2003 жылғы егiннiң астығын сатып алудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 301 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.08.03 ж. № 854;12.01.04 ж. № 28 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.08.03 ж. № 854 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына 2003 жылғы егiннiң 2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейінгі көлемдегi бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын кредит ресурстарын тарту есебiнен осы қаулымен бекітілген Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
2. Қоса берiлiп отырған 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу ережесi бекітілсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi A.C.Есiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 27 наурыздағы
№ 301 қаулысымен
бекітілген
2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу
ережесi
Осы Ереже "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы;
2) комиссия - құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң және агенттiң өкiлдерi енгiзiлетiн, сатушыларды iрiктеудi жүзеге асыратын, агент құратын комиссия;
3) сатушы - астықты сатып алуға қатысушы жеке немесе заңды тұлға.
2. Сатушылардан астықты сатып алуды агент iрiктеп алған астық қабылдау кәсiпорындарында агент жүзеге асырады.
3. 2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу екi кезеңде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық нормативтерiн орындайтын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң кепiлдiгiмен көктемгi-жазғы кезеңде 2003 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде қаржыландыру арқылы;
күзде тiкелей сатып алу арқылы.
2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу тауарлық биржалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Астық сатып алуды жүргiзудiң және оны
қаржыландырудың тәртібі
4. Осы Ереже жарияланғаннан кейiн агент республикалық баспасөз басылымдарында сатып алудың шарттары мен астық сатып алу жүзеге асырылатын астық қабылдау кәсiпорындарының тiзiмiн жариялайды.
ҚР Үкіметінің 12.01.04 ж. № 28 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Өзiнiң астығын сатуға мүдделi сатушы комиссияға:
1) көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн:
сатып алуға ұсынылып отырған астықтың көлемi көрсетiлген өтiнiмдi;
Сатушыға банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы екiншi деңгейдегi банктiң хатын;
жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
2) тiкелей шарттар бойынша күзгi сатып алуға қатысу үшiн:
астықты сату туралы жазбаша өтiнiмдi;
астық қолхатының көшiрмесiн бередi;
жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн .
6. Комиссия анықтаған сатушы агенттiң облыстық өкiлдiгiмен агент бекiткен нысан бойынша астық сатып алуға шарт жасасады.
Шартты жасасу үшiн сатушы қосымша құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесiн не салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетiп және сатушы бiрыңғай жер салығын төлеушi екендiгiн және қосылған құн салығын төлеушi емес екендiгiн растай отырып, салық қызметi органының анықтамасын бередi.
Бұдан басқа:
заңды тұлғалар үшін:
құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық есеп карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
жеке тұлғалар үшiн:
астықты сатушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi берiледi.
7. Көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландырылған астықты қабылдау және күзде сатып алынатын астыққа ақы төлеу үшiн сатушы мынадай құжаттарды бередi:
астық қолхаты мен оның куәлiктерi бойынша құқықтың агентке өтуiн растайтын тапсыру жазбасы (индоссаментi) бар сатып алынатын астық көлемiне астық қолхатының түпнұсқасын;
астықты сертификаттау бойынша белгiленген тәртiппен тiркелген ұйым (зертхана) берген сапа сертификатының түпнұсқасын;
салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген шот-фактураны.
8. Агент мынадай жағдайда бес банктiк күн iшiнде ақша қаражатын сатушының шотына аударуды жүзеге асырады:
көктемгi-жазғы қаржыландыру бағдарламасы бойынша - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің банктiк төлем кепiлдiгiн бергеннен кейiн;
күзгi сатып алу бағдарламасы бойынша - осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды бергеннен кейiн.