Қазынашылықтың аумақтық органы төлемдердi қалпына келтiру бойынша төлем құжаты тиiсті мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органына төлемдi қайтару бойынша төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң ішінде хат-негіздеменi бередi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн қайтару сомасы ақша қаражатын қайтаруға төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың негiзiнде кiрiстердiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодына арналған бюджетке есептеуге жатады.
6-бөлім. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
олардың иелігінде қалған ақшаны пайдалану тәртібі
24-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн олардың
иелiгiнде қалған ақша
195. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептеуге жатады.
196. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде оның негізгі қызметiне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік мекемелердiң сату құқығы көзделсе, оған ақы төлеу мiндетті сипатқа ие болмаса және жеке немесе заңды тұлғалардың келісімi бойынша анықталады, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалады.
197. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелiгiнде қалған ақша осы Ережеде белгіленген тәртiппен жоспарланады және пайдаланылады. Осы ақшаға билiк етушілер мемлекеттік мекеменiң басшылары болып табылады, олар олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуi тиiс.
198. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған ақша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотына есептеледi.
199. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысы, оларды сатудан түскен ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодтарын, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн, түсiмдердiң пайда болу көздерiн және пайда болу бағыттарын көрсете отырып олардың иелігінде қалады.
200. Функционалдық топтардың, Функционалдық кiшi топтардың, мемлекеттік мекемелердiң - бағдарламалар әкiмшілерiнің, бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың кодтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ҚР ББС құрамында шығыстардың бюджеттік сыныптамасына сәйкес анықталады.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін олардың
иелiгiнде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары
жоспарын қалыптастыру және бекіту
201. Мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн өздерiнiң иелiгінде қалған ақша есебiнен операциялар жүргiзу үшiн жыл сайын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
202. Жоспар мынадай тәртiппен 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады:
кiрiс бөлігіне олардың бекітілген тiзбесiне сәйкес сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiстi түрлерi бойынша қаражаттың және қаржы жылының басындағы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) осы түрi бойынша да қаражат қалдығының түсiмдерi енедi. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн сақтаған жағдайда есептi жылдың 31 желтоқсанында пайда болған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақшаның қалдықтары жаңа қаржы жылының сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиісті түрi жоспарының кiрiс бөлігіне, сақталмаған жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiне ауыстырылады;
жоспардың шығыс бөлiгiне шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша шығыстар енгiзіледi.
203. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстар жөнiндегі түсiндiрме жазбаны және негiзделген есеп айырысуларды қоса бере отырып 3 данада жоспарлар бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бекітуге беріледi.
204. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi:
жоспарлардың негізiнде 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен олардың иелiгінде қалған түсiмдер мен ақша шығындары жоспарын қалыптастырады және бекiтедi;
келесi қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілеттi органға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің бөлiнiсiнде әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен бірге мемлекеттік мекемелер бойынша жоспарды келiсуге бередi. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелiгі бойынша түсiмдер мен шығыстардың әрбір түрi бойынша түсiндiрме жазба мен негiзделген есептемелер қоса беріледi.
205. Жоспардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбір түрi бойынша және жоспардың әрбір көрсеткiшi бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың сомасына тең болуы тиiс.
206. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың оған тiркелген есептемелердiң жасалуының дұрыстығына бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жауап бередi.
207. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган келiсуге берген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражаттың түсу көздерiнiң негіздiлігіне, кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығына және қаражатты жұмсаудың нысаналы бағыттылығына тексерiледi, бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органның басшысымен келісіледi және мөрмен куәландырылады.
208. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі келісілген жоспардың бір данасы бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органда қалады, екiншiсi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне беріледi.
209. Әрбір мемлекеттік мекеменiң жоспарын 3 данада бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.
210. Бекiтiлген жоспардың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнде қалады.
211. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекітілген жоспардың екi данасын мемлекеттік мекемеге бередi.
212. Әрбір мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген жоспар болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бекітуге әкімші жол бермейді.
213. Мемлекеттік мекеме бекiтілген жоспардың бір данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
214. Қазынашылықтың аумақтық органы бекiтілген жоспарға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшiн шоттың қолданылу мерзiмiн ашуды немесе ұзартуды жүзеге асырады.
215. Қаржы жылының 15 қаңтарына дейiн жоспар бекітілмеген жағдайда мемлекеттік мекеме өткен қаржы жылының 31 желтоқсанына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн ақша қалдығының шегінде 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде ағымдағы қаржы жылының жоспарына жүргізілген шығыстардың сомаларын мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргізе алады.
216. Егер мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға 15 ақпанға дейiн келiсу үшiн берілмесе және 1 наурызға дейiн келісілмесе, онда қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақша және өткен қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптасқан және келесi қаржы жылының 1 ақпанына арналған жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы үш жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне 1 наурыздан кейiн аударуға жатады.
217. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шоттар бойынша қолма-қол ақшамен операциялар жөнiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу олар мен банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттың негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелер жүргiзедi. Банктiк қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар жоспардың шығыс бөлiгiнде көрсетiледi.
218. Бекiтiлген және келісілген жоспарлардың қолданылуы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
26-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың
иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстарының
жоспарларына өзгерістер енгізу
219. Бір жылдың iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер ағымдағы жылы оларға өзгерістер енгізу арқылы жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды нақтылау шартымен жұмсалуы мүмкiн.
220. Жоспарда көзделген сомадан тыс кiрiстер түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер, ақылы қызметтердiң әрбір түрi бойынша жылдық соманың шегiнде ерекшелiктер мен тоқсандар арасындағы өзгерістердi енгізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептемелердi бере отырып 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бередi;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi енгiзiлген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi, 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi, және бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға келiсуге бередi.
221. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер жөнiндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы берiлген анықтаманы қарайды, енгізілген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi.
222. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама екi данада бекітіледi және келісіледi.
223. Бір данасы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда қалады, екiншi данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісiне беріледi.
224. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi үш данада жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi.
225. Әрбір мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтама болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітуге әкiмшi жол бермейдi.
226. Бекiтілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкiмшісiнде қалады, екi данасы мемлекеттік мекемеге беріледi.
227. Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекiтілген анықтаманың бір данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
228. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен және бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органмен келiсілген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тiркеудi бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган жүзеге асырады, ал бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен жоспарға өзгерістер енгізу туралы жоспар мен анықтаманы тiркеудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асырады. Тiркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға, жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртiппен нөмiрлер бере отырып, журналда еркiн нысанда жүргiзiледi.
229. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрiн және кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасын сақтау кезiнде ҚР ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар ҚР ББС белгiленген тәртiппен өзгерістер енгiзгеннен кейiн бір айдың iшiнде осы Ережеде белгіленген тәртiппен бекітіледi және келісіледi.
230. Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жаңа түрiнiң тiзiлiмiне өзгерістер енген және жоспардың кiрiс және шығысының жылдық сомасын ұлғайту қажет болған жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа жоспар және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар жасалады, келісіледi және бекітіледi.
27-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде
қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан
түскен ақшаны есепке алу және бақылау
231. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақшаның есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
232. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу және есептілiк бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
233. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшін шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртібі бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиiсті нормативтік құқықтық актiлермен реттеледi.
234. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша төлеушілерден, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшін шотқа немесе мемлекеттік мекеменiң кассасына тiкелей қолма-қол ақшамен аудару арқылы түсуі мүмкін. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат бойынша қолма-қол ақшаны белгiленген үлгiде түбіртектер немесе кіру кассалық ордерлерiнiң түбіртектерiн бере отырып мемлекеттік мекеменiң уәкілеттi лауазымдық тұлғасы қабылдайды.
235. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақша есебiнен төлемдер тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотында iс-жүзiнде қолма-қол ақшаның болу шегінде жүзеге асырылады.
236. Түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақша он жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне мемлекеттік мекеменiң аударуына жатады.
237. Жоспарда көзделген сомадан тыс бюджетке түскен ақшаның және түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақшаның уақытылы есептелуiн бақылауды қазынашылықтың аумақтық органы жүзеге асырады.
238. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шотқа есептеледi. Осы ақшаны уәкілеттi органның бөлiмшесiне алдын ала өткiзбей тұрып жұмсауға жол берiлмейдi.
239. Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуды жүзеге асырады.
240. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе заңнамаға сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражат аударуға тиым салынады, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қоспағанда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн өз шотына депозит шотынан қаражатты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшін шотқа аударуға рұқсат етіледi.
241. Депозит шотынан Қылмыстық-түзету жүйесi мекемесiнің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алуға шотқа қаражат аудару үшiн депозит шотынан ақша аударуға сотталғандардың өтініштерiнiң негiзiнде төлем тізiмдемесi жасалады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына бередi.
242. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарының орындалуы туралы есептi жасайды.
7-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерi мен есептілігі
28-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтердi есептеу және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану тәртібі
243. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi - Қор) Бюджет кодексiнде белгіленген түсiмдер есебiнен қалыптастырылады.
244. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдердiң сомасының он пайыз мөлшерiнде есептелген ресми трансферттер ай сайын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Үкiметтiң шотына бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган аударады.
245. Республикалық меншiктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін жоспарлы түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетін ресми трансферттер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергілiкті бюджеттің ресми трансферттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына өткен айдағы осы түсiмдердiң қорытындысына тең сомада және түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ақпаннан бастап әрбір айдың бірiншi он күндiгінде тиiстi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган аударады.
246. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтілген олардың жылдық көлемдерiне шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке нақты түсiмдердi арттыру және республикалық меншiктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы өткен айдың түсiмдерiнiң қорытындысы бойынша олар жөнiнде жылдық жоспарын жүз процент орындау сәтiнен бастап ай сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган анықтайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметі қаулысының тиісті жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен әзiрлейдi. Үкiмет қабылдаған қаулының негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган осы Ережеде белгіленген тәртiппен Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгізедi және Үкiметтің шотына ресми трансферттер ретiнде қаулының жобасын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнiнiң iшінде шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке нақты түсiмдердi арттыру және республикалық меншіктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiкті жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы аударылады.
247. Жергілiктi бюджетке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы өткен айдың түсiмдерiнiң қорытындысы бойынша олар жөнiнде жылдық жоспарын жүз процент орындау сәтiнен бастап ай сайын жергілiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган анықтайды. Жергілiктi бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган тиісті қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілiкті атқарушы органның қаулысының тиісті жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен әзiрлейдi. Жергілiктi атқарушы орган қабылдаған қаулының негiзiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртiппен Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізедi және Үкiметтің шотына ресми трансферттер ретiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы аударылады.
248. ҚР ҰБ кастодиандардан түсетiн ақпараттың негiзiнде есептеу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстерге есеп жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн алынған инвестициялық кiрiстердiң сомасы оның жинақтау функцияларын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеледi.
249. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтау функцияларын орындау үшiн Үкiметтің шотына заңды және жеке тұлғалар аударады.
250. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану Бюджет кодексiнде көзделген мақсаттарда ғана жүзеге асырылады.
251. Есептi жылдың қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тұтастай алғанда республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымынан алынатын түсiмдердiң бекітілген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде республикалық бюджет шығындары өтемақысының көлемiн белгілейдi.
Республикалық бюджет шығындарының өтемақысы шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын түсiмдер және тұтастай алғандағы түсiмдер бойынша республикалық бюджет орындалмаған жағдайда жүргiзiледi.
Өтемақының мөлшерi түсiмдер бойынша республикалық бюджеттің жете орындалмауының жалпы сомасын арттыра алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi белгілеген мақсаттарға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін мақсатты трансферттер ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жұмсалуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтілген көлемдер шегiнде жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында шикiзат секторы ұйымдарынан күтілетiн түсiмдердiң болжамын ескере отырып алдын ала республикалық бюджет шығындарының өтемақы көлемдерін белгілейді. Содан кейін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚҰ ҰБ Қордың шығындарын өтемақы төлеуге жұмсауы туралы хабарламаны жiбередi.
Ағымдағы жыл үшiн шикiзат секторы ұйымдарынан бұрын алынған өтемақы сомасы мен iс жүзіндегі түсiмдердi ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының өтемақысының түпкiлiктi есеп айырысуларын ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнi уәкілетті орган жүргізедi.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттiң шығындарының өтемақысын жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ жiбередi:
48-қосымшаға сәйкес 2-37-нысан бойынша республикалық бюджеттің шығындарға өтемақы төлеуге арналған хабарлама;
төлем құжаттарының көлемдерi мен деректемелерiн көрсете отырып 2-37-нысан бойынша республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттер бөлу туралы хабарлама, ол бойынша ҚР ҰБ республикалық бюджетке мақсатты трансферттердi аударуды жүзеге асырады.
Хабарлама бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілеттi орган басшысының қолымен бекітіледi және оның мөрiмен куәландырылады. Бюджетті атқару жөніндегi орталық уәкілетті органның басшысы болмаған жағдайда хабарламаны бұйрыққа сәйкес оның мiндетiн атқарушы тұлға бекiтедi.
252. ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның хабарламасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттердi бөлу туралы және республикалық бюджеттің шығындарына өтемақы төлеуге хабарлама алған сәттен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде, ал төртiншi тоқсан үшiн - хабарламаны алған күннен бастап ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімдi басқару туралы (бұдан әрi - Сенімдi басқару туралы шарт) шартқа сәйкес республикалық бюджетке қаражат аударуды жүзеге асырады.
253. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн ҚР ҰБ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем үшiн шот-фактураларды жiбередi.
254. Сенімдi басқару туралы шартта белгiленген мерзiмдерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ҚР ҰБ 49-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын бекіту туралы хабарлама жiбередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын бекіту туралы хабарламаның негiзiнде және сенімдi басқару туралы шартқа сәйкес ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиті жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу үшін ?кіметтің шотынан соманы есептен шығарады.
255. Республикалық меншiктегi және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан және шикiзат секторы ұйымдарының салығынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына дұрыс емес немесе артығымен түскен сомаларды қайтару бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен тиiстi бюджеттен жүргiзіледi.