4. Заңды тұлғаның iрi қатысушысы деп осы заңды тұлға акцияларының (қатысушылар салымдарының) он процентiнен астамын дауыс құқығымен тiкелей немесе жанамалап иеленушi танылады.
5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады.
6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады.
7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша) ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің басшы қызметкері банк пен:
олардың өздерінің;
өзінің кез келген жақын туысының;
өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
8. Банк Ұлттық Банкке өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті.
4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және
депозиторлардың мүддесiн қорғау
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін Ұлттық Банк белгілейді.
ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 42-бап өзгертiлдi
42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн Ұлттық Банк белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
өтiмдiлiк коэффицентi;
ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
Банктер тобы міндетті түрде сақтау үшін Ұлттық Банк белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
Ұлттық Банк халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.
Ұлттық Банк банк заңдарына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында Ұлттық Банк белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк тобы капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, резервтiк талаптардың нормаларын, оларды сақтау әдiстерi мен есептеу әдiстемесiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн Ұлттық Банк белгiлейдi.
4. Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк Ұлттық Банкке қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.
5. Банк холдингтері Ұлттық Банктің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолдануға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 12.08.97 ж. N 200-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 10.07.98 ж. N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 43-бап өзгертiлдi
43-бап. Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер)
1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн жай акциялар бойынша банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн Ұлттық Банк белгiлейдi.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 44-бап өзгертілдi
44-бап. Банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру)
1. Банкiлердiң қызметiн инспекциялауды Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
Ұлттық Банк банктердің қызметіне инспекция жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
2. Ұлттық Банкінің тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары инспекциялаушы органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн инспекциялау барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
4. Инспекциялауды жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 заңымен 45-бап өзгертiлдi
45-бап. Банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсыныстар
Банкiнiң қаржы жағдайы нашарлаған реттерде Ұлттық Банк оның акционерлерi алдына қаржыны сауықтыру, басшылықты ауыстыру қажеттiгi туралы немесе:
депозиттер қабылдауды шектеу туралы;
жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
дивидендтер төлеудi тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы;
жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
банкiнiң кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерiн мүлдем немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
жоғары тәуекел деңгейлi банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсыныстар берудi қоса, банкiнi қайта құру қажеттiгi жөнiнде мәселе қоюға құқылы.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 46-бап өзгертiлдi
46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары
1. Ұлттық Банкiнiң пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын Ұлттық Банк тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде Ұлттық Банк банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға:
а) мiндеттеме-хат талап етуге;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;
в) ескерту жасауға;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.
3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен Ұлттық Банк арасындағы келiсiм.
4. Ұлттық Банкiнiң жазбаша нұсқамасы - бұл анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзету шараларын қолдану туралы банкiге берiлетiн нұсқау. Түзету шаралары жазбаша нұсқамада көрсетiледi және осы Заңның 45-бабында көрсетiлген, орындалуға мiндеттi шаралар болып табылады.
Ұлттық Банкiнiң жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы Ұлттық Банкiнi хабардар етуге мiндеттi.
6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған ретте, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы Ұлттық Банкiнiң хабардар етуi болып табылады.
7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
8. Осы бапта келтірілген шаралар, егер Ұлттық Банк осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің жолсыздықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банктің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты да қолданылуы мүмкін.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 47-бап өзгертiлдi
47-бап. Санкциялар
1. Ұлттық Банк төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы.
2. Санкциялар ретiнде Ұлттық Банк мынадай шаралар қолдануға:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не оны қайтарып алуға;
в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;
г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуға құқылы;
д) банк капиталы iс жүзiнде болмаған жағдайда және осы Заңның 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негiздемелер бар болса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) Ұлттық Банк белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы Ұлттық Банк шешiм қабылдаған күнгi банктiң нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып шешiм қабылдау;
е) осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды осы мәселенi банктiң тиiстi органы қарағанға дейiн, банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.
ж) банкті салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесінен шығару туралы салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымға қойылатын талап;
з) банктің және (немесе) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.
Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, Ұлттық Банк банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Атқарып жүрген қызметiнен бiржолата немесе уақытша шеттету туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Директорлар Кеңесi қабылдайды. Қызметiнен бiржолата шеттетiлген қызметкерлердi босату туралы шешiмдi оларды тиiстi лауазымдарға тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды. Қызметкердi қызметiнен шеттету туралы шешiм қабылданған сәттен бастап оның жұмыстан босатылған күнiне дейiнгi аралықтағы кезеңге ақы төленбейдi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге арналған барлық лицензияларды қайтарып алу, қызметтiң басқа түрлерi бойынша лицензияларға берген келiсiмiн Ұлттық Банктiң қайтып алуына және олардың орындалуын лицензияны берген орган (органдар) тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтата тұруға әкелiп соқтырады.
5. Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
6. Ұлттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
7. Ұлттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
Ұлттық Банктiң қабылдаған шешiмi туралы ақпаратты Ұлттық Банк республикалық екi газетте жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 47-1 баппен толықтырылды
47-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Ұлттық Банк банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне мынадай жағдайларда:
ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алмаса;
банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесіне ие болғаннан кейін осы Заңның 17-1-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болса;
осы Заңның 46-бабына сәйкес Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамаларын орындамаса, мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
Сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де Ұлттық Банк банк холдингтеріне мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, Ұлттық Банк:
ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;
банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығынан бас тартуды талап етуге және банкті тәуекелдікке душар еткізетін банк холдингі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға қатысты ұйым мен банк арасындағы банкті тәуекелдікке душар еткізетін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды Ұлттық Банк белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк банктің ірі қатысушысының және (немесе) банк холдингінің акцияларын, Ұлттық Банктің банкті басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге негіз болған себептерді жоймаған жағдайда, осы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы осы тұлғалардың акцияларын иеліктен шығаруға құқылы, бұл орайда акцияларды сатудан түскен ақша акциялары Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.
Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 N 154-1; 12.08.97 ж. N 200-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу үшiн негiздер
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) банк қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 22-бабы (б)-тармағының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;
б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;
г) Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;
д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу; ж) Ұлттық Банкiге есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру;
з) Ұлттық Банкiнiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны;
и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;
л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;
л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;
м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банк талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл Ұлттық Банктің банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
н) банктің инспекция жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
2. Ұлттық Банк бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не оны қайтарып алады.
3. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 N 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 48-1-бап өзгертiлдi
48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы қайтарылып алынған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) банк қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен сот iс қозғағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi Ұлттық Банкке және банктiң қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң мәлiмдемесi жолданған сотқа берiледi.
5. Сот Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен iс қозғаған күннен бастап банкке банктiң iсiн және мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлетiн арнайы басқарушыны (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдарды) тағайындайды. Лицензиясы қайтарылып алынған Ұлттық банк қызметкерлерi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиясының күшi жойылған банк қызметкерлерi және олардың жақын туысқандары банктiң арнайы басқарушылары (басқару жөнiндегi уәкiлдерi болып тағайындала алмайды).