Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
275-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектілерiн салу және қайта жаңарту"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 17077500 мың теңге (он жетi миллиард жетпiс жетi миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезекті шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы
№ 917 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары біліктi медициналық көмектiң қол жетiмдiлiгін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: денсаулық сақтау объектілерiнiң және медицина қызметкерлерiне арналған тұрғын үйдiң жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау, мемлекеттік ведомстволық емес сараптамадан өткізу және денсаулық сақтау объектілерін және медицина қызметкерлерiне арналған тұрғын үйдi салу.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Денсау- лық сақтау объек- тiлерiн салу және қайта жаңарту | Алматы қаласында "Педиатрия және балалар хирургиясы" ғылыми орталығы РМҚК жанындағы 150 төсекке арналған емдеу корпусы құрылысы- ның жобасын жобалау- сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекет- тiк ведомстводан тыс сараптамадан өткізу; Астана қаласында жобалық-сметалық құжаттаманы медицина қызметкерлерiне арналған қызметтiк үй құрылысы жобасына сәйкестендiру және сол жақ жағалауда жаңадан салынатын медициналық кешендердi медицина кадрларымен қамтамасыз ету үшiн аталған объектінің құрылысын салу; жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектiк Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты мен Алматы қаласында 125 төсектiк "Балбұлақ" республика- лық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусының, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының және Астана қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын Республикалық диагности- калық орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткізу және құрылысын салу; Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық ғылыми орталығының, Астана қаласында 300 төсектiк Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын салу жөніндегі iс-шараларға "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысының 2-қосымша- сына сәйкес сомалар шегiнде инвестициялық жобаларды iске асыру | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласында "Педиатрия және балалар хирургиясы" ғылыми орталығы РМҚК жанындағы 150 төсекке арналған емдеу корпусы құрылысы жобасының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен және заңнамада белгіленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы; Астана қаласында жобалық-сметалық құжаттаманы медицина қызметкерлерiне арналған қызметтiк үй құрылысы жобасына сәйкестендiру және сол жақ жағалауда жаңадан салынатын медициналық кешендердi медицина кадрларымен қамтамасыз ету үшiн аталған объектiнiң құрылысын салу; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектiк Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институтының құрылысы мен Алматы қаласында 125 төсектiк "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусының, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының және Астана қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталықтың құрылысын салу жөніндегі мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасы мен жұмыстардың көлемi; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында 300 төсектiк Республикалық балалар оңалту орталығының құрылысы бойынша жұмыстардың көлемi; Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық ғылыми орталығының құрылысын пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
276-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Сот-медицина сараптамасы"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 726148 мың теңге (жетi жүз жиырма алты миллион бір жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 72-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық процессуалдық заңнамада көзделген негiз болған кезде сот анықтамасымен дәлелденген қайта сараптама жүргiзiлген жағдайда әкiмшiлiк немесе азаматтық процестiң қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сот-медициналық сараптаманы жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Сот-ме- дицина сарап- тамасы | Бекiтiлген бірлiк штат саны бар Сот медицинасы орталығы мен оның филиалдарын ұстау. Жобалық-смета- лық құжаттамалар мен Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес Қызылорда, Ақмола және Талдықорған сот-медициналық сараптама филиалдары ғимараттарын күрделi жөндеудi жүргiзу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі- нің Сот медицинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сот-медициналық сараптамалардың қол жетiмдiлiгiн, уақтылылығы мен сапасын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
277-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 8774 мың теңге (сегiз миллион жетi жүз жетпiс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 24, 33-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдени-ағарту жұмысы, құндылықтарды сақтау, денсаулық сақтау саласындағы тарихи мұраларды тиісті деңгейде сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстанда медицинаның даму тарихын зерделеу мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету; халық денсаулығын сақтау саласында тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында мұражайды ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Денсау- лық сақтау сала- сында тарихи мұра құнды- лықта- рын сақтау | Көркем қорды, жәдiгер- лердi, мұрағат құжаттарын сақтау және қайта жаңғырту. Жоғары және арнаулы орта медициналық оқу орындарының студент- терi мен оқушыларының білім алу процесiне қатысу. Мұражай жинағының негiзiнде құжаттау. Оқу-әдiстемелiк, ақпараттық-библио- графиялық және консультациялық көмекті жүзеге асыру. Зерттеу жұмысы. Көрме қызметі. Экспонаттардың санын көбейту. Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы- мен бекітілетiн Тiз- беге сәйкес 2 бірлiктен кем емес медициналық емес жабдық алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлi- гiнің С.Х.Сұб- ханбердин атындағы Қазақстан медицина- сымен денсаулық сақтау тарихы мұражайы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: отандық медицина саласындағы тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн сол жететiндей болуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
278-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiн құру"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау жүйесiнiң барлық субъектiлерiн қамтитын саланың бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйесiн қалыптастыру, бірыңғай ақпаратты жинау, сақтау және талдау жүйесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бірыңғай дерекқорды, бағдарламалық құралдар мен телекоммуникациялық технологиялардың, соның iшiнде Интернет-технология базасының негізiнде денсаулық сақтауды басқару органдарының қызметiне ақпараттық жүйе мен технологияны енгізу, есептеуiш техниканы және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Денсау- лық сақтау- дың ақпа- раттық жүйеле- рін құру | "Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесiн құру" инвестициялық жобасын iске асыру. Жобаның 1-шi кезеңiн iске асыруды бастау. Қазақстан Респуб- ликасы денсаулық сақтау жүйесінің Бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жобалау үшiн техникалық тапсырма- лармен техникалық- жұмыс жобаларын әзiрлеу. "Емхана", "Стационар" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн жаңарту және оларды облыстарға беру. Лейкемиямен ауыратын балалардың тiзiлiмiн, "Медициналық ұйымдарды аккредит- теу" кешендi мiндет- терiн әзiрлеу. Ақпараттық жүйелер- дің басымдық міндеттерiн шешуге арналған бағдарлама- ларды әзiрлеу. Кешендi бағдарлама- лардың өзара байла- нысы, Денсаулық сақ- таудың Бiрыңғай ақпараттық жүйесiнің талаптарына үйренiсу. Есептеуіш техниканы және лицензиялық бағдар- ламалық өнiмдердi сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тұрғындар жөніндегі электронды медициналық дерекқорды қалыптастыру, медициналық-демографиялық көрсеткiштердiң тұтас кешенiнiң мониторингi, бастапқы медициналық ақпаратты жинау мен өңдеудi жақсарту, статистикалық есептердiң растығын қамтамасыз ету, саланың клиникалық жұмыстары мен денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, медициналық көмектiң көлемi мен сапасының мониторингі, денсаулық сақтаудың басқарушылық құрылымдарының шешiмдердi қабылдаудың оралымдылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
279-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға
қол жетiмдiлiгін қамтамасыз ету"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 5170 мың теңге (бес миллион бір жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 23, 33-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау қызметкерлерiн медицина саласында қазiргi замандағы және қажеттi ақпараттармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазiргi кездегi талаптарға сәйкес медицина саласындағы мамандарға кiтапханалық және ақпараттық-кiтапханалық қызмет ету. Кiтапхана қорын медициналық кiтаптармен, оқулықтармен, мерзiмдiк басылымдармен толықтыру, көрмелер өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Денсау- лық сақтау сала- сындағы ақпа- раттың жалпыға қол жетім- дiлiгiн қамта- масыз ету | Бекiтiлген штат саны 9 бірлiк болатын Республикалық ғылыми- медициналық кiтапханасын ұстау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы- мен бекітілетiн Тiзбеге сәйкес 2 бірлiктен кем емес медициналық емес жабдықтар алу. | Жыл бойы | Республи- калық ғы- лыми-меди- циналық кiтапхана Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау министр- лiгi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ғылыми-зерттеу мекемелерiн және денсаулық сақтау ұйымдарын, сала ғалымдары мен мамандарын халық денсаулығын сақтау жөніндегі осы заманғы және қажеттi ақпараттармен дер кезiнде қамтамасыз ету, медицина саласындағы кiтапхана қорын құнды ғылыми еңбектермен толықтыру.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 279-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
279-1-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
021 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы
органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк
орта оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге
өтемақы төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24236 мың теңге (жиырма төрт миллион екi жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 6-бабының 5) тармағы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберiнде орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқушыларды, оқитындарды әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік білiм беру тапсырысы негiзiнде орта медициналық және фармацевтикалық оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге өтемақы төлеуге қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары*:
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi |Бағдарлама-| Бағдарламаны | Іске | Жауапты
|дар-|бағ- | ның (кіші | іске асыру | асыру |орындаушылар
|ла- |дар- |бағдарлама-| жөніндегі |мерзімі|
|ма- |лама-|ның) атауы | іс-шаралар | |
|ның |ның | | | |
|коды|коды | | | |
___|____|_____|___________|____________________|_______|____________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 021 Облыстық Қазақстан Республи- 2005 Қазақстан
бюджеттерге, касы Үкіметінiң жылдың Республикасы
Астана және шешімiне сәйкес екінші Денсаулық
Алматы облыстық бюджеттер- жарты сақтау
қалаларының ге, Астана және жылдығы министрлігі,
бюджеттерiне Алматы қалаларының облыстық,
жергілiкті бюджеттеріне респуб- Астана мен
атқарушы ликалық бюджеттен Алматы
органдардың жергілiкті атқарушы қалаларының
мемлекеттік органдардың мемле- әкімдері
тапсырысы кеттiк тапсырысы
негізiнде негiзiнде орта
кәсiптiк орта медициналық және
оқу орында- фармацевтикалық оқу
рында оқып орындарында оқып
жатқандар жатқандар үшiн жол
үшiн жол жүруге өтемақы
жүруге өтем- төлеуге берілетiн
ақы төлеуге ағымдағы нысаналы
берілетiн трансферттер аудару
ағымдағы
нысаналы
трансферттер
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқушыларды, оқитындарды әлеуметтiк қолдау.
*Ескерту: Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
280-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Ауылдық (селолық) жерлердегi денсаулық
сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.