Шартты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда сыйақы есептеу арқылы банктiк салымды қайтару мерзiмi талаптар түскен күндi қоса алғанда бес банктiк күннен аспауға тиiс.
314. Шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн ҚҰБ банктiк салымның сомасын Шарттағы келiсiлген деректеме бойынша Қаржы министрлiгiне қайтарады, ал сыйақыны Шартқа сәйкес Шарттағы келiсiлген деректеме бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚҰБ-да ашылған Қаржы министрлiгiнiң шоттарында дебеттiк қалдыққа жол бермеу мақсатында Шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бiржақты тәртiппен бұзылуы, және де банктiк салым Қаржы министрлiгiнiң тиiстi шоттарына қайтарылуы мүмкін.
12-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақша есептеу
және оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер
37-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына ақша есептеу ережесi
315. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығымен белгiленген түсімдердің есебiнен қалыптастырылады.
316. Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
күн сайын шикiзат секторы ұйымдарынан түскен жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетiнде ашылған Қордың арнайы шотына, содан кейiн Қордың арнайы шотынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шотына;
қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ресми транферттердi аударады.
Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердi тұтас алғанда республикалық бюджет бойынша және жеке жергiлiктi бюджеттер бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн iс жүзiндегi түсiмдердің бұрын Қорға аударылған және Қордан алынатын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу сомасын ескере отырып, кiрiстердің сыныптамасы кодтары бойынша қаржы жылының басынан үдемелi түрдегi қорытындымен бюджетке түсетiн түсiмдердің бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асып түсетiн артық сома ретiнде Қаржы министрлiгi анықтайды.
317. Қазақстан Республикасының Үкiметi шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердің тоқсандық көлемдерін бекiткенге дейiн шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық соманың шегiнде жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi 15 желтоқсанға дейiнгi мерзімде кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, шикізат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы" Жарлығында белгiленген соманың шегiнде жүзеге асырылады.
318. ҚҰБ инвестициялық кiрiстердi есепке алуды кастодиандардан алынатын ақпараттың негiзiнде жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге түсiмдер мен кiрiстердi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ҚҰБ шотына заңды және жеке тұлғалар аударады.
319. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің ҚҰБ шотының деректемелерi заңды және жеке тұлғаларға - резиденттер мен резидент еместерге, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне хабарланады. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi Қазақстан Республикасы Үкiметi шотының деректемелерiн Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде сұратады.
38-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын пайдалану тәртiбi
320. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес пайдаланылады.
321. Қаржы министрлiгi өткен тоқсандарда алынған республикалық және жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомасын ескере отырып есептi тоқсанның қорытындысы бойынша он жұмыс күнi iшінде шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке күтiлетiн түсiмдердің болжамын ескере отырып, төртiншi тоқсан үшiн де ағымдағы жылдың жиырма бiрiншi тоқсанынан кешiктірмей 36 және 37 қосымшаларға сәйкес 2-35-нысан бойынша тұтастай алғанда республикалық бюджеттің және жеке жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу көлемдерін анықтайды.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бұрын алынған республикалық және жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомаларын ескеpe отырып, кiрiстердiң сыныптамасы кодтарының бөлiнiсiнде тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша жеке жергілікті бюджеттер бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін бекітілген және іс жүзіндегі сомалардың арасындағы айырмашылық түрiнде есептеледi.
Қордан республикалық және жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн мақсатты трансферттер түрiндегi Қордың шығысы тиiстi бюджеттерде бекiтiлген көлемдердiң шегiнде жүзеге асырылады. Қаржы министрлiгi ҚҰБ мыналарды:
38-қосымшаға сәйкес 2-37-нысан бойынша тиiстi бюджеттердің шығындарын өтеудi жабуға арналған хабарламаны;
төлем құжаттарының көлемдерi мен деректемелерін көрсете отырып 2-37-нысан бойынша Қордан тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттер бөлу туралы хабарламаны жiбередi, олар бойынша ҚҰБ тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттердi аударуды жүзеге асырады.
Хабарламаны Қаржы министрлiгiнiң бiрiншi басшысы растайды және оның мөрiмен куәландырылады. Қаржы министрлiгiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда хабарламаны бiрiншi басшының міндеттердi жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлға растайды.
322. Ағымдағы жыл үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы түпкi есеп айырысуларды Қаржы министрлiгi 39-қосымшаға сәйкес 2-32-нысан бойынша ағымдағы жылғы соңғы жұмыс күнiнде жүргiзедi.
323. ҚҰБ Қаржы министрлiгiнiң тиiстi бюджеттердiң шығындарын өтеудi жабуға арналған және мақсатты трансферттердi бөлу туралы хабарламаларының негiзiнде ҚҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалған сенiмдi басқару туралы шартқа (бұдан әрi - сенiмдi басқару туралы шарт) хабарламаны алған сәтiнен бастап он банктiк күн iшінде, ал төртiншi тоқсан үшiн - хабарламаны алған күнi қаражатты тиiстi бюджеттерге аударуды жүзеге асырады.
324. Шикiзат секторы ұйымдарына дұрыс емес немесе артық түскен сомаларды қайтару Қазақстан Республикасы белгiлеген тәртiппен Қордан кейiннен өтей отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүргiзiледi.
325. Қорды пайдалану жөнiндегi өзге операцияларды жүзеге асыру үшiн ҚҰБ Қаржы министрлiгiне келiсуге мынадай құжаттарды:
сыртқы басқарушыға комиссиялық сыйақының сомасы бар төлем құжатын;
кастодиандардың төленген қызметтерiнiң сомасы бар төлем құжатын;
қажет болған кезде заң кеңесшiсiнiң төленген қызметтерiн қоса алғанда, Қорды сенiмдi басқару кезiнде туындауы мүмкiн басқа шығыстардың сомасы бар төлем құжатын;
сыртқы басқарушылармен басқару жөнiндегi келiсiмдердi мерзiмiнен бұрын бұзу кезiнде пайда болуы мүмкiн шығындардың сомасы бар төлем құжатын;
көрсетiлген сомаға негiзделетiн есептеудi қоса бере отырып, ҚҰБ комиссиялық сыйақысының сомасы бар хабарламаны;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында және сенiмдi басқару туралы шартта көзделген өзге өкілеттiктерге сәйкес Қордың өзге шығыстарының сомасы бар төлем құжатын жiбередi.
326. Қаржы министрлiгi сенiмдi басқару туралы шартта белгiленген мерзiмде ҚҰБ 40-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
327. ҚҰБ Қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде және сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Үкiметтiң ҚҰБ шотынан осы Ереженің 325-тармағында санамаланған шығыстарды өтеу үшiн соманы есептен шығарады.
39-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты
бойынша операцияларды есепке алу
328. ҚҰБ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің ҚҰБ шоты бойынша операцияларды iшкi бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi.
329. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты бойынша Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi операцияларды есепке алуды жүргiзедi.
330. ҚҰБ нақты уақыт режимiнде Қорға ақша есептеу және Қордан пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асырғаннан кейiн Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты арқылы операциялардың жүргiзiлуін растайтын төлем құжаттарын жiбередi.
331. Қаржы министрлiгi ҚҰБ алынған төлем құжаттарының негiзiнде Қордың ақшасын есептеу және оны пайдалану жөнiндегi операциялардың бухгалтерлiк есепке алуды Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
332. Қаржы министрлiгi және ҚҰБ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты бойынша салыстыруды жүзеге асырады.
40-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы есептiлiктi жүргiзу рәсiмi
333. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы есептi есептiден кейiнге тоқсанның 1-i күнiне тоқсан сайын және бiр жылға Қазынашылық комитетi жасайды.
334. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚҰБ бiрлесiп есептiден кейiнгi жылдың 15 ақпанына дейін жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қорды сенiмдi басқару нәтижелерi туралы жылдық есептi және ҚҰБ Басқармасы бекiткен және Қорды сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылатын Қорды сенiмдi басқару нәтижелерi туралы жылдық есептi қамтитын Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi ҚҰБ қызметi туралы жылдық есептi;
3) Қорды басқару жөнiндегi өзге деректердi қамтиды.
Есептіден кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚҰБ бiрлесiп сыртқы аудит жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi кеңеске (бұдан әрi - Кеңес) мақұлдауға бередi.
Есептіден кейiнгi жылдың 1 сәуiріне дейiнгi мерзімде Қазақстан Республикасының Үкiметi Кеңес мақұлдаған жылдық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге енгiзедi.
13-бөлiм. Ақылы қызметтi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң
депозиттік қаражатын қалыптастыру және пайдалану
41-Тарау. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражат
335. Мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетін ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртіппен ақылы қызметтерден түсетiн қаражатты пайдалану рұқсат етілетін мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда анықталады. Қалған мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi сатудан түсетiн түсiмдерiн бюджетке есептейді.
336. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптама кодтарын, ақылы қызметтерiнің түрлерін, түciмдepдің құралу көздерi мен пайдалану бағыттарын көрсете отырып, ақылы қызметтердiң тiзбесiн Қаржы министрлiгi бекiтедi.
337. Мемлекеттiк мекеме ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттардың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн жыл сайын 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрiне кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландырудың жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды, оны бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi. Жоспарға мемлекеттік мекеменiң басшысы және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және мынадайтәртiппен қалыптастырылады:
жоспардың кiрiс бөлігіне мемлекеттiк мекеменiң жылдың басындағы тиiстi ҚБШ-ның қалдықтары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы қызметтердiң тиiстi түрi бойынша түсiмдер енгiзiледi;
жоспардың шығыс бөлiгiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша ақылы қызметтердің түрлерi бойынша шығыстар енгiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жоспарларды, шығыстардың экономикалық жiктелiмiнiң әрбiр ерекшелiгiнің сыныптамасы бойынша кiрiстер мен шығыстар бойынша есептемелердi, сондай-ақ оған қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
338. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ағымдағы қаржы жылының 15-қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне және оның аумақтық органдарына, тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға:
бюджеттiк бағдарлама әкімшiсінің басшысы бекiткен және мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен куәландырылған жоспарды;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстардың әрбiр түрi бойынша есептемелердi;
жоспарға қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жасалған жоспардың және оған қосымша есептемелердің дұрыстығы үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiсi жауап бередi.
339. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспардың заң актiлерге, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес келуiн, кiрiстерді есептеудің толықтығына және дұрыстығына, шығыстар бағытының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексередi.
Тексеруден кейiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы куәландырылған жоспарды Қаржы министрлiгiнің басшысы және жергiлiктi уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi және мөрмен куәландырылады.
340. Бекiтiлген жоспардың бiр данасы Қаржы министрлiгiнде (жергiлiктi уәкiлеттi органда) қалады, бiр-бiр данасы қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
341. Ақылы қызметтерден түсетiн шот бойынша қолма-қол ақшаға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттiк мекеме екiншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен жүргiзедi.
42-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң демеушiлiк және
қайырымдылық көмектен алатын қаражаты
342. Мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың демеушiлiк және қайырымдылық көмегiнен алынатын қаражатты пайдалануға құқығы бар.
343. Қаржы министрлiгi қаражатты шетел валютасында алған кезде үш банктiк күн iшінде операцияларды жүзеге асырған күнi ҚҰБ белгiлеген айырбас бағамын ескере отырып, валюталық шоттағы шетел валютасындағы соманы ұлттық валютаға айналдырады және БҚШ-ға аударады.
344. Демеушiлiк және қайырымдылық қаражаттан түскен қаражатты жұмсау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеменің тиiстi ҚБШ-дағы қалдықтар шегiнде жүзеге асырылады.
345. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына мемлекеттiк мекеменің басшысы жауап бередi.
346. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражат есебiнен қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттiк мекеме екіншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде тиiстi қаражаттың есебiнен жүргізедi.
43-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозиттiк қаражаты
347. Мемлекеттiк мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекемелерге уақытша оларға билiк етуге берiлген депозиттiк қаражатты басқаруға құқығы бар.
348. Қаржы министрлiгi осы Ережеге сәйкес депозиттiк қаражатты басқару үшiн шоттар жоспарын қалыптастырады және жүргiзедi.
349. Мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк қаражатты жұмсау құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке есептелген немесе енгiзушiге қайтару кезінде басталады.
350. Депозиттiк қаражатты тиiстi алушыларға аударудың дұрыстығына ақы төлеу мерзiмi басталған сәттен бастап мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауапты болады.
351. Тиiстi бюджетке аударылуға жататын депозиттiк сомалар үш банктiк күн iшiнде аударылуы тиiс.
352. Шоттарда депозиттiк сомаларды сақтау мынадай мерзiмдермен шектеледi:
жеке тұлғаларға берiлуге жататын депозиттiк сомалар үш жыл бойы сақталады;
заңды тұлғаларға (мемлекеттiк мекемелерден басқа) беруге жататын депозиттiк сомалар бiр жыл бойы сақталады.
Осы тармақта айтылған мерзiмдер депозиттiк сомалар атына енгiзiлген заңды немесе жеке тұлғаларға депозитке тиiстi сомалардың енгiзiлуі туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап есептеледi.
Егер атына депозиттiк сомалар енгiзiлген жеке немесе заңды тұлға шетелде тұрып жатқан және осы сомаларға билiк ету үшiн рұқсат алу керек болса, бұл мерзімдер осындай рұқсат алынған күннен бастап есептеледі.
Мемлекеттiк мекемелерге берiлуге жататын депозиттiк сомалар осы сомалар енгiзiлген жылдың 31 желтоқсанына дейiн сақталады. Қарау үшiн сот шешiмi талап етiлетiн депозитке енгiзiлген соманың сақталу мерзімi осындай шешiм қабылданған күнiнен басталады.
353. Талап етiлмеген депозиттiк сомалар олардың сақталу мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк мекеменің өкiмiмен тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
354. Қайтаруға жататын депозиттiк сомалар бойынша қолма-қол ақшалармен жасасқан операциялар жөнiндегi банктiк қызметтерді төлеу, егер қолданыстағы заңдарда өзгеше көзделмесе, ол мен банктің арасындағы шарт негізінде депозиттік соманы енгiзген тұлғаның есебінен жүргiзiледi.
44-тарау. Алматы қаласы мен оның аудандары әкiмiнiң
жанындағы бюджеттен тыс қор
355. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуы үшiн бюджеттен тыс жинақтарды жинақтау мақсатында Алматы қаласы мен оның аудандары әкiмiнің жанынан бюджеттен тыс қор құрылады.
Қор туралы ереженi Алматы қаласы атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкiлдi органы бекiтедi.
1-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
басшысы
_____________ аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Аймағы ______________________________
Бюджеттің түрі ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Өлшем бірлігі _______________________
Мекеме ______________________________
Мекеме | Бағ- дар- лама | Кіші бағ- дар- лама | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
М.О. Мемлекеттік мекеменің Бас бухгалтер ________/ Аты-жөні
басшысы ________/ Аты-жөні
2-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
басшысы
_____________ аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Аймағы ______________________________
Бюджеттің түрі ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Мекеме ______________________________
Мекеме | Бағ- дар- лама | Кіші бағ- дар- лама | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
М.О. Мемлекеттік мекеменің Бас бухгалтер ________/ Аты-жөні
басшысы ________/ Аты-жөні
3-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
басшысы
_____________ аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Бюджеттің түрі ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ______________________
Мекеме | Бағ- дар- лама | Кіші бағ- дар- лама | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
әкімшісінің
басшысы ________/ Аты-жөні
4-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
басшысы
_____________ аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Бюджеттің түрі ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ______________________
Мекеме | Бағ- дар- лама | Кіші бағ- дар- лама | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
әкімшісінің
басшысы ________/ Аты-жөні
5-қосымша
"Бекітемін"
Басшысы
_____________ Аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары
Бюджеттің түрі* ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыны- бы | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
*) - мемлекеттік
- республикалық
- жергілікті
6-қосымша
"Бекітемін"
Басшысы
_____________ Аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
Бюджеттің түрі ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Мекеме | Бағ- дар- лама | Кіші бағ- дар- лама | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір |
| | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
7-қосымша
"Бекітемін"
Басшысы
_____________ Аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары