Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216; 22.11.02 ж. № 1239; 29.12.02 ж. № 1431;
01.04.03 ж. № 314; 18.07.03 ж. № 714; 04.08.03 ж. № 780; 19.08.03 ж. № 827;
08.11.03 ж. № 1119; 16.06.04 ж. № 662; 25.06.04 ж. № 704 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 22.11.02 ж. № 1239 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат берілсін.
4. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 16.06.04 ж. № 662 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесі ресурстарын басқару аясында, ауылдық аумақтар, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүнді қайта өңдеуді, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруды салааралық үйлестіруді, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 18.07.03 ж. № 714; 16.06.04 ж. № 662 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары жөніндегі комитет, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитетi, Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитет.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1431 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды
6. Министрліктің толық атауы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемесі.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi аумақтық органдары болады.
Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
7. Министрлікті құру туралы акт пен осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаттары болып табылады.
8. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрліюсе өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 780; 16.06.04 ж. № 662 (бұр. ред. қара); 25.06.04 ж. № 704 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аңшылық және балық шаруашылығы өндірісінде, суды пайдалануда, астық өндірісі, тұқым шаруашылығы, ветеринария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласында, өз құзыретінің шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен, ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі және ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
2) өз құзыреті шегінде аймақтық саясатты іске асыруға қатысу;
3) денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
4) рыноктарда, өнім өндіру, дайындау (сойыс), сақтау, қайта өңдеу және сату кәсіпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезінде (мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді алмастыру; мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринарлық-санитарлық жағдайды бақылау; мал ауруларын анықтау және олардың туындауы мен таралуы себептерін және жағдайларын әрі олардың қоректеніп улануларын анықтау мен белгілеу) мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан, сондай-ақ карантиндік объектілерден қорғауды және республика аумағын шет елдерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе өз бетімен еніп кетуінен қорғауды ұйымдастыру;
6) құзыреті шегінде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) ауыл, ауылдық аумақтарды, орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге әрі іске асыруға қатысу;
8) агроөнеркәсіп кешенінің маркетинг қызметін дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
9) ауыл шаруашылығы өндірісі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуді өнеркәсіп саласында тікелей жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметіне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау;
10) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суымен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
11) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
12) ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласында астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы заңнаманың және белгіленген ережелердің сақталуын әрі республика аумағында өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) орман ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру , су ресурстарын пайдалану;
15) карантиндік объектілерді ашу, жайылуына жол бермеу және жою, сондай-ақ олар кездеспейтін республика аймақтарына олардың еніп кетуінің алдын алу;
16) пестицидтердің адамдар денсаулығына зиянды әсерінің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің, фитосанитарлық іс-шараларды өткізу кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оларды болдырмау;
17) қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету;
18) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу әрі оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізу;
19) селекция және асыл тұқымды өнім (материал) өсімін молайту саласында жаңа технологиялардың, құрал-саймандардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдістердің қолданылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
20) ауылдық аумақтарды дамытудың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық шарттарын жетілдiру.
20) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушілердiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 04.08.03 ж. № 780; 19.08.03 ж. № 827 (бұр. ред. қара); 08.11.03 ж. № 1119; 16.06.04 ж. № 662 (бұр. ред. қара); 25.06.04 ж. № 704 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді және толықтырылды
10. Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ауыл, орман, балық, аңшылық, су шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттің аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, басымдықты және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды, ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру мәселелерi жөніндегі iс-шараларды әзірлеуге, іске асыруға және үйлестіруге қатысады;
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру мен өсіру және тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту және астық рыногын реттеу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) ауыл шаруашылығы секторы үшін қаржы-кредит және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
4) су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану жөніндегі шаруашылық, ұйымдастыру, қорғау және рұқсат беру іс-шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
5) жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнетін түрлерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық рәсімін жүзеге асырады;
6) орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және қүрып кету қаупі төнетін түрлерінің мемлекеттік кадастрларын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді, Қызыл кітапты басып шығаруды қамтамасыз етеді;
7) қорық ісіне жалпы әдістемелік басшылықты үйлестіреді және жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік инспекция үйымдастырады;
8) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады, асыл тұқымды мал шаруашылығы, құс шаруашылығы мен омарта шаруашылығы саласындағы, су ресурстарын пайдалану мен қорғаудағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, мелиорация, ирригация мен дренаж функцияларын қоса алғанда, ауыл, балық, аңшылық, су шаруашылығын, ветеринария, фитосанитария, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласына және ауылдық аумақтарға инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға жәрдемдеседі
9) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында бағдарламалар, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережесін, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін, фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нүсқауларды, хаттамалар мен нүсқамалардың нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару тәртібін, фитосанитарлық нормативтерді, фитосанитарлық есеп пен есеп беру нысандарын, сондай-ақ оларды мемлекеттік статистиканың орталық атқарушы органымен келісім бойынша ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді қолдану құқығына тіркеу куәліктерін береді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жүмыстар мен қызмет көрсетулерді, сондай-ақ пестицидтердің қорын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
13) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитарлық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитарлық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша таратады;
14) зиянкес және аса қауіпті зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық іс-шаралар, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жүмыстарды ұйым д астырады;
15) фитосанитарлық іс-шараларды, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
16) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырады;
17) белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині саласында нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлейді және келіседі;
18) карантиндік іс-шараларға бөлінетін мемлекеттік қаражат пен материалдық ресурстардың мақсатты әрі ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
19) әкелінетін және әкетілетін карантинге жататын өнімдерді оның шыққан аумағының және жерінің, сондай-ақ баратын пунктінің фитосанитарлық сипаттамасын ескере отырып, карантиндік қарау, зертханалық сараптама және фитосанитарлық сертификаттау жүргізеді;
20) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасына сәйкес карантинге жататын өнімдерді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және олардың орындалуын бақылайды;
21) интродукциялық-карантиндік питомниктерде карантинге жататын импорттық өнімдердің жасырын жұқпалы карантиндік объектілерінің және тегі жат түрлерінің болуына тексеруді ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасында және басқа елдерде карантиндік объектілердің болуы әрі таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор жасайды;
23) халықаралық нормалар мен үсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитарлық қатерді бағалаудың ғылыми принциптері негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп карантиндік шараларды әзірлейді әрі оларды жеке және заңды түлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
24) карантинге жататын өнімдерге фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
25) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады әрі жүргізеді, сондай-ақ карантиндік объектілерге зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді, мүдделі тұлғаларға өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен фитосанитарлық іс-шаралар туралы ақпарат береді;
26) халықаралық ұйымдар және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты және өсімдіктерді қорғау әрі олардың карантині саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысуды жүзеге асырады;
27) ауылдық аумақтар iстерi бойынша, мелиорацияны, ирригация мен дренажды қоса алғанда, ауыл, орман, балық және су шаруашылығы, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және қашыртқы, ауыл шаруашылығы ғылымы мен аумақтық даму, ауыл шаруашығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп, астық қолхаттарының айналысы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдердің, сондай-ақ астық сапасының мемлекеттік стандарттарының жобаларын әзірлейді;
28) аттестаттауды жүргізу тәртібі, шаруашылық жүргізуші субъектілерге асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы мен дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
29) асыл тұқымды малдар мен табындардың есебін алудың ережесі мен нысандарын әзірлейді және статистика органдарына келісуге ұсынады әрі бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
30) асыл тұқымды мал өнімінің (материалдарының) асыл түқымдық қүндылығын анықтау жөніндегі және малдың өсімін молайту жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
31) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есеп беру нысандарын, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргiзу ережесін, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
32) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдауды (орын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін анықтайды;
33) мал ауруларының алдын алу мен диагностикасына байланысты ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау жүргізу тәртібін белгілейді;
34) рыноктарды, мал өсіру, дайындау (сою), мал өнімдері мен шикізаттарын, ветеринариялық препараттарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын сақтау, қайта өңдеу және сату ұйымдарын сәйкестендіру тәртібін белгілейді;
35) Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, мемлекеттік ветеринариялық бақылаудағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан сақтау тәртібін анықтайды;
36) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібін анықтайды әрі түрлері бойынша оның нормативін белгілейді;
37) республиканың су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын, аңшылық, балық ресурстарын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ олардың өсіп-өнуі мен үтымды пайдаланылуы, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау, республика аумағына аса қауіпті жұқпалы мал ауруларының енуінен, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды, мал мен өсімдік тектес өнімдеріне, шикізаттарына ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
38) өз құзыретінің шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын келіседі;
39) ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберуге елді мекендердің, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалылығын анықтау үшін негізгі өлшемдерді әзірлейді;
40) агроөнеркәсіп саласындағы бюджет қаражаты, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға қорытындылар береді;
41) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
42) мемлекеттік органдарға аймақтық саясатты жүргізуге жәрдем көрсетеді;
43) мемлекеттің аймақтық саясатын іске асыру және Министрліктің өз өкілеттіктерін іске асыруы жөніндегі өзге де шараларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
44) елдің экономикалық перспективалы аймақтары мен елді мекендеріне басқа аймақтар мен елді мекендерден көшірілуі ынталандыруға жататын адамдардың санын келіседі;
45) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын орындауына мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
46) алдын алу, диагностика және жою республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аса қауіпті мал ауруларының тізбесін әзірлейді;
47) аса қауіпті аурулармен ауыратын мал ауруының алдын алу, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
48) мал ауруларының эпизоотиялық мониторингін ұйымдастырады және эпизоотиялық ахуалды зерделейді;
49) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын, оларға наразылық түскен кезде, апробациялау, тіркеу сынақтарын, олардың топтарын (серияларын) бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
50) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-жабдықтарға, мал азықтары мен жемшөп қоспаларына қорытындылар береді;