3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: наркологиялық бұзылулары бар халықтың сырқаттануын төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: наркологиялық бұзылулары бар халықтың сырқаттануын төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мер- зiмi | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Наша- қорлық- қа және есiрткi бизне- сiне қарсы күрес | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнің бұйрығымен бекітілетiн Тiзбеге сәйкес Фармация комите- тiнің 14 облыстық, Астана және Алматы аумақтық органдары үшiн есептеуiш техникаларды алу. Есiрткіге тәуелдi адамдардың арасында 2000-2005 жылдары емдеу-алдын алу және оңалту жұмыстарын жетiлдiруге бағыттал- ған ғылыми зерттеулер- дi орындау жөнiндегі және жобаның мемлекет- тiк сараптамасы мен бағдарламаның нәтижеле- рiн орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарындағы есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылауды күшейту, нашақорлықпен ауыратын науқастарды уақытша оңалтудың ұзақтығы мен сапасын арттыру.