29-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi
жасаудың тәртібі мен нысандары
256. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзіледi.
257. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп есептен кейiн тоқсанның бірi күнi және бір жыл үшiн тоқсан сайын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган жасайды.
258. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн енгiзе отырып есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн жыл сайын ҚР ҰБ бірлесiп жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
1) 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi;
2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерiм мен есептердi:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерiмi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептер.
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге деректерді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiмен бірге жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізедi.
259. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімдi басқару туралы шартта көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшін жауап бередi.
8-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі
30-тарау. Бюджеттік кредит беру бойынша қаржылық рәсiмдер
260. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
банк-қарыз алушы - банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын банктер мен ұйымдар болып табылады;
бюджеттік кредит - қайтарымдылық шұғыл және төлем негiздерiнде тиісті бюджеттерден бөлiнетiн ақша;
қарыз алушы-банктер - қарыз алушы, жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, жергілiктi атқарушы органдар, шет мемлекеттер;
түпкiлiкті қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушi немесе қаржы агентi анықтаған шарттармен оған банк-қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттi түпкілiктi алушы заңды және жеке тұлғалар;
кредит беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілiкті атқарушы органдар;
сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) - банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушiнiң (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және есебiнен, бюджеттік кредит беруге байланысты оның нұсқауларымен анықталған тапсырмаларға сәйкес тапсырма шарты негізiнде жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдар болып табылады.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілiкті атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергілікті бюджеттердi атқарудың құрамдас бөлiгi болып табылады және түпкiлiктi қарыз алушыларға одан әрi кредит беру үшiн қарыз алушыларға тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит беру арқылы жүзеге асырылады.
261. Бюджеттік кредит беру шарттары мыналардың:
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен - жергілiкті атқарушы органдар анықтайды.
262. Бюджеттік кредит берудiң мiндетті шарты кредит берушiнiң мүддесiн қамтамасыз ету, кредиттік тәуекелдiң туындауын барынша азайту болып табылады.
263. Бюджеттік кредит беру:
республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына арналып Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген;
жергілiкті бюджеттерде тиiстi қаржы жылына арналып мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген тиiсті бюджеттік бағдарламаларда анықталған мақсаттар мен сома шегiнде беріледi.
264. Кредиттiк шарт (келісім) заңмен ұсынылған шарттарды мiндетті түрде қамтуы тиiс. Сондай-ақ, кредиттік шарт (келісім) бюджеттік кредитті беруге, пайдалануға, қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн.
Кредиттiк шартқа (келісімге) қол қойылған күннен бастап үш ай iшiнде қарыз алушының бюджеттік кредит жөніндегі мiндеттемелердi атқаруын қамтамасыз ететiн тиiстi шартқа (келісімге) қарыз алушы қол қоюы тиiс.
265. Кредиттік шарт ұлттық валютада да және шетелдiк валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер сыйақының өзгермелi және тiркелген ставкасы түрiнде де берiлуi мүмкiн.
266. Бюджеттік кредиттің мерзiмi қарыз алушының есебiне бюджеттік кредит аударылған күннен бастап есептеледi.
267. Бюджеттік кредиттің негiзгi борышын төлеу бойынша жеңiлдiк кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тиісті есептемелерiмен расталады. Бұл ретте, жеңiлдiк кезеңiнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының үштен бірiнен аспауы тиiс.
268. Облыстардың (республикалық маңызды қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттік кредиттерi, қаржы агенттерi, мемлекеттік білiм беру және студенттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда бюджеттік кредит бойынша сыйақылар ставкасы бюджеттік кредит мерзiмi өтеуге дейiнгі мерзiммен тең бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиiстi мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстің орташа өлшемдiк ставкасымен тең болып белгіленедi. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орташа өлшемдiк ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
269. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу бюджеттік кредит қаражатын кредит берушiнiң шотынан қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап, бюджеттік кредит қайта құрылымдау кезiнде тиiстi шартқа (келісімге) қол қойылған күнiнен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеу бірiншi күнтізбелiк жылдан кешiктiрiлмей басталады.
270. Сыйақыны есептеу үшiн жылдың 360 күнi және айдың 30 күнi есепке алынады.
271. Түпкiлiктi қарыз алушыға арналған ставканың мөлшерi осы Ереженiң 268-тармағына сәйкес анықталған, банк-қарыз алушы белгiленген банк-қарыз алушы үшiн тағайындалған екi еселенген сыйақы ставкасынан аспайды.
272. Егер, бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмесе, сыйақы ставкасы өткен кезеңнiң тиісті валютасымен сыйақы ставкасына тең болып белгiленедi.
273. Жасасқан кредиттік шарттар қол қойылған күннен бастап үш күн iшiнде:
республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен бюджеттік кредит бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органда;
жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органдарда тiркеуге жатады.
274. Жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиісті мәслихаттардың шешiмдерi бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кредиттiк шарт (келісім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалады.
275. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит беру кезiнде кредиттiк шарт (келісім) кредит берушiнiң және жеке тұлғаның тапсыруы бойынша сенім бiлдiрілген өкiл (агент) арасында жасалады.
276. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес және бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа мiндеттi түрде күшiне енгізуге қажеттi шет мемлекеттермен мемлекетішілік ресiмдер жүргiзiлгеннен кейiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiледi.
277. Негiзгi борышты, сыйақыны және тиесілі өзге де төлемдердi өтеу кредиттiк шартқа (келісімге) сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте, төлемдердiң мынадай:
1) тұрақсыздық (айыппұлдар мен өсiмдер) есептеу;
2) сыйақы есептеу;
3) негiзгi борышты өтеу белгіленедi.
278. Республикалық және жергілiкті бюджеттердiң ақшасы есебiнен берiлген бюджеттік кредит қарыз алушы негiзгi борыш сомасын қайтару және сыйақылар мен бюджеттік кредитке байланысты басқа да ілеспе төлемдердi толық көлемде төлеген кезiнде өтелген болып саналады.
279. Қарыз алушы бюджеттік кpeдитті пайдалану мен өтеу шарттарын бұзған жағдайда кредит берушi кредиттiк шартты (келісімдi) мерзiмiнен бұрын бұза алады және бюджеттік кредиттiң iс жүзiнде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі соманы қайтара алады.
280. Бюджеттік кредиттің мақсатқа сай жұмсалмаған фактiсi ашылған кезде кредит берушi қарыз алушыдан мақсатқа сай жұмсалмаған қаражаттың сомасын және мақсатқа сай жұмсалмаған сомадан жиырма бес пайыз мөлшерде айыппұл өндiрiп алады.
Мақсатқа сай жұмсалмаған кредит сомасына сондай-ақ қарыз алушының кредиттiк шартта (келісімде) анықталған бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнен кейiн пайдаланған сомасы да жатады.
281. Қарыз алушының бюджеттік кредит және кредиттік шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде оның өтелмеуi бойынша берешектерi пайда болған кезде кредит берушi мерзiмi өткен әр күн үшiн қайтаруға жататын сомадан нөл бүтiн оннан бір пайыз мөлшерiнде айыппұл пайыздарын есептейдi.
282. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе әкiмдiктiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
283. Республикалық бюджет есебiнен берiлген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешiмдi "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекеттік кепілдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
284. Жергілiкті бюджет есебiнен берiлген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешiмдi жергіліктi атқарушы органның жанындағы консультативтiк-кеңес органының оң қорытындысы негiзiнде жергілiктi атқарушы орган қабылдайды.
285. Кредит берушілер арасындағы бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезiнде кредит беруші, бағдарламалар әкiмшiсi және қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.
286. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасын есептеу жүргізiледi. Бұл ретте бюджеттік кpeдитті өтеу немесе кезекті төлем мерзiмiн, кредит валютасын, сондай-ақ сыйақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекітілген бюджеттің кiрiс бөлігiнiң мөлшерiне әсер eтпеуi тиiс.
31-тарау. Қарыз алушының кредитті төлеу қабiлетiнiң өлшемдерi
287. Банк-қарыз алушының кредитті төлеу қабiлетiне қойылатын негiзгi өлшемдерi мыналар:
1) республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектердің болмауы;
2) қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілеттi орган пруденциялық нормативтерін конкурс өткізілген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде сақтауы;
3) меншiктi капиталы бюджеттік кредиттің сомасынан кемi екі есе артуы тиiс;
4) бюджеттік кредиттерді уақытылы қайтару бойынша қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғы;
5) қажет болған кезде филиалдық желiлер және/немесе хат-хабар желілерiнің бары-жоғы болып табылады.
288. Жергіліктi атқарушы органдардың кредитті төлеу қабiлетiне қойылатын негiзгi өлшемдер бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектердiң болмауы болып табылады.
289. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит беру кезiнде кредитті төлеу қабілетiн сенім бiлдiрілген өкiл (агент) анықтайды.
290. Бюджеттік кредит алуға үмiткер шет мемлекеттерiнің кредитті төлеу қабiлетi жетекшi халықаралық рейтингтік агенттiктердiң берген рейтингіне сәйкес анықталады.
291. Сондай-ақ, кредит берушi қарыз алушының кредиттi төлеу қабiлетiн анықтау үшiн қосымша өлшемдердi белгiлеуi мүмкiн.
32-тарау. Банк-қарыз алушыларды iрiктеу тәртібі
292. Бағдарламалар әкiмшілерiнiң тиiстi бюджеттердi қабылдағанынан кейiн бір айдан аспайтын мерзiм iшiнде банк-қарыз алушыларды анықтау үшiн үмiткерлерге (бұдан әрi - үмiткерлер) қойылатын талаптар анықталады.
293. Осы Ереженiң 292-тармағын орындағаннан кейiн бағдарламалар әкiмшілерi үш жұмыс күні iшiнде кредит берушілермен келiсу үшiн конкурстық құжаттамаларды жiбередi.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күнi iшiнде конкурстық құжаттамалармен келiседi және бұл жөнiнде бағдарламалар әкiмшілерiне хабарлайды.
294. Бағдарламалар әкiмшілерi өтiнiм беру мерзiмiн көрсете отырып бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде кредит алу үшiн конкурс жариялайды.
295. Үмiткерлер бағдарламалар әкiмшілерi анықтаған конкурс өткізу мерзiмiнде олардың конкурс талаптарына сәйкестігін растайтын және бюджеттік кредиттердi алу шарттары бойынша ұсыныстар мен олардың нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкiлiкті қарыз алушыға кредит берудi жүзеге асыруды қамтыған құжаттарды қоса бере отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм бередi.
296. Бағдарламалар әкiмшілерi:
1) үмiткерлердiң бюджеттік кредиттердi алудың негiзгi талаптарын қоса бере отырып тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпараттарды алу мақсатында қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;
2) үмiткерлердiң республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен бұрын алған бюджеттік кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешектерiнің бары-жоғы туралы ақпаратты алу мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілiктi атқарушы органдарға сұрау жолдайды.
297. Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілеттi орган сұрауға сәйкес бес күн iшiнде үмiткерлердiң конкурсқа қатысу үшiн талаптарды сақтауы туралы ақпаратты бағдарламалар әкімшілерiне жолдайды.
298. Үмiткерлердiң республикалық және/немесе жергіліктi бюджеттер қаражаты есебiнен бұрын алған бюджеттік кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешектерiнiң бары-жоғы туралы ақпаратты бағдарламалар әкiмшілерiнiң сұрауына сәйкес бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға және/немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жолдайды.
299. Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысы бар үміткерлер конкурсқа жіберіледі.
300. Конкурсқа қатысуға рұқсат етілген үмiткерлердiң арасынан қарыз алушылардың құжаттарын қарау және iрiктеу үшiн бағдарламалар әкiмшiлерi конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өкiлдерiнен құралуы тиiс.
Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi кредит беру мақсатында үмiткерлердiң өтiнiмдерiн қарайды және мыналарға:
түпкiлiктi қарыз алушы бюджеттік кредит беруге байланысты шығыстардың ең аз деңгейiне;
қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмділігіне);
қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
өзiндiк капиталдың көлемiне;
кредит беру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне негiздей отырып оларды iрiктеудi жүзеге асырады.
301. Конкурс нәтижелерi бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi қарыз алушыны анықтайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi атқарушы органға тиісті шешiмдердiң жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзедi.
302. Кредит беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың қабылданған шешімдерi негізiнде бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiмен және қарыз алушылармен бірлесе отырып кредиттiк шарт (келісім) жасасады.
303. Тараптардың бюджеттік кредит беру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары кредиттік шартта (келісімде) жасасқан талаптары негізiнде және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
33-тарау. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң мемлекеттік
бағалы қағаздар эмиссиясы бойынша табыстылықтың
орта мөлшерлi ставкасын анықтау тәртібі
304. Табыстылықтың орташа өлшемдiк ставкасын бағалы қағаздардың қайталама рыногында тиiстi тоқсанда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзiмдi индекстелмеген бағалы қағаздармен жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi бойынша анықталады.
305. Операциялардың нәтижелерi бойынша, тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша "Қазақ қор биржасы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бeci күнінен кешiктiрмей бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы операциялардың нәтижесiнде қалыптасқан табыстылықтың орташа өлшемдiк ставкасының мөлшерi туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат жолдайды.
34-тарау. Бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына
және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз
етудiң бары-жоғына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
306. Бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз етудiң бары-жоғына бақылауды бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлер және/немесе сенім бiлдiрілген өкiл (агент) жүзеге асырады.
307. Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына және жыл сайын бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнде ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуының қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғына тексеру жүргiзедi.
308. Қарыз алушы кредит бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган, сондай-ақ бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуының қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғына тексеру жүргiзедi.
35-тарау. Жергілiктi бюджеттен берешектердiң сомасын
немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы алу тәртібі
309. Жергілікті бюджеттердiң шотынан есептен шығару кредиттiк шартқа байланысты тиiстi атқарушы органдардың келісімiнсiз, мынадай:
1) кредиттік шартпен белгiленген мерзiмде бюджеттік кредиттер өтелмеген;
2) iшкi бақылау жөніндегі уәкілеттi орган бюджеттік кредиттің мақсатқа сай пайдаланылмаған фактілерiн ашқан жағдайларда жергілікті бюджеттердiң шоттарынан республикалық бюджеттің кiрiс шотына ақша аударуды бiлдiредi.
310. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган бюджеттік кредиттiң мақсатқа сай пайдаланылмаған фактілерiн ашқан жағдайда жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан тиiстi соманы есептен шығаруды жүргiзедi.
311. Бюджет атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган тиісті аумақтық қазынашылық органына айыппұлды өндiріп ала отырып уақытылы өтелмеген және/немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару туралы жазбаша нұсқау жолдайды.
312. Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызды қалалар мен астананың бюджетіне берiлген өтелмеген борыш сомасын, ҚР БҚБ тиісті кодына жергіліктi бюджеттердiң шотынан есептен шығару аумақтық қазынашылық органдарына төлеу шотының негiзiнде жүзеге асырылады.
313. Жергілікті бюджеттердiң шоттарынан қаражатты есептен шығару бюджеттік алулардың бірiншi кезектілігi ескеріле отырып жүзеге асырылады.
314. Жергілiкті уәкілеттi орган төлем шотының көшiрмесi негiзiнде бюджеттік кредит бойынша өтелген борыш сомасын тиісті бюджет атқару туралы есеп пен есептемеде көрсетедi.
Ағымдағы қаржы жылының бюджетінде өтелмеген борыштың сомасы немесе оның жетімсiздігі болмаған жағдайда жергiлiктi уәкілетті орган бюджеттi нақтылау туралы ұсыныс енгiзедi.
9-бөлiм. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
36-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алу тәртібі
315. Осы тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
агент - шарт негiзiнде өз атынан және кредит берушiнiң (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және оның нұсқауларына сәйкес қарыз қаражатын пайдалануға байланысты белгiлi бір тапсырмаларды орындайтын тұлға;
Банк/Агент - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсетуге өкілетті, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым;
қарыз алушы - негізгі борышты өтеу мен сыйақыны, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелердi көтеретiн, қарыз қаражатын алатын қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушы ретiнде әрекет етедi;
түпкілiктi қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, қарыз алушы анықтаған шарттармен қарыз қаражатын түпкілiкті алушы.
316. Қарыз алу нысаны бойынша үкiметтік қарыздар мыналарға:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын шығару;
2) қарыз шарттарын шығару болып бөлiнедi.
317. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарыз алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң белгiлеген мынадай:
1) қарыз алудың қаржылық шекарасын белгілеу;
2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын анықтау;
3) ықтимал үкiметтік қарыз алу тiзбесiн қалыптастыру тәртібі негiзiнде жүзеге асырылады.
318. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органмен бірлесiп Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың алдағы үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспары, көлемi және құрылымдары (бұдан әрі - Орта мерзiмдi жоспар) негізiнде қабылданған макроэкономикалық көрсеткiштерге негiздей отырып үкiметтiк қарыздар мен борыштардың алдағы орта мерзiмдi кезеңiне арналған жағдайын және болжамын бағалауды жыл сайын жүргiзедi.
319. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарыз алуының көлемiн, нысанын және шарттарын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген үкiметтiк борышты өтеудiң және қызмет көрсетудiң көлемiн анықтайды.
320. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшiн тартылатын ықтимал үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органмен бірлесе отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті органның мынадай:
1) қолданыстағы сыртқы қарыздар қаражаты түсiмдерiнiң тiзбесi мен жылдық көлемiн;
2) қаражаттың түсуiнiң ықтимал тiзбесi мен жылдық көлемiн және олардың даярлық дәрежесiне, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейiне және халықаралық қаржы ұйымдары мен дамуға ресми көмек көрсететiн донор-мемлекеттердiң үкiметтерiмен, басқа да сыртқы кредит берушілермен өзара iс-қимылдың перспективасына негiздей отырып қол қоюға даярланып жатқан бағдарламалық және инвестициялық сыртқы қарыздарды;
3) iшкi және халықаралық капитал рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда бюджет тапшылығының бөлiгiн жоғарыда санамалап көрсетiлген көздермен қаржыландыру үшiн қарыз алудың өзге де ықтимал көздерi мен құралдарын анықтауын қамтиды
37-тарау. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығару арқылы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қарыз алуы
321. Қазақстан Республикасының Үкiметі капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешiм қабылдайды.
322. Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асырады, осындай әрбір мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың көлемiн, мерзiмiн және шарттарын анықтайды.
323. Капиталдық халықаралық рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару үшiн мыналар:
1) елдiң кредиттік рейтингiн көтеру, инвесторларды тарту мақсатымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың рыногы мен әрiптестердi анықтауды;
2) осындай мәмілелер үшiн белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамаларды даярлауды жүзеге асырылады.
38-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз
шарттарын жасасу арқылы қарыз алуы
324. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл сайын басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады және оны бекіту үшiн республикалық бюджеттік комиссияға ұсынады.
325. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтаған қарыздың тиісті кезеңiне арналған басым инвестициялық жобалардың тiзбесi шегiнде тарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiн даярлау үшін мүдделi министрлiктер мен ұйымдарды тарта отырып: