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде отын сатып алу бөлігінде ғана рұқсат етіледi. Осы Ереженiң 102-тармағында көрсетілген тiзбеге енбейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарттың сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi. 147 "Үй-жайды жалдауға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясына ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат берiлмейдi.