Егер бiр бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн Шарттар бiрнеше берушiлермен жасалса, мұндай шарттардың жалпы сомасы бюджеттiк тағайындаулардың сомасынан аспайды, оның шегiнде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарттар жасасуға жол беріледi.
Шарт сомасының берiлген рұқсаттардың сомасынан асып түсуi қосымша сомаға рұқсаттар беру жолымен бюджеттiк бағдарлама және кiші бағдарлама жөнiндегi мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде жол берiледi.
Қосымша сомаға рұқсаттар жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттiк мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде берiлуi мүмкiн.
Егер бағдарлама, кiшi бағдарлама кодтары және жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сома қосымша сомаға рұқсаттар бepyгe мүмкiндiк бepмece, онда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзiледi.
92. Бiрiншi және екiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына Ақы төлеуге шот ұсынады.
93. Екiншi және үшiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) бiр және одан көп атаулары үшiн бюджет қаражатын әрбiр алушыға жеке Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiнiң әрбiр коды бойынша өтінімдi (мекеме/бағдарлама/кішi бағдарлама/ерекшелiк), сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шартты немесе Қаржы министрлiгi (жергiлiктi уәкiлеттi орган) мен несие алушы арасында жасалған шартты бередi.
Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және осы ережеге сәйкес Өтiнiмдi және шартты тексередi.
94. Өтiнiмдi қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің бiрiншi сатысы болып табылады. Өтiнiмдердi нөмiрлеудi мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
95. Өтiнiмнің бiрiншi бөлiмiнде мынадай деректемелер:
мемлекеттiк мекеменiң коды;
мемлекеттiк мекеме берген Өтiнiмнің нөмiрi:
санаты:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi; 03 - аудандық (қалалық) бюджет;
05 - арнайы;
қаржыландыру көзi:
1 - бюджеттiң есебiнен;
мемлекеттік мекеменің атауы;
шығыстардың сипаттамасы;
бюджеттiк сыныптаманың кодтары (мекеме/бағдарлама/кiшi бағдарлама) ерекшелiк);
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң коды, атауы және мекен-жайы;
бiр бiрлiк үшiн атауы, саны, бағасы және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) топтарының жалпы құны және Өтiнiмнiң жалпы сомасы көрсетiледi. Өтiнiмнiң жалпы сомасы жылдың басынан бастап тиiстi айға қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алулардың сомасын шегере отырып және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге берілген рұқсаттардан аспауы тиiс.
96. Өтiнiмнiң бiрiншi бөлiмiнiң "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында Қаржы министрлiгi бекiткен экономикалық сыныптаманың құрылымына сәйкес келетiн шығындардың түрi, тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) шығу тегi туралы ақпарат мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес және заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес мемлекеттiк сатып алудың тәсілдерi келтiрiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелер қабылдаған жағдайда мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Өтiнiмдер қалыптастырған кезде сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмiнiң нөмiрi және күнi "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында көрсетiледi.
97. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Негiздеме-құжат" алаңында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзінде төлем жүргізіледі.
Мұндай құжаттар осы Ережеде анықталған көрсеткiштердi қамтитын мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасында жасалған шарт және осы Ережеге сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттiк мекеменiң ақы төлеуіне шоты болуы мүмкiн.
98. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сомасы" алаңдарында төлемнiң жоспарланған күнi мен сомасы көрсетіледi. "Сомасы" бағанындағы жалпы сома Өтiнiмнің жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс.
99. Өтінімнің "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Өтiнiмнiң %" алаңында қажет болған кезде түпкi төлемнің сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беру туралы шарттың ережелерiне сәйкес валютамен және Өтiнiмнің жалпы сомасының пайыздарымен алдын ала төлеудiң мөлшерi көрсетiледi.
Алдын ала төлеу шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн мүмкiн.
100. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшеліктерi бойынша үшiншi топтың қабылданған мiндеттемелерiне төлеу үшiн алдын ала ақы төленуi мүмкiн:
131 "Тамақ өнiмдерi сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектердi сатып алу",
134 "мүлiктік керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тігу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу",
139 "Өзге тауарларды сатып алу",
411 "Активтердi сатып алу",
412 "Ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу" алдын ала ақы төлеу жасалған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi;
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" алдын ала ақы төлеу жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi;
138 "Үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясы үшiн ақы төлеу" алдын ала ақы төлеу көзделмейдi;
жоғарыда санамаланған тiзбеге кiрмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша алдын ала ақы төлеу жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледi.
101. Өтiнiмге мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтерi қол қояды, олар оның дұрыс ресiмделуiне жауап бередi. Өтiнiм мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда бiрiншi басшының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар қол қояды.
102. Мемлекеттiк мекеме қол қойылған және мөрмен куәландырған шартты және Өтiнiмдi Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен қазынашылықтың тиiстi органдарына берiледi. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр көзден сатып алған жағдайда мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес бiр көзден сатып алуға рұқсат туралы мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның басшысының қолымен хат бередi.
103. Қаржы министрлiгi құжаттарға сәйкес бюджет қаражатын алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi, олардың негiзiнде мiндеттемелер тiркеледi.
104. Өтiнiмнен басқа мемлекеттiк мекемелер қазынашылық органдарына заем туралы шарт (келiсiм) бойынша төртiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу үшiн заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлерге аудару туралы қарыз шотынан көшiрме ұсынады.
105. Қазынашылық органдары Өтiнiмнiң шарттың және заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкестiгiн тексередi.
Бұдан басқа, үшiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушiлер туралы деректер, қазынашылық органдарында тiркелген шарттар тексерiледi. Егер берушiлер туралы деректер мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға қайшы келсе, Тапсырыс тiркелмейдi және бұл туралы мемлекеттiк мекемеге хабарланады.
106. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары Өтiнiмнiң дұрыс жасалғандығын тексередi және олар осы ережеде көзделген шарттарға сәйкес келген кезде Өтiнiмдi орындауға қабылдайды.
Болмаған жағдайда, Қаржы министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Өтiнiмдi қателерiн жою үшiн орындауға алмастан мемлекеттiк мекемеге тапсырады.
107. Тапсырысты қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің екiншi сатысы болып табылады. Мемлекеттiк мекемелердiң Өтiнiмдерi негiзiнде Тапсырыс қалыптастырылады.
108. Тапсырыс республикалық бюджет туралы заңның және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардыңшешімдерiнің шеңберінде және бюджеттiк бағдарламаның паспортына, мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарына, берілген рұқсаттарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданатын мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi растайтын құжат болып табылады.
109. Тапсырыс осы Ережеде белгiленген нысанда төрт данада қалыптастырылады және Өтiнiмнiң және мемлекеттік мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың негiзiнде қазынашылық органдары бекiтедi.
Барлық төрт данаға қазынашылық органдарының жауапты орындаушысы бұрыштама соғады, оның мөртабаны қойылады, Тапсырыстың үшiншi данасы (12-3-қосымша) мемлекеттiк мекеменiң жауапты қызметкерiнiң бұрыштамасымен қазынашылық органдарында қалады, ал бiрiншi, екiншi және төртiншi даналары (12-1, 12-2, 12-4-қосымшалары) мемлекеттiк мекемеге берiледi.
Ақы төлеудің қолма-қол нысаны бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн мiндеттемелер қабылдаған жағдайда Тапсырыстың төртiншi данасы (12-4-қосымша) мемлекеттiк мекемеге берiледi.
110. Тапсырысқа мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және бас бухгалтер қол қояды. Тапсырыстар мемлекеттiк мекеменің мөрімен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда Тапсырысқа мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар жүзеге асырады.
111. Мемлекеттiк мекеме мiндеттемелердiң үшiншi және төртiншi тобы үшiн Тапсырыстың бiрiншi және екiншi данасын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiге немесе бюджет қаражатын алушыға қайтарымды негiзде бередi.
Ақы төлеудің қолма-қол нысанында қабылданған мiндеттемелер бойынша ақы төлеудi жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк мекеме Тапсырыстың бiрiншi данасын өзiне қалдырады.
112. Тапсырыстарды мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарын орындау бойынша бухгалтерлiк есептi жүргiзу үшiн пайдаланады.
11-тарау. Төлемдердi ұлттық және шетел валютасында ақы төлеудiң
қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсімдерi
113. Бюджет қаражатының есебiнен, осы Ережеде айтылған ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың есебiнен төлемдердi ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсiмдерi Ақы төлеуге шоттары және төлем құжаттарын қалыптастыру мен бекiтудi қамтиды.
114. Ақы төлеуге шот - мемлекеттiк мекемелер қабылдаған және қазынашылық органдары тiркеген мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжат, оның негiзінде қазынашылық органдары ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде төлемдердi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеме - ақшаны жiберушi - Ақы төлеуге шотты белгiленген нысанның бланкілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемнiң негiздiлiгiн растайтын тиiстi құжаттарды міндеттi қоса бере отырып, екi данада Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
Ақы төлеуге шот қолдар мен мөр бедерiнің үлгiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi органдарының және оның мөр бедерiн қамтуы тиiс.
Ақы төлеуге шотты онда көрсетiлген төлем күнiнен он күнтiзбелiк күн iшiнде қазынашылық органдары қабылдауы мүмкiн.
115. Ақы төлеуге шотты мынадай құжаттардың:
мiндеттемелердің бiрiншi тобы үшiн Қаржы министрлiгi белгiлеген нысандар бойынша мемлекеттiк мекеменiң төлем және есеп-төлем ведомостерінің;
бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің стипендияларды, мемлекеттiк білім және студенттік несиелердi аударуын қоспағанда, бюджет қаражатын алушының шот-фактурасының және міндеттемелердің үшiншi тобы үшiн орындалған жұмыстар актiсiнiң;
кредитордың банк-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінiмi;
міндеттемелердiң төртiншi тобы үшін заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкес республикадан тыс жерде ашылған банктiк шоттар арқылы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн ақы төлеу қажет болған жағдайда, кредит шотынан көшiрменің;
мiндеттемелердiң төртiншi тобы үшiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу кезiнде заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған банк шоттары арқылы тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу қажет болған жағдайда инвестициялық жобаның арнайы шотынан көшiрменің;
оны ұсынған жағдайда, инкассалық өкiмнiң;
қолма-қол ақы төлеу нысаны болған кезде төлемдердi жүзеге асыру үшін чектердің негiзінде белгiленген 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада мемлекеттiк мекемелер қалыптастырады.
116. Ақы төлеуге шоттарда мiндеттi тәртiппен мынадай деректемелер көpceтіледi:
ақы төлеуге шоттың нөмiрi;
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бойынша мемлекеттiк мекеменiң коды, ҚҰБ белгілеген ақшаны жіберушiнің коды, салық төлеушiнiң толық атауы және СТН;
мемлекеттiк мекемеге есеп-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын қазынашылық органының атауы;
қаржыландыру көзi:
1 - бюджеттің есебінен,
3 - ақылы қызметтерден түceтін қаражаттың есебiнен,
4 - демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың есебінен,
5 - депозиттiк қаражаттың есебiнен,
8 - ерекше шығыстардың есебінен,
S - есептік кезеңде бюджеттік бағдарламалардың шығыстарына жұмсалатын бюджет қаражатының есебiнен,
І - Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитивтiң есебінен;
санат:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi, 03 - аудандық (қалалық) бюджет,
05 - арнайы;
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодында мыналар:
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің коды (үш белгi),
бюджеттiк бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
және
бюджет қаражатының есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң коды (үш белгi),
немесе ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде:
ақылы қызметтер түрiнiң коды (екi белгi);
тиiстi Өтiнiм мен Тапсырыстың нөмiрлерi және күндерi;
берушiнің толық атауы, ҚҰБ белгiлеген бенефициардың коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
банктiң атауы және коды (банктiк сәйкестендiру коды), банк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды), делдал банктiң (банктiк сәйкестендiру коды) және делдалдың банктiк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды);
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстарының жiктеу коды;
ҚҰБ бекiткен Бiрыңғай төлемдi тағайындаудың сыныптаушысына сәйкес төлемдi тағайындаудың коды;
тиiстi Тапсырыс бойынша бұрын төленген Ақы төлеуге шоттардың нөмiрлерi мен күндерi;
тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өлшем бiрлiктерi;
Тапсырысқа сәйкес тауардың әрбiр түрiнiң (жұмыстың, қызметтің) саны, бiр бiрлiгi үшiн бағасы, тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбiр түрi бойынша теңгедегi құны және ағымдағы және түпкi төлемнің сомалары көрсетіледi.
Ақы төлеуге шотта тиiстi Тапсырыстың нөмiрi және күнi бiрiншi және екiншi топтар үшiн толтырылмайды.
Ақы төлеуге шоттың "Тауардың (жұмыстың және қызметтiң) атауы" алаңында қосымша мыналар:
төлемдi жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың түрi (орындалған жұмыстардың кесiмі, шот-фактура, чек, инкассалық өкiм және т.c.c.);
құжаттың нөмiрi және күнi;
төлемдi жүзеге асырудың мақсаты көрсетiледi.
Ақы төлеуге шоттың "Төлеу күнi" алаңында төлемдi жүзеге асырудың күнi, ал мемлекеттiк (үкiметтiк) сыртқы заемның қаражаты есебiнен операцияны жүргiзген жағдайда - қаражатты несие шотынан алу көрсетiледi.
Ақы төлеуге көрсетiлген шығыстардың бюджеттiк жiктелiмiнiң коды Өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттiк жіктелiмiнiң кодына ұқсас болуы тиiс, ақы төлеуге шотта көрсетілген төлемдi iске асыру мақсаты бюджет шығыстарының экономикалық ерекшелiгi құрылымы шығыстарының тiзбесiне сәйкес келуi тиiс.
117. Ақы төлеуге шотта төлемдердi шетел валютасында жүзеге асыру үшiн тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбiр түрiнiң бiрлiгi үшiн бағасы, ондағы құны және жалпы сомасы төлем күнiне ҚҰБ ресми бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
118. Ақы төлеуге шотта бюджетке түсетiн түсiмдердi және мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару бойынша сома тұтастай теңгеде көрсетіледi, тиындармен түпкi есеп айырысу жылына бiр рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
119. Барлық топтардың қабылданған мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Ақы төлеуге шотты Қаржы министрлiгiнiң органдарын ұсынады.
Бұдан басқа, мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгiнiң органдарына басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және бас бухгалтердiң қолымен, оның мөрімен куәландырылған Тапсырыстың бiр данасын ұсынады.
Жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме Тапсырыстың төртiншi данасының көшірмесін тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жергiлiктi уәкілеттi органға береді.
120. Бiрiншi топтың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн келесi есептi айдың 26-сы күнiне дейiн Ақы төлеуге шотқа міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн белгiленген тәртiппен екi данада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тізімі қоса берiледi.
Жоғарыда санамаланған тiзiмдердiң жасалуының және қалыптастырылуының дұрыстығына мемлекеттiк мекеменің басшысы жауап бередi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегi тiзiмнің бiр данасында оның қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органы қызметкерлерiнiң белгiсi қойылады және мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
121. Заңды тұлғалардың шығындарын жабуға байланысты қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес Ақы төлеуге шотқа бюджеттiк бағдарламаны және кiшi бағдарламаны орындауға пайдаланылған жалпы сома туралы ақпарат, сондай-ақ заңды тұлғалардың кiрiстерi есебiнен бюджеттiк бағдарламаның және кiшi бағдарламаның жалпы құнын жабуға пайдаланылған сома туралы ақпарат қоса берiледi.
122. Шетел валютасында қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн Ақы төлеуге шотқа шетел валютасындағы ақшаны аударуға өтiнiш (бұдан әрi - аударуға өтiнiш) 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берiледi.
Шетел валютасында төлемдердi жүргiзу мемлекеттiк мекеменiң сыртқы экономикалық қызметiмен байланысты және бюджеттiк бағдарламаның паспортында сипатталған iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
123. Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен:
Ақы төлеуге шотты қабылдайды, онда күнiн және жауапты қабылдайтын қызметкердің тегiн көрсетедi;
ақы төлеудiң деректерiн тиiстi Тапсырыстың деректерiмен салыстырады; берушінің деректерiн тексередi;
осы Ереженің 5-бөлiмiнiң 11-тармағында санамаланған мемлекеттiк мекемелер ұсынған құжаттарды тексередi.
Алдын ала төлеу нысанында төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылық органдарына Ақы төлеуге шот қана ұсынылады.
Белгiленген талаптарға сәйкес келмеу табылған кезде ұсынылған құжаттар жою үшiн қателерi көрсетiле отырып, мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
124. Ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың есебiнен барлық топтардың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн төлем құжаттары тиісті ҚБШ бос қалдықтардың шегiнде қазынашылықтың аумақтық органдарында, ал үкіметтік борышқа, республикалық бюджеттен несиелендіруге және ресми трансферттерге байланысты мiндеттемелер бойынша - Қазынашылық комитетінде қалыптастырылады.
Тиiстi ҚБШ ақша жетпеген жағдайда қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерімен анықталған бюджет шығыстарының басым бағыттарына сәйкес немесе төлем құжаттары түсiмдерiнiң кезектiлiгi тәртiбiмен анықталған басымдықтарға сай төлемдердің пакеттерiн қалыптастырады.
125. Қазынашылық комитетi қалыптастырылған төлемдердi оларға белгiленген тәртiппен тауар және заттай түрде бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын төлемдердi қоспағанда, ҚБШ-тен қаражатты бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банк шоттарына аудару үшiн төлем жүйесiне жiбередi.
126. Екiншi, үшiншi және төртiншi топтардың қабылданған мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн төлем құжаттары, аударуға өтiнiш төлем құжатында көрсетiлген күнге валютаның ресми бағамын пайдалана отырып, ұлттық валютадағы ақшаны шетел валютасына аудару үшiн төлем жүйесiне жіберiледi.
127. Мемлекеттiк мекемелердің жалақысы бойынша және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша төлемдердi жүргiзу кезiнде төлем құжатымен бiрге Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тiзімi берiледi.
128. Төлемдердi жүргiзгеннен және төлем жүйесi расталғаннан кейiн жүргiзiлген операциялар туралы ақпарат Шоттардың бiрыңғай стандартты жоспарына сәйкес тиiстi ҚБШ-да көрсетiледi.
129. Келесi банк күнi төлем жүргiзу күнi және нөмiрi көрсетiле отырып, Ақы төлеуге шоттың екiншi данасын және бiр күнде жүргiзiлген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептердi қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысының қолымен және мөртабанымен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
130. Дұрыс жүргiзiлмеген төлемдердi қалпына келтiру (бұдан әрi қалпына келтiру) бiр қаржы жылы шегiнде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған мiндеттемелердің сомасын арттыру және кассалық шығыстарды азайту жолымен жүзеге асырылады.
Қалпына келтiруге арналған төлем құжатын қазынашылықтың аумақтық органы тиiстi мемлекеттiк мекемеге бередi.
Бюджет шотына арналған қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме қалпына келтiруге арналған төлем құжатын алған күннен бастап 3 күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына негiздемелiк-хатты әкелiп бередi.
131. "Сайлауларды өткiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
132. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары жүргiзiлетiн төлемдердiң сомалары тиiстi бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама, ерекшелік бойынша қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыруды тоқтатады.
133. Мемлекеттiк мекемелердiң кассалары арқылы ақы төлеудiң қолма-қол түрiндегi төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
12-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау рәсiмдерi
134. Мемлекеттiк мекемелердiң шотынан олардың келiсiмiнсiз ақша алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша кассалық өкiмдердi пайдалана отырып жүргізіледі.
Инкассалық өкiм салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi беру жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нормалардың негiзiнде атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерi қоса беріле отырып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына ұсынылады.