Инкассалық өкiмде төлем тағайындауы көрсетіледi және ақша жіберушінің келісімінсіз ақша алу құқығын көздейтiн заң актiсіне сілтеме жасалады.
135. Ақшаны жiберушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн инкассалық өкiм соттардың атқарушы парақтары немесе шешімдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берiлетiн атқарушы парақтарының немесе бұйрықтарының немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
136. Салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алуға арналған инкассалық өкiм бiрiншi кезектегi тәртiппен және көрсетілген өкімдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрiлмей бюджеттік сыныптаманың тиiстi коды бойынша бөлiнген лимиттердiң қалдығы шегiнде орындалады.
137. Мемлекеттiк мекемелерге қойылған талаптарды қанағаттандыруды ағымдағы қаржы жылына бөлiнген бюджет қаражатының есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инкассалық өкім қойылған шығыстардың сыныптамасының бағдарламасы, кіші бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша атқару құжаттары бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi бойынша - шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша ақылы қызметтерден мемлекеттiк мекемелер алатын қаражаттың есебiнен соңғысы жүргiзедi.
138. Атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi алып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары үш банк күнi iшiнде атына өкiм қойылған мемлекеттiк мекеменi (бұдан әрi - Борышкер), ал соңғысы - өзінiң жоғары тұрған мекемесiн - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн (егер Борышкер бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болмаса) жазбаша хабардар етедi.
Қабылданған мiндеттемелердi не бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердi көрсетуден түсетiн қаражатты шегере отырып берiлген рұқсаттар болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары Борышкердi хабардар еткен күннен бастап нұсқау ережелерiмен өзге мерзiм қойылмаса, нұсқау акцептiнен кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей өкiмдi орындайды.
Болмаған жағдайда, бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша бөлiнген рұқсаттарды шегере отырып жоспарлы сомалар (бұдан әрi - жоспардың қалдығы) болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары өкiмдi орындайды.
155 ерекшелiк бойынша жоспарлы сомалар жетiспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімнiң атқарылуы шығыстардың экономикалық сыныптамасының осы ерекшелiгi бойынша мемлекеттік мекеменің мiндеттерi мен төлемдерi жөнiнде қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жолымен мүмкiн болады.
139. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерiн қабылдау тiркелген шарттар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерi бөлiнген лимиттер қалдығының (не ол болмаған жағдайда бөлiнген бюджет қаражатының) және оған шарт жасалған және мемлекеттiк мекеменiң дебитор алдындағы берешегi пайда болған шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердің шоты бойынша бос қаражаттың және мемлекеттiк мекеменiң дебитормен салыстыру актiсiнiң шегінде орындалады.
13-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу және құпиялық грифi
бар төлемдерi жүзеге асыру рәсімдерi
140. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк органдардың міндеттемелерiн қабылдау мен төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп анықтаған тәртiпке сәйкес жүргiзіледi.
14-тарау. Бюджеттік алуларды аудару тәртiбi
141. Қазынашылықтың аумақтық органы Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен:
бюджеттiк алулардың күн сайынғы аударылуы туралы ақпаратты ескере отырып, артығымен төлеу және жете төлемеу сомасын, тиiстi жергiлiктi органның тиiстi ҚБШ-дағы қалдықты анықтайды;
осы тармаққа сәйкес анықталған артығымен төлеу және жете төлемеудi ескере отырып, бюджеттiк алулардың күн сайынғы аударылуы туралы ақпаратты нақтылайды және бюджеттiк алулардың күн сайынғы аударылуының, артығымен төлеудің және жете төлемеудің сомалары туралы анықтаманы қалыптастырады;
бюджеттiк алулардың күн сайынғы аударылу ақпаратын тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жеткiзедi.
142. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы қазынашылықтың тиiстi аумақтық органы жеткiзген ақпараттың негiзiнде осы Ережеге сәйкес бюджеттiк алуларды ауданның (қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке аудару үшiн рұқсат бередi.
15-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң кассалары арқылы
қолма-қол ақшаны пайдалану рәсімдерi
143. Қаржы министрлiгi мемлекеттiк мекемелердің кассалары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалану үшiн:
тиiстi шектеумен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлем жүргiзу рұқсат етiлетiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойылмайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды ресімдеу тәртiбiн;
мемлекеттiк мекемелердің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн;
қолма-қол ақшаның кассада сақталу мерзiмiн анықтайды.
16-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне және
стипендиаттарға жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн
төлеудiң рәсiмдерi
144. Алушыларға жалақы, стипендиялар және басқа ақшалай төлемдердi (бұдан әрi - ақшалай төлемдер) төлеудi алушы олардың сомаларын салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша екіншi деңгейдегi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
145. Ақшалай төлемдердi алушы Банк/Агентпен салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен оған тиесiлi соманы төлеу жөнiнде шарт жасайды.
Шарт екі данада жасалады, оның бiреуi алушыда қалады, ал екiншiсi Банк/Агентте қалады.
Банк/Агент жалақыны, стипендияны алушыға қызметтердi ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ Банк/Агенттiң карточкаларын пайдалану тәртiбiн толық түсiндiредi.
Банк/Агенттің ақшалай төлемдердi және басқа ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарына немесе алушылардың карт-шоттарына есепке алу жөнiндегi қаржылық қызметтерi мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
146. Алушы Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шотының нөмірлерін немесе карт-шоттардың нөмiрлерiн, Шарттың нөмiрлерiн және күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып, тиесiлi ақшалай төлемдердiң сомаларын аударуға өтiнiш ұсынады.
147. Мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен алушыларға қызмет көрсету бойынша әрбiр Банк/Агентпен Агенттiк келiсiм жасасады және оған қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар қолдарының үлгiлерi және мөр бедерi бар құжатты ұсынады.
148. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы ақша алушыларды жалақыны, стипендияларды салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарына аудару туралы ақпараттандыратын жауапты тұлғаларды анықтайды.
149. Алушыларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк келiсiм жасасқаннан кейiн мемлекеттiк мекеме Банк/Агенттермен келісiлген нысан бойынша ақшалай төлемдердің тиесілi сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есепке алу үшін өтiнiш берген өз қызметкерлерінің тізімдерін қалыптастырады.
150. Ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға аудару тәртiбiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
17-тарау. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы
операцияларын жүзеге асыру тәртiбi
151. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн сипаттау үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
несие шоты - заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi заемының сомасы көрсетiлетiн шот, оның есебiне Қазақстан Республикасының Үкiметi инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында үкiметтiк сыртқы заемның қаражатын алуға құқылы;
уәкілеттi банк - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, онда инвестициялық жобаның арнайы шотына қызмет көрсетiледi;
шетелдiк несие берушiнің арнайы міндеттемесi - заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттың ережелерiн орындау үшiн бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi осы банкте ашқан аккредитивтi қамтамасыз ету мақсатында заем туралы шарттың (келiсiмнің) талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегi банкке берiлетiн шетелдік несие берушiнің кепілдігi.
152. Несие шотынан үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен қаржы операцияларын нысан бойынша және заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген қаржы рәсiмдерiне сәйкес, сондай-ақ осы ережеге сәйкес шетелдiк несие берушiнiң атына жiберілген қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзінде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражатын бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi тиiстi заем туралы шартта (келiсiмде) көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
153. Несие шотынан қарыз алуға арналған өтiнiмдерге қолдардың екi топтары бұрыштама қояды, онда бiрiншi тобы Қаржы министрлiгiне, ал қолдардың екiншi тобы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне бекiтiлген. Бұл ретте қолдардың бiрiншi тобының мәртебесi бюджеттiк бағдарламалардың шеңберiнде үкiметтiк сыртқы заемы қаражатының пайдаланылуын реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауап берумен анықталады.
154. Бiрiншi топтың қолын алу үшiн несие шотынан үкiметтiк сыртқы заем қаражатын алуға өтiнiмде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi қаражатты алуға өтiнiммен бiрге Қаржы министрлiгiне:
төлемнiң тағайындалуын көрсете отырып iлеспе хатты;
заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша төлемдердi жүргiзген жағдайда құжаттардың көшiрмесін, олардың негiзiнде осы келiсім-шарттарға сәйкес ақы төлеу жүргiзiледi, олар бойынша бастапқы ақы төлеудi жүргiзу кезiнде осы келiсiм-шарттардың көшiрмесiн, сондай-ақ егер бұл заем туралы шарт (келiсiм) бойынша ресiмдерде көзделсе келiсiм-шарттарды жасасуға шетелдік несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
келiсiм-шарттар жасамастан жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiр жолғы төлемдердi жүргізген жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмелерiн (шот-фактуралар, үстеме, кiрiс кассалық ордерлерi, түбiртектер, қолхаттар және т.с.с.);
заем туралы шарт (келiсiм) бойынша қабылданған қаржы ресiмдерiне сәйкес шетелдiк несие берушiге беруге міндеттi құжаттардың көшiрмелерiн;
15-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
Қаржы министрлiгiнiң сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiндегi қосымша ақпаратты табыс етедi.
155. Қаржы министрлiгi 10 күннiң iшiнде несие шотынан үкіметтік сыртқы заемның қаражатын алуға арналған өтiнімнiң заемдар туралы шарттардың (келiсiмдердiң) талаптарына, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне бөлiнген тиiстi кезеңге арналған рұқсатқа сәйкестiгiн тексередi, қол қояды және шетелдік несие берушiге беру үшiн оны бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсiне қайтарады.
156. Егер уәкiлеттi банкте ашылған аккредитив арқылы үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру үшiн шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алу қажет болған жағдайда, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қаржы министрлiгiне заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген қаржы ресiмдерiне сәйкес нысан бойынша арнайы міндеттеме алуға өтінімдi табыс етедi.
157. Шетелдiк несие берушiнің арнайы мiндеттемелерiн алуға арналған өтiнiмге бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң Қаржы министрлiгiне мынадай құжаттарды:
жүргiзiлген аккредитивтi операцияның тағайындалуын көрсете отырып ілеспе хатты;
заем туралы шарттың (келiсiмнің) шеңберiнде жасалған келiсім-шарттың көшiрмесiн, оған сәйкес ақы төлеу аккредитив арқылы жүргiзiлуi тиiс;
келiсім-шартты жасасуға арналған шетелдiк несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
уәкілеттi банкте ашылған аккредитивтiң көшiрмесiн;
заем туралы шарт (келiсiм) бойынша қабылданған қаржы ресурстарына сәйкес шетелдiк несие берушiге ұсынуға мiндеттi өзге құжаттардың көшірмелерін;
және Қаржы министрлiгiнiң сұрауы бойынша қосымша ақпаратты ұсынуымен ғана осы Ереженің 153-155-тармақтарына сәйкес ұқсас тәртiппен бұрыштама қойылады.
158. Несие шотынан аванс беру қаражаты ретiнде үкiметтiк сыртқы заемдар қаражатының түсуi жөнiндегi операцияны және бұл қаражатты кейіннен жұмсауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады.
159. Егер:
жүргiзілетiн қаржы операциясы заем туралы шарттың (келiсiмнiң) немесе заем туралы шарттың (келiсiмнің) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттың ережелерiне қайшы келген;
тиiстi рұқсатпен республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн бекiтiлген лимиттер жоқ болған немесе аз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген тиiстi ережелер мен ресімдерді бұзған;
бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерi оларды жойғанға дейiн жүргiзiлетiн қаржы операциялары жөнiндегi құжаттарда сәйкессiздiктер мен қателер бар болған жағдайда несие шотынан қаражатты алуға арналған немесе 153-155 және 157-тармақтарға сәйкес қол қою үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің ұсынған шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алуға арналған өтiнiмдi Қаржы министрлiгi қабылдамауға құқылы.
Бұдан басқа, Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған жағдайларда несие шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмге тиiстi түзетулер енгiзуге немесе бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнен түзетулер енгiзудi талап eтyгe құқылы.
18-тapay. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң және жергiлiктi
атқарушы органдардың несиелердi беру жөнiндегi ресімдерi
160. Осы бюджеттердің қарыз алуы болып табылатын республикалық бюджеттен жергiлiкті бюджеттердi бюджеттiк несиелендiру "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын жүзеге асыру ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 қаулысына сәйкес анықталады.
161. Бюджеттiк несиелендiрудің мiндеттi шарты несие берушiнің мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын барынша болдырмау болып табылады.
Берiлген бюджеттiк несиелердiң талап етiлетін тиiмдiлiгiне және республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (бұдан әрi тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды) iске асыру кезiнде олардың уақытылы қайтарылуына қол жеткiзу мақсатында, банк-заемшыға қойылатын мәселелердi шешумен қатар нақтылы бюджеттік бағдарламалардың сипатына тәуелдi несие берушінiң талаптары:
түпкi заемшыларды бюджеттік несиелендiру нәтижесiнде туындаған операциялық шығыстарды банк-заемшылардың қайтаруын;
түпкi заемшыларды бюджеттiк несиелендiру кезiнде банк-заемшылардың тиiстi кiрiстердi алу мүмкiндiгi мәселелерiн шешудi қарайды.
162. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендiрудің негiзгi бағыттары:
республикалық және жергілiктi жобаларды iске асыру;
экономиканың салаларын мемлекеттiк қаржылай қолдау;
шағын кәсiпкерлiкті аймақтық қолдау бағдарламасын орындау болып табылады.
163. Нысан бойынша берiлген бюджеттiк несие:
барлық бюджеттiк несиенің сомасын заемшының шотына бiржолғы аудару арқылы ұсынылатын мерзiмнен тыс несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу;
несиелік желiлер - аудару кестесiне сәйкес заемшының шотына бюджеттік несие сомасын кезеңдiк аудару арқылы берiлетін несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу болып бөлiнедi.
Бюджеттiк несиелендiру кезінде несие берушi мен банк-заемшы заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмдерiне сәйкес несиелердi берудің басқа да нысандарын пайдалана алады.
164. Мерзiмдерiне байланысты бюджеттiк несиелердi беру:
қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейінгi мерзімдi несие;
орта мерзiмдi - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес мерзімдегi несие;
ұзақ мерзiмдi - 3 жылдан жоғары мерзiмдегi несие болып бөлiнедi.
165. Бағдарламалар әкiмшiлерi тиiстi бюджеттердi қабылдағаннан кейiн екi айдан аспайтын мерзiмде банк-заемшыға қойылатын талаптар анықталады.
Банк-заемшыға қойылатын негiзгi талаптарға:
бұған дейiн республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен алынған несиелер бойынша берешектердiң болмауы;
конкурс өткiзiлген күннен кейiнгi соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциялық нормативтерiн сақтау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең aз мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
бюджеттiк несиелердi уақытылы қайтару бойынша тиiстi қамтамасыз етудің бар болуы;
қажет болған жағдайда филиалдық желiнiң және/немесе корреспонденттік желінің бар болуы;
қажет болған жағдайда ақпараттарды берудiң халықаралық электрондық жүйесiнiң (SPRINT, SWIFT, REUTER) бар болуы жатады.
166. Бағдарламалардың әкiмшiлерi екiншi деңгейдегi банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - банктер-қатысушылар) бойынша сұрауды нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде несиелердi алу үшiн олардың арасында конкурс өткiзу үшiн қойылатын талаптарды қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жолдайды.
167. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бес мерзiмдiк күн iшiнде конкурсқа қатысу үшiн белгiленген талаптарға сәйкес банктердiң-қатысушылардың тiзбесiн даярлайды және бағдарламалардың әкiмшілеріне жолдайды.
168. Бағдарламалардың әкiмшiлерi тiзбеге сәйкес өтiнiш білдiрген мерзiмiн көрсете отырып нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде олардың несиелердi алуы үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
169. Бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiлеген конкурс өткiзу мерзiмiнде банктер-қатысушылар конкурстың шарттарына сәйкестiгiн растайтын және бюджеттiк несиелердi алудың шарттары мен нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкi заемшыға олардың несие беруiн жүзеге асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттарды қоса конкурсқа қатысу үшiн өтініш бередi.
170. Конкурсқа қатысуға жiберiлген банктер-қатысушылардың ішiнен банк-заемшылардың құжаттарын қарау және iріктеу үшiн бағдарламалардың әкiмшiлерi конкурстық комиссия құрады.
Бюджеттiк бағдарламалардың орындалуын және бюджеттiк қаражаттың үнемделуiн қамтамасыз ететiн жеткiлікті несиелендіру мақсатында конкурстық комиссия банктер-қатысушылардың өтiнiштерiн қарайды және оларды:
бюджеттiк несиелендiруге байланысты шығыстардың ең аз деңгейiне;
қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмдiлiгiне);
банктердің қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
банктердің меншік капиталдарының көлемiне;
банктердің несиелендiру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне негiздей отырып iрiктейдi.
171. Конкурстың қорытындылары бойынша бағдарламалардың әкiмшiлерi белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешімдерiне жобалар енгiзедi. Несие берушiлер нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу шарттары мен дәрежелерi анықталатын түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
172. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның оң шешiм қабылдауы негiзiнде, қажет болған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қатысуымен банк-заемшылармен бiрлесе отырып несиелiк шарттарды және оларға байланысты құжаттарды (кепiл, кепiлдiк туралы шарт, төлемдердiң кестесi және басқалар) жасасуды жүргiзедi.
Heсие берушi терiс шешiм қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерi қайта конкурс өткiзудi ұйымдастырады.
173. Жасасқан күннен бастап үш күндiк мерзiмде:
республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен жасасқан несиелiк шарттар тiркеуге жатады.
174. Несиелiк шарттар тiркелгеннен және несие берушi мен банк-заемшы арасындағы міндеттемелер тiркелгеннен кейiн несие берушi банктердің-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінім және 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің өтiнімi және 12-1, 12-2, 12-3 және 12-4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қабылданған мiндеттемелерге арналған тапсырыс негiзiнде және осы Ереженiң 11-тарауында сипатталған тәртiппен жүзеге асырады.
175. Тараптардың бюджеттiк несиелендiру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары жасасқан несиелiк шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
176. Несиелiк ресурстардан түпкi заемшылардың бюджеттiк несиелерiн банк-заемшыларға беру қолданылып жүрген заңдарға, несие берушiмен жасасқан несиелiк шарттарға және банк-заемшының iшкi несиелiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
177. Банк-заемшы түпкi заемшының несиелiк ұсыныстарына: түпкi заемшының төлем қабiлетiне және өтелмеген бюджеттiк несие тәуекелiнің дәрежесiне талдау, жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, көздердің бар-жоғын және несиенi өтеудiң қамтамасыз етiлуiне тексеру жүргiзу арқылы сараптама жүргiзедi.
178. Бағдарламалар әкiмшілерiнің келiсiмi бойынша банк-заемшылардың несиелiк ұсыныстарының сараптамасы нәтижесінде түпкi заемшыны несиелендiру туралы шешiм қабылданады, олармен несиелiк шарттар және бюджеттiк несиелерге байланысты басқа құжаттар жасасады.
179. Несиелiк шарттар және оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейiн банк-заемшылар түпкi заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелердің сомасы есептеледi. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақшаны аудару арқылы несиелердi беру жүргiзiледi.
180. Негiзгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi жасасқан несиелiк шартқа сәйкес заемшы жүзеге асырады.
Бұл орайда, төлемдердің мынадай кезегi белгiленедi:
есептелген айыппұлдар мен өсiмдер;
есептелген сыйақылар;
негiзгi борышты өтеу.
181. Банк-заемшы несиелiк шарттың талаптарын бұзған жағдайда несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бiрге несиенiң iс жүзiндегi ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
182. Несиелiк шартты бұзбаған жағдайда бюджеттiк несиенің мақсатсыз пайдалану фактiлерi ашылса несие берушi несиелiк шартта айтылған мөлшерде айыппұл ала отырып несиені заңсыз пайдаланылған сомасын заемшыдан өндiрiп алуға құқылы.
183. Заемшы несиелiк шартта белгiленген мерзiмде негiзгi борышты өтемеген және/немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақтаған берешектерге айыппұл проценттерi есептеледi.
184. Бюджеттiк несие бойынша заемшының берешектерi пайда болған және несиелiк шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде ол өтелмеген жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттен берiлген несие бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органы не банк-заемшы (түпкi заемшы жағдайында) берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай:
заңдарда белгiленген тәртiппен заемшының берешектерiн өтеу жөнiндегi олардың міндеттемелерiн орындауы туралы құжаттарды гарантқа (алушыға) жiберу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының салған мүлкiн сату;
заемшы несие берушiнің не банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға заемшының талаптарын төлеуге ұсыну;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбіне өндiріп алу жүзеге асыру шараларын қолданады.
185. Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшы тиiстi бюджетке негiзгi борыштың сомасын қайтару және сыйақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлеген жағдайда өтелген болып есептеледi.
186. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құрудағы өзгерiстер:
сыйақылардың ставкалары;
несиенi өтеудiң немесе кезектi төлемнiң мерзiмi;
несие валютасы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе тиiстi әкiмияттардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.