Бұл орайда, несиенi өтеудің немесе кезектi төлемнiң мерзiмiн өзгерту, сондай-ақ сыйақылардың ставкасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекiткен бюджеттің кiрiс бөлiгiнің мөлшерiне ықпал етпеуi тиiс.
187. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құру туралы шешiмдi "Республикалық бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепiлдiгi бар, мемлекеттiк емес сыртқа заемдар шеңберiнде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттан берiлген несиелердi қайтару және қайта құру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына сәйкес құрылған Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдайды.
19-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды
тұлғалардың қаржылық, жағдайы және төлем қабiлетi
мониторингiнiң ресiмдерi
§ 1. Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың
қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi
188. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнің ақпараттық қамтамасыз етiлуiн және мониторингтi (бұдан әрi - мониторингі) жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.
189. Мониторинг - мемлекет кепілдік берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын анықтауға арналған іс-шараларын кешенi және Қаржы министрлiгi алған ақпараттардың жиынтығы.
190. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшысы, қызметтердiң, салалардың түрлерi, бәсекелестiк және рынок, нормативтiк құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептi, бизнес-жоспарды талдау) тұрады, сондай-ақ мониторингтi қамтамасыз ету жүйесі үшін ақпараттарды беру мақсатында мониторинг құрылуы тиiс.
191. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған барлық заңды тұлғалар мониторинг жасауға жатады.
192. Заемшының қаржылық коэффициентiн талдау басқа заңды тұлғалар бойынша ұқсас көрсеткiштердi және салалар бойынша жалпы деректердi салыстыру арқылы жүргiзiледi. Қаржылық коэффициенттер заңды тұлғалардың қаржылық көрсеткiштерiнiң ара қатынасын бiлдiредi. Әрбiр коэффициент үшiн оңтайлы мән осы заңды тұлғаның басқа қаржылық коэффициенттерiн ескере отырып, заемшыға жататын салаға тәуелдi айқындалады. Талдауды жүргiзу үшiн негiзгi көрсеткiштердің екi тобы:
табыстылық көрсеткiш;
капиталға айналатын көрсеткiш пайдаланылады.
193. Қаржылық коэффициенттер кәсiпорынның қаржылық жағдайының көрсеткiштерiне негiзделе отырып, тоқсан сайын есептеледi (кәсiпорын балансының баптары және табыстар мен залалдар туралы есеп).
194. Мониторингтi iске асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтiмдiлiк коэффициентi - қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң көлемiне ақшалай қаражаттың және қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектiң қатынасы;
жабу коэффициентi - қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге ағымдағы активтердiң қатынасы;
заемдық және меншік қаражатының қатынасы - меншiк капиталының көлемiне ағымдағы міндеттемелердiң қатынасы;
тарту коэффициентi - ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтердiң сомасына міндеттемелердің қатынасы;
табыс нормасы - сату көлеміне салық салғанға дейiнгi жиынтық кірiстің қатынасы;
меншiк капиталының рентабелдiлiк коэффициентi - меншiк капиталының көлемiне салық салғанға дейінгi жиынтық қатынасы;
несиелiк берешектің айналымдық коэффициентi - несиелiк берешекке сату көлемiнің қатынасы;
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң қалауы бойынша басқа коэффициенттер назарға алынады.
195. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi мониторингке жататын заңды тұлғалардың тiзiмдерiн анықтайды және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жiбередi.
196. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің шаруашылық қызметтерi туралы статистикалық есептi жасауды аяқтағаннан кейiн он күндiк мерзiм iшiнде, тiзiмде анықталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржылық жағдайының көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын ұсынады.
197. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi мемлекет кепілдік берген заемдар бойынша міндеттемелерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектілерден олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпараттарды сұрауға құқылы.
198. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi ұсынылған көрсеткiштердің негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен, басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ұқсас профилдi қызметтерiмен және осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің төлем қабiлеттерiне сараптама жүргiзедi.
199. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша заемшы ретінде әрекет ететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржылық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын ақпарат бередi.
200. Ықтимал төлем қабiлетi дәрменсiз заемшы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне хабарлайды және мемлекеттiк берген заемдар бойынша заемшының берешектерiн жабу үшiн республикалық бюджеттен қаражатты бөлудiң алдын алу бойынша заңдарда көзделген шараларды ұсынады.
§ 2. Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың төлем
қабiлетi мониторингiнің ресімдерi
201. Мына төмендегiлермен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, көрсетілген заңды тұлғалардың мемлекет берген кепiлдігі заемдарын тарту бойынша міндеттемелерiн атқару кезеңінде төлем қабілетi мониторингiн қамтамасыз ететiн, мемлекет берген кепiлдiгi бар заемдар алған және (немесе) үмiткер, жарғылық капиталына немесе акционерлiк қоғамға мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуы бар заңды тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар анықталады.
202. Осы параграфта пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдiредi:
жарғылық капиталында мемлекет берген кепілдiгi бар заемшы - мемлекет кепілдiк берген заемдар алған, бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, жарғылық капиталына немесе акционерлiк қоғамға мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуы бар заңды тұлғалар;
мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi - Қаржы министрлiгiнің келiсiмi бойынша жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттiк қатысуы бар заемшылардың шартты салымның арнаулы шотын, сондай-ақ резервтiк шотын құруы не белгiленген мерзімде олардан алынатын соманы мемлекеттiк емес заем бойынша заемшы төлемеген жағдайда оларға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнің не шетел банктерiнiң кепілдерiн беру;
шартты салымның арнаулы шоты (қызмет көрсету шоты) - банк-агентте ашылған және Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепiлдігiмен тартылған, мемлекеттiк емес заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi өтеудi қамтамасыз ету үшiн ғана арналған шартты салымның арнаулы шотындағы ақшаның бөлiгiн кезең-кезеңде төлеу арқылы жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуы бар заемшылардың мiндеттi жинақтауы;
резерв шоты (депозиттi шот) - заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес қызмет көрсету шотынан кезектi төлемдердi төлеу үшін банк-агент жарғылық, капиталында мемлекет берген кепiлдiгi бар заемшылар ашқан Қаржы министрлiгiнiң бақылауындағы шот. Резерв шотының жинақтаушы ақшасының сомасы есептелген проценттермен (сыйақылармен), сондай-ақ заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес өзге төлемдермен негiзгi борыштың күтiлетiн төлемдерiнен 110 (жүз он) процент мөлшерiнде белгiленедi. Резерв шотының ақшасын қалыптастырудың және пайдаланудың шарттарын Қаржы министрлiгi тағайындайды;
банк-агент - мемлекет берген кепілдіктен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға қызмет көрсететiн екіншi деңгейдегі банк. Жарғылық капиталға мемлекеттiң қатысуы бар заемшылар Қаржы министрлiгi мен ҚҰБ анықтайтын екiншi деңгейдегi банктердiң тiзбесiнен банк-агенттi таңдайды; банк-кепiл - белгiленген мерзiмде олардан алынатын соманы мемлекеттiк емес заем бойынша заемшы төлемеген жағдайда берешектердi өтеуге кепілдiк беретiн Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi не шетел банкi. ҚҰБ ұсынған тiзбеден Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi ішінен банк-кепiлдi анықтайды. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар, "Жоғары" деңгейден төмен емес, мерзiмнен тыс деген рейтингi бар шетел банктерiнiң iшiнен Қаржы министрлiгiнің келiсiмiмен заемшы банк-кепiлді анықтайды;
жыл сайынғы бизнес-жоспар - табыс көздерiн көрсете отырып заемдардың күтiлетiн төлемдерi бойынша нақтылы сандарды қамтитын, күтiлетiн қаржы жылына арналған заемшы әзiрлейтiн бизнес-жоспар.
203. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшыларға қойылатын қосымша талаптар Қаржы министрлiгiнiң жарғылық капиталда мемлекеттік қатысуы бар заемшылармен және мiндеттi түрде мыналарды қамтитын:
1) мемлекет берген кепiлдiгi бар заемдар алуға арналған үмiткер, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының мiндеттемесi заем бойынша өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақшаның кезеңдiк төлем сомаларының есебiнен жинақтауды жүргiзетiн;
жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар заемшының заңдарда белгiленген тәртiппен банктiк, оның iшiнде ҚҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi шоттар туралы мәлiметтердi Қаржы министрлiгiне және банк-агентке ұсыну міндеттемесiн;
жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар заемшының заемды толық өтегенге дейiнгi жыл сайынғы бизнес-жоспарын банк-агентке ұсыну мiндеттемесiн;
2) Қаржы министрлiгi мен банк-агенттiң резерв шотындағы (депозиттi шотындағы) шартты салымның арнаулы шоттың есебiн жүргiзу, сондай-ақ екi данада акт жасай отырып ұсынылған құжаттарды кезең-кезеңде салыстыруды жүргiзу мiндеттемесiн;
банк-агенттiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргiзу міндеттемесін;
3) ҚҰБ және екiншi деңгейдегi банктерде ашылған, мемлекеттiң қатысуы бар заемшының банктiк шоттары туралы мәлiметтердi кезең-кезеңде ұсыну;
шартты салымның арнаулы шотындағы ақшаны кезең-кезеңде жинақтау;
жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшының қаржылық есептiлiктiң үлгiлiк нысанын (бухгалтерлiк баланс, қаржы-шаруашылық қызметтердiң нәтижелерi туралы есеп) банк-агентке ай сайын ұсыну мiндеттемесiн;
банк-агенттiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының қаржылық жағдайына талдау жүргiзу және талдау қорытындылары бойынша Қаржы министрлiгiне ақпаратты ұсыну мiндеттемесiн;
4) Iшкi несиелiк келiсiмдегi тиiстi мiндеттемелердi енгiзу арқылы Қаржы министрлiгiнің келiсiмiмен мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы күтілетін төлемдердi қамтамасыз етудiң кез-келген мынадай жүйесін:
1) резерв шотын (депозиттi шотты);
2) несие берушiлерге кезектi төлемдердi өтеуге кепiлдiк беретiн банк-кепiл ұсынған кепiлдi таңдауға құқығы бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдiктердi ұсыну шарттары туралы банк-агентпен келiсiм жасасуды қосатын мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi қамтамасыз ету жүйесiн қамтиды.
Егер, резерв шотын (депозиттi шотын) пайдалануды қамтамасыз ету жүйесi анықталған жағдайда жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшы шартты салымның арнаулы шотынан кезектi төлемдi жүргiзудің сақтандыру резервiн (резерв шотын) қамтамасыз ететiн алдын ала жинақтау қаражатын жүргiзудің сөзсiз мiндеттемесiн қабылдайды және мемлекет берген кепiлдiкпен берілген мемлекеттiк емес заем бойынша мемлекет берген кепілдікті толық кепiлдікпен қамтамасыз етудi, сондай-ақ кезектi төлемнің сомасына екiншi деңгейдегi банктiң ұсынатын алдын ала кепiлдiктi ұсынады. Банк-кепілдiң кепiлдікті ұсыну мерзімі мен шарттарын мемлекет берген кепілдiкпен берiлген мемлекеттiк емес заемды ұсынудың шарттарына тәуелдi Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Банк-агент пен банк-кепілдің жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшымен Қаржы министрлiгi арасындағы жасасқан шартта екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерiн ұсынуды қамтамасыз ету жүйесi анықталған жағдайда шартты салымның арнаулы шотында қаражат жоқ болған жағдайда мемлекет берген кепілдiкпен берілген мемлекеттік емес заем бойынша жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшының күтілетін мiндеттемелерiнiң атқарылуын қамтамасыз ететiн банк-кепiлдiң сөзсiз және кезек күттiрмейтiн мiндеттемесi бар болуы тиiс.
Банк-кепiл банк активтерi сыныптамаларының тәртiбi мен шартты мiндеттемелерiн және олар бойынша провизиялардың есептерiн-реттейтiн ҚҰБ нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн кепілдiктердiң провизияларын қалыптастыруы тиiс.
Олар Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес заемды толық өтегеннен кейiн резерв шотының ақшасы мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшыға қайтарылады.
Шартты салымның арнаулы шоты және резерв шотына ақшаны аударудың нормасы мен кезең-кезеңдiгiн (кестесiн) мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшымен бiрлесе отырып Қаржы министрлiгi және банк-агент анықтайды.
Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi төлегеннен кейiн Iшкi несиелiк келiсiмнiң сомасына сәйкес тиiстi соманы тұрақты аудару арқылы ақшаны шартты салымның арнаулы шотына және резерв шотына аударады.
Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес заемның мерзiмi өткен төлемдерiн өтеу үшiн резерв шотынан ақшаны толық немесе бiр бөлiгiн пайдаланған жағдайда резерв шотын толықтыру резерв шотынан ақша алынған 3 (үш) айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс.
204. Мемлекет берген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң атқарылуы үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiнген жағдайда Iшкi несиелiк келiсiмге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару туралы қосымша келiсiм (бұдан әрi - Қосымша келiсiм) жасалады.
205. Қосымша келiсiмде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзiмi, тәртiбi анықталады (нақтыланады).
206. Мемлекеттің қатысуы бар заемшы Қосымша келiсiм бойынша міндеттемелерiн орындаған жағдайда төлемнiң мынадай:
1) айыппұлдар менi өсiмдердi есептеу;
2) сыйақыларды есептеу;
3) негізгі борышты өтеу кезектiлiгi белгiленедi.
207. Тараптардың қалауы бойынша Қосымша келiсiмде жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының сыйақылар мен айыппұлдарды есептей отырып республикалық бюджеттен бөлiнген ақшаны мерзiмнен тыс қайтару құқығы көзделуi мүмкін.
Iшкi несиелiк келiсiмнiң және Қосымша келiсiмнің шарттарын жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы бұзған жағдайда Қаржы министрлiгi олардан сыйақылар мен айыппұлдарды есептей отырып республикалық бюджеттен бөлiнген ақшаны мерзiмнен тыс қайтаруды талап eтyгe құқығы бар.
208. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы негiзгi борышты және/немесе Қосымша келiсiмде белгiленген сыйақыларды мерзіміне төленбеген жағдайда пайда болған берешектерге айыппұл проценттер мерзімінде.
209. Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат бойынша берешек пайда болған жағдайда және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшы Қосымша келiсiмнің шарттарында белгiленген мерзiм ішінде өтемеген жағдайда Қаржы министрлiгi немесе банк-агентке өкілдік берген жағдайда берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай:
1) берешектердi қайта құру;
2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарт негiзiнде салынған мүліктi сату;
3) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшыны және/немесе банк-кепiлдi банкрот деп сот хабарлағанға дейін сот тәртiбiмен өндiріп алу шараларын қолдануы мүмкін.
210. Мемлекет берген кепілдiк бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы және/немесе банк-кепiл негiзгi соманы республикалық бюджетке және айыппұлдарды қоса алғанда сыйақыларды және басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлесе республикалық бюджеттен бөлінген қаражат қайтарылған болып есептеледi.
211. Жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының мемлекеттің қатысуы бар заемшыға беру кезiнде туындаған даулар мен пікірқайшылықтары мүмкіндігінше келiссөз арқылы шешедi немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiмiн табады.
6-бөлiм. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және
жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзудің ресімдерi және бюджеттi нақтылау
20-тарау. Бюджеттік бағдарламаның iске асырылуын бағалау
212. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген құжат;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы есеп негiзiнде жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламаның iске асырылуын бағалау құжатта көрсетiлген деректермен бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы есептiк деректерiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
213. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердің ұсынған, бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы есеп негiзінде бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу мониторингiн және бағалауды тұрақты жүргiзедi.
214. Қаржы министрлiгi:
тоқсан сайын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуының нәтижелерi туралы ақпаратты және құжаттарды нақтылау және бюджеттiк бағдарламаны одан әрi iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынады.
215. Жергiлiктi уәкiлеттi орган:
тоқсан сайын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттік бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуының нәтижелерi туралы ақпаратты және құжаттарды нақтылау және бюджеттiк бағдарламаны одан әрi iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды жергiлiкті бюджеттiк комиссияға ұсынады.
21-тарау. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
216. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiлiгi ағымдағы қаржы жылының iшiнде қабылданатын:
Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Yкiметтің және жергілiктi атқарушы органдардың актілерi;
жергiлікті өкілеттi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актілерi;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық индикативтiк жоспары көрсеткiштерiнің, аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының дамуының және ағымдағы жылдың бюджетi негiзiнде жасалған, ағымдағы жылға арнап Yкiмет және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық және Жергiлікті бюджеттердің болжамдық көрсеткiштерiнiң өзгеруi;
бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылау жөнiндегi және бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiндегi республикалық және жергiлiктi бюджеттiк комиссиялардың ұсыныстары;
соттардың шешiмiне, үкiмiне, анықтауына және қаулысына сәйкес берiлген ақшаны өндiріп алу туралы атқарушы парақтарды немесе соттардың бұйрықтарын;
және нәтижесiнде;
ағымдағы қаржы жылында бюджетке түсетiн бекiтiлген соманың күтілетiн жылдық көлемдегi бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң сәйкессiздiгi;
бюджеттiк бағдарлама бойынша iс-шаралар жоспарының өзгеруi;
бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды бағалауды жүргiзу;
бюджетке ай сайын түсетiн түсiмдерге ықпал ететiн факторлардың өзгеруi негiзінде туындайды.
217. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзудiң тәртiбi мемлекеттiк мекемелердің 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелердiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге арналған тапсырысты (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмiн) қалыптастырудан басталады, одан кейiн оның негiзiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсi 17-қосымшаға сәйкес Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге арналған тапсырысты (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi) қалыптастырудан басталады.
218. Мемлекеттiк мекемелердiң тапсырысын 16-қосымшаға сәйкес міндеттемелер немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының бекiтiлген шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерінің сомасы шегiнде қалыптастырылады.
Мемлекеттiк мекемелердiң тапсырысын қалыптастыру кезінде мынадай нормаларды сақтау керек:
Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасына өзгерiстер енгiзуге, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына
өзгерiстер енгiзуге сәйкес мемлекеттiк мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлген жағдайды қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау;
қабылданған, бiрақ орындалмаған міндеттемелердің есебi;
инкассалық өкімдердің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттiк ақшаны қайтаруға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерi бойынша жоспарлы сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттiң тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк мекемелердің өтiнiмiне басшы қол қояды және енгiзілген өзгерiстердің тиiстi есептемелермен қоса тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiне берiледi.
219. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердің өтiнiмiне сай және шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiктерi бойынша бекiтiлген сома шегінде 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қалыптастырады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің өтiнiмiн қалыптастыру кезінде:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшiсінiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының сомаларына өзгерiстер енгiзуге Қазақстан Республикасының заң актілерiне және Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына өзгерiстер енгiзуге сәйкес мемлекеттiк мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлген жағдайды қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау;
қабылданған, бiрақ орындалмаған міндеттемелердің есебi;
инкассалық өкімдepдің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттiк ақшаны қайтарып алуға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған міндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттің тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегінде жүзеге асырылуы мүмкiн;