қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң
алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге
құқылы.";
38) 127-баптың 1-тармағындағы "Егер осы Koдексте өзгеше көзделмесе,"
деген сөздер алып тасталсын;
39) 128-бап алып тасталсын;
40) 129-баптың 3-тармағында "резидент заңды және жеке тұлғаларының"
деген сөздер "резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының"
деген сөздермен ауыстырылсын; "ұсталған" деген сөзден кейiн "және
(немесе) төленген" деген сөздермен толықтырылсын;
41) 130-бапта:
1-тармақтағы "табысының резидентке қатысты осы бөлiгi" деген сөздер
"пайдасының резидентке қатысты бөлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе)
тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң салық салынатын табысына қосылатын осы
пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық
есептілігiмен расталуға тиiс.";
2-тармақтағы "айқындалатын салық ставкасынан 1/3 төмен болса" деген
сөздер "айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса" деген
сөздермен ауыстырылсын;
42) 131-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша "алған" деген сөзден кейiн ", осындай резидент
еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ" деген сөздермен
толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде заем операцияларын
жүзеге асыратын ұйымдарға төленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны
және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны
қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн
сыйақыдан басқа сыйақы;";
1-1-тармақта:
1) тармақша "сыйақылар" деген сөзден кейiн "және агенттік
облигациялар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "зейнетақы қорларына" деген сөздерден кейiн "және
орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорына" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтiк саладағы
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздер "қызметiн әлеуметтiк
салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөнiндегi
сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды" деген сөздермен
ауыстырылсын;
43) 135-баптың 3-тармағы "алатын" деген сөзден кейiн ", осындай
резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ" деген сөздермен
толықтырылсын;
44) 139-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын
салық төлеушілер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан,
кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;";
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге
жылдық жиынтық табыстан осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8)
тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi
қоспағанда, инвестициялық жобалар шеңберiнде пайдалануға берiлген
тiркелген активтердiң құнын преференциялардың қолданылу мерзiмiне қарай
тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.";
45) 140-1-баптың 1-тармағындағы "осы Кодекстiң мақсаттары үшiн"
деген сөздер ", егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе," деген сөздермен
ауыстырылсын;
46) мынадай мазмұндағы 22-2-тараумен толықтырылсын:
"22-2-тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу
140-4-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы
экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға
мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:
1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне
енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:
химия өнеркәсiбi;
резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
металлургия өнеркәсiбi;
дайын металл бұйымдары өндірісі;
машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды
қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған)
табыстар құрайтын;
2) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы
салық органында тiркеу есебiнде тұратын;
3) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс
жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн
орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен
аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр
айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
2. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;
арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1)
тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу
өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөнiндегi және сәулет,
қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар уәкiлеттi
мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда
берiлген, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында
орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.
140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және
3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын
айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық
табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына
сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында
орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында
көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық
салу oбъектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық
орташа құнына 0 процент cтaвкa қолданылады.
140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi
Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы
Кодекске сәйкес айқындалады.";
47) 144-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацта "1." деген цифр алып тасталсын;
1) тармақшада "еңбекақы төлеуге байланысты төлемдердi қоспағанда,"
деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына
қатысты өтеуден басқа);";
6) тармақша "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ",
қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес
және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып
табылмайтын шығыстары;";
"26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн
әлеуметтiк төлемдер;";
37) тармақша "сомалары" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына
бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;"
деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
"38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру
шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.";
2-тармақ алып тасталсын;
48) 147-баптың 2-1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртiппен" деген сөздер "олардың орналасқан жерi
бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 152-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
6) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығын жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн, тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық eceптік көрсеткіштің
5 еселенген шегiндегi сақтандыру сыйлықақылары.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердің төлем көзiнен салық
салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) және 2)
тармақшаларына сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi шегерiмдер
жүргiзiлмейдi.";
50) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:
"153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке
табыс салығын есептеу және төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында
көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс
салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық
агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар
орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық
шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес
жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар
орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке
тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және
төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес
жүргiзедi.
3. Салық агентi осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, осы
Кодекстің 147 және 153-баптарына сәйкес резидент жеке тұлғалардың
табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге
құқылы.
4. Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудiң таңдап алынған
тәртiбi салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтін болуға тиіс.";
51) 161-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына
енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары
жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табысы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын;
"1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда
төленетiн сатып алу сомасы жатады.";
52) 164-баптың 3-тармағында:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді,
сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) тармақшасында
айқындалған тұлға салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және
127-баптарына сәйкес жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді eceптеу мен төлеуді,
сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында
айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және
192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.";
53) 166-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "кәсiпкерлiк" деген сөздiң
алдынан "Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда," деген сөздермен
толықтырылсын;
54) 169-бап "79-124" деген цифрлардан кейiн ", 130" деген цифрмен
толықтырылсын;
55) 170-бапта "оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлерден алынған табыстар" деген сөздер "сондай-ақ Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар" деген
сөздермен ауыстырылсын;
56) 171-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "табыс етеді" деген
сөз алып тасталып, осы тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен
толықтырылсын:
"7) осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында
көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен
асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.";
57) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"173-бап. Шетел салығын есепке алу
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс
жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2
және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке
табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады.
Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген
жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан
Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.";
58) 177-бaптa:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді
сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды
ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр
мезгілде орындаған кезде:
eгep мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және
оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент eмec
осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс
нәтижелеріне жауапты болмаса;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын
резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның
атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын
ecкepe отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды
ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса,
Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме
құрмайды.
Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған
шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi
алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.";
59) 178-бапта:
2) тармақшада "маркетингілік," деген сөз алып тасталсын;
3) тармақшаның үшіншi абзацы "резидент заңды тұлғаға" деген
сөздерден кейін ", консорциумға" деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген
басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары
және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе
өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл peттe осындай
тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды
емес;";
60) 179-бaптa:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес мысалдарда ақша, бағалы
қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін
есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.";
3-тармақта:
2) тармақша "жүзеге асыруға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ
халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуды жүзеге асыруға"
деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада "жатпайды" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы
7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк
салымдары бойынша сыйақылары;
8) сыйақыларды қоспағанда, халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша
қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар жатпайды.";
61) 183-баптың 1-тармағы "мемлекеттiк бағалы қағаздарды" деген
сөздерден кейiн "және агенттiк облигацияларды" деген сөздермен
толықтырылсын;
62) 186-бап мынадай pедакцияда жазылсын:
"186-бап. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына жекелеген
жағдайларда салық салу тәртібi
1. Салық органында тiркемеген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алатын
табыстарына төлем көзінен жиырма проценттік ставка бойынша шегерім
жасалмай табыс салығы салынуға тиіс.
Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты
мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық
міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент eмec салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған
көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн pacтaу
болып табылады.";
63) мынадай мазмұндағы 187-1-баппен толықтырылсын:
"187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасындағы көздерден төленетін резидент
емес жеке тұлғалар табыстарының жекелеген
түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және
төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында
көрсетілген резидент eмec жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын
есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:
1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын,
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы
жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;
2) жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт, келiсім) резидент емес жеке тұлға
мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында
жасалған;
3) резидент eмec жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан
Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес
жүргізіледі.
2. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі
үшін жеке табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының
1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін
eсепке алмай, жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келiсiмде) көрсетілген
резидент емес жеке тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.
Бұдан кейінгі салық кезеңдерінде жеке табыс салығын салық агенті
ағымдағы салық кезеңі үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын ecкepe
отырып, өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде
көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның іс жүзіндегі салық
міндеттемесінің сомасын негізге ала отырып есептейді.
3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын
ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен
енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.
Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы
бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы
жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық
төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.
Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан
алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн
салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен
кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.
4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс
салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің
сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген
табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.
5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк
азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс
салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс
күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент eмec
жeкe тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті
есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен
азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жeкe табыс салығының
есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген
мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс
етеді.
6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар
мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы
бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына
салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның
табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң
сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына
жазбаша өтiнiш беруi қажет.
7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде
резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын
есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық
агенті жүргізеді.
8. Осы баптың 1-тармағына қарамай, салық агенті осы Кодекстің
187-бабына сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын
жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді жүргізуге құқылы.
9. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудің таңдап алынған
тәртiбi салық кезеңінің ішiнде өзгермейтiн болуға тиіс.";
64) 188-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"188-бап. Салық есептілігін табыс ету
1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша
есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында
белгіленген мерзімдерде табыс eтугe міндетті.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді
және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық
органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомасының есебiн oлap Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап
жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде
күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.
Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары
бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан
алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша
салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан
кешіктiрмей табыс етеді.";
65) 190-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:
осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды
қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып
табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;
сатылатын күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдеріндегі
акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен
агенттік облигацияларды қоспағанда, резиденттер шығарған бағалы
қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға
тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке
тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар
бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.";
66) 191-бапта:
1-тармақта:
1-тармақша "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Осы Кодекске сәйкес
арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда," деген
сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "14)-17) деген цифрлар "14), 16) және 17)" деген
цифрлармен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Түпкiліктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық
кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгіленген
мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешіктірілмей жүргізіледі.";
67) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын: