салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақшадағы "мемлекеттік баж алынбайды." деген сөздер алып
тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен
консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою
кезінде;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық
мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін
тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке
куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында
тұруына ықтиярхат берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік
Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын
Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар,
"Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен
наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның
мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға
теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы
мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар
мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
161) 507-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке
куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел
азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін
тиісті құжаттарды бергенге дейін;";
162) 517-бапта:
1-тармақ "жарналарының" деген сөзден кейiн "және Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың" деген сөздермен
толықтырылсын;
2-тармақтың 10) тармақшасы "сақтауды" деген сөзден кейiн ",
сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы
берiлуiн" деген сөздермен толықтырылсын;
163) 521-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада "мекеме құрмай" деген сөзден кейiн "қызметiн Қазақстан
Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен
астам кез келген он екi айлық кезеңнiң шегiнде" деген сөздермен
толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында
айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша бiрлескен жеке
кәсiпкерлiк;";
7) тармақшада "1)-4)" деген цифрлар "1)-3), 5) және 6)" деген
цифрлармен ауыстырылсын;
164) 522-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
165) 525-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау салық төлеушi
әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi
болмаған жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып жүргiзiледi.
Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық
табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы
Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн
бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру
жөнiндегi талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.";
166) 526-бапта:
3) тармақшада "құрылымына" деген сөзден кейiн "(қалыптастыру
алгоритмiне)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның төртiншi абзацы "екiншi кезекте" деген сөздерден
кейiн "клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналарын аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ" деген
сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "тоқтатуға" деген сөз "тоқтата тұруға" деген сөздермен
ауыстырылсын;
167) 527-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге
асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi жеке еңбек
шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiм-шарттың талаптарын
орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде
айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің
қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында
көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс.";
3) тармақша алып тасталсын;
168) 530-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң
және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе)
мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн
мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.";
169) 531-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жүзеге асырудың
басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлiмдеуге мiндеттi." деген
сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды
жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге
міндетті.";
170) 533-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тақырыптық тексеру -
салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық
және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау
мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен
айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;";
5-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін
тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау
ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері
бойынша жүргізіледі.";
171) 535-баптың 1-1-тармақшасы алып тасталсын;
172) 536-баптың 5-тармағында "ұзартылған" деген сөзден кейін "және
(немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген" деген сөздермен
толықтырылсын;
173) 549-баптың 1-тармағында "1)-4)" деген цифрлар "2)-4)" деген
цифрлармен ауыстырылсын; "сыраны" деген сөз "Шарап материалдары мен
сыраны" деген сөздермен ауыстырылсын;
174) 550-баптың 1-тармағында ", сондай-ақ" деген сөз "және" деген
сөзбен ауыстырылсын; "бақылауды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекет меншігіне
айналдырылған мүлікті беруді" деген сөздермен толықтырылсын;
175) 553-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен және осы
Кодекстің 554-бабында айқындалған нысаны мен мазмұнын сақтай отырып
берген шағымы салық органында ол келіп түскен күні міндетті түрде
тіркелуге тиіс.";
176) 557-4-баптың 1 тармағында "он бес" деген сөздер "отыз" деген
сөзбен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N
24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N
17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24,
198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат):
22-1-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі "төлем көзінде салық
салынуға тиіс" деген сөздер "осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын
тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын" деген сөздермен
ауыстырылсын.
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу
туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12,
169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N
6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағында:
екiншi абзацтағы ", 179-бабының 9-тармағы" деген сөз алып тасталсын;
үшiншi абзацтағы "34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы," деген сөздер
алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтармен
толықтырылсын:
"2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 57-бабының 1-тармағының
17) тармақшасы, 61-1-бабы;
2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын мынадай редакциядағы
179-бабының 9-тармағы:
"9. Қызметiн машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резина
және пластмасса бұйымдары немесе химия өнеркәсiбi салаларында жүзеге
асыратын заңды тұлғаларда, мұндай қызметтен түсетiн табыс жылдық жиынтық
табыс көлемiнiң елу бiр процентiнен кем болмаған жағдайда, 1999 жылғы 3
тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған және 2004 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша төленбеген салықтар және айыппұл санкциялары сомаларын
(толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтардан және
акциздерден басқа) төлеу мерзiмi ұзартылады. Бұл ретте 2003 жылғы 1
қаңтардан бастап 1999 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған
салық сомаларына (толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн
салықтардан және акциздерден басқа) өсiмпұл есептелмейдi.";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 34-бабының 1-тармағының
7) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы;";
2) мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:
"5-3-бап. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмдерi бойынша кредит
берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтата тұру нәтижесiнде
құралған дебиторлық берешек бойынша бюджетке салықтар мен Қазақстан
Pecпубликасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жарналарының тиесілі сомаларын төлеу олардың өтелуiне қарай салық
жарналары мен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi
сақтандыру жарналарының уақтылы төленбегенi үшiн өсiмпұл есептелмей
жүргiзiледi.".
5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
2003 ж., N 10, 55-құжат):
32-бапта:
тақырыпта "Қоғамның" деген сөз "Жарғылық капиталына мемлекет
қатысатын қоғамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "Егер" деген сөзден кейiн "жарғылық капиталына мемлекет
қатысатын" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
туралы заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар есепке алынып, Салық
кодексiнiң 317-бабында айқындалған әлеуметтiк салықтың ставкалары 2005
жылғы 1 қаңтардан бастап белгiленсiн.
3-бап. Осы Заң:
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
4-тармағының 2) тармақшасын 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
4-тармағы 1) тармақшасының 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
2-тармағы 29) тармақшасының30) тармақшасын31) тармақшасының2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының