7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы азаматтарына диагностика мен емдеуге байланысты мейлiнше ауыр науқастар кезiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жетiмділігi мен сапасын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
271-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған
және санаторий-сауықтыру медициналық көмек көрсету"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 782783 мың теңге (жетi жүз сексен екi миллион жетi жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18, 44-баптары; "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17,18-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырқаттану көрсеткiштерiн тұрақтандыру, өлiм-жiтiмдi азайту, туберкулез бойынша мүгедектiк, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектердi оңалту және сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған жоғары біліктi емдiк-диагностикалық көмек көрсету, туберкулезбен ауыратын науқастарға организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге жәрдемдесетiн емдеу-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Тубер- кулез- бен ауыра- тындар- ға ма- мандан- дырыл- ған жә- не са- наторий-сауық- тыру медици- налық көмек көрсету | Осы мекемеге жүктел- ген қызметтi орындау үшiн бекітілген штат саны 690 бірлiктегi Қазақстан Республикасының туберкулез пробле- малары ұлттық орталығын, бекітіл- ген штат саны 210 бірлiктегi "Бурабай" республи- калық туберкулез санаторийiн, бекітілген штат саны 135 бірлiктегi "Бурабай" республи- калық балалар- жасөспiрiмдер тубер- кулез санаторийiн осы мекемелерге жүктелген функция- ларды орындау үшiн ұстау. Туберкулезбен ауыратын науқастар үшiн туберкулезге қарсы препараттарды, оның iшінде туберкулездiң мультирезистентті түрiн емдеу үшiн және диспансерлiк топтағы (вираждық, гиперсезгіштiк, жанаспалы) бала- лардың химиялық профилактикасы үшiн резервтiк қатарын сатып алу. Туберкулезбен ауыратындардың орташа жылдық саны 1243. Алдыңғы жылдың қалдық препарат- тарын ескергенде 281 науқас. Химиялық профилак- тикаға адамдардың саны 150. Алдыңғы жылдың препараттары қалдықтарын есепке алғанда 7 науқас. Қазақстан Респуб- ликасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекiтілетiн Тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы үшін, "Бурабай" республикалық туберкулез сана- торийi үшiн; "Бурабай" респуб- ликалық балалар- жасөспiрiмдер туберкулез сана- торийi үшiн 84 данадан кем емес медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес жабдықтар және автокөлiк сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийiне, "Бурабай" респуб- ликалық балалар- жасөспiрiмдер туберкулез санаторийiнiң ғимараттарын күрделi жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлi- гiнің Туберкулез проблема- лары ұлттық орталығы, "Бурабай" республи- калық ба- лалар-жас- өспiрiмдер туберкулез санаторийi; "Бурабай" республи- калық ту- беркулез санаторийi, Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру; сырқаттану, мүгедектiк және өлiм-жiтiм бойынша көрсеткiштердi жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды сауықтыру көрсеткiшiнiң өсуi; басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының берiлу қаупiн азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
272-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Ана мен баланы қорғау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1324420 мың теңге (бір миллиард үш жүз жиырма төрт миллион төрт жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 54, 55-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26, 33-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әйелдерге, балалар мен жасөспiрiмдерге, оның iшiнде республика аймақтарына мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсетуi; орталық жүйке жүйесi, балаларға, оның iшiнде БЦП зақымданған балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегiн көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейiн бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша медицина ұйымдарына шығындардың орнын толтыру: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлiк- гинекологиялық. "Алатау" республи- калық балалар клиникалық санаторий- iнде балаларға санаторийлiк, оңалту және сауықтыру көмегiн көрсету және 6 жасқа дейiнгi балаларды қоса алғанда тiкелей балаға күтiм жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенiң) немесе өзге адамның келуi бойынша қызметтерге төлеу. Емдеуге жатқызудың болжамды орташа жылдық саны 1045. Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы- мен бекiтілетін Тiзбеге сәйкес Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми-зерттеу орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, "Ақсай" республикалық балалар клиникалық аурухана- сына, "Алатау" республикалық балалар клиникалық санаторийiне активтер: қымбат тұратын медициналық жабдықтар, санитарлық көлiк пен медициналық емес жабдықтар сатып алуға күрделi трансферттер аудару. Жинақтаушы шығыс материалдары бар диализатор мен иммуно- супрессивтi препарат- тар сатып алу, бүйрек кемiстігі бар науқас- тарды, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарды иммуносупрессивтiк препараттармен қамтамасыз ету. Бүйрегiн ауыстырып қондырғаннан кейiн иммуносупрессивтi терапияға мұқтаж науқастардың орташа жылдық саны 5 адам. Бүйрек кемiстiгiнiң жiті және созылмалы түрлерiмен ауыратын науқастарға гемодиа- лиз сеанстарымен иммуносупрессивтiк терапия жүргiзу. Гемодиализ сеанстарын жүргiзу үшiн көрсетімі бар науқас- тардың орташа жылдық саны 40 адам. Лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргiзу үшiн дәрілік препараттарды сатып алу. Науқастардың орташа жылдық саны 160 адам. Жобалық-сметалық құжаттамалар мен Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес "Алатау" республика- лық балалар клиника- лық санаторийiнiң ғимаратын күрделi жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер аудару. Осы мекемеге жүктел- ген қызметті орындау үшiн бекітілген штаттық саны 128 бірлiктегі "Балбұлақ" республикалық балалар- ды оңалту орталығын ұстау. Қазақстан Рес- публикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетiн Тiзбеге 13 бірлiктен кем емес медициналық жабдық сатып алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау министрлi- гiнiң "Балбұлақ" республи- калық ба- лаларды оңалту орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: барынша күрделi ауруларды диагностикалау мен емдеуде Қазақстан Республикасының азаматтарын мамандандырылған медициналық көмекке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету; практикалық денсаулық сақтауға диагностика мен емдеудiң тиiмдi әдiстерiн енгізу.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 272-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
272-1-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
013 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы
органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк
орта оқу орындарында оқитын студенттердiң стипендиялары
мөлшерiн ұлғайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 83259 мың теңге (сексен үш миллион екi жүз елу тоғыз мың теңге);
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 6-бабының 5) тармағы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау мен төлеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты;
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберiнде орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқушыларды, оқитындарды әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік білiм беру тапсырысы шеңберiнде орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқитын студенттердiң стипендиялары мөлшерiн ұлғайтуға қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары*:
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi |Бағдарлама-| Бағдарламаны | Іске | Жауапты
|дар-|бағ- | ның (кіші | іске асыру | асыру |орындаушылар
|ла- |дар- |бағдарлама-| жөніндегі |мерзімі|
|ма- |лама-|ның) атауы | іс-шаралар | |
|ның |ның | | | |
|коды|коды | | | |
___|____|_____|___________|____________________|_______|____________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 013 Облыстық Қазақстан Республи- 2005 Қазақстан
бюджеттерге, касы Үкіметінің жылдың Республикасы
Астана және шешімiне сәйкес екінші Денсаулық
Алматы облыстық бюджеттер- жарты сақтау
қалаларының ге, Астана және жылдығы министрлігі,
бюджеттерiне Алматы қалаларының облыстардың,
жергілікті бюджеттеріне Алматы және
атқарушы республикалық Астана
органдардың бюджеттен жергілік- қалаларының
мемлекеттік ті атқарушы әкімдері
тапсырысы органдардың мемле-
негізінде кеттік тапсырысы
кәсіптік негізінде орта
орта оқу медициналық және
орындарында фармацевтикалық
оқитын оқу орындарында
студенттердiң оқитын студент-
стипендиялары тердің стипендия-
мөлшерiн лары мөлшерін
ұлғайтуға ұлғайтуға берілетін
берiлетiн ағымдағы нысаналы
ағымдағы трансферттерді
нысаналы аудару.
трансферттер
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: орта
медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқушыларды, оқитындарды әлеуметтiк қолдау.
*Ескерту: Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
273-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары
кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 626723 мың теңге (алты жүз жиырма алты миллион жетi жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі № 548 Бюджет кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 27, 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 29-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 39, 42-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Білім беру қызметiн лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет қызметкерлерiнiң кәсiби білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет қызметкерлерiнiң емдiк, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық-биологиялық, медициналық-алдын алу, фтизиатриялық, мейiрбикелiк бейiндер, денсаулық сақтау жүйесiнiң менеджментi бойынша біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау, жекелеген мамандықтар бойынша мамандарды шетелде даярлау.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Мемле- кеттiк денсау- лық сақтау ұйым- дары кадрла- рының білік- тiлігін арттыру және қайта даярлау | Кадрлардың біліктілi- гін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтерге ақы төлеу. Профессор-оқытушы құрамды, денсаулық сақтау жүйесiнiң менеджерлерін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ма- мандарын негiзгі 7 бейін бойынша ел ішінде біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау, мамандарды жекелеген мамандық- тар, оның iшiнде фармацевтикалық бейiн бойынша шетелде даярлау. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кемiнде 14804 медицина және фармацевтика кадрларының кәсiби деңгейiн арттыру. Мамандарды оқыту мерзімі 2 аптадан 10 айға дейiн. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: практикалық денсаулық сақтаудың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың әдiстерiн енгiзе отырып, медицина және фармацевтика кадрларының кәсiби білімдерi мен дағдыларын тереңдету көрсетiлетін жоғары біліктi көмектiң деңгейiн арттыруға ықпал етедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
274-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Медициналық білім беру жүйесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 3248 мың теңге (үш миллион екі жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 21-бабы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджегтаң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кәсiптiк білім берудi жетiлдiру, оқу-тәрбие процестерiн әдiстемелiк қамтамасыз ету, оқу орындарының мамандарды даярлау сапасын жетiлдiру жөніндегі озық iс-тәжiрибесiн жинақтау және тарату.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес типтiк оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк кешендер мен әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Медици- налық білiм беру жүйесiн әдiсте- мелiк қамта- масыз ету | Көлемi 20 баспа парақ мемлекеттік тілде 3 оқулық әзiрлеу. Орта медициналық және фармацевтикалық білiм беру мәселелерi жөнiн- де тоқсан сайын көлемi 40 беттік ақпараттық хабаршы әзiрлеу. Оқушылар білімiн бақылауға арналған көлемi 50 беттік 5 тестілер жинағын әзiрлеу. Орта медициналық білімнiң барлық мамандықтары бойынша біліктілiк емтихан- дарын өткізуге арналған тестiлер әзiрлеу. Практикалық денсаулық сақтау сұранымдарына сәйкес орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң 10 мамандығы бойынша қосымша білім жөнiнде стандарттарды, типтік оқу бағдарламаларын дайындау және шығару; Медицина колледждерi- нің оқу-әдiстемелiк және тәрбие жұмысын жетілдiру жөнiнде 10 әдiстемелiк ұсыным әзiрлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: кәсiптiк білімдi жетілдiру, оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету. Оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу және оқытудың қазiргi заманғы әдiстерiн білім беру практикасына енгізу, орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандарды оқытудың деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы