51) мал шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға және мал өнімін өндіру, дайындау (сою), мал өнімдері мен шикізаттарын қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарға қатысады;
52) су ресурстарын, мелиорацияны, ирригация мен дренажды ұтымды пайдалану және қорғау, мемлекеттің аумақтық саясаты саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады ;
53) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
54) Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің балық шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарымен Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерінде өзара іс-қимыл жасайды;
55) табиғи ресурстардың өсімін молайту мен оларды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар әзірлейді және жүзеге асырады ;
56) астық туралы, ветеринария, фитосанитария және асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүргізеді;
57) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл түқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге аттестат бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
58) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және оларды апробациялауды жүргізеді;
59) өндірісте пайдалануға жіберілген асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын, асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі мен селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
60) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтатады, бұзуды қайталаған жағдайда, аттестаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
61) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеуді, көрсетілген көлік құралдарын және тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеу мен есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
62) тиісті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
62-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді басқару құқығына емтихандар қабылдайды және куәліктер береді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
63) астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
64) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;
65) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
66) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, дәнді дақылдарды өңдеу технологиясы және өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі және ауылдық жерлердегi шағын кредит беру бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асыруға қатысады;
67) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастамашы болады, оны жүзеге асыруға қатысады және шешім қабылдайды;
68) астық қолхаттарының нысандарын, оларды беру, олардың айналысы мен өтелуі ережесін бекітеді;
69) тұқымды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық әрі егіс сапасын куәландыратын тиісті құжаттарды беру тәртібін анықтайды;
70) тұқымға сорттық үстемелердің нормаларын анықтайды;
70-1) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
70-2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
70-3) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
70-4) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiн болжайды;
70-5) бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, байқаудан өткізушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сорттардың оригинаторларын тiркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
70-6) тиiстi куәлiк беру арқылы тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргізеді;
70-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
70-8) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау, зертханалық сорттық сынақтан өткізу тәртібін бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
70-9) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиiстi бюджеттік бағдарламаларын әзiрлейдi және оған әкiмшiлiк етедi;
70-10) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
70-11) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында бар мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
70-12) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi;
70-13) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
70-14) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;
70-15) сорттардың оригинаторларын тiркейдi;
70-16) аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн белгiленген квоталар шегiнде субсидиялануға тиiстi тұқымдарға шектi сату бағасын белгiлейдi;
70-17) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;
70-18) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
70-19) субсидиялануға тиiстi тұқымдардың әрбiр түрi бойынша тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған субъектiлер үшiн көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жыл сайынғы квоталарды белгiлейдi;
70-20) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
70-21) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылып сатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
70-22) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
70-23) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
71) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
72) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделейді және оны ауылдық тауар өндірушілерінің назарына жеткізеді;
72-1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
72-2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратады;
72-3) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарулары туралы iстердi қарайды.
73) өз құзыретінің шегінде агроөнеркәсіп кешені шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бюджеттік кредиттерді, үкіметтік және Үкімет кепілдік берген сыртқы қарыздарды игеру және қайтару жөніндегі қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
74) республикалық бюджетті әзірлеуге және атқаруға қатысады;
75) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекетті қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді;
76) көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл түқымды мал шаруашылығы саласында әр субъектінің әрбір түріне және жеке алғанда субсидиялауға жататын сататын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын анықтайды, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
77) республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және оларды пайдалану қүқығын жүзеге асырады;
78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды ұйымдастырады;
79) ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринарлық ғылыми зерттеулерге және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауға тапсырыстар беру саласындағы жүмыстарды орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттамаларды әзірлеуге қатысады;
79-1) балық аулауды, балық өсіру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттік реттеудi, балық ресурстарын қорғауды жүзеге асырады, балық жiберу, жаңа балық түрлерiн бейімдеу, мелиорациялық-техникалық және балық шаруашылығы саласындағы басқа да iс-шаралар бойынша жұмыс кешенiн ұйымдастырады;
79-2) балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
79-3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне балық ресурстарын пайдалану лимиттерi мен квоталары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
79-4) тиiстi мемлекеттік органдарға балықты, басқа да су жануарларын кәсіптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекіту жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
80) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысады;
81) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асырудың мониторингiн жүргiзедi;
82) ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң нормативтерiн әзiрлеуге қатысады;
83) ауылдық елдi мекендердiң ауыл тұрғындарының тiршiлiгiн қамтамасыз ету нормативтерiне сәйкестiгiн бағалауды жүргiзеді;
84) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
85) ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi;
86) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 16.06.04 ж. № 662 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ толықтырылды
11. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
1) өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдауға;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) Министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
4) заңнамада белгіленген жағдайларда лицензиялауды және сертификаттар беруді жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны мемлекеттік астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарынан тиеуді келісуге;
6) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
7) таңдаулы тұқымдарды өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды атестаттауды жүргізуге;
8) тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
9) тұқымға сорттық үстеме нормаларын айқындауға;
10) өз құзыреті мен өкілеттіктерінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға;
11) мелиорациялық іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды және суармалы жерлердің мониторингін жүзеге асыруға;
12) мыналардың: астық туралы, фитосанитарлық қадағалау, мал тұқымын асылдандыру ісі, ветеринария, өсімдіктерді қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуына;
уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп орман және су ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үтымды пайдаланылуын, өсімінің молайтылуын және қорғалуына;
ветеринарлық препараттардың өндірілуіне және олардың сапасына;
мемлекеттік астық ресурстарын тиеуге және тасымалдауға;
астық сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
балық ресурстарын қорғауға, өсiмiн молайтуға, пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге;
13) Ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ақпарат жинауды жүргiзуге әрi талдауға және ауылдық елдi мекендердi паспорттауды жүргізуге.
12. Министрліктің барлық деңгейдегі мемлекеттік инспекторларының бақылау және қадағалау саласындағы өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдері, талаптары мен нұсқауларын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
3. Министрліктің мүлкі
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрліктің бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңнамада белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
18. Министр осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарларының және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен Министрліктің аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза және оларды көтермелеу шараларын қолданады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
5) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіреді;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бірінші вице-министр министр болмаған кезде оның орнында қалады, Министрлік құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, оған Министр жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.
20. Министрліктің, Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке қүрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж.
7 қазандағы № 1096
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат).
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 207-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі № 1222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 431-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 20, 215-құжат).
6. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтік техниканың есебін жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және техникалық жай-күйін тексеру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 266-құжат).
ҚР Үкіметінің 22.11.02 ж. № 1239 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 7 қазандағы
№ 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердiң атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитет мемлекеттік мекемелерiнiң атауы |
Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақмола облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Ақтөбе облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақтөбе облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Алматы облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Атырау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Атырау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |