3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандармен қамтамасыз ету, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi және жоғары оқу орындарында 1999 жылға дейiн мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен студенттер мен интерндердi стипендиямен қамтамасыз ету, С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң ерекше мәртебесiн қолдау үшiн коэффициенттi көтеретiн ақы төлеу, жоғары оқу орындарының студенттерiнен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн республиканың запастағы офицерлерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету; кандидаттық және докторлық диссертация қорғау кезiнде және клиникалық ординатурада оқу кезiнде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1999 жылға дейiн және өтеусіз негiзде мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен жоғары медициналық білімдi кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын жетiлдiру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, кәсiптiк білімге қол жеткізу деңгейiн арттыру; С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң басшы қызметкерлерi мен ғылыми-педагог кадрларының белгiленген жалақыларына коэффициентті көбейтетiн ақы төлеуге байланысты шығындарды субсидиялау; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының әскери даярлау; 1999 жылға дейiн түскен және білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге стипендия төлеу, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындарға жол жүру шығыстарын өтеу, осы заманғы талаптарға сәйкес жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау; мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша оқитын ғылыми кадрларға стипендия төлеу; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен құрылыстарын күрделi жөндеу жүргiзу үшiн күрделi трансферттер аудару.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Жоғары және жо- ғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк білiмдi мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемлекет- тiк бі- лiм беру гранты бойынша мамандар даярлау | Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекiтіле- тiн жоғары кәсіптік білімдi мамандарды даярлауға мемлекет- тiк білiм беру тапсырысына сәйкес жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк білім бағдарламалары бойынша студенттердi қабылдау және оқыту. Оқу, әдiстемелiк жұмысы қамтитын білім беру қызметiн жүзеге асыру, оқу процесiн ұйымдастыру үшiн материалдық-тех- никалық жағдай жасау. Оқытудың орташа жылдық контингентi - 8317 студент. С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң оқытушы-профессорлар құрамы мен басшы қыз- меткерлерiнiң белгіленген жалақы- ларына коэффициентті көбейтетiн ақы төлеуге байланысты шығыстарды субсидиялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 101 | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министр- лігінің жоғары оқу орын- дарының әскери кафедра- ларында офицерлер даярлау | Оқу жоспарына сәйкес запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердi әскери даярлауды жүзеге асыру; Орташа жылдық контингент - 1972 студент. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
4 | | 102 | Жоғары оқу орын- дарының студент- терiн стипен- диямен қамтама- сыз ету | Мемлекеттік білім беру ұйымдарына оқи- тындардың жекелеген санаттарына мемлекет- тік стипендия төлеу; Студенттер мен интерндердiң орташа жылдық контингентi - 6686 | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
5 | | 103 | Ғылыми кадрлар даярлау | Медицинаның өзектi мәселелерi жөніндегі жеке ғылыми зерттеу- лердi әзiрлеу және оларды диссертация түрiнде ресімдеу, жоғары оқу орында- рында және ғылыми ұйымдарда тереңдетiл- ген медициналық білім алу; Аспиранттардың, магистранттар мен клиникалық ординатор- лардың орташа жылдық саны - 381 | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
6 | | 104 | Ғылыми кадрларды стипен- диямен қамтама- сыз ету | Докторантурада, аспирантурада және клиникалық ордина- турада және магистра- турада оқитындардың 466-сына мемлекеттік стипендия төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
7 | | 105 | Мемлекет- тік жоға- ры оқу орындарын күрделi жөндеу | Бекiтiлген жобалық- сметалық құжаттама- сына және Мемсарап- таманың қорытындысы- на сәйкес Қарағанды, Семей, Қазақ, Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академияларының, Алматы мемлекеттік дәрiгерлер білімiн жетiлдiру институты- ның ғимараттары мен құрылыстарын күрделi жөндеу жүргiзуге күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
8 | | 106 | Студент- тердiң жоғары оқу орын- дарында оқуды аяқтауы | Материалдық-техника- лық жағдайлар жасауды қоса алғанда мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесiн жүргізу; Оқытудың орташа жылдық контингенті - 690 студент, күтілетiн бiтiрушiлер - 1246 біліктi маман, жыл басындағы контингент - 1313. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
9 | | 107 | Жоғары оқу орын- дарында оқу аяқ- тайтын студент- тердi стипен- диямен қамтама- сыз ету | Орташа жылдық саны 646 студент пен - интернге мемлекеттік стипендия төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
10 | | 108 | Жастар ішінен мем-лекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орында- рында оқитын- дарға жол жүруге өтемақы төлеу | Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға жазғы және қысқы демалыс кезеңдерінде жол жүруге ақшалай төлемақы төлеу үшін жоғары оқу орындарында трансферттер аудару | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жалпыға мiндеттi Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес жоғары кәсіптiк білімдi мамандарды уақтылы және тиiмдi даярлау, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау; мемлекеттік білім беру гранттарын беру арқылы кәсiби білімге қол жеткізудi арттыру; республиканың запастағы офицерлерге қажеттiлiгiн қамтамасыз ету; 1999 жылға дейiн түскен және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi, сондай-ақ докторанттарды, аспиранттар мен клиникалық ординаторларды әлеуметтiк қамтамасыз ету; жоғары медициналық білімдi мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшiн жағдай жасау; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптамаға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделi жөндеу жүргiзу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
264-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлауда
мемлекеттік білім берудi кредиттеу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 156031 мың теңге (бір жүз елу алты миллион отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі № 548 Бюджет кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 25-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру қызметтерiн несиелендiру жолымен денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік білім несиесiн беру шеңберiнде жоғары медициналық білімдi мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; мемлекеттік білім несиесi бойынша оқып жатқан оқушыларға стипендия төлеу үшiн мақсатты пайызсыз несие беру.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлау- да мемле- кеттiк білім берудi кредиттеу | | | |
2 | | 100 | Мемлекет- тiк білім кредитi бойынша мамандар даярлау | Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі- нiң қаулысымен бекітілетiн жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары кәсіптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білім бағдарламалары бойынша студенттердi қабылдау және оқыту. Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу процесiн жүргiзу. Оқу, әдiстемелiк жұмысты қамтитын білім беру қызметiн жүзеге асыру; оқу процесi үшiн жағдай жасау, білім беру бағдар- ламаларын жетiлдiру. Оқытудың орташа жылдық контингентi 1303 студент. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 101 | Мемлекет- тiк сту- денттiк кредиттер ұсыну | Мемлекеттік студент- тік несиелердi беру және төлеу тәртібіне сәйкес қайтарып алу негiзiнде несиелiк қаржыны бөлу. Оқытудың орташа жылдық контингентi - 15 студент. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік білім берудi несиелендiру шеңберiнде жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды уақытылы және тиімді даярлау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
265-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне
денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға берiлетiн
нысаналы даму трансферттерi"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9032500 мың теңге (тоғыз миллиард отыз екі миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы; "Жамбыл облысындағы зiлзала салдарын жою және әлеуметтік маңызды объектiлердi қалпына келтiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы, "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" атты Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл халқына медициналық қызметтiң қол жетiмдiлігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: денсаулық сақтау объектілерінiң құрылысын салу және қайта құрастыру үшiн облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Облыстық бюджет- терге, Астана қа- ласының бюджетіне денсаулық сақтау объекті- лерін салуға жә- не қайта жаңартуға берiлетін нысаналы даму тран- сферттерi | "2005 жылға арнал- ған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республи- касының Заңын iске асыру туралы Қазақ- стан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 8 желтоқсан- дағы № 1289 қаулысы- ның 2 қосымшасына сәйкес сома шегiнде денсаулық сақтау объектілерiн салу мен қайта құруды аяқтауға облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне дамытуға мақсатты инвестициялық транс- феттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
* заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу мен қайта құрастыру жөніндегі жұмыстардың көлемiн орындау және бекіту, денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Ескерту:
*) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысының 2 қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тiзбесi, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес iс-шаралар, трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер жергілiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
266-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Республикалық деңгейде халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1683604 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен үш миллион алты жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-1 Заңының 13, 17, 19, 42-баптары; "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Арал өңiрiн қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мiндеттiк мәнi бар объектілердiң санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзу жолымен халықтың жұқпалы, паразиттiк және кәсiби, соның iшiнде аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу және азайту; бақылаудағы көлiктегі объектiлердi санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және зертханалық зерттеулердi жүргiзу, соның iшiнде халық арасында бұқаралық ағарту және білім беру жұмыстарын жүргiзу жолымен ЖҚТБ ауруын тұрақтандыру.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарла- малар- дың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Респуб- ликалық деңгей- де ха- лықтың санитарлық- эпиде- миоло- гиялық салау- атты- лығы | | | |
2 | | 100 | Эпиде- миялар- дың алдын алу | Табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңiрлерде iндетке қарсы және алдын алу iс-шараларын жүргiзу. Барулардың орташа жылдық саны - 31. Індетке қарсы және алдын алу іс-шара- ларын жүргiзуге жiберiлген медицина- лық және басқа да қызметкерлердiң iссапар шығыстарына ақы төлеу. Алдын алу жаңа iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу үшін дезинфекциялау- шы құралдарды сатып алу және аса қауiптi және басқа да жұқпа- лы аурулардың ошақтарына жеткізу. Барсакелмес аралының эпидемиологиялық әлеуетiн зерттеуді жүргізуге көрсетiле- тiн қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 101 | Атырау, Арал теңiзi, Ақтөбе, Орал, Талды- қорған, Маңғыс- тау, Шым- кент, Қызыл- орда, Жамбыл, Шалқар тырыс- қаққа қарсы станци- ялары | Осы мекемеге жүк- телген функцияларды орындау үшін бекітіл- ген штат саны бар мына Обаға қарсы күрес станцияларын ұстау: Атырау - 302 бірлiк, Арал теңiзi - 179 бірлiк, Ақтөбе - 63 бірлiк, Орал - 301 бірлік, Талдықорған - 250 бірлiк, Маңғыстау - 107 бірлiк, Шымкент - 104 бірлiк, Қызылорда - 182 бірлік, Жамбыл - 63 бірлік, Шалқар - 55 бірлiк. Бекiтiлген жобалық- сметалық құжаттама мен Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес 7 обаға қарсы күрес мына станцияларды күрделi жөндеу: Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Талдықорған, Орал, Маңғыстау және Қызылорда. Қазақстан Республика- сының денсаулық сақтау iсiн реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы- мен бекітілетiн Тiзбеге сәйкес 373 бірліктен кем емес медициналық (диаг- ностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, автокөлiк сатып алу, оның iшiнде обаға қарсы мекемелердің зерт- ханаларын кезең- кезеңмен жаңғыртуды жүргiзу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлi- гiнiң Атырау, Арал теңізi, Ақтөбе, Орал, Талдықор- ған, Маң- ғыстау, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Шалқар обаға қарсы кү- рес стан- циялары |
4 | | 102 | Респуб- ликалық сани- тарлық-эпиде- миоло- гиялық стан- циясы | Осы мекемеге жүктел- ген функцияларды орындау үшiн бекітілген 250 бірлiк штат саны бар Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясын ұстау. Қазақстан Республика- сының денсаулық сақтау iсiн реформ- алау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы- мен бекітілетiн Тiзбеге сәйкес 86 бірлiктен кем емес медициналық (диаг- ностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, оның iшiнде бактериялық, және вирусты жұқпаларды, оның iшiнде аса қауiптi және жұқпа- ларды (әдеттен тыс пневмония, құс тұмауы және басқа- лар) диагностикалау жөніндегі референс- зертханаларды ашу үшiн жабдық сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министр- лігінiң республи- калық са- нитарлық- эпидеми- ологиялық станциясы |
5 | | 103 | Көлiк- тегі сани- тарлық-эпиде- миоло- гиялық сарап- таманың өңiрлiк орта- лықтары | Осы мекемеге жүктел- ген функцияларды орындау үшін бекітілген 26 бірлiк штат саны бар Оңтүстiк Қазақстан өңiрлiк әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемио- логиялық сараптама орталығын, бекiтілген 131 бірлiк штат саны бар Алматы өңiрлiк көлiктегi санитарлық -эпидемиологиялық сараптама орталығын, бекiтілген 121 бірлiк штат саны бар Ақмола өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығын, бекiтілген 90 бірлiк штат саны бар Батыс өңiрлiк темір жол көлігіндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығын, бекітілген 11 бірлiк штат саны бар Солтүстік-Батыс өңiрлiк әуе көлігін- дегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығын ұстау. Қазақстан Республика- сы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекiтіле- тiн тізбеге сәйкес 110 бірліктен кем емес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, автокөлiк сатып алу. Астана қаласында Солтүстiк-Батыс өңiрлiк әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы үшiн ғимарат сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министр- лігінiң өңiрлiк көлiктегi санитарлық-эпидемиоло- гиялық сараптама орталықтары |
6 | | 104 | СПИД- тың алдын алу жә- не оған қарсы күрес жүргізу жөнiн- дегі респуб-ликалық орталық | Осы мекемеге жүктел- ген функцияларды орындау үшiн бекітілген 59 бірлiк штат саны бар ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығын ұстау. Қазақстан Респуб- ликасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекіті- летін Тiзбеге сәйкес 22 бірліктен кем емес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, автокөлiк сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау министр- лiгiнiң ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жө- ніндегі республи- калық орталығы |