Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға Ұлттық Банкiнiң рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) ерiктi түрде қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
г) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуы.
8-тарау. Банкiнi консервациялау
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 62-бап өзгертiлдi
62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы
1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы);
б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) Ұлттық Банк оның қызметкерлерi не осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн, оның қызметкерлерi болып табылмайтын адамдар арасынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты Ұлттық Банк пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, Ұлттық Банкiнiң қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. Ұлттық Банк уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
1. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы Ұлттық Банкiнiң шешiмi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы түрiнде ресiмделедi және онда мыналар болуға тиiс:
а) банкiнiң атауы және оның орналасқан жерi;
б) банкiнi консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi;
в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi;
г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
е) консервациялау режимiнде тұрған банкiнiң басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар екендiгi және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
2. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы кемiнде екi республикалық газетте жарияланады.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 64-бап өзгертiлдi
65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкiнi басқару ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi өкiлеттiгi
1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
а) банк акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқығы тоқтатыла тұрады;
б) банк органдары мен оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады;
в) банкiнi басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) көшедi;
г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз банкiнiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы):
а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, ставкаларын, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
г) банкiнiң атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
д) банкiнiң атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға;
е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 66-бап өзгертiлдi
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi қызметiн Ұлттық Банкiнiң тарапынан бақылау
1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды Ұлттық Банк жүзеге асырады, ол: а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары Ұлттық Банкiнiң қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 67-бап өзгертiлдi
67-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Банкiнi консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
а) Ұлттық Банкiнiң шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
б) Ұлттық Банкiнiң консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Банкiнiң қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты Ұлттық Банк немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкiнiң құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiнде қала бередi.
3. Егер банкiнi консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, Ұлттық Банк банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
1. Банк:
а) Ұлттық Банктiң рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
в) алынып тасталды
2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 68-1-баппен толықтырылды
68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер кредиторларының комитеті
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Ерікті таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк бекітеді.
Еріксіз таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банкті тарату комиссиясы мен Ұлттық Банктің бірлескен ұсынысы бойынша сот бекітеді.
2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 69-бап өзгертiлдi
69-бап. Ерiктi тарату
1. Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға құқылы.
Өтiнiшке банктiң қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн баланстық есеп және басқа қажеттi мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн Ұлттық Банк тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.
3. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беру туралы шешiмдi Ұлттық Банк басқармасы қабылдайды.
4. Ерiктi түрде тарауға Ұлттық Банктен рұқсат алған жағдайда банк тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.
Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды Ұлттық Банк жүзеге асырады.
5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.
6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен Ұлттық Банкке табыс етуге мiндеттi.
7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты Ұлттық Банк банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 70-бап өзгертiлдi
70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
Банктердi ерiксiз таратуды сот:
а) банк банкроттығына;
б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды қайтарып алуға;
в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.
71-бап. Банктi банкрот деп тану
1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi Ұлттық Банктiң сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады.
2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 72-бап өзгертiлдi
72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларын қайтарып алу туралы Ұлттық Банктiң шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот Ұлттық банкке жiбередi.
Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банктiң банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларын Ұлттық Банк қайтарып алады.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 73-бап өзгертiлдi
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi
1. Банктi арнайы басқарушы (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарды) ретiнде сот тағайындаған адамды(дарды) банктi тарату комиссиясының құрамына соттың енгiзуi мүмкiн.
Банктi арнайы басқарушысының (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдардың) орындаған жұмысы туралы есептi сот бекiтедi.
Банктi тарату комиссиясының банктi арнайы басқарушыдан (басқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардан) банк құжаттары мен мүлкiн қабылдап алу-өткiзу актiсiн сот бекiтедi.
1-1. Банктерді банкроттық негізде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылатын банктiң кредиторларының тiзiлiмiн Ұлттық Банктің ұсынысы бойынша сот бекiтедi.
5. Таратылатын банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргiзедi.
6. Банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды Ұлттық Банк жүзеге асырады.
6-1. Банктің тарату комиссиясын тағайындаған сот Ұлттық Банктен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
7. Тарату комиссиясы жасаған банктi тарату және тарату балансы туралы есептi сот бекiтедi және оны Әдiлет органдары мен Ұлттық Банкке жiбередi.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде оның банкроттығын негiздеу жөнiнде шешiм қабылданғаннан кейiн сот құрамында төраға мен комиссия мүшелерi бар тарату комиссиясын тағайындайды.
Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
Еріксіз таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру тәртібі және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. алынып тасталды
3. Ұлттық банк қызметкерлерiнiң банктi тарату комиссиясының құрамында болуына құқығы жоқ.
ҚР 29.06.98 ж. N 236-1 Заңымен 74-1-бап өзгертiлдi
74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
2. Кастодиан-банктi таратқанда тарату, конкурстық массасына оған сақтау және есепке алу үшiн сенiп тапсырылған үшiншi тұлғаларға тиесiлi бағалы қағаздар және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының меншiк капиталының қаржыларын қоспағанда, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi қосылмайды және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 74-2-бап өзгертiлдi
74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
1. Таратылатын таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Тарату өндiрiсiмен байланысты шығыстар, оның iшiнде банктiң тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi қызметтерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты төленiп отырады.
3. Белгiленген тәртiппен танылған кредиторлардың талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиіс:
а) бiрiншi кезекте азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капитализациялау жолымен қанағаттандырады;
б) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысын төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi;
в) үшiншi кезекте депозиттер және ақша аудару жөнiнде жеке тұлғалардың, ұйымның салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі, еріксіз таратылатын банк ұсынған есепке сәйкес сома көлемінде өтем төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі алдағы талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары қанағаттандырылады;
г) төртiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен, осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысының есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдармен, олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектердiң ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
г-1) бесінші кезекте сақтандыру ұйымдарымен олардың таратылатын банктің банктік шоттарындағы қаражаттары бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;
д) алтыншы кезекте таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
е) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша міндетті төлемдер бойынша қарыздар өтеледi;
ж) сегізінші кезекте заңды тұлғалардың таратылатын банктің банк шоттарындағы қаражаттары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
з) тоғызыншы кезекте банкаралық кредиттер бойынша банктермен және таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлмеген депозит салымдары бойынша заңды тұлғалармен есеп айырысу жүзеге асырылады;
и) оныншы кезекте басқа кредиторлармен есеп айырысулар заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
4. Әр кезектің талабы өзінің алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Кредитордың талаптары оның келісімімен заңға қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандыруға тиісті талаптар сомасына бара-бар бөлінеді.
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi Ұлттық Банктiң тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 74-4-бап өзгертiлдi
74-4-бап. Ұлттық банктің таратылу процесіндегі банктерден есеп және ақпарат алу құқығы
1. Ерікті және еріксіз, оның ішінде банкроттық негізде таратылатын банктердің тарату комиссиялары Ұлттық Банкке атқарылған жұмыс туралы есеп, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беруге міндетті.
Тарату комиссиясы беретін есептер мен қосымша ақпараттың нысанын, мерзімін және кезеңділігін Ұлттық Банк белгілейді.
2. Ұлттық Банк қызметiн ерiксiз тоқтату туралы iсi сотта қаралып жатқан банктен қажеттi ақпарат алуға құқылы.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сотпен келiсе отырып, банкке қатысты мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады.
3. алынып тасталды
III Бөлiм
Қорытынды ережелер
ҚР 29.06.98 ж. N 236-1 Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық
үшiн жауапкершiлiк
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 74-5-бап өзгертілдi
74-5-бап. Жалпы ережелер
1. Банк заңдарының бұзылуына кiнәлi банктер мен олардың лауазымды адамдары заң актiлерiнде белгiленгенiндей жауапты болады.
Банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның мына лауазымды адамдары: бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың), бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың) заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
2. Банк қызметi не банк қызметiне аудит Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясынсыз жүргiзiлген жағдайда бұл операциялардан (қызметтен) түскен кiрiстер заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке алынады.
3. Банктерге (банктiң лауазымды адамына) айыппұл (өсiм) салуды және оларды өндiрiп алуды Ұлттық Банк не мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзедi.
4. Банктер валюта заңдарын бұзған жағдайда, банктер валюта заңдарына сәйкес жауап бередi.
5. Банкке осы Заңға сәйкес жаза қолданылған жағдайда оның лауазымды адамдары осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
6. Банктер мен олардың лауазымды адамдары үшiн белгiленген жауапқа тартудың шарттары, негiздерi және тәртiбi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.
74-6-бап. Ұлттық Банктiң банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн айыппұл салуы мен өндiрiп алуының негiздерi
1. Ұлттық Банк банкке:
а) Ұлттық Банкке ақпаратты ұдайы (үздiксiз жалғасқан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақытылы табыс етпесе немесе банк заңдарына сәйкес табыс ету талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етсе не бұрыс мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етсе -