1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу
бойынша;
2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
3) келiсiмде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген
шығындарды арттыру бөлiгiндегi баптар бойынша;
4) қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден артық ластағаны үшiн ақы
төлеу бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда
түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткiзу пунктiне
дейiн жеткiзуге арналған шығындарды, тасымалдау кезiндегi шығындарды,
өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған
шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi
өткiзуге байланысты;
6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған
қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
7) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өз
мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн
орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады.
Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге
тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттiк органдар
растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта
бөлінуі мүмкiн:
қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және
бiлiктiлiгiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат
бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы
көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келiсiм-шартты
орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып
алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң
проценттiк қамтылуы түсінiледi.
Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды,
қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында
өндiру (орындау) танылады;
8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы
төлеуге байланысты;
9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды
төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты
комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде
жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан
келтірілген залалдар;
11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын
айыппұлдар мен өсімпұлдар;
15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген
жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp
немece коммерциялық табу бонустары;
17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
18) келесі салық кезеңіне қалдырылатын, проценттері (аплифт)
есептелмейтiн, өтелмейтiн шығындардың қалдығы;
19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да
шығындар жатады.
313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу тәртiбi
1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы
келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта
айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды
сынамалық пайдалану және (нeмece) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi
- коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті
үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл peттe өз қажеттерi үшін
өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып
табылады.
3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық
құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша
жеке белгіленедi және олар:
жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi
ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы
көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында
өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген,
өтелетін шығындар,
қосу
салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн
шығындар,
алу
салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін
шығындар ретінде айқындалады.
6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және
көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары
сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта
белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда
көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.";
119) 314-бап алып тасталсын;
120) мынадай мазмұндағы 314-1, 314-2, 314-3-баптармен толықтырылсын:
"314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi
бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Pecпубликасының
үлесiн төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен
кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегi
декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық
органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.";
121) 316-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында
көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы
Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар
түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17)
тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге
төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында
көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының
1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29), 31)-34) тармақшаларында
белгiленген төлемдердi қоспағанда, өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша
жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға
төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар
қосылмайды:";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде
жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн ерiктi кәсiби зейнетақы
жарналары.";
122) 317-бапта:
2-тармақта:
"жүзеге асыратын резидент еместер" деген сөздерден кейiн ", шетелдiк
заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк азаматтарды тартуға
белгiлейтiн квoтa шегiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi
орган берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатқа сәйкес Қазақстан
Республикасына тартылған, жұмыс берушi еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн
жалдаған шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:
шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бiрiншi
басшылары;
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ақшалай баламада елу миллион
АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келiсiм-шарттар жасасқан
ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi;
қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын
және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары;
қаржы ұйымдарының бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi болып
iстейтiн шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар
әкiмшілік-басқару, инженер-техник қызметкерлердің шетелдiк мамандары
болып табылады.";
123) 321-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен" деген сөздер "өздерiнiң орналасқан жерi бойынша"
деген сөздермен ауыстырылсын;
124) 324-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік мекемелер;";
4-тармақтағы "2)," деген цифр алып тасталсын;
125) 338-баптың 4-тармағы "4-тармағында" деген сөздерден кейін "және
140-5-бабының 3-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
126) 340-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20
мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең
үлестермен төленуге тиіс.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім
ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық
төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың
9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.";
5-тармақтың екінші бөлігіндегі "2), 4)" деген цифрлар "4) және 7)"
деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық
міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын
төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында
көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу
объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі
түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында
көзделген мерзімдерде жүргізіледі.";
127) 341-баптың 2-тармағындағы "2), 4)" деген цифрлар "4) және 7)"
деген цифрлармен ауыстырылсын;
128) 344-бапта:
1-тармақ "тұлғалар" деген сөзден кейін "(мемлекеттік мекемелерді
қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; "жер салығы бойынша" деген
сөздер алып тасталсын;
3-тармақ "Жаңадан құрылған" деген сөздердің алдынан "Ағымдағы
төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді
қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекстің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында
көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу
объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында
көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері
өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша
1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша
тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15
тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.";
129) 345-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына
қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын
мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын
төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер.
Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік мекемелер;";
130) 347-баптың 5-тармағы:
екінші абзацта "сәуірден кейін" деген сөздерден кейін "Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерден" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "алынған" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ 1999 жылғы
1 сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1
cәуipгe дейiн пайдалануда болған" деген сөздермен толықтырылсын;
131) 348-баптың 2-тармағының бiрiншi абзацында "берген кезде" деген
сөздерден кейiн ", егер осы бапта өзгеше көзделмесе," деген сөздермен
толықтырылсын;
132) 348-1-бапта:
1-тармақта "жерi бойынша," деген сөздерден кейiн "ағымдағы
төлемдердi енгiзу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "көлiк құралдарына салық бойынша" деген сөздер алып
тасталсын;
133) 350-бапта "көлiк құралдары салығы бойынша декларацияны" деген
сөздер "декларацияны" деген сөзбен ауыстырылсын;
134) 351-баптың 4-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттiк мекемелер;";
4) тармақша алып тасталсын;
екiншi бөлiкте "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5)
тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
135) 353-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен
толықтырылсын:
"6) қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түрiндегi
аяқталмаған құрылыс объектiлерi, сондай-ақ көрсетiлген объектiлерде
монтаждауды талап ететiн жабдықтар.";
136) 355-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың
жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi
бойынша заңды тұлғалар.";
4-тармақ "4-тармағында" деген сөзден кейiн "және 140-5-бабының
3-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
137) 356-баптың 6-тармағында:
екiншi бөлiгiнде "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5)
тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгiнде "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5)
тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын; "салық кезеңi басталған
айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей" деген сөздер "ағымдағы салық
кезеңi үшiн осы баптың 8-тармағында көзделген мерзiмдерде" деген
сөздермен ауыстырылсын;
138) 358-баптың 2-тармағында "3)-5) тармақшаларында" деген
сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
139) 359-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгiнде "3)-5) тармақшаларында" деген
сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "20" деген цифр "15" деген цифрмен
ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi
өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша
1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша
тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15
тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.";
4-тармақта "Мүлік салығы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
140) 361-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "салық салу
объектiлерiнiң бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке тең құны шегiнде" деген
сөздер "меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде -" деген сөздермен
ауыстырылсын;
141) 364-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
142) 366-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге
жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық
сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру
айларының санына көбейту жолымен есептеледі.";
143) 368-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу
мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып
оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша
тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше
танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты
болып есептеледі.";
144) 369-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "тұрақты үй-жайларда"
деген сөздер "киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгі бөлімдерде)"
деген сөздермен ауыстырылсын; "есеп айырысу" деген сөздерден кейін ", осы
Кодекстің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа," деген
сөздермен толықтырылсын;
145) 374-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген
өтінішінде тасымалдау түрін (жүйелі немесе жүйесіз тасымалдаулар)
көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін
бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны,
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың
төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент
беруді жүргізеді.";
146) 383-баптың 2-тармағында "зейнетақы жарналарының," деген
сөздерден кейін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
147) 384-бап 4) тармақшадағы "табыс етеді" деген сөздер алып
тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар
бойынша есепті табыс етеді.";
148) 385-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
"Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып шешімдерді
тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы
салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде
шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар
заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды
тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.";
149) 390-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацында "зейнетақы жарналары" деген сөздерден
кейін ", Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар"
деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
4. Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша
есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары
бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:";
150) 428-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының төртіншi абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
"соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды
орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;";
151) 450-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер
учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар
үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы
төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына
ағымдағы төлемдер ақысы сомасының есебi мен декларацияны табыс етедi.";
152) 470-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы)
орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:
1) ағаш дайындағаны;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;
3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды,
томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды)
дайындағаны;
4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал
шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша
шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы
өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар,
саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман
төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында,
рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн
пайдаланғаны;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында
пайдаланғаны үшін алынады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген
ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде
берiледi.";
4-тармақта "Орман шаруашылығын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi
органдар мен" деген сөздер "Мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
153) 471-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада "орман иелерi" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк"
деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын жеке және
мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;";
154) 474-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе орман шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген
кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын
қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган
берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн
пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi.";
155) 482-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
156) 495-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
"9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;";
157) 497-баптың 1) тармақшасында:
төртінші абзацта "мәміле құнының 5 проценті" деген сөздер "100
процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "мәміле құнының 10 проценті" деген сөздер "300
процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
158) 500-баптың 3) тармақшасында:
екінші абзацта "азаматының паспорты" деген сөздерден кейін ",
азаматтығы жоқ адамның куәлігі" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "жеке куәлігі" деген сөздерден кейін ", шетелдіктің
Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі" деген
сөздермен толықтырылсын;
159) 501-баптың 14) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"апелляциялық шағымға қосылу туралы;";
он бесінші абзац алып тасталсын;
160) 506-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы "мемлекеттік баж төлеуден босатылады." деген сөздер
алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен
толықтырылсын:
"4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі
Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы",
"Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған,
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала
кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының