«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1056 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмінде:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын;
008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша: көрсетiлген қаулыға 261-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |