"192-бап. Жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы
мәлiмдеме және жеке табыс салығы жөнiндегі
декларация
1. Осы Кодекстің 191-бабында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар
осы Кодекстің 527-бабында белгіленген тіркелу күнінен бастап жиырма бес
жұмыс күнінен кешіктірмей және келесі жылдары күнтiзбелiк жылдың 20
қаңтарынан кешiктiрмей қызметiн жүзеге асыру кезеңіндегі жеке табыс
салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдеменi тiркелген жері бойынша салық
органдарына табыс етуге мiндетті.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды
алатын;
3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт
кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан
Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген 500 айлық есептік көрсеткiштен астам
табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында
белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық
органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.";
68) 198-бапта:
тақырып "салығын" деген сөзден кейiн "шартты банк салымдары арқылы"
деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "Халықаралық" деген сөз "Қазақстан Республикасында
жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық"
деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ "Салық органы" деген cөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттік
орган белгiлеген мерзiмнен кешіктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта "он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн "не
белгіленген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда"
деген сөздермен толықтырылсын;
69) мынадай мазмұндағы 198-1-баппен толықтырылсын:
"198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарынан төленген табыс
салығын мемлекеттiк бюджеттен қайтару тәртiбi
1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің
Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік
бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген
табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң
ішінде мемлекеттiк бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттiк орган
белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш
бередi.
2. Салық органы уәкілетті мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмнен
кешiктірмей өтінiш қарайды және өтiнiште көрсетілген ақпарат дұрыс болған
жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртіппен
мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда
салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент eмескe жауап жiбередi.
4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент
еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде не
белгіленген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда
уәкілетті мемлекеттiк органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң
құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн
қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға
құқығы бар.";
70) 200-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
Республикасындағы көздерден алған табыстарының
жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты қолдану
тәртiбi
1. Салық агентінің табыстарды резидент емеске төлеу кезінде, егер
осындай резидент емес табыстарды түпкіліктi алушы болып табылса және
халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, оны қолдануға өтініш бермесе
де, резидент eмec ұсынған резиденттіктi растаушы құжат негізiнде осындай
халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Ocы бапта белгіленген халықаралық шарттардың қолдану тәртiбi
резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының
мынадай түрлерiне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенiмгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін
комиссияларға;
5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, ол
бойынша Қазақстан Республикасының аумағында осы резидент емес жұмыстар
орындайтын келiсiм-шарттарға (жобаларға) байланысты емес, тек қана
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет көрсетуден алынатын
табыстарға;
6) осы Кодексте халықаралық шарттарды қолдану жөнiндегi әкiмшiлiк
рәсiмдер белгiленбеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасында салық салудан босатуға жататын, Қазақстан
Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға
қатысты қолданылады.";
71) 201-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның
Қазақстан Республикасындағы көздерден алған
табыстарына салық салуға қатысты қолдану тәртiбi
1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған
табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, eгep осындай
резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса
және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға
оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың
негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы
жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және
салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының
ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге
мiндеттi.
Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе
толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы
көздерден табыстар алатын резидент eмec жеке тұлға халықаралық шарттың
талаптарын орындау кезiнде осы шартты қолдануға құқылы.
Бұл pетте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 527-бабында
белгіленген тiркеу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешіктiрмей
тiркеу орны бойынша салық органына, не осы Кодекстiң 190-бабында
көрсетiлген, халықаралық шартқа cәйкec Қазақстан Республикасында салық
салудан босатылуға жататын табыстарды алған жағдайда осы Кодекстің
172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру
мерзiмiнен кешіктірмей резиденттікті растайтын құжатты беруге мiндетті.
Резидент емес жеке тұлға резиденттіктi растайтын құжатты осы
тармақта көрсетілген мерзім ішінде бермеген кезде резидент емес жеке
тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына осы
Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Бұл ретте тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент
емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан
мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент
еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген
тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.";
72) 202-бап алып тасталсын;
73) 203-бапта:
1-тармақта "1." деген цифр алып тасталсын; "198-бабын" деген сөздер
"198 және 198-1-баптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
74) 209-баптың 2-тармағының үшінші бөлiгi "есепке қою туралы
куәлiгi" деген сөздерден кейiн "атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде
уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен
толықтырылсын;
75) 210-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда
жазылсын:
"Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы
Кодексте белгіленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай
кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған
құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi
хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен
жүргiзедi.";
76) 216-бапта:
2-1-тармақ "мүлiктi" деген сөзден кейiн "қайтарымды лизинг шарты
бойынша берудi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi
мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы
лизингiне берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.";
77) 217-бапта:
8-тармақтың бiрiншi абзацы "мүлiктi" деген сөзден кейiн "қайтарымды
лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi
мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша
айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.";
78) 220-бап "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "импортқа" деген сөзбен
толықтырылсын;
79) 223-баптың 1-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден
органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден
шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған
кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып
табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр
тарату желiлерi бойынша не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн
қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi
жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы
экспортты растаушы болып қызмет етедi;
3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын
растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр
тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың
iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi
табыс етiледі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге
асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған
авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн
экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын
растайтын құжаттар болып табылады.";
80) 225-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк
қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк;"; 13) тармақшадағы "бойынша
айналымдар қосылған құн салығынан босатылады" деген сөздер алып тасталып,
мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) ұлттық валюта;
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк
ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51
процентi мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша
жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен
айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде
35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары
(жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық
қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу
жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн
өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа);
16) экспортқа шығарылатын түстi және қара металдар сынығын өткiзу
бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";
81) 227-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "зейнетақы активтерiн"
деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорларының активтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
82) 228-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған
жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай
келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы
лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған
құн салығынан босатылады.
2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген
талаптар сақталған кезде, сондай-ақ егер берілетiн мүлiктің импорты осы
Кодекстiң 234-бабының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан
босатылған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.";
83) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
жұмыстары
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру
бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп
көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн)
iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн,
өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы
ұғынылады.
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын
пайдалануға жасалған:
жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау
жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық
бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды
жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың;
2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру
жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық
төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау
және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты
түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген
түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi
зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық
мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын
жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбір
геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық
құжаттамада айқындалуға тиіс.";
84) 234-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен
толықтырылсын:
"12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында
лизинг беруші әкелген негізгі құралдар импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген негiзгi құралдар тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
85) 235-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында "іс жүзiнде бюджетке енгiзiлген" деген
сөздер "бюджетке төленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада "1-1) және 1-2)" деген сөздер "1-1), 1-2) және 1-3)"
деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2) тармақша "5-1-тармағына сәйкес" деген сөздерден кейiн "қаржы
лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда)" деген
сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстiң 242-бабының
5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық
сомасы;";
86) 236-баптың 4) тармақшасындағы "тауарлар мен қызметтердi" деген
сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
87) 241-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың
барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi
беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын
есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.";
88) 249-бапта:
4-тармақтың екiншi бөлiгi "қуаттарын" деген сөзден кейiн "және
үй-жайларын" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "тауарларға" деген сөзден кейiн
"(жұмыстарға, қызмет көрсетуге)" деген сөздермен толықтырылсын;
89) 251-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "тоқсан iшiнде" деген
сөздер "үш айдың әрқайсысы үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 252-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "(жұмыстар, қызмет көрсетулер)" деген
сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "басқа салықтар" деген сөздер
"аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi" деген сөздермен
ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегі "басқа" деген сөз алып тасталсын;
91) 257-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
92) 279-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салудың
ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай
салықтары мен арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) экспортталатын шикi мұнайға рента салығын;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен
төлеу тәртiбi белгiленедi.
Осы Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай
операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай
туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша
операциялар жүргiзу жөнiндегi қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен
салық салынуға тиiс.";
93) 280-бап алып тасталсын;
94) 282-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
жүргізу жөніндегі қызметке салық салу
1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша
салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда
болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүргізіледi.
2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасының
Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын
пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының
белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан
Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі
бойынша түзетiлуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық
салу шарттары өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық салу шарттары
келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды
тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне
сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы
келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан
Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама
жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
4. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын
пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта
белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл
ретте:
1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша
салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп
жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді
төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec
жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша
осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын
қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт
аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп
жүргізуге міндетті.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты
суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.";
95) 283-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "1" деген цифр алып тасталсын; "келісім-шарттардың
негізгі түрлерiне қарай" деген сөздеp алып тасталсын;
1) тармақшада "төлемдердің барлық түрлерiн" деген сөздер
"төлемдердi" деген сөзбен ауыстырылсын; "бірiншi үлгі" деген сөзден кейін
", өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда,"
деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте
көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы;
газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциз;
үстеме пайда салығы;
жер салығы;
мүлiк салығы қосылмайды.";
2 - 4-тармақтар алып тасталсын;
96) 285-бапта:
тақырып "кезде" деген сөзден кейiн "өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "Жер қойнауын пайдалануға жасалған"
деген сөздер "Өнiмдi бөлу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi
бөлiгiнде "жер қойнауын пайдалануға жасалған" деген сөздер "өнiмдi бөлу
туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "Келiсiм-шартта" деген сөздер "Өнiмдi бөлу туралы
келiсiм-шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 286-бапта:
1-тармақта "жасаған" деген сөзден кейiн "өнiмдi бөлу туралы" деген
сөздермен толықтырылсын; "салық режимiн" деген сөздер "салық салу
шарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу
шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр
өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.";
98) 287-бапта:
1-тармақтағы "және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта
белгiленген мөлшерлерде және тәртiппен ақшалай нысанда төленедi" деген
сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
99) 288-бапта:
1-тармақтағы "және келiсiм-шарт жасалған кезде белгiленедi" деген
сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын
пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар
конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын
пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының)
экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ
бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.";
100) 289-бапта "төленуге тиiс" деген сөздер "төленедi" деген сөзбен
ауыстырылсын; "келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде, бiрақ" деген сөздер
алып тасталсын;
101) 291-бапта:
баптың атауындағы "белгiлеу" деген сөз "төлеу" деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақтағы "белгiленедi" деген сөз "төленедi" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3-тармақтағы "белгiленбейдi" деген сөз "төленбейдi" деген сөзбен
ауыстырылсын;
102) 292-баптың екiншi бөлiгiнде:
2) тармақшада: