2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 261-293 қосымшалар)
(2005.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 272-1, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 279-1, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
261-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1397025 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 12-бабы; "Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 7-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын, бюрократизммен күрестi және құжат айналымын қысқартуды жақсарту жөнiндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi аттестациялауды жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселесi жөніндегі кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы
№ 790 қаулысы; "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды жетiлдiру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi № 773 қаулысы; "Қазақстан Республикасының дәрiлiк саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысы, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету; қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру; көп деңгейлi денсаулық сақтау жүйесiн қалыптастыру, бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешiмдердi қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердің функциясын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктiлiгiн арттыру; денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргiзу; министрлiктiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнiң есептеуіш техникаларын, локальды есептеуіш желiлерiн жүйелiк және техникалық қызметпен қамтамасыз ету, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы жүйесiнiң Еуропалық өңiрлiк бюросымен (бұдан әрi - ДДҰ ЕӨБ) және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделi жөндеу жүргізу, министрлiктi және оның аумақтық органдарын материалдық және материалдық емес активтермен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 ; 2005.21.10. № 1056 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Денсаулық сақтау са- ласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орталық аппаратты 183 адам көлемiнде бекітілген штаттық саны лимитiнiң шегінде ұстау. Қызметтік 10 автомашина ұстау және жалдау. 2005 жылы алынатындарын ескере отырып, ұйымдастыру техникасын ұстау. Спорттық-сауықтыру iс-шараларын өткізу. Мынадай қызметтерге ақы төлеу: халықтың санитар- лық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшiн санитарлық-эпидемио- логиялық талаптарды әзiрлеу; денсаулық сақтауды басқаруды жетiлдiру жөніндегі норматив- тiк-құқықтық кесiм- дер мен әдiстеме- лердi әзiрлеу; денсаулық сақтауды жетілдiру мен дамыту саласында зерттеулер жүргiзу; Қазақстан Республи- касының Мемлекеттік фармакопеясын құру; Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламасының компонен- ттерiн iске асыру тиiмділігінiң индикаторларын әзiрлеу; әзiрленген индикаторлардың негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiн дамы- тудың мониторингi және бағалау; республикалық деңгейде халықтың салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі iс-шара- ларды жүргiзу. Қолданыстағы заңна- маға сәйкес лицензиялауды жүргiзу. Шарт негiзiнде заңгерлердi тарту. Бланк өнiмдерiн, оның iшiнде лицен- зия бланкілерiн дайындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мем- лекеттiк органның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызмет- керлердiң қызмет- терiне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдар- дың аппа- раттары | Аумақтық органдарды 957 бірлiк көлемiнде бекітілген штат санының лимитi шегiнде ұстау, 37 қызметтiк автомаши- на, сондай-ақ арнайы автокөлiк ұстау. 2005 жылы алынатындарын ескере отырып, ұйымдастыру техни- касын ұстау. Мемлекеттік шекара- дан өту орындарында санитарлық-карантин- дiк пункттердi көбейту, соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау ми- нистрлігі |
4 | | 007 | Мемлекет- тік қыз- метшiлер- дiң білік- тілігiн арттыру | Бекiтілген білiк- тілiк арттыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлi- гiнiң, Мемлекеттік санитарлық-эпидеми- ологиялық қадағалау және Фармация коми- теттерiнiң, олардың аумақтық бөлiмшеле- рiнiң 200 маманының біліктiлігін арттыру, оның ішінде мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. Қазақстан Респуб- ликасының Денсаулық сақтау iсiн рефор- малау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде дәрілік заттар айналымы сала сындағы мемлекеттік органның мамандарын шетелде оқыту, жылдық орташа саны 100 адам. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау ми- нистрлігі |
5 | | 008 | Мемлекет- тiк орган- дардың ғи- маратта- рын, үй-жайла- ры және құрылыс- тарын күрделi жөндеу | Аумақтық орган- дардың, оның ішiнде құрылатын медицина- лық қызметтiң сапа- сын бақылау жөніндегі уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң ғимараттары мен үй-жайларын күрделi жөндеу жүргiзу жөніндегі қызмет- терге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекет- тiк орган- дарды ма- териалдық- техникалық жарақтан- дыру | Министрлiктi және оның аумақтық органдарын 531 бірлiк жиһазбен, 42 бірлiк тұрмыстық техникамен, 102 бір- лiк ұйымдастыру техникасымен және 3 бірлiк басқа жабдық- тармен жарақтандыру. Солтүстiк-Батыс әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидеми- ологиялық қадағалау басқармасы үшiн ғимарат алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iс- теуiн қам- тамасыз ету және мемлекет- тік орган- дарды ақ- параттық- техникалық қамтамасыз ету | Министрлiкті және оның аумақтық орган- дарын 779 бірлiк есептеуiш техника- мен, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдермен, бұйымдар мен қосалқы бөлшектер жинақталатын шығыс материалдарымен жарақтандыру. Мынадай кешендi бағдарламаларды сүйемелдеу жөніндегі қызмет- терге ақы төлеу: "Медициналық статистика" бағдарламасының кешенi - облыс- тар бөлiгіндегі жиынтық жылдық медициналық статистикалық есептердi қалыптастыру; "Мединфо" - "Қазақстан Республи- касы халқының денсаулығы және медицина ұйымдары- ның бір жылғы қызметi" атты анық- таманы бере отырып, "Мединфо" жүйесi бойынша халықтың денсаулығының жиынтық көрсеткiшiн қалыптастыру; "Халық денсаулығы- ның көрсеткiштерiн қалыптастыру" - ДДҰ ЕӨБ-ге беру үшiн халық денсаулығының көрсеткiшi жөніндегі дерек- қорды тоқсан сайын қалыптастыру; - "Ана мен бала" бағдарламасының кешенi - тууды, аналардың, сәбилер мен балалардың, жаңа туған нәресте- лердiң (туған күнiнен бастап 27 күнге дейiн) өлiм-жiтiмiн жедел бақылау; - "Денсаулық сақтау ұйымдарының техника- лық-экономикалық көрсеткiштерi" (бұдан әрi - ТЭК) бағдарламасы - денсаулық сақтаудың медицина ұйымдарының TЭК жөніндегі дерекқорын қол- дау және тоқсан сайын жаңарту; - "Денсаулық сақтау кадрлары" шағын жүйесi бойынша: практикалық денсаулық сақтаудың дәрiгер кадрлары; ғылыми бейiн дәрiгер кадрлар бой- ынша; орта медицина қызметкерлерi бойын- ша; - "Республикалық мекемелердi қаржыландыру" - республикалық мекемелер бойынша сметаларды қалыпта- стыру, варрантты, субваррантты енгізу, өтiнiмдер, төлемге есептер беру; "Бухгалтерлiк есеп" - республи- калық мекемелер бөлiгіндегі бухгал- терлiк есеп бойынша жиынтықтарды қалып- тастыру; "Жалақы" - жалақы- ны автоматтандырыл- ған есептеу жөнiн- дегi бағдарламаны жүргiзу; "Медицина ұйымда- рын лицензиялау" - облыстық денсаулық сақтау бөлiмдерiмен ақпарат алмасуды қарастыратын меди- цина ұйымдарын лицензиялау жөнін- дегі дерекқорды қа- лыптастыру және жүргiзу; - "Қант диабетi" Ұлттық тiркелiмi бойынша; - "Хаттар мен бақылау құжаттарын орындауды талдау" - кiрiс және шығыс ақпараттары жөніндегі күн сайынғы дерекқорды қалыптастыру; "Мемлекеттік сатып алу бойынша дерекқор қалыптас- тыру және жүргiзу"; "Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарын есепке алу" - медицина ұйымдарында есiрт- кi дәрілік заттары бойынша қозғалыс жөніндегі дерекқор- ды қалыптастыру және жүргiзу; "Медицина ұйымда- рында онкологиялық науқастардың тiркелiмiн жүргiзу"; "Мектеп оқушыла- рын медициналық тексеру"; "Ауыл халқын меди- циналық тексеру"; "Медициналық жоғары оқу орындары мен медицина фа- культеттері бойынша студенттердiң тiрке- лiмiн қалыптастыру және жүргізу"; "Жергiлiктi және республикалық бюджет бойынша көрсеткiштердi қалыптастыру"; "Урология - жасанды бүйрек" - жасанды бүйрегi бар науқастардың дерек- қорын қалыптастыру және енгізу; "Туберкулезбен ауыратын науқас- тардың ұлттық тiр- келiмi" - базаны қалыптастыру және жүргiзу; "Республикалық деңгейдегi тендер- лердi өткізу бойын- ша көрсеткiштердiң дерекқорын қалып- тастыру және жүргізу"; "Денсаулық сақ- тау мекемелерiнде еңбекақы төлеу қоры жөніндегі дерекқор- ды қалыптастыру және жүргiзу". Орталық аппаратқа және аумақтық орган- дарға техникалық қызмет көрсету және жүйелiк әкiмшiлен- дiру үшiн ақы төлеу: дербес компьютер- лер, принтерлер; локальды есептеуiш жүйелерi; ONLINE режимiндегі шағын жүйе бойынша дерекқоры бар серверлер; спутниктiк арнаны жалдау. Телекоммуника- циялық қызметтерге: интернет пен VPDN, электронды пошта; басқа да қызметтерге ақы төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ден- саулық сақтау ми- нистрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау; мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындауы үшiн кәсiби білімдерi мен дағдыларын тереңдету; лицензиялау жүйесiн жетiлдiру; денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық қызмет ету жүйесiн жетілдіру; мәлiметтердi жинау, жедел тапсырмаларды өңдеудiң орташа уақыты мен ұқсас ақпараттық анықтамаларды беру мерзiмдерiн қысқарту, облыстардан статистикалық есептi (жылдық есеп 18 күнге дейiн; тоқсандық - 3 күнге дейiн) қабылдау кезеңiн азайту; аумақтық органдардың ғимараттары мен үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
262-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 164722 мың теңге (бір жүз алпыс төрт миллион жетi жүз жиырма екi мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3, 7, 18, 48-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 24, 35, 44-баптары; "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 6-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандарды даярлау, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындарға жол жүру шығыстарын өтеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес күрделi жөндеу жүргізуге күрделi трансферттер аудару.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар-ламакоды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Орта кәсiп- тiк бi- лiмдi маман- дар даярлау | Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесiн жүргізу. Оқу, әдiстемелiк мәдени-ағарту жұмыстарын қамтитын білім беру қызметiн жүзеге асыру. Білім беру бағдарламаларын жетiлдiру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу. Оқу процесiн ұйымдастыру үшiн жағдай жасау. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қаулысы- мен бекiтілетін орта кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарына сәйкес оқушыларды қабылдау. Орташа жылдық контингент - 833. Күтiлетiн бiтiрушiлер саны - 300 оқушы. Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Республикалық орта медицина және фарма- цевтика қызметкер- лерiн даярлау және қайта даярлау жөнiн- дегi колледж" республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорнын күрделi жөндеу жүргiзуге күрделi трансферттер аудару Қысқы және жазғы демалыс кезеңдерiнде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға жол жүруге ақшалай өтемақы төлеу үшiн орта кәсiптiк білімi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын білім беру ұйымдарына трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, балалардың және әйелдердi босандыру жөніндегі емдеу-алдын алу ұйымдары, санитарлық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметтер, обаға қарсы күрес станциялары, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер, геронтологиялық ұйымдар, хоспистер, ЖҚТБ орталықтарының және басқа да республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының орта медициналық және фармацевтикалық білімдi біліктi мамандарға қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледжді күрделi жөндеу жүргiзу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
263-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк
білімдi мамандар даярлау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2798215 мың теңге (екi миллиард жетi жүз тоқсан сегiз миллион екi жүз он бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы, "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi Заңының 6-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 648 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінiң 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысы, "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсіптік жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысы, "Білім беру қызметiн лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы, "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) әскери даярлау, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы; "Ерекше мәртебесi бар оқу орындары жөніндегі типтiк ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.