Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 301
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 23 тамыздағы № 854 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 14, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-ші тармақта "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) тоннаға дейінгі" деген сөздер "2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |