267. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнiң) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгiзу арқылы жүргiзiледi.
268. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
30-тарау. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
борышты есепке алу
269. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес борышты (бұдан әрi - борыш) есепке алу борышты басқару мақсатында жүргiзiледi.
270. Борышты есепке алу Қаржы министрлiгi анықтаған, ол белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
271. Қаржы министрлiгінде тiркелген заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарына сәйкес борыш сомасы, борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу мөлшерiн есепке алу жүргiзiледi.
272. Мемлекеттiк борыштың бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарына сәйкес келетiн борыш көлемiнің өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен мыналардың негiзiнде жүргiзiледi:
қарыз ақша шотынан алынған қаражатты растайтын шетел несие берушiсiнің көшiрмесi. Мұндай көшiрме есептік деректерде мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын арттыру үшiн негiздеме болып табылады;
iшкi несие берушiнің төлем құжатын. Мұндай құжат есептiк деректерде мемлекеттiк iшкi борыштың негiзгi сомасын арттыру үшін негiздеме болып табылады;
мемлекеттiк сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету мақсатында ашылған Қаржы министрлігінiң валюталық шотынан ҚҰБ көшiрмесi. Бұл орайда, есептiк деректердегi мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын азайту және ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеудi есепке алу ол бойынша мемлекеттiк сыртқы борыштың негiзгi сомасын өтеу және қызмет көрсету есебiне тиiстi төлемдер туралы шетел несие берушiсiнің хабарламасы негiзінде жүргiзiледi;
iшкi борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеу жөнiндегi төлем құжаты. Мұндай құжат есептi деректерде мемлекеттiк iшкi борыштың негiзгi сомасын азайтуға және ол бойынша сыйақыны төлеудi есепке алуға негіз болып табылады.
273. Есепке алу заем валютасында жүргiзiледi. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыштың жағдайы туралы есептiлiк нысаны белгiлi бiр күнге ҚҰБ-нiң ресми бағамы бойынша АҚШ доллары және/немесе ұлттық валютада берiледi.
31-тарау. Бюджеттен кредит берудi тiркеу
274. Бюджеттен кредит берудi есепке алу шартқа сәйкес оның негiзгi сомасының бюджеттiк қаражатын өтеу мен ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеуге Қаржы министрлiгi мен республикалық бюджеттен қаражат алушы арасындағы, жергiлiктi уәкiлеттi орган мен шартқа сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттік қаражаттарды алушы арасындағы шарт жағдайының сақталуын бақылау мақсатында жүргiзiледi.
275. Бюджеттен алынған кредит сомасын есепке алу, бюджетке өтеу және сыйақыларды (мүдделердi) төлеу Қаржы министрлiгiнде тiркелген Шарт жағдайларына және белгiленген тәртiпте Қаржы министрлiгiмен анықталатын мемлекеттiк және мемлекет қарызымен кепілденген бухгалтерлiк есепке алу есептерiнің жоспарымен жүргiзiледi.
276. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiк есебiнiң шоттары жоспарының тиiстi шоттарында кредиттер көлемiнiң өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiп:
тиiстi бюджеттен кредит бөлу жөнiндегi төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi органның төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте осындай құжат есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң артуы үшiн негiз болып табылады;
бюджет қайтарымдық негiзде бюджеттiк қаражатты алушының төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң азаюы және тиiстi кредит беру бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеудi есепке алу үшiн негiз болып табылады.
32-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң активi бойынша
операцияларды есепке алу
277. Активтер - құндық бағасы бар мемлекеттiк мекеменің мүлiктерi. Мемлекеттiк мекемелердiң активтерi мемлекеттiк басқарудың қызметтерiн және мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға пайдаланылады.
278. Қаржы министрлiгi:
мемлекеттiк мекемелер активтерiнің бiрыңғай жiктелiмiн әзiрлейдi және бекiтедi;
өзi бойынша тозу есептемейтiн активтердiң тiзбесiн және активтердi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
Қазынашылықтың аумақтық органдары:
мемлекеттiк мекемелер активтерiне жүйелi түгендеу нөмiрiн бередi;
мемлекеттiк мекемелер активтерiнiң болжамын және олардың тозуын есептеуді жүзеге асырады. Тозу активтер санаты бойынша олар есептi жылдың қандай айында сатып алынғанына немесе белгiленген нормаларға сәйкес пайдаланылуға берiлгенiне қарамастан толық күнтiзбелiк жылға анықталады. Активтер құнының 100 процентiнен артығына тозуды есептеу жүргiзiлмейдi;
тозудың белгiленген нормасына 100 проценттiк қатынас ретiнде мемлекеттiк мекемелер активтерiнің қызмет мерзiмiн (пайдалы) анықтайды. Құнның 100 проценттiк мөлшерiнде тозуды есептеу немесе оларды одан әрi пайдалану мүмкін болған жағдайда активтің қызмет мерзiмiнiң (пайдалы) асып түсуi есептен шығаруға негiз болып саналмайды;
мемлекеттiк мекемелер активтердiң бар-жоғын және оның қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады.
279. Мемлекеттiк мекемелер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен нысандар бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына:
мемлекеттік мекемелердің автивтері бойынша ақпаратты;
заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк мекемелерге өтеусiз негiзде берілген активтердi қоса алғанда олардың мемлекеттiк мекемелер алғаннан кейiн 10 күн iшiнде мемлекеттiк мекемелерге түскен активтер туралы ақпаратты;
есептен кейiнгi келесi айдың 5-i күнi мемлекеттiк мекемелердің активтерi туралы ақпаратты беруге міндеттi.
280. Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына берiлген активтер бойынша ақпараттың дұрыстығына және оның мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлік есебінің деректерiне салыстырмалылығына мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауап бередi.
33-тарау. Құпиялық белгісi қойылған бюджеттiң атқарылуы
жөнiндегi операцияларды есепке алу
281. Өздерi үшiн қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк органдардың бюджеттің атқарылуы бойынша ақпарат бepy, операцияларды есепке алу және есептiлiк Қаржы министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
8-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер үшін есептілік (мерзiмдiк және
жылдық) нысандарын жүргізудiң рәсiмi
282. Бюджеттiң атқарылуы бойынша есептілік нысандарының тiзбесiн, олардың нысандарын, мерзiмділігін, оларды қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
283. Қазынашылықтың аумақтық органдары заңдарда белгiленген тәртiппен есептiк нысандарды күн сайын, ай сайын және тоқсан сайын қалыптастырады.
284. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы есептiлiктi ұсынады.
285. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары жергiлiктi уәкiлеттi органдар және мемлекеттiк мекемелер үшiн күн сайын мынадай:
тиiстi жергілiктi уәкілеттi орган үшін бюджеттiк ақшаларды басқару және КСН есебiнен төлемдердi iске асыру жөнiндегi шешiмдер қабылдау үшiн 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттiң әрбiр түрi бойынша алдыңғы банк күнiндегi КСН-дағы қалдықтар туралы;
күн сайын ақшаларды басқару және төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi олардың шешiмдер қабылдауы үшiн 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелердің KCH-дағы қалдықтар туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
286. Қаржы министрлiгi мен оның аумақты органдары салық және жергiлiктi yәкілетті органдар үшiн күн сайын мынадай:
22-қосымшаға сәйкес 2-08-нысаны бойынша шикiзат секторының ұйымдарынан алынатын түсiмдер туралы;
23 және 24-қосымшаларға сәйкес 2-15 және 2-16 нысандары бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кірiстер жіктелiмiнің кодасы бойынша бюджетке түскен түсiмдер туралы;
25-қосымшаға сәйкес 2-19 нысаны бойынша республикалық облыстық, Астана және Алматы қалалары және аудандық (қалалық) бюджеттердiң арасындағы бюджетке түсетiн түсiмдердi бөлу туралы;
26-қосымшаға сәйкес 2-30 нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кiрiстер жiктелiмі кодтарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
27-қосымшаға сәйкес 2-31 нысаны бойынша салық органдарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
28-қосымшаға сәйкес 2-29 нысаны бойынша салық төлеушiлерге бюджеттен түсiмдердi қайтару туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
287. Қазынашылық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер үшiн олардың сұрауы бойынша мынадай:
29-қосымшаға сәйкес 4-20-нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің берген рұқсаты бойынша мемлекеттiк мекемелердің өздерiнің бухгалтерлiк есебiн жүргiзу үшiн мiндеттемелерi, олардың қабылдаған мiндеттемелерi, төленбеген мiндеттемелерi орындалуы, шығыстарды қалпына келтірудi ескере отырып кассалық шығыстары туралы;
30-қосымшаға сәйкес 5-25 нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң шығыстарын талдау туралы;
31-қосымшаға сәйкес 4-12 нысаны бойынша мемлекеттiк мекеменiң орындалмаған мiндеттемелерi туралы;
32-қосымшаға сәйкес 5-26 нысаны бойынша төлеуге қойылған шоттар туралы;
33-қосымшаға сәйкес 6-11 нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мен олардың бағынысты мемлекеттік мекемелерiнiң сұрауы бойынша активтер туралы есептiлiк нысандарын қалыптастырады.
288. Жоғарыда санамаланған есептiлiк нысандары бюджет ақшалары тиiмді басқару үшiн, мемлекеттiк мекемелердің қаржыландырылуын егжей-тегжейлi жоспарларын орындау жөнінде бухгалтерлiк есептi жүргiзу және олардың активтерiн есепке алу үшiн пайдаланылады.
289. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға есептер ұсынады.
9-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуын бақылау
290. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдарының және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылау жүргiзуi нәтижесiнде мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттен бөлiнген қаражаттарды бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) мақсаттарына сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануының анықталған фактiлерi бойынша мынадай құжаттар толтырылады:
34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада тексеру актiсi;
нұсқама - төрт данада мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғаларының мiндеттi түрде орындауы үшiн жiберiлетiн 9-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат (бұдан әрi - нұсқама).
Тексеру актiсi мен нұсқаманың бiрiншi данасы бақылауды iске асыратын мемлекеттiк органда қалады, тексеру актiсi мен нұсқаманың екіншi данасы бақылау объектiсінде қалады, нұсқаманың үшiншi және төртінші даналары тиiсiнше бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi беретiн рұқсатнамалар шегінде бюджеттiк қаражатты қайтарып алу жөнінде міндеттемелер қабылдауға арналған өтiнiмдi қалыптастыратын мемлекеттiк мекемеге жiберiледi.
Республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қаржы министрлiгi, жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жергілікті уәкілеттi органдар болып табылады.
Нұсқамада көрсетiлген мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражат сомасы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қайтарып алуын жүзеге асыру үшiн міндеттi болып табылады.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген кредиттердi мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда заемшы мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражаттың сомасын қайтарады және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың 25% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттiң сомасына, сол сияқты бюджетке қайтарылуға жататын және заемшының осы Ережелерге сәйкес кредит шартында белгiленген игерiлу мерзiмiнен кейiн пайдаланылған сомаларда жатады.
291. Бюджеттiк кредиттердi игеруге, мақсатты пайдалануға, уақтылы және толық өтеуге бақылау жасауды:
Қаржы министрлiгi - тиiстi бюджеттерден берiлген барлық кредиттер бойынша;
жергiлiктi атқарушы орган - жергiлiктi бюджеттерден берiлген кредиттер бойынша;
банк-заемшылар - түпкi заемшыға байланысты жағдайда барлық бюджеттiк кредиттер бойынша жүзеге асырады.
292. Бюджеттiк кредиттердiң тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
293. Кредит берушi бақылау мақсатында бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерінен және банк-заемшылардан бюджеттік кредиттерге байланысты қажеттi ақпаратты талап етуге құқықты.
10-бөлiм. Қаржы жылын аяқтау жөнiндегі және есептiк кезеңде
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi рәсiмдер
294. Қаржы министрлiгi, жергiлiктi уәкiлеттi орган және мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн және есептiк кезеңде осы Ереже мен Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi барлық операцияларды жүзеге асырады.
295. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган есептi қаржы жылынан кейiнгi бiріншi банктiк күнi есептiк кезеңде операциялар жүргiзу үшiн тиiстi инвестициялық жобалар бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары қалдығының (бұдан әрi - жоспардың қалдығы) сомасын айқындайды.
Жаңа қаржы жылының бiрiншi қаңтарындағы ҚБШ қалдығы есептiк кезеңде шығыстарға бағытталатын сомалар шегiнде есептік кезеңнiң шотына аударылады.
296. Жаңа қаржы жылының 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмiнде Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша мiндеттемелер, тиiстi инвестициялық жобалар жөніндегi қаржыландырудың жиынтық жоспарының қалдықтары сомасына жоспар қалдықтарының шегiнде және Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен тиiстi ҚБШ рұқсат бередi.
297. Қазынашылықтың аумақтық органы:
Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарында тiркелген және орындалмаған мемлекеттiк мекемелердің бюджеттiк бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша мiндеттемелердi осы Ережеде белгiленген тәртiппен есептi қаржы жылының iшiнде қайта тiркейдi;
тиiстi бюджеттiк бағдарламалар (кішi бағдарламалар) бойынша мiндеттемелер бойынша мемлекеттiк мекемелердің мiндеттемелерi жөнiндегi қаржыландыру жоспарлары сомасының қалдықтары шегiнде және берiлген рұқсаттар шегiнде есептiк кезеңде туындайтын мемлекеттiк мекемелер міндеттемелерінің сомасын тiркейдi;
мiндеттемелердi тiркеудi жүзеге асырады және осы Ереженің 5-бөлiмiнiң 10, 11-тарауларына сәйкес төлемдер жүргiзедi.
298. Мемлекеттiк мекемелер:
Қаржы министрлiгiне және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша заң актiлерiне және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен шетелдiк мемлекеттердiң, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдiк фирмалардың арасындағы келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттарының көшiрмелерiн ұсынады;
төлем құжатында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттарынан ақша аудару үшін есептi кезеңнiң шоттарына сәйкес келетiн және Қаржы министрлiгi жеткiзген ИИК-тің деректемелерi көрсетiледi.
299. Есептi кезеңдегi операциялар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын қоспағанда барлық шоттар жабылуға жатады. Мемлекеттiк мекемелер шоттарының қалдықтарын дербес түрде Қаржы министрлiгi көшiредi және мемлекеттiк мекемелер мынадай тәртiппен:
ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен шоттардың қалдықтары ақылы қызметтердiң барлық түрi сақталған жағдайда өздерi жаңа қаржы жылы пайдаланады, ақылы қызметтердің тиiстi түрлерi жоқ болған жағдайда тиiстi бюджеттің кiрiсiне аударылады;
қаржы жылының аяғында демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттың қалдығы келесi қаржы жылында тағайындау бойынша;
жаңа қаржы жылында депозиттiк қаражаттың есебiнен қаражаттың қалдығы депозит шарттарына сәйкес пайдаланады.
300. Қаржы жылының аяқталуы бойынша операциялар ҚҰБ келiсiм бойынша Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
11-бөлiм. Бюджеттi атқарудың қосымша рәсімдерi
34-тарау. Бiрыңғай қазынашылық шот және басқа банктiк шоттар
301. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҰБ-да ұлттық валютада БҚШ және ҚҰБ белгiлеген тәртіпке сәйкес шетелдік валютада корреспонденттік шот (бұдан әрi - валюталық шот) ашады.
302. Мемлекеттiк мекемелер заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қаржы министрлiгiнің рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде мынадай шоттар ашуы мүмкін: инвестициялық жобаның арнайы шоты - үкiметтiк сыртқы заемның немесе гранттың қаражатынан аванстық төлем арқылы жаңарып отыратын заем туралы шартта (келiсiмде) айтылған заем туралы шартта (келiсiмде) келiсiлген, шетелдiк валютадағы банк шоты. Арнаулы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және заем мен грант туралы тиiстi шартта (келiсiмде) көзделген инвестициялық жобаға әкiмшiлiк жүргiзуге арналған шығыстардың үлесiн мемлекеттiк сыртқы заем немесе грант қаражаты есебiнен өтеу үшiн және белгiленген заңнамалық тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi ашады;
ұлттық валютада төлемдердi жүзеге асыру үшін инвестициялық жобаның арнаулы шотына қосымша ағымдағы шот (бұдан әрi - теңгелiк шот);
инвестициялық жобаның арнаулы шоты жүргiзетiннен бөлек шетелдiк валютада төлемдердi жүзеге асыру үшiн инвестициялық жобаның арнаулы шотына қосымша шот (бұдан әрi - валюталық шот).
23-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын жүргiзу тәртiбi
303. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттiк шоттары және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мынадай шоттары:
ақылы қызметтер бойынша шоттары;
демеушiлiк және қайырымдылық көмек бойынша шоттары;
депозиттiк қаражат бойынша шоттары;
Алматы қаласы мен оның аудандары әкімінiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоттары болады.
304. Мемлекеттiк мекемелердің шоттары Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспарына сәйкес жүргiзiледi, Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен ашылады және жабылады.
305. Мемлекеттiк мекемелер Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына:
бюджеттiк шоттарды ашу үшiн мынадай құжаттарды:
шотты ашуға өтiнiш;
қайтадан құрылған мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен куәландырылған көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен куәландырылған ереженiң (Жарғының) көшiрмесiн;
бюджеттiң орындалуы жөніндегi мемлекеттiк мекеменiң құжаттарына бiрiншi және екiншi қолдарды қою құқығы оның басшысына және уәкiлеттiк қызметкерге жүктелуi туралы бұйрықтың көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсінің мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру туралы уәкiлеттi органның шешiмi (өкiмi, қаулысы, бұйрығы) бекiтiлгеннен кейiн он жұмыс күнi өткен соң Қаржы министрлігінің аумақтық органына бередi;
ақылы қызметтер бойынша шоттарды ашу үшiн:
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен, мемлекеттік мекеменi ақылы қызметтi сатудан алған қаражаттың кiрiстер мен қаражаттың шығыстарды қаржыландыру жоспарын;
демеушiлiк және қайырымдылық көмек бойынша шот ашу үшін:
демеушiлiк және қайырымдылық көмектi берушiлердiң өтiнішін;
жергiлiктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме үшін жергiлiктi уәкілеттi органның рұқсаты;
Алматы қаласы мен оның аудандары әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шот ашу үшiн:
Алматы қаласының өкiлдi органы бекiткен Қор туралы ереженің көшiрмесiн табыс етедi.
306. Осы Ереженің 305-тармағында санамаланғаннан басқа қазынашылықтың аумақтық органдарына бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінің басшысы куәландырған, мөр бедерiмен анықталған немесе нотариалды куәландырылған төлем құжаттарына бiрiншi және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың қолдарының және 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжаты тапсырылады. Нотариалдық кеңселер жоқ елдi мекендерде құжатты жергiлiктi әкiм куәландырады.
Қазынашылықтың аумақтық органы белгiлеген кезең iшiнде жаңадан құрылған мемлекеттiк мекеменiң мөрi уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк мекемелердiң құжаттарын, егер олар бiр елдi мекенде орналасқан жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкімшiсiнің мөр бедерiмен қабылдауға, болмаған жағдайда құжаттарды мөр бедерiнсiз қабылдауға рұқсат етiледi.
Егер тiптi бiр қолдың ауыстырылған немесе қосылған немесе мөрдi ауыстырған жағдайда Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына осы Ережеде бекiтiлген тәртiппен куәландырылған қолдың және мөр бедерiнің үлгiлерi бар жаңа құжат тапсырылады.
Бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiреуiнің қолы уақытша ауыстырылған кезде әрекет ету мерзiмі көрсетіле отырып қолдардың тиiстi үлгiлерi бар уақытша құжат ресiмделедi.
Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылатын құжаттың дұрыстығы мен уақтылылығына мемлекеттік мекеменің бiрiншi басшысы жауап бередi.
307. Қаржы министрлiгi қазынашылықтың аумақтық органының ақпараты негiзінде мемлекеттiк мекеменің бюджеттік шоттарды ашу қажеттiлiгiн келiсу үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне сұрау салу жібередi.
308. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi екi күн iшiнде Қаржы министрлiгiне мемлекеттiк мекемелерге шоттар ашуға келiсiм беру не бас тарту туралы ақпаратты ұсынады.
309. Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспары бюджеттiк шоттары, ақылы қызметтер бойынша шоттары, демеушілiк және қайырымдылық көмек бойынша шоттары, депозиттiк қаражаттары бойынша шоттары, Алматы қаласы мен оның аудандары әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоттары үшiн осы Ереженiң 305-тармағында санамаланған құжаттар болған жағдайда, депозиттiк қаражаттың шоттары үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, ал жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жергiлiктi уәкілеттік органдардың рұқсаттары бойынша қалыптастырылады.
310. Мемлекеттiк мекемелер Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдарына берiлген құжаттардың жалғандығы үшiн жауап бередi және:
шоттар жоспарын қалыптастыру және жүргiзу, төлем құжаттарын ресімдеу, бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға пайдалану тәртiбiн сақтауға мiндеттi;
шот жоспарына сәйкес бекiтілген жоспарлық соманың кассалық шығыстардан асып түсуi нәтижесінде пайда болған қаражаттың қалдықтарына билiк етуге және Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдарынан шоттардың жоспарларына сәйкес көрсетілген операциялар бойынша қажеттi ақпаратты алуға құқығы бар.
311. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдарының:
мемлекеттiк мекемелерден Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына ұсынылатын құжаттарды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес ресiмдеудi талап етуге;
мемлекеттiк мекемелердің бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың паспортына сәйкес мақсаттарға пайдалануын тексеруге құқығы бар.
36-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға
(депозиттерге) орналастыру рәсiмi
312. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚҰБ-де салымдарға (депозиттерге) орналастыруды, оларды ұтымды пайдалану және Қаржы министрлiгi мен ҚҰБ арасында жасасқан банк салымының шарты (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде республикалық бюджетке табыс алу мақсатында Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
313. Шартта уақытша бос бюджет ақшасының сомасы, сыйақы ставкасы, мерзiмді банктік салымдарды бастапқы орналастыру мерзiмi, банктiк салымдарды қайтару мерзiмi, Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда сыйақы есептеумен банктiк салымды қайтару мерзiмi көрсетiледi.
Банктiк салымдарға орналастырылған ұлттық болсын, сондай-ақ шетелдiк валюта болсын уақытша бос бюджет ақшасының нақты сомасын Қаржы министрлiгi анықтайды.
Сыйақы ставкасы оны жасасу күнiне Шартпен анықталады және рыноктың конъюнктурасына және ҚҰБ ұсынысына сүйене отырып белгiленедi.
Сыйақы сомасы Шартта көзделген ставкаға сәйкес есептеледi.
Есептелген сыйақымен банктiк салымды қайтару мерзiмiн бұзған кезде ҚҰБ Шарттың ережелерiне сәйкес Қаржы министрлiгiне тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлейдi.
Мерзiмдiк банктiк салымдарды бастапқы орналастыру мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс және кейiннен ұзарту үш айдан аспайтын мерзiмге ғана жол берiледi.